Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы 1-дәріс. Мәдениеттану жүйесіндегі «Қазақ мәдениеті тарихының»


Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада



бет34/46
Дата21.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#142009
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді.
Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927-1928 жж. билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды.
Социалистік әдептің басты кемшілігіне жүйеорталықтық ұстанымды қолдау жатады. Яғни, қоғам мүддесі жеке адам мүддесінен жоғары қойылады. Бұл жүйеде адам құқықтары кейін шегіндіріледі. В.И. Ленин айтқандай, жалғыз моральдық критерий коммунизм үшін күрес болып табылады. Бұл иезуитшілдіктің жаңа түріне әкеледі. Мақсат барлық құралдарды ақтауға себеп бола алады. Социалистік әдептің мәдени негізінде теріс таңбалы сенім мен наным жатыр. Бұл жүйеде жазылған заң (партия құптаған) құдай сөзі іспеттес болып келеді. Дүние күйіп кетсе де нұсқау-инструкция орындалуы қажет. Сөз жүзінде құдайды терістегенімен, социалистік жүйеде діннің барлық белгілері болды (пайғамбарлар, рухани көсемдер, идеологияны жүзеге асырушылар т.т.).
Әрине, бұл заманда қазақ этикасы таза құлдырау жағдайында болды деу cыңаржақтылық болар еді. Жалпы сауаттылықтың артуы, қалалардың өсуі, орыс тілі арқылы әлемдік рухани мұрамен таныса бастау әмбебап әдептілік жүйесін қалыптастыра бастады. Қазақстанда кәсіби философтарды дайындау ісі де жүргізілді. Бұл қазақ этикасын зерделеген кәсіби мамандардың пайда болуына оң ықпалын тигізді. Қазақстан әдептанушылары мораль философиясы және қазақ этикасының тарихы мәселелерімен шұғылданды.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды енгізу мен азаматтық-құқықтық қоғам құру міндеттеріне байланысты кәсіптік этикалық алғашқы зерттеулер жарияланды. Бұл еңбектерде еліміздегі моральдық ахуалға ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән ауытқушыл қылықтың өрістеп кетуінің себептері мен халықтың әдеп мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің жолдары қарастырылды.
Азаматтық қоғам бірден жеке меншік институтының дамуы және индивидтер мүдделерінің өзара әрекеттері нәтижесінде қалыптаспайды. Субъективтік сипаттамаларды қабылдауға себебін тигізетін, меншік формаларының жеке тұлға құқықтары мен еркіндіктерінің либерализациясы қоғамның демократиялық жаңғыруының негізгі факторлары болып табылмайды, адамгершілік қатардағы факторлар одан да мәнділеу. Шынында да, оның негізінде экономикалық еркіндік пен азаматтардың іскерлік белсенділігі жататын нарық жүйесі, рухани мәдениеттің шектеуші күшінсіз, қоғамдық өмірді «бәрінің бәріне қарсы күресіне» айналдырып жіберуі мүмкін. «Құқықтық қоғам» деп аталатын, шындығында бәрі үшін ортақ мақсат, жалпыадамдық, корпоративтік және жеке мүдделер мен құндылықтардың үйлесуін жақтайтын, мәдениеттің дүниетанымдық қағидаттарына негізделген адамгершілік ұстанымдары арқылы «тұрақтанып» тұр. Тұтас халық пен дәуірдің құндылықтарын ашып көрсететін, адамгершілік әбмебаптары қоғамдық пен адамдықтың үйлесуінде құрастырылған.
Кеңес Одағы кезіндегі әдеп ахуалын тікелей қарастырудан бұрын тоталитарлық қоғамның моральдық негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік. Бірішіден, адамзат тарихындағы барлық қоғамдарды қауымдасу негіздері бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді тәртібі және күш көрсетуге сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін – тұлғаорталықтық қоғам десек, екіншісі – жүйеорталықтық әлеуметтік құрылымға жатады. екішісіне жасандылық тән, сондықтан оны «құрылыс» (үлгі бойынша жасалған) деп атайды. Осы жүйеорталықтық әлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне жеткен түрін тоталитаризм деп атайды. Фашистік тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаушылардың бірі Б. Муссолини оған мынадай сипаттама береді: «Бәрі мемлекет үшін, мемлекеттен өзге және қарсы ештеңе болмауы керек», тоталитаризмнің Ресей большевиктері жүзеге асырған сталинистік партия-мемлекет үлгісі жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған және қоғамды басып тастаған.
Көпшілік әдебиетте кеңестік тоталитаризм мен К. Маркс ұсынған «Қоғамды коллективистік рухта қайта құру» феномендері жиі шатастырылады. Бұл К. Маркс еңбектерімен сырттай таныс болудан шығады. К. Маркс өзінің «1844 жылғы экономикалық және философиялық қолжазбаларында» қоғамдық дамудың мақсаты «еркін индивидуалдық» деген және коллективті жан-жақты дамыған индивидтердің ассоциацияланған бірлестігі деп түсіндірген. Неміс ойшылы «тұрпайы коммунизмді» қатал сынға алған. Әрине, марксизм классиктерінде дара адамдардың қауымдасуының орнына тап күресін, пролетариат диктатурасын ұсыну сияқты қазіргі заман тұрғысынан теріс пікірлер де кездеседі. Большевиктер орта ғасырлардағы схоластар Аристотельге қалай қараса, Маркс мұрасына да солай қарады. Жасампаз идеялар жасырылып, конъюктуралық ұстанымдар бірінші қатарға қойылды. Сол себепті ресейлік марксизм шегіне жеткен антигуманизмге (Альтюссер) айналды. Қазіргі телесериалдарға ұқсас айтқанда, Ресейде мутацияға ұшыраған марксизм жеңіп шықты. Пролетариат диктатурасының атын жамылған партия көсемдері мен бюрократиясының диктатурасы өмірге келді. Кейін бұл жүйе әлем халқының үштен бірін қамтыды және бекерден бекер ол «лагерь» деп аталған жоқ. Лагерьде моральдық еркіндік пен ынтымақтасқан қауым туралы сөз қозғау артық.
Коммунада бәрі араның ұясындағыдай: аналық ара, жұмысшы –солдаттар, қуылған және аластатылған дарашылдар. «Коллектив мүддесі жеке адам мүддесінен жоғары қойылады» және ауыстырылмайтын адам болмайды. Сталинге жазған хатында Ф. Раскольников «Сіз адамды жек көретін социализмді жақтайсыз» деген екен. Тек бір ғана адам еркін бола алады. Ол – харизматикалық көсем. Шын мағынасында ол –Әзәзіл. Жеке адам мемлекеттік машинаның тетігі ғана. Ең жақсы мінездеме –«революция солдаты».
Тоталитарлық қоғамдағы адамдық даралықтың шектелуі Кеңес Одағында қатал бақылауға қарамастан жеке дара тұлғалар қатарынан наразылық тудырып, қарсылық қозғалысын дүниеге әкелді. Олардың арасында зиялы қауымның еркін ойларын, катокомбалық өнер мен тұлғааралық қарым-қатынаста өрістеген саяси анекдоттарды, диссиденттер әрекеттерін атап өтуге болады.
Тоталитарлық құрылыс идеологтарының терминін қолдансақ, онда адам үшін күрес «мәдениет майданында» да жүріп жатты. Социалистік қоғамда ресми функционерлер («шолақ белсенділер») мәдениетті идеологиялық құбылыс деп түсініп, абстракты «коммунистік тұлға» дегенді тәрбиелеу құралы ретінде насихаттады. Мәдени қаһармандар «ақ» пен «қызыл» саяси жіктемесі бойынша «үстем тап өкілдері» мен «еңбекшілер мүдделерін қорғаушылар» болып жасанды екі топқа бөлінді. 50-і жылдардың ортасына дейін Абайдың өзі патриархалды-феодалдық тұлға деңгейінен шықпай қалды. Дегуманизацияға ұшыраған социалистік қауымды сол себепті «тарихи қателік» деп бағалаудың негізі бар.
Енді тоталитарлық қоғамдағы қазақ мәдениетіне тікелей көшсек, онда мынадай үрдістерге назар аударған жөн:
Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың төлтума мәдениетіндегі дәстүрлі әдептің ғасырлар бойы қалыптасқан тетіктері шайқалып, аномиялық жағдай мен тұлғасыздандырылу өрістеді. Қ. Әбішевтің тілімен айтқанда, қазақтың әдебі жат болмыста әрекет етті.
Тоталитарлық қоғамдағы дәстүрлі қауымдасу мен даралану нормаларын өзгерту күш көрсету мен жасанды схемалардың тар шеңберлері арқылы жүргізілді. Осы жөнінде Елбасының «Тарих толқынында» атты кітабында мынадай ой айтылады: «Олардың түпкі негізінде кез келген тоталитарлық доктринаның жан түршіктіретін табиғи және тарихи кінараты – адамның жеке басы мен адамдар қауымының кез келген жоспар бойынша оңдауға да жондауға да бола береді дейтін түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, мыңдаған жылдар бойы жинақталған қазынаны тас-талқан қылып қиратып, «жасаймыз жаңа дүние» дейтін тоталитаризмнің ең танымал гимнінің өзі-ақ осыған айқын дәлел” (Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. – 65 б.).
Тоталитаризм дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қазақ адамын «Мен» дегізерлік әдептік қасиеттерінің тарихи құндылықтарына (еркіндік, азаттық, қонақжайлылық, мәмілелік, тәубешілдік, қауымдық ынтымақтастық, үлкенді сыйлау, т.т.) орасан зор нұқсан келтірді. Әдептік сана әлеуметтік-таптық санамен ауыстырылды. Халық ғасырлар бойы құрмет тұтып келген хандар, билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер, т.т. (Абылай, Кенесары, Алаша хан, Жәнібек, Қасым, Қазыбек би, Төле би, Айтеке би, Иасауи, Қорқыт т.б.) нигилистік деструкцияға ұшырады. Елбасы кітабынан осы туралы тағы бір үзінді келтірейік: «Тоталитаризмнің өзге бір «тамаша формуласы» – ұлттық сананы әлеуметтік-топтық санамен алмастыру. Сонда ұлттық сананы тастай қып бекітетін ұйытқыны қалай ірітпек керек? Мұның бірден-бір тәсілі – ұлттық тұтастықтың орнына топтасқан тобырды әкеліп қою. Жағдайдың насырға шапқандығы сондай, осы күнгі баз біреулердің өзі ата-тегін «заңгердің баласынан» бермен қарай тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық сана-сезімді талқандаудың қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер мен жағымсыз үлгі өнегелер іске қосылды» ( Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 65 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет