Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет24/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Әдебиеттер:

  1. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Математика (123 бет), Жаратылыстану (77 бет), Сауат ашу (117 бет), Дүниетану (79 бет), Қазақ тілі (74 бет.), 1 сынып.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Астана. 2016.

  2. Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясымен, жоғары оқу орындарының ғалымдарымен жəне жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп əзірленген. – Астана, 2016.


ДӘРІС – 7. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗІ - ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Жоспар
1. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері


2. Қалыптастырушы бағалау үдерісі
3. Қалыптастырушы бағалаудың оқыту әдістері мен стратегиялары

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі және тоқсан сайын жүйелі жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.


Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау принциптері:
1) оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);
2) барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
3) бағалау белгіленбейді;
4) оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
5) әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
6) ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;
 білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
 білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;
 білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
 білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін әтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
1) қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
2) қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
3) қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
4) кері байланыс беру.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;
 кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;
 қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;
 тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады:
«Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтықжұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет