Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Микробиологический контроль биотехнологических производств [текст] :
Учебное пособие. - M. : Дели плюс, 2016. - 142 с.
2. Ильяшенко, Н.Г.Микроорганизмы и окружающая среда [текст] :
Учебное
пособие. - М. : Инфра -М, 2018. - 195 с.
3. Королёв, А.А.Микробиология, физиология питания, санитария и гигиена [текст] :
Учебник. - М. : Академия, 2017. - 256 с.
4. Батыргалиева, М. Микробиология [текст] : Оқу құралы. - Астана : Фолиант, 2016.
- 96 б.
Дәріс 5 - Сыртқы факторлардың микроағзаларға әсер етуі
Дәріс жоспары:
1. Микроағзалардың жекелеген топтарының ортаның су режиміне тәуелділігі. Әртүрлі
микроағзалардың жасушаларындағы осмостық қысым. Психрофилді,
мезофилді және
термофилді микроағзалар. Аэробты және анаэробты микроағзалар. Жекелеген
микроағзалардың дамуына орта қышқылдығының әсері. Микроағзалар тіршілік әрекетінде
рН мәнінің критерийлері. Қысым, улы заттар мен радиацияның әсері.
2. Метабиоз құбылысы және оның мәні. Микроағзалардың селбесуі мен антагонизм және
оларды іс жүзінде пайдалану. Сапрофитті және паразитті микроағзалар. Жоғары сатыдағы
өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың паразитті микроағзалармен зақымдануы.
Дәріс мақсаты: Сыртқы факторлардың микроағзаларға
әсер етуін зерттеп, оқып
білу.
1.
Ылғалдылық. Микроағзалар жасушаларының құрамында 75 – 85% -ға жуық су бар.
Жасушаға сумен бірге қоректік заттар және өмір тіршілігіне қажетті заттар шайылып
жетеді. Микроағзалар тек қана еркін сулары бар субстраттарда дами алады. Субстраттың
ылғалдылығы төмендеген сайын микроағзалардың даму қарқындылығы тежеледі.
Ылғалдылыққа байланысты микроағзаларды былай жіктейді:
гидрофиттер – ылғал сүйгіш
микрооағзалар;
мезофиттер – орташа ылғалсүйгіш;
ксерофиттер – құрғақ сүйгіштер.
Микроағзалардың қолайлы дамуы үшін, субстраттағы ылғал мөлшері жеткілікті
болуы тиіс, оны қазіргі уақытта «сулы белсенділік» деп атайды. Ылғалдылық жеткіліксіз
болған жағдайда микроағзалар көбеймейді. Микроағзаларды
терең вакуумда кептіру,
оларды тірі күйінде көптеген жылдар бойына сақтауға мүмкіндік береді, себебі жасушадағы
биологиялық үрдістер баяулайды. Лиофилизация – микроағзаларды мұздатылған күйде
кептіру арқылы құрғақ культураларды алу әдісі.
Ортадағы ерітілген заттар концентрациясы. Жасуша ішіндегі осмостық қысымы
қоректік субстрат қысымына қарағанда жоғары болған жағдайда микроағзалардың
қалыпты дамуы жүреді. Осы жағдайда жасушаға сырттан су өтіп, цитоплазма жасушаның
қабырғасын аздап соза отырып, тығыз жанасады. Мұндай жағдайды
тургор деп атайды.
Гипотониялық ерітіндіде суда еріген қосылыстардың концентрациясы төмен болады.
Төмен осмостық қысымдағы субстратқа түскен микроағзаларда
плазмоптиз түзіледі –
цитоплазма жылдам сумен толығады да, жасуша қабығын жарып жібереді.
Жоғары осмостық қысымдағы ерітінді гипертониялық деп аталады. Жасуша ішіндегі
қысымға қарағанда субстраттың осмостық қысымының артуы жасушаның сусыздануына –
плазмолизге әкеп соқтырады, бұл кезде жасушаға қоректік заттардың түсуі тоқтайды.
Плазмолиз күйінде микроағзалар тіршілігін ұзақ мерзімге сақтай алады. Осмофилді
микроағзалар (
Aspergillus, Penicillum) жоғары осмостық қысымды көтере алады. Ас тұзын
немесе қантты қосу арқылы жасушаның ішіндегі қысымды реттеуге болады. Ас тұзының
0,5 –2% концентрациясы микроағзалар үшін аз сезімтал; 3%
- қолайсыз; 7-10% - шіріту
бактерияларының көбеюі тоқтайды; тұздың 20% концентрациясында ботулис пен
сальмонелла
белсенділігінен айырылғанымен, тіршілік қабілетін сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: