Дәрістің мақсаты: топырақтың су қасиеттерімен және құблымен танысу және оны реттеу жолдарын анықтау Кілтті сөздер



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата18.10.2023
өлшемі171,48 Kb.
#118934
1   2   3   4   5   6
Химиялық байланған су деп
- ион күйінде, екіншілік балшықты минералдар немесе 
металдардың сулы тотықтары құрамындағы конституциялық (қаңқалы) суды айтады. 
Мұндай суларды топырақты 150-300
0
С-та қыздырғанда ғана болып шығаруға болады. Ал 
минералдар құрамында-кристалдар торындағыны кристалды су деп атайды, яғни ол 
минералдар құрамына жаралған көзінде кірген. Оны топырақты 105-300
0
С -та қыздырғанда 
кетіруге болады. Химиялық байланған су молекулалық күшпен ұсталатындықтан өсімдікке 
тиімсіз. 
Су буы
- топырақ бөлшектері мен түйірлері аралығындағы ауа құрамына кіреді. 
Әдеттегіде топырақ ауасы су буына қаныққан. Сондықтан, бұл ылғал күйі топырақтың 
жылы жерінен суық қабатына қарай жылжып барып, қоюланады-конденсацияланады, яғни 
бу суға айналады. Бұл құбылыс топырақ беті салқындаған кезде байқалады, мысалы, түнде 
шөлді аймақтың күз маусымында кұмдар бетінде бу коюланып, кескін бойы жоғарғыдан 
төмен жылжиды. Осылай конденсацияланған судың өсімдіктерге тиімділігі шамалы болса 
да, пайдасы бар. 


Гигроскопиялық ылғал
- топырақтың тым майда (дисперсті) түрлері бетінде ауадан 
ұсталып тұратын су молекулалары; топырақтың ондай суды сіңіру қабілетін 
гигроскопиялық дейді. Түйірлер беті жұқа су қабыршағымен оралған және молекулалық 
күшпен ұсталатындықтан ерекше қасиеті бар: тығыздығы жоғары (1,7) болғандықтан ол 
қатпайды және тұздарды ерітпейді. Бұл судың топырақта сіңірілуі заттар табиғатына, ауа 
температурасы мен ылғал мөлшеріне байланысты. Атмосфера су буына қаныққан жағдайда 
топырақ суды өзіне көп сіңіре алады да, ылғалдану дәрежесі максималды 
гигроскопиялыққа жетеді, оның мөлшерін максималды (ең үлкен) гигроскопиялық дейді. 
Қабыршақты ылғал
- топырақтың дисперсті түйірлері бетінде тарту күшімен 
қабыршақтанып ұсталып тұратын су, ол өсімдіктерге тиімсіз. Жалпы тиімсіз су мөлшері 1,5 
максималды гигроскопиялыққа тең. Топырақтағы мұндай ылғал мөлшерінде өсімдіктер 
сола бастайды. Өсімдіктер тұрақты сола бастайтын топырақтағы судың мөлшерін жансыз 
қор деп атайды, себебі мұндай ылғалды өсімдік пайдалана алмайды. Жансыз деңгейден 
жоғары жиналған ылғал қорын өнімдік су деп атайды. Оның қоры — ауылшаруашылық 
дақылдары өнімді дамуының негізі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет