Дәрістің мақсаты: топырақтың су қасиеттерімен және құблымен танысу және оны реттеу жолдарын анықтау Кілтті сөздер



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата18.10.2023
өлшемі171,48 Kb.
#118934
1   2   3   4   5   6
Сіңу мен ылғалдану деп
, топырақтың бос кеңістіктерінің бірте-бірте суға толуын 
айтады. Бұл топырақтың су сіңіру қабілетінің бірінші сатысы. Ылғалдану құбылысы 
топырақ, массасы толық (түйіртпектер іші мен аралығындағы кеңістік) суға толғанша 
жүреді. Өту деп, гравитациилық судың өз салмағы мен топырақ қуыстары арқылы төмен
жылжуын айтады. Егер топырақ бірінші сағатта суды 15 см терендікке сіңірсе-жақсы, 5-тен 
15 см-ге-орташа, ал 5 см-ге дейін ғана сіңірсе-аз сіңіретін болып саналады. 
Булану деп, сұйық судың қызған топырақ бетінен буға айналу құбылысын айтады. Ол 
топырақтың механикалық құрамына, түйіртпектілігіне, беткі жанды өсімдік жамылғысы, 
жансыз органикалық қалдықтармен бүркелуіне және құрлық бедеріне, ылғалдануына және 
климатқа байланысты өзгереді. Аса жоғары булану түйіртпексіз, түсі қара, кылтүтіктері 
ылғалға толған топырақта, ал аз мөлшердегі булану ірі дәнді, құмды және өсімдік 
жамылғысы бар топырақтар бетінде байқалады. 
Өсімдіктер топырақ ылғалының тек тиімді бөлігін ғана тіршілітіне жаратады. Тиімді 
немесе өнімдік су органикалық зат түзуге-өнімділікке жұмсалады. Өсімдіктер топырақтағы 
суды тамырларының сору күші арқылы сіңіреді, сондықтан сору күшінен асқан су 
өсімдіктерге тиімсіз. Ауылшаруашылық дақылдар тамырларының сору күші 1,5 х 10
3
КПА 
немесе 15 атмосферадан аспайды. Өнімдік ыдғалды пайдаланғаннан соң, өсімдіктер сола 
бастайды. Өсімдіктердің тұрақты солуы басталатын ылғал деңгейінің белгілі бір мөлшерін 
солу ылғалдылығы дейді. Одан жоғары ылғалдылықта өнім құрала бастайды. 
Агрономиялық тәжірибеде мынандай топырақ-гидрологиялық су константылары 
(тұрақты көрсеткіштер) қолданылады: максималды гигроскопиялық (МГ), солу 
ылғалдылығы (СЫ), қылтүтіктердегі үзілмелі ылғал (ҚҮЫ), кіші (дала) су сыйымдылық 
(ДСС), толық су сыйымдылық (ТСС). 
Құрғақ топырақ деп аталғанымен, онда берік байланған, адсорбцияланған, өсімдік 
тамырларының сору күші жетпейтін су болады. Мұндай су диффузиялы күшпен жылжиды. 
Бұл өсімдіктерге тиімсіз. 
Максималды адсорбциялық және қылтүтіктердегі үзілмелі ылғалдылық арасында 
(диапазонда) осал байланған қабыршақты су болады. Ол топырақта сорбциялық (тарту) 
күшпен ұсталады, сәл жылжымалы өсімдіктерге тиімсіз, ал СЫ мен ҚҮЫ арасыдағы судың 
өнімділігі аз, яғни оған қараған өсімдіктер нашар өніп-өседі. ҚҮЫ-ДСС арасындағы су 
қылтүтікшелерге толған судан тұрады; ұстап тұратын күш осал болғандықтан, оның 
өсімдікке тиімділігі жақсы, өнімділігі жоғары болады. 
ДСС пен ТСС арасында гравитациялық су тұрады, ол өсімдікке өте тиімді, бірақ артық 
мөлшерде болғандықтан өнімділігі нашар қуыстылық азаюынан, тіпті оның жоғалуынан, 
топырақта ауа алмасу (аэрация) нашарлап, өсімдіктер өніп-өсуі төмендейді. Топырақ суға 
толық көктемде, қар еріген кезде немесе ұзақ суарудан соң қанады. Бірақ топырақ 
кескінінен гравитациялық су тез өтіп кететіндіктен, бұл сумен ылғалдану уакыты қысқа 
болады. Толық су сыйымдылық пен кіші су сыйымдылықтың ара қашықтығын максималды 
суберу (МСБ) жүйесі деп атайды. Сонымен, өнімді ылғалдылық СЫ пен ДСС аралығында 
байқалғанымен, ең қолайлы, жоғары өнімді ылғалдылық ҚҮЫ мен ДСС арасында жатыр. 
Өнімді ылғалдылықтың төменгі деңгейі - СЫ, оның мөлшерін вегетациялық тәсілмен 
(өсімдіктер өсіру) және есептеу арқылы, яғни максималды гигроскопиялық (МГ х 1,5) 
арқылы шығарады. Ал жоғары өнімді ылғалдылықтың төменгі деңгейі - ҚҮЫ. Суару 
алдындағы топырақ ылғалдылығы ҚҮЫ-дан төмен болмағаны керек, яғни құмбалшықты, 


балшықты топырақтар үшін ол ДСС-тің 60-70 процентіне тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет