Кейінірек, май қышқылды ашу үрдісінің қоздырғыштарын зерттеу барысында Л.
Пастер бұл қоздырғыштардың тек оттегі жоқ жерде тіршілік ететінін анықтады,
нәтижесінде «қатаң анаэробтар» ашылды. Ауасыз өмір сүру туралы жаңалық қарсылық
танытушылардың
жарылысын тудырды, себебі оттегі – «тіршілік газы», яғни, оттегісіз
ағзалардың тіршілік етуі мүмкін емес деп саналды. Л.Пастердің тапқан анаэробиоз
құбылысы ашу теориясын жасауда үлкен маңызға ие болды. Л.Пастердің көзқарасы
бойынша ашу дегеніміз – бос оттегінсіз өмір. Анаэробиозда бактериялар тіршілік етуге
қажетті энергияны органикалық қосылыстардың ыдырауынан, яғни, ашуы кезінде алады.
Сірке қышқылының ашуын яғни, шарап спиртінің
сірке қышқылына дейін
бактериялармен тотығуын зерттеудің барысында Л. Пастер, органикалық заттардың
айналымында «ашуды тотықтырушы» деп аталатын микроағзалардың ерекше типі
қатысатынына көз жеткізді. Бұл зерттеулер тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар
практикалық тұрғыдан да үлкен маңызға ие болды. Ашу өндірісінің мәселелері – шарап
жасау, сыра қайнату және сірке қышқылын алу бойынша Л. Пастер үш монографияны
жарыққа шығарды. Бұл монографияларда аталған үрдістердің технологияларын жақсарту
бойынша бағалы мәліметтер келтірілген. Ғалым тіпті шарап және сыра ауруларының тууы
микроағзалардың әсерінен болатынын дәлелдеді.
Тірі ағзалардың өздігінен пайда болуын мойындау көптеген ғасырларға созылды.
Тек қана Л. Пастердің алуан түрлі үрдістерде жекелеген микроағзалардың рөлін анықтаған
жұмыстары ғана микроағзалардың өздігінен пайда болуының мүмкін емес екендігін нақты
анықтауға мүмкіндік берді. Егер қоректік орта зарасыздандырылған болса, яғни,
микроағзалардан сенімді тазартылған болса, онда оларда тіршілік тіпті қарапайым түрінде
болса да пайда болуы мүмкін емес екендігі ғалымның мінсіз тәжірибелерімен дәлелденді.
Қазіргі заманғы
дезинфекция және антисептика, ал кейіннен асептика Л. Пастердің
жұмыстарындағы теориялық тұрғыдағы көзқарастарына негізделеді.
Сібір жарасымен күресу үшін Л. Пастер сақтандырғыш егулерді ұсынды. Тауық
холерасының қоздырғышына ертеректе эксперимент жасай отырып, ол қоздырғыштардың
әлсіреген сұйықтығымен бүрку құстың ауруды қабылдамауына әкеп соқтыратынын
анықтаған болатын. Осы принцип жануарлардың сібір
жарасының алдын алуға негіз
болды. Сібір жарасының таяқшасын жоғары температурада өсірді (42-43°C), ал бұл оның
ауру тудырғыш қасиетін төмендетуге, тіпті оның толықтай жойылуына әкелді. Кейін
әлсіреген культураны жануарларға егіп (вакцинация), жануарлардың ұзақ уақытқа дейін
ауруларды қабылдамауын (иммунитет) қалыптастырды.
Л. Пастердің құтыру ауруына қарсы сақтандырғыш екпелері жөніндегі еңбектері
баршаға мәлім. Антирабикалық екпелер әдісі (құтыруға қарсы) кеңінен тарала бастады.
Сақтандырғыш екпелер әдісін жасауға мүмкіндік берген Л. Пастердің зерттеулері жаңа
ғылым – иммунологияның негізін қалады.
Л. Пастердің еңбектері оның көзі тірі кезінде жоғары бағаланды. 1873
жылы ол
француз медициналық академиясына, ал 1882 жылы - Франция ғылым Академиясына
сайланды. 1884 жылы Санкт-Петербургтің ғылым Академиясы атақты жаратылыстанушы
биология
ғылымының
разряды
бойынша
физика-математикалық
бөлімшенің
корреспондент мүшесі ретінде, ал 1893 жылы құрметті мүшесі ретінде қабылдады.
1888 жылы Парижде баспасөзге жазылудан жиналған қаражатқа Пастеров
институты ашылды. Институттың салынуына Ресей үкіметінен ірі көлемде қаражат бөлінді.
Бұл кейіннен атақты, ірі институтқа айналды және мұнда көптеген атақты микробиологтар,
соның ішінде орыс микробиологтары да жұмыс істеді. Осылардың ішінде салыстырмалы
патология, эволюциялық морфология, микробиология және иммунология салалары
бойынша жазылған классикалық жұмыстардың авторы И.И. Мечников болды.
Сонымен
қатар ұзақ уақыт бойы (1922-1953) бұл институтта топырақ микробилогиясы аумағында
маңызды зерттеулер жүргізген С.Н. Виноградский да жұмыс істеді.
Осы кезеңде микробиолоияның дамуында неміс ғалымы
Роберта Кохтың (1813—
1910) зерттеулері үлкен маңызға ие болды. Ол қоректік орталарда таза культураларды
алудың әдістемесін ұсынды, іс жүзінде микроағзаларды зерттеуде анилин бояуларын
қолданды.
Р. Кох 1877 ж. Сібір жарасының қоздырғышына арналған жұмысын жариялады.
1882 г. Ол туберкулез ауруының қоздырғышын ашқаны туралы хабарлады,
кейін бұл
микроағза ғалымның құрметіне «Кох таяқшалары» деген атқа ие болды. Р.Кох ауру
қоздырғышынан туберкулин препаратын алып, туберкулезбен ауырған адамдарды емдеу
үшін пайдаланғысы келді. 1883 ж. ол холераның да қоздырғышын ашты. 1905 ж.
туберкулезді зерттеген еңбегі үшін Р.Кохқа Нобель сыйлығы тағайындалды.
Ол Кох постулаттары немесе Кох триадасы деген атпен белгілі инфекциялық
ауруларды болжаудың критерийлерін құрастырды:
1) микроб-қоздырғыш ауру адамнан табылуы және сау адамдарда болмауы тиіс;
2) зерттеу кезінде микробтың таза культурасын себу керек;
3) микробтың таза культурасын эксперименттік жануарларға енгізгенде науқас
адамдардың ауруына ұқсас аурудың белгілерін көрсетуі тиіс.
Жалпы және ауыл шаруашылық микробиологиясының курсын меңгеру нәтижесінде
агроном топырақтағы микроағзалар санын реттей және микробиологиялық үрдістерді
белсендіре алады, микробтық препараттар мен микроб синтезінің өнімдерін дұрыс және
кеңінен
қолдануды, топырақты өңдеу тәсілдерін жетілдіруді, тыңайтқыш енгізуді,
мелиорациялауды, ауыл шаруашылық дақылдарын тиімді ауыстыруды, ауыл шаруашылық
өндірісінің басқа да технологияларының тәсілдерін қолдануды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: