Дәріс 12. Педагогикалық бақылау. Педагогикалық зерттеулердегі бақылау әдісі туралы түсінік және оның ерекшеліктері.
Педагогикадағы зерттеу бақылауының түрлері.
Бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Зерттеу міндеттерін шешуде бақылау нәтижелерін қолдану.
Тәрбие ғылымында педагогикалық шындықты тану жолының бірі – бақылау әдісі. Бұр терминнің мәні көп және жан-жақты болып келеді. Оқудағы бақылау оқушыға, студентке оқитын нәрсенің көлемі және сапасы жағынан түсінік береді. Педагогикалық бақылау тәрбиешә мен сынып жетекшісінің баланы жан-жақты бақылап қадағалауынан тұрады. Ұстаз бен сынып жетекшісінің белгілі бір жағдайда өзінің іс-әрекетін кәсіптік жұмысы барысында айқын-ашық көрсететін инспекторлық қадағалау арқылы тексереді. Сондықтан да педагог үшін бақылау құнды көрсеткіш. Крупская мен Толстойдың педагогикалық творчествосын жариялай келе, Толстой педагог ретінде мектепке «әрқашан бақылау жүргізіп, сол бақылауларын тексеріпғ оны қайтадан қарап және қайтадан бақылайтын мұғалім» болу керек екенін ескертеді. Ғылымда зерттеу және бақылау бірден бір жан-жақты ғылымның құралы болып табылады. Адам бақылауды өзінің көру, сезу, есту мүшелері арқылы пайдаға асырады.
Бақылаудың ең негізгі ерекшелігі мынада: ол басқа әдістердің құрастырушы бөлшегі ретінде зерттеу жұмыстарының өздігінен шешім табуында маңызды роль атқарады. Мысалы, педагогикалық эксперименттің бақылаусыз жүзеге асуы мүмкін емес. Өйткені педагогикалық бақылау педагогикалық шындықты анықтаудағы негізгі құрал бола отыра басқа да әдістермен байланыстырылғанда тиімділігін көрсетеді.
Педагогикадағы зерттеу бақылауының түрлері. Педагогикадағы зерттеу бақылауының бірнеше түрлері бар:
Негізгі бақылау. Ол объекті мен зерттеушінің тікелей қатынасы. Зерттеушінің үш түрлі қағидасы бар:
а) педагогикалық процестің зерттеуші – куәгері.
б) педагогикалық процестің зерттеуші жетекшісі.
в) педагогикалық процестің зерттеуші қатысушысы.
Жанама бақылау.
Жанама бақылауда қосымша кісілер көмегін тигізеді. Бақылаушы өзіне ұжымнан немесе студенттерден және оқушылардың арасынан топ ұйымдастырып қосымша бақылайды.
Анық бақылау.
Бұл бақылау оқушы мен мұғалім арасындағы, бала мен тәрбиеші арасындағы болатын құбылыс. Кейде танымайтын адамдар арқылы жүргізілетін бақылау. Бірақ адам оған тез үйреніп кетеді. Сондықтан нақты қорытындыға жету үшін ашық бақылау түрі жеткіліксіз.
Жабық бақылау.
Жабық бақылау ең құнды, маңызды жол болып келеді. Бүгінгіде жабық бақылау жоғарғы оқу орындарында, сауда орталықтарында, көшеде телевизиондық құралдар арқылы жүзеге асырылады.
Үздіксіз бақылау.
Бұл нақты педагогикалық процесті басынан ақыр соңына дейін бақылау үшін қолданылады.
Монографиялық бақылау.
Ол бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ол әртүрлі мөлшерде көп көлемді нәрсені қамтиды. Мысалы: педагогикалық ------------- мұғалімдері өздерінен білім алып алғаш еңбек етіп жатырған түлектерінің методикасын, стилін мәдениеттілігін білімін беделін жан-жақтылығын және сынып сағатын қалай өткізетіні ата-анамен қалай жұмыс, жиналыс өткізетінін ұжымда өзін қалай ұстайтынын бәрін бақылайды.
Шағын бақылау.
Мысалы, мектептің жалпы педагогикалық процесі жүйесіне тек қана бір шағын көріністі ғылым жолындағы ізденіске байланысты бақылау. Мысалы, оқушы бір сабақтың 45 минутында неше минут сергек отыратындығы.
Іздену бақылауы.
Бұл бақылаудың әдейі өзіндік іздену мәні бар зерттеуші үлкен шеңберлі көлемді дамытуды көздейді. Бақылаудың барлығы және оның қорытындысын зерттеу есебін шешуге қолдануын қамтамасыз етеді. Бақылаудың түрі белгілі болған кезде ғана ол бақылауға жоспар құрыла бастайды.
Біздер ғылымда көп таралған бақылаудың бірнеше түрін қарастырудың әрине, бұл түрлерімен бақылаудың әдістері шектеліп қалмайды. Әр бақылаудың зерттеуші объектісінің табылатыны, көзге көріну талаптарына сәйкес құрылып жүргізіледі.
Бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Алдымен зерттеу бақылау әдісінің жалпы құрылымына көңіл аударайық. Бақылау әдісі, оның құрылымы, түрі, бағыт-бағдары және техникасы объективті және субъективті жоспардың жағдайына, зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне, зерттеушінің тәжірибесіне, оның жұмысының танымдығына байланысты жүзеге асады.
Бақылаудың барлық жағдайы ескерілгеннен кейін әдіс жүзеге асырылады. Әдіс барысында объект, мақсат, уақыт, бақылау мерзімі алдын-ала ескеріледі. Ол зерттелушінің анықтайтын сұрақтарынан тұрады. Мысалы, мектепте еңбек мейрамын бақылауда бірнеше объект салалары анықталады: мектеп ішін безендіру, балалар жұмысының көрмесі, балалардың мейрамды ұйымдастыру – қатысуы; еңбек мейрамының мазмұны.
Зерттелу міндеттерін шешуде бақылау нәтижелерін қолдану. Алдымен бекіту техникасы ойластырылады. Егер де жазып алу болса, оның түрі анықталады. Ол протокол; шындық іс-әрекетті ретімен бекіту; егер бақылау болатын болса күнделікті жүргізу сияқты болып келуі мүмкін. Сонымен қатар педагогикалық процестің барысындағы фактілер мен ақпаратты түсіріп отыратын матрицалық система қолдануға болады.
Сөздік-мәндік материалдарды бекіту мен қатар кеңістікті уақыт көрсеткіштері де бар.
Педагогикалық процесті бақылауда кейбір техникалық құралдар әдістерін қолданылуын қарастырайық. Педагогикалық процестің объективті бейнесін жабық видеоға түсіру, фото және кинрегистрация жатады. Дегенмен, киноға түсірудің өзі әзірлікті талап етеді. Сондықтан егер де студент топпен немесе ғылыми жетекшімен жұмыс істемесе бұл бақылауды жүзеге асыра алмайды. Сабақтың жазылынып алуы визуалдық бақылауға дауысты бейне ретінде жеткізу көп көмегін тигізеді. Бұл әдістің тиімділігі керекі анализ жасауда процестің қайталанып көрсетілуінде. Фонограмманың кемшілігі артық дыбыстар мен үзілістердің болуы. Сондықтан монтаж кезінде кемшіліктердің барлығы алынып тасталынады. Жабық түрде түсіріп алу әдісі өте құнды. Педагогикалық ------- қолданып, зерттеуші дистанциондық магнитофонды қолдана отырып сол аппарат педагогикалық процестің периодын анықтайды. Бақылау басқа әдістер секілді шектеуші ғана ақпарат береді. Сондықтан оның жемістілігі басқа әдістермен байланыстырылған кезде көрінеді.