ҚОРЫТЫНДЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Қосымшалар. Зерттеу объектісі: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің формалары, әдістері және құралдары.
Проблема:кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу формалары, әдістері және құралдарының қайсысы тиімдірек.
Зерттеу гипотезасы: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігіне мына жағдайларда қол жеткізуге болады: қоршаған адамдардың адамгершілік бейнесі және олардың беделге иеленуі, баламен қарым-қатынас жасаудың ізгіліктік сипаты; қазіргі талаптарға сәйкес адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің даярлығы; мектепте адамгершілік-хұқықтық орта және қарым-қатынас стилін орнату.
Зерттеу міндеттері: Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі мазмұнын және қазіргі заман талаптарына сәйкес адамгершілік тәрбиелеудің әдістерін анықтау.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін талдау.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімді даярлау жолдарын анықтау.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің таңдалған формалары, әдістері және құралдарының тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді жүзеге асыруда ұсыныстар даярлау.