Дәріс 30. Дипломдық жұмыстарды орындау әдістемесі. 1. Курстық және дипломдық жұмыстың негізі ретінде мұғалімнің мәдени шығармашылық зерттеулерінің қалыптасуы және ұйымдастыру әдістері.
2. Дипломдық жұмыстың мақсаты
1.Курстық және дипломдық жұмыстың негізі ретінде мұғалімнің мәдени шығармашылық зерттеулерінің қалыптасуы және ұйымдастыру әдістері. Мұғалімнің негізгі зерттеу мәдениеті болашақ мамандарды жоғары деңгейде дайындау процесінде қалыптасады. Жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қалыптастыруға ұйымдастырушылық-педагогикалық тәжірибелербіршама жинақталды. Университеттің білім беру мазмұны, бастапқы білімдерімен ұштасып, болашақ мұғалімдердің теориялық-әдістемелік дайындығына көмек береді. Өзіндік жұмыстарға бөлінген сағаттардың көбеюі, студенттің танымдық өзбетілігін және олардың әдебиет көздерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Жоғары оқу орнында білім беру процесіндегі интенсификация тәрбиедегі мотивациялық бағытталуға негізделіп, танымдық және жоғары іс-әрекет әдістерінің қалыптасуы. Жооғары оқу орнындағы білім беру процесі өзіндік білімін жетілдіру және ғылыми зерттеу жұмыстарымен байланысты. Болашақ мұғалім кадрлары дайындауда мынадай зерттеу жұмыстары өткізіледі: баяндама, реферат, педагогикалық тапсырмаларды шешу, педагогикалық практикадағы шағын зерттеулер және т.б. Болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу түрлерінің ең жоғары формасы курстық және дипломдық жұмыс. Бір жыл ішіндегі нақты тақырыппен жұмыс жасау, ал дипломдық жұмыспен 2-3 жыл аралығындағы оқу бітіруші студенттерге өздері зерттейтін мәселенің тек теориялық жағымен танысып қоймай, сондай-ақ практикалық жағынұштастырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеруі өте маңызды. Осы уақытқа шейін курстық және дипломдық жұмыстарға байланысты талаптар педагогикалық дисциплинаға, яғни ғылыми-зерттеу әрекетінің осы түрлеріндегі дайындығы және жетекшілігі әдістердің педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде емес екендігін көрсетеді. Курстық жұмысты жазу үлгісі студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетінің ке»бір қателіктерін атап көрсетеді. Студенттер оқу жоспары бойынша жоғары оқу орнындағы оқыған жылдары 3-4 курстық жұмыс дайындайды.
Педагогикалық жоғары оқу орнындағы дипломдық жұмыстағы жетекшіліктің кейбір кемшіліктері бар. Дипломдық жұмыстар бүгінгі күнге дейін оқу процесіндегі негізгі орынды алмайды. Бірақ студент дипломдық жұмыстың жоспарымен көп жұмыстанады, теориясын меңгеруге байланысты, өте мазмұнды қорытынды күтуге болады, практикалық өзара байланыс ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістерін және процестерін игереді. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген куртық жұмысқа байланысты кемшіліктер дипломдық жұмыстың жоспарына сай келеді.