Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет3/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары: 
1. Микробиология ғылымы нені зерттейді? 
2. Микроағзалар әлеміне қандай ағзалар жатқызылады? 
3. Микроағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы? 
4. Микроб әлемін ашуда А. ван. Левенгуктің сіңірген еңбегі? 
5. Микроағзаларды қандай құралдың көмегімен зерттейді? 
6. Л.Пастердің микробиология ғылымының дамуына қосқан үлесі? 
7. Р.Кохтың ашқан жаңалықтары? 
8. Антибиотик дегеніміз не? Антибиотиктерді микроағзалардан алғаш бөліп алған кім? 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Төлемісова, Ж.К. Тағамдық микробиология [текст] . - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 
152 б. - Библиогр.: б.150-151. - ISBN 978-601-7390-51-8 
2. 
Салтыбаев, А.Д. Микробиология [текст/ Электронный ресурс] : Оқу құралы. - 
Алматы : Альманахъ, 2017. - 144 б. - ISBN 978-601-263-298-9
3. Уәлиева, П.С. Микробиологиядан зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар 
[Текст] . - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 98 б. - ISBN 978-601-04-1873-8 
4. Батыргалиева, М. Микробиология [текст] : оқу құралы. - Астана : Фолиант, 2016. - 
96 б. - (Кәсіптік білім). - ISBN 978-601-302-449-3 
Дәріс 2- Микроағзалардың морфологиясы және систематикасы 
 
Дәріс жоспары:
1. 
Эукариотты және прокариотты ағзалар. Микроағзалардың негізгі топтары.
2. 
Бактериялар құрылысы, қозғалысы, көбеюі және спора түзуі.
3. 
Сәулелі 
саңырауқұлақтардың 
(актиномицеттердің) 
және 
оларға 
туыс 
микроағзалардың құрылысы мен көбеюі. 


 Дәріс мақсаты: Микроағзалардың морфологиясы және систематикасымен танысып, оқып 
білу. 
1. Көптеген микроағзалар – бір жасушалы тірі жандар. Микроб жасушасы сыртқы 
ортадан жасуша қабығы (кейде цитоплазмалық мембранасы) арқылы бөлініп тұрады және 
оның әртүрлі субжасушалық құрылымдары болады. Жасуша құрылысының екі типін 
ажыратады: Эукариотты және прокариотты жасушалар. Нағыз ядросы бар микроағзаларды 
эукариоттар деп атайды. Ядролық аппараты айқын жіктелмеген микроағзаларды – 
прокариоттарға – ядроға дейінгі ағзаларға жатқызады.
Эукариоттарға саңырауқұлақтар, балдырлар мен қарапайымдылар жатқызылады. 
Құрылысы бойынша олар өсімдік және жануарлар жасушасына ұқсайды. Бактериялар, 
оның ішінде цианобактериялар (көк – жасыл балдырлар) прокариоттарға жатады. 
Прокариоттардың ерекше тобын архебактериялар (архей) құрайды.
Эукариот жасушасында поралары бар екі қабатты мембранасы арқылы өзін қоршап 
жатқан цитоплазмадан оқшауланып тұрған ядролары болады. Ядрода рибосомды РНҚ мен 
хромосомалардың синтезделетін орталығы – бір немесе екі ядрошық кездеседі. Ал 
прокариот жасушасында генетикалық материалды цитоплазмадан оқшаулап тұратын 
ядролық мембранасы болмайды. Сондықтан мұндай жасушалардағы ДНҚ эукариоттардағы 
хромосомаларға ұқсас құрылым түзбейді. Әрине прокариоттарда митоз және мейоз 
үрдістері жүзеге асырылмайды. Көптеген прокариоттарда мембраналармен қапталған 
жасушаішілік органеллалар жоқ, сондай-ақ оларда митохондрия, хлоропласттар
эндоплазмалық ретикулум (тор), Гольджи кешені және лизосомолары болмайды.
Біздің планетамыздағы тіршілік әлемін 4 патшалыққа бөледі: өсімдіктер (Plantaе)
жануарлар (Animalia), саңырауқұлақтар (Mycota), және прокариоттар (Procaryotaе)
Сондай-ақ бір жасушалы эукариоттарды жекелеген протистер (Protista) патшалығына 
жіктейді. Бірақ соңғы жылдары молекулалық биологияның мәліметтеріне сүйене отырып, 
тірі ағзалардың жоғарғы таксондарын жіктеу қайта қарастырылған. Оның ішінде ең күшті 
өзгеріске ұшыраған классификация – прокариоттар болып табылады, олардың арасында 
бір түрінің екінші бір түрден рибосомды РНҚ тізбектері, жасушасының кейбір 
компоненттерінің химиялық құрамы мен биохимиялық ерекшеліктері бойынша 
айырмашылықтары бар ағзалар тобы табылған. Бұл ағзалар жаңа архебактериялар деп 
аталатын патшалыққа жіктеледі. Кейбір жорамалдарға қарағанда архебактериялар немесе 
архей, микроағзалардың ең бір көне тобын құрайды.
«Бактерияларды Берги бойынша жіктеу нұсқаулығының» (1984) бірінші 
басылымында барлық прокариотты микроағзалар төрт Cracilicutes, Firmicutes, Tenericutes 
және Mendosicutes бөлімдеріне жіктелген.
Өз кезегінде бөлімдерді кластарға, қатарларға, тұқымдастарға, туыстарға және 
түрлерге бөледі. Микроағзалар төрт бөлімге, ең алдымен жасуша қабығының болуы немесе 
болмауы және олардың түріне қарап жіктелсе, кластарға, қатарларға, тұқымдастарға
туыстарға, түрлерге – морфологиялық және физиологиялық – биохимиялық белгілерінің 
жиынтығы бойынша топтастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет