Келушінің айқын мінез-құлқы көп жағдайда қарама-қарсы тенденцияны жасырушы қорғаныс сипатында болады. Өзінің жасырын тілектері мен қарама-қайшы қажеттіліктерін түйсіну үшін оның топқа көрсеткен мінез-құлқына қарама-қарсы қылық көрсету ұсынылады. Мысалы, «мамықтай жұмсақ» кейіптегі әйелге агрессивті, өркөкірек, басқаларды төмендетуге тырысатын әйелді ойнау ұсынылады. Мұндай тәсіл осы уақытқа дейін жасырулы болған тұлғаның жақтарын ашуға көмектеседі.
Қиялдау жаттығуы.
Проекция үрдісі бейнеленеді және қатысушылардың тұлғасының шеттетілген аспектілерімен теңесулеріне мүмкіндік туады. Мұндай жаттығулардың ішінде «Ескі, иесіз дүкен» ойыны кең танымал.
Келушіге көздерін жұмып, өзін босаңсыту ұсынылады. Содан соң қараңғы түнде бір кішігірім көше арқылы, ескі, иесіз дүкеннің жанынан өтіп бара жатқанын елестету сұралады. Оның терезелері лас екен, бірақ егер ішіне үңіліп қарасаң, бір затты байқауға болады. Оны дұрыстап қарау керек, сосын кері шегініп, терезенің арғы жағындағы затты сипаттау керек. Содан соң келуші өзін сол заттың орнына қойып, соның атынан сөйлеп, нені сезінетінін, дүкенде неге қалып қойғанын айтып, өзінің осы зат ретіндегі өмірі неге ұқсайтынын айтуы өтініледі. Заттармен өздерін теңестіргенде келушілер олармен өздерінің тұлғалық аспектілерін проекциялайды.
Сананың кеңеюі.
Гештальттерапиядағы маңызды принцип – ол сананы кеңейту принципі.
«Осы жерде және дәл қазір» термині тәрізді, бұл термин де психотерапияның басқа түрлеріне, тіпті философия мен педагогикаға да кең таралды. Оның мазмұны шешілмейтін тәрізді көрінген жағдайға басқа қырынан (немесе түрлі қырларынан) қарап, одан шығатын жолды көруге мүмкіндік беруден тұрады. Кең мағынада сананың кеңеюі келушіге өзінің бүкіл өміріне және сол өмірдегі өзіне тұтас қарап, кедергілерді жеңу жолдарын ғана емес, сондай-ақ неғұрлым толық өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін көруге қол жеткізеді.
Сананың кеңеюі жаттығуын фигура мен фонның орнын ауыстыру үшін арнайы қолданады.