Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет6/15
Дата14.03.2023
өлшемі101,32 Kb.
#74379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:

  1. Елді индустрияландырудың мәні

  2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері

  3. Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы алауыздықтар



ТАҚЫРЫП 6. ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ: ШАРУАЛАР ҚАСІРЕТІ



  1. Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында

  2. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру

  3. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы

  4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі зардаптарына қарсы күрес. 1932-1933 жылдардағы аштық

20-30 жылдары жаңа экономикалық саясатты дамыту линиясы тұйықталып тасталды. Ұзақ ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық-саяси өмірде тек күштеу шарасының рухы үстемдік етті. Бұл ауыл шаруашылығына да қасіретті зардабын тигізді. Қазақстан ұжымдастыруды негізінен 1933 жылдың көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті болды. 1928 жылы Қазақстанда баршама шаруашылықтың 20 пайызы ғана ұжымдастырылса, 1930 жылдың 1 сәуіріне дейін -50,5 пайыз, ал 1931 жылдың қазанында - 65 пайызына жуығы ұжымдастырылды.


Сонымен елдің экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығын өркендету үшін кооперативтендіру жоспары негізінде 20-жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны жүргізілді. Бұл шараның іске асыруына шаруалардың ықыласы мен тілегі себеп болған жоқ. Ол жоғарыдан берілген нұсқаулардың негізінде жүзеге асты. Қазақстанда колхоз 1932ж. - 2354, 1929ж.- 4876 болды. Бұл колхоздар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді.
Колхоздастырудың 1929ж. орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің Правда газетінде «Ұлы бетбұрыс» - деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу-конфескелеу туралы шешім қабылданып, жер-жерге уәкілдер, жәрдемші комиссиялар жіберілді. Голощекин басқарған өлкелік партия комитетінің басшылығымен жергілікті жерлерге барған мыңнан астам уәкілдер мен тәркілеуді жүргізуге көмектесу үшін құрылған 4700 адамнан тұратын комиссиялар бай шаруашылықтарды тәркілеуді қарқынды жүргізіп, 696 шаруашылықты тәркілеп, олардан 616 адам өздері тұратын округтен тыс жерлерге жер аударылды. Байлардан ірі қараға шаққанда 145 мың бас мал алынып, оның 26 проценті (29 мың басы) колхоздарға, 74 проценті (85 мыңы) кедейлерге бөлініп берілді. Олардан малдан басқа 633 киіз үй, 475 жер үй, 44 қамба, 534 қара қопсы, 108 соқа, 113 тырма, 248 шөп шабатын машина, 1367 арба тартып алынды.
Колхоздастыруға әзірлік барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдерін оның ішінде астық дайындау шаруалардың шаруашылық жинағына, күн көрісіне, көңіл-күйіне мықты кері әсері болған, оларды кеңес өкіметін жеккөруге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Малдардың саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі мөлшерлі есептен асып түсті. Бұл салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына әкеп соқты. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық дайындалды. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929жж. Осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталған. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелді.
Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Жеке малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Бірақ онда малға дұрыс күтім болмады. Сөйтіп, 1928-1932жж. республикада ірі қара 6 млн 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн 566 мыңнан 1 млн 386 мыңға, жылқы 3 млн 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн 42 мыңнан 63 мыңға дейін азайып кетті. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Бұның өзі шаруалар бұхарасының наразылығын туғызды. Соның нәтижесінде 1929-1931жж. шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бәрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяқсыз басылып, оған қатысқан 5551 адам сотталып, 883-і атылды. Жалпы алғанда ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Аштықтан көп адам қырылды. Қазақстан 2 млн 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды.
Қазақстанға Голощекиннің (1925ж.) өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқы үшін тұп-тура бақытсыздық болды. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын қағыстырып, халық жауы деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматының қанын төкті.
Қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды. Бұл жылы халық жауы деген айып тағылып, көптеген қазақ зиялылары айдалды, қуғынға ұшырады, атылды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылып кетті. Жазықсыз адамдар да ұсталып жатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет