Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет4/15
Дата14.03.2023
өлшемі101,32 Kb.
#74379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:



  1. Қазақстанда өнеркәсіптің, транспорттың және ауыл шаруашылығының қалпына келтірілудегі алғы шарттар.

  2. ЖЭС идеясының жүзеге асуы қандай қарқында жүрді.

  3. 1927-1928 жылдардағы азық-түлік дағдарысының зардаптары.

  4. Қазақстандағы қоғамдық-саяси және идеялық күрес.

  5. “Кіші қазан” идеясының басында кім тұрды. Қазақ ауылын күштеп кеңестендіру саясаты қалай жүзеге асты.

  6. “Әлеуметтік әділеттілік” идеясы деген ұғымның мағынасы неде жатыр



ТАҚЫРЫП 4. ҚАЗАҚ АУЫЛЫН КЕҢЕСТЕНДІРУ САЯСАТЫ. ІРІ БАЙЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТӘРКІЛЕУ.


1. Кеңестендіру саясаты кезіндегі қазақ ауылындағы жағдай.
2. Шаруаларға қарсы қысымның күшеюі.
3. Шаруалардың жаппай кеңестендіру саясатына қарсылығы.
4. 1921-1931жж. Қазақстанда болған шаруалардың ереуілдері.

1924-1929 жылдарда Қазақстанда ауылды кеңестендіру деп аталған, кең ауқымды жұмыс жүргізілді. Ауылды кеңестендіру ұраны, біріншіден шаруаларды жерге орналастыру, сондай-ақ егістік. Шабындық жерлерді қйта бөлу, екіншіден – халықтың мәдени-білімдік дәрежесін көтеру, жаппай сауатсыздықпен күрес, үшіншіден – кооперативтік құрылысты өрістету, яғни әртүрлі бағыттағы өндірістік-шаруашылық серіктіктерді ұйымдастыру, төртіншіден – кеңестердің сайлауын өткізіп, олардың құрамын кедей және орташа шаруалармен толықтыру арқылы кеңестерді, ірі бай шаруалардың ықпалынан шығарып алу, бесінші – ірі бай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу сияқты шараларды қамтыды. Осыған орай, Қазақстан өлкелік партия комитеті және Орталық Атқару комитеті, 1925 жылы 1 қараша мен 1926 жылы 28 ақпан аралығында ауылдық жерлерде кеңестердің кезекті сайлауын өткізу туралы қаулы қабылдады. Орталық, губерниялық, уездік, болыстық, ауылдық, сайлау комиссиялары құрылып, оларға көмек көрсету үшін коммунистер мен партия да жоқ белсенділер бөлінді.


Жергілікті кеңестерді бұл жолғы сайлауы барысында руаралық тартыс күшейді. Патша заманында, руаралық күрес қанаушы топтардың, әлді ірі байлардың арасында болса, кеңес сайлауы тұрғысында күрес белгілі бір рудың артықшылығы үшін шиеленісті. Бұрын бай шаруалар билікті өз қолына алу үшін күрессе, енді өз руының кедей немесе орташа шаруасына билікті алып беру үшін күресті. Бұл сайлаудың барысында ауылды кеңестендіру жұмысы ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Сөйтіп ауылды кеңестендіру жұмыс одан әрі жалғастырылды, Социализмнің барлық саяси, шаруашылық майданында жаппай шабуылға шығуын қамтамасыз ету үшін, 1929 жылы ауылдық кеңестердің тағы бір сайлауы өткізілді. Бұл сайлаудың барысында, жергілікті партия, кеңес орындарына, кеңестерді, ірі-бай шаруалардың ықпалынан шығарып алу, кеңестердің төңірегіне, кедей шаруалардың ықпалынан шығарып алу, кеңестердің төңірегіне, кедей шаруалардан белсенділер тобын ұйымдастыру міндеті қойылды. Қазақ ауылындағы жағдайды өзгерту үшін өлкелік партия комитеті осы тұста Қазақстан жер аумағын әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандастыру шараларын іске асырды. Егер, бұған дейін Қазақстан 6 губерния, 2-округ, 32 уезд, 410-болысқа бөлінген болса, енді олар 13-округ пен 192 ауданға бөлініп, губерниялық, уездік болыстық атаулар жойылып кетті. Республикаға қарайтын 192 ауданның 113-і, яғни 59,1 проценті қазақ аудандары, 47-і яғни 24,4 проценті орыс-украин аудандары, бірнеше өзбек, ұйғыр аудандары болды. Бұдан тыс бірнеше өзбек, ұйғыр аудандары болды. Қазақ жер аумағын аудандастырудың нәтижесінде ұлттық біріңғай кеңестер құруға мүмкіндік туды. 3888 ауылдық, селолық кеңестердің 2.99-ы қазақ ауылдық кеңестері болды. Біріңғай ұлттық кеңестердің құрылуы, оларды халыққа жақындата түсті. Ұлттық тілде іс-қағаздарын жүргізуге мүмкіндік туды. 1928 жылы 27-ші қыркүйекте қазақстан орталық атқару комитеті арнайы қаулы алып, желтоқсан айына дейін, ауыл-селолық кеңестерді сайлау алды есеп беру жұмысын жүргізу, 1929 жылдың қаңтарында ауылдық-селолық кеңестердің сайлауын өткізу, 1929 жылдың ақпан айында кеңестердің аудандық съездерін өткізу, ал кеңестердің округтік съезін 1929-шы 1-10 наурыз аралығында, ал, кеңестердің жалпықазақтық съезін 20-шы наурызда өткізу жөнінде шешім қабылдады. Қазақстан өлкелік комитетінің халыққа қабылдаған үндеуінде – кеңестердің бұл сайлауы – ең бұқаралық аса бір жауапты саяси науқан болып табылады, деп көрсетті. Қазақстан тарихында 1929-шы жыл айрықша орын алады. Осы жылдың орта шенінде «Правда газетінде И.В. Сталиннің «Ұлы бетбұрыс деп аталатын мақаласынан кейін, жаппай колхоздастыру (ұжымдастыру) кезеңі басталып, осы науқанды жүргізу үшін атқамінер қайырымсыз, қатал, белсенділерді іріктеп алу, оларды жаңадан құрылып жатқан кеңестердің құрамына кіргізу керек болды. Сөйтіп, ауылдық және аудандық кеңестердің құрамына осындай адамдар таңдалынып алынды. Барлық ресми құжаттарда 1929-шы жылы жүргізілген ауылдық кеңестердің сайлауы өз мақсатына жетті, деп көрсетілді. Ал, бұл мақсат жаппай колхоздастыруға бағыт ұстап, бұл бағытты іске асыру үшін, зорлық-зомбылықтан, асыра сілтеушіліктен тайынбау еді. 1927 жылы қаңтар айында болған ауылдық кеңестердің сайлауында, оның құрамына дәл осындай адамдар келді. Осы тұста тағы аса ірі шара – бай шаруаларды тәркілеу іске асырылды. Ол кулактармен ірі шаруаларды тап ретінде жою ұранымен жүргізілді. Сталиндік әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі бұл науқанды бастау үшін 1927 жылғы астық дайындау науқанын желеу етті. Бұл жылы бүкіл кеңестер Одағы бойынша елде астық дайындаудың мемлекеттік жоспары орындалмады. Сонымен бірге, мал өсіретін аудандарда, оның ішінде елдің шығыс бетіндегі малды аймақтарында ет дайындау ісінде де елеулі кідірістер болды. Өйткені, мемлекет астықты, мал өнімдерін арзан бағамен сатып алуға тырысты, мұның өзі шаруалардың азық түлік өнімін көп өндіруге ықыластарын арттырған жоқ. Олар егістік жердің көлемін азайтып, малдың санын кемітіп, мемлекеттік астық дайындау мен мал өнімдерін өткізу жоспарын орындауға құштарлық көрсете қоймады. Бұл жағдайды, Кеңес өкіметі шаруалардың, оның ішіндегі ірі байлардың кеңес өкіметіне жасап отырған ашық қарсылығы, қастандығы деп бағалап, оларға қарсы қуғындау, жазалау шараларын қолдану керек деп тапты. 1927 жылдың аяғына таман БК (б) П Орталық Комитеті жергілікті орындарға нұсқау түсіріп, онда, астық дайындау жоспарын орындамаған шаруаларды сотқа тарту, қатаң жазалау керектігін атап көрсетті. Бұған дейін, 1925-1926 жылдарда бүкіл Одақ бойынша, астық дайындау жоспары асыра орындалып келіп, 1927 жылы астық дайындау жоспарының орындалмауын кеңес үкіметі, шаруалардың өкіметке ашық қарсылығы деп бағалады. Ал, шын мәнісінде, біз жоғарыда айтқандай, сол жылы көп жерлерде қуаңшылыққа байланысты астық өнімі аз болды. Екіншіден, астықты сатып алу бағасы төмен болғандықтан, ірі шаруалардың бірсыпырасы, астықтың елеулі бөлігін тұқым ретінде сақтап қалып, қалғанын мемлекетке ерікті түрде өткізуден бас тартты. Осыған байланысты жергілікті жерлерде «үштіктің, бестік, - деп аталатын төтенше комиссиялар құрылып, оларға шаруалардың басы артық астығын тартып алуға нұсқау берілді. Сонымен бірге, жоғары орындардан осы комиссиялардың жұмысына көмек көрсету үшін төтенше уәкілдер жіберілді. Олардың әкімшілік шараларымен заңсыздықтарын ешкім айыптаған жоқ, қайта ірі шаруаларға қарсы қатаң жаза қолданған атқамінерлер, мақталып, марапатталып отырды. Шаруаларға қарсы қысымның күшеюіне 1928 ж. басында И.В. Сталиннің Сібірдегі астықты аудандарға барып қайтуының ерекше әсері болды. Мемлекетке астық дайындаумен бірге ет дайындау мәселесі де аса маңызды науқандардың бірі болды. Қазақстанда ет дайындау негізінен мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда жүргізіліп, онан дайындалған малдар, жем-шөбімен қоса, вагондарға тиеліп, КСРО-ның Орталық өнеркәсіпті аудандара жөнелтіліп жатты. Республика бойынша мал саны біршама кеміді. 1928ж. 27 тамызда Қазақ Автономиялық Социалистік республикасының Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлар кеңесі Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы декрет қабылдады. Бұл құжат бойынша тәркілеуге көшпелі аудандарда 400-ден артық бас малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден артық, ал қалған жерлерде 150 бастан артық малы бар шаруалар жатқызылды. ХХғ. 20-шы жылдарында қазақ шаруаларының, бай феодалдардың мал басы әжептеуір кеміді. Елді басқару ісіндегі жауапсыздық, тұрақты мал азығының болмауы, ірі бай шаруаларды қуғындау, олардың төңірегінде теріс пікір ұйымдастыру-осының барлығы мал басының өсімінің кемуіне, ірі бай-феодалдардың орташаланып, шағын дәулеті бар, орташалардың кедейленуіне жол ашты. Ірі байларды тәркілеу жұмысы саяси науқан ретінде жүргізіліп, бұл үшін қазақ ауылдарында 300-ге тарта комиссиялар құрылды. Ресми деректер бойынша, республикада небәрі 696 ірі шаруалардың мал мүлкі тәркіленді. Үлкен қабілеті бар бай шаруалардың малын тартып алу республикада мал шаруашылығының құлдырауына, оның тауарлығының төмендеуіне жол ашты. Бұның өзі халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауына жол берді. Осындай солақай саясат ауыл еңбекшілерінің наразылығын тудырды. Осының нәтижесінде 1929-1931жж. Қазақстанда 2 мыңға жуық шаруалардың ереуілдері толқулары болып, олардың кейбірі қарулы көтеріліске ұштасты. Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Адай, Ақсу-қапал, Қызылағаш-Сарқанд көтерілістері тарихтан белгілі орын алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет