Дәрістің мақсаты:  өте әлсіз сигналдардың кернеуін, ток күшін және қуатын күшейтуші электрондық құрылғылардың жұмыс принципімен танысу



Дата19.11.2023
өлшемі95,66 Kb.
#124815

Электрондық күшейткіштер. Күшейткіш каскадтың жұмыс режімдері

Дәрістің мақсаты:  өте әлсіз сигналдардың кернеуін, ток күшін және қуатын күшейтуші электрондық құрылғылардың жұмыс принципімен танысу.

  • Дәрістің мақсаты:  өте әлсіз сигналдардың кернеуін, ток күшін және қуатын күшейтуші электрондық құрылғылардың жұмыс принципімен танысу.

Жоспар

Кез келген мамандыққа байланысты қандай бір жұмысты атқару барысында электрлік емес шамаларды өлшеу үшін оларды электрлік шамаларға түрлендірген жағдайда жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік туады. Электрлік емес шамаларды электрлік әдіспен өлшеу ғылым мен техникада, өнеркәсіп салаларында өте көп кездеседі. Мұндағы сигналдар деп аталатын электрлік шамалар көбінесе өте әлсіз болып келеді. Сондықтан, ондай сигналдардың кернеуін, тоғын және қуатын күшейту үшін электрондық күшейткіштер деп аталатын электрондық құрылғыларды пайдаланады. Электрондық күшейткіштер биполярлық транзисторлар, өрістік транзисторлар және интегралдық микросұлбаларға негізделеді. Жалпы электрондық күшейткіштер сигналды коректендіруші ток көзінің э.қ.к-нің энергиясының есебінен күшейтеді, қуатын арттырады.
Бір ғана активтік (транзисторға) және бірнеше пассивтік элементтен құралған күшейткіш құрылғыны каскад деп атайды. Егер бір ғана каскадтың күшейту қабілеті жеткіліксіз болса, онда бірнеше каскадты тізбектей немесе параллель қосу арқылы бұл мәселені шешуге болады.
Күшейткіштердің топқа бөлінуі
Электрондық күшейткіштер сигалдардың жиіліктеріне және олардың пішініне, яғни түр тұрпатына қарай бірнеше топқа бөледі:
1) төменгі жиіліктердің күшейткіштері (ТЖК)  жиіліктері бірнеше ондаған герцтен бірнеше ондаған килогерцге дейінгі үздіксіз периодтық сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар;
2) тұрақты ток күшейткіштері (ТТК) кернеу мен тоқтің шамасы аса баяу өзгеретін, жиіліктер аумағы нөлден басталып бірнеше ондаған герцпен шектелетін сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар. ТТК автоматика және есептеу техникаларының құрылғыларында кеңінен қолданылады;
3) талғағыш күшейткіштер  жиіліктерінің төменгі және жоғарғы мәндері шектелген сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар;
4) импульстік немесе кең жолақты күшейткіштер  жиіліктері бірнеше ондаған килогерцпен бірнеше ондаған мегагерцге дейінгі үзік-үзік сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар.
Күшейткіштердің техникалық көрсеткіштері
Күшейткіштердің жұмыс күйі бірнеше техникалық көрсеткіштер арқылы сипатталады. Олардың ең маңыздылары:
күшейту коэффициенті  күшейткіштің кірісіне берілген шама оның шығысында неше есе өсіп шықанын көрсететін коэффициент. Оның күшейтетін шамаларына байланысты кернеу бойынша, ток күші бойынша және қуат бойынша күшейту коэффициенттері деп аталатын үш түрі болады.
күшейткіштегі сигналдың бұрмалануы  күшейткіштің активті элементінің (транзистордың) вольт-амперлік сипатамасының сызықты тәуелділіктен ауытқуына байланысты оның шығысындағы сигналдың түр тұрпатының кірісіне берілген сигналмен сәйкестігі бұзылып, өзгеріске ұшырау, жаңадан гармоникалық құрамалар пайда болу құбылысы. Мұндай бұрмалануды сызықты емес бұрмалану дейді. Ал кейде күшейткіштің сұлбасында индуктивтік орама және конденсатор сияқты реактивтік элементтердің болуына баланысты сигналдың жиіліктері мен фазаларында сызықты өзгерістер де байқалады.
Биполярлық транзисторға негізделген күшейткіштер көбінесе ортақ эмиттерлі сұлба бойынша құрастырылады (5.2-сурет). Өйткені, жоғарыда атап өткеніміздей, мұндай күшейткіштердің қуат бойынша күшейту коэффициенттері ең жоғары болады.

Бақылау сұрақтары

  • Электрондық күшейткіштер деген не?
  • Күшейткіштер қандай және қанша топқа қа топқа бөлінеді?
  • Күшейткіштердің техникалық көрсеткіштері туралы айтыңыз.
  • Ортақ эмиттерлі қарапайым күшейткіштің ерекшелігі не?
  • Күшейткіш каскадтың жұмыс режімдері және А жұмыс режімі, В жұмыс режімі, С жұмыс режімі туралы айтыңыз.
  • Күшейткіш каскадтың жұмыс режімдерін қалай тұрақтандырады?
  • Ортақ эмиттерлі күшейткіштің эквиваленттік сұлбасы бойынша талдау жасаңыз.
  • Қуат күшейткіштері жұмыс принципін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет