Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе


Эксперимент-ойындардың мақсаты – тұлғаның кірігуіне әкелуші эмоционалдық және интеллектуалдық айқындылыққа қол жеткізу



бет18/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
дәрістер мазмұны терапия

Эксперимент-ойындардың мақсаты – тұлғаның кірігуіне әкелуші эмоционалдық және интеллектуалдық айқындылыққа қол жеткізу.
Ойындар саны шектеусіз. әрбір терапевт гештальтерапия принциптерін қолдана отырып, өзінің ойындарын құрастыра алады.
Көп тараған ойындарға мыналар жатады.

  1. Өз тұлғасының бөліктері арасындағы диалог.

Ойынның техникасы мынадай: келуші отырған орындыққа (ыстық орындық) қарама-қарсы бос орындық қойылады, оған елестеткен әңгімелесушіні «отырғызады». Келуші орындықтарды кезек-кезек ауыстырып, өз тұлғасының түрлі бөліктерінің орнына өзін теңестіріп, диалог ойнауға тырысады.

  1. Шеңбер жасау.

Келуші шеңбер бойын айналып шығып, әр қатысушыға өзін толғандыратын сұрағын, мысалы, оны басқалар қалай бағалайды, ол туралы не ойлайды деген тәрізді сұрақтар қойып немесе өзінің топ мүшелеріне деген сезімдерін жеткізуі қажет болады. Бұл қарым-қатынас еркіндігін, басқалар пікірін тыңдаудан және ол туралы өз пікірін айтудан қорықпауға жаттықтырады.

  1. Аяқталмаған іс.

Аяқталмаған гештальт – ол аяқтауды қажет ететін іс. Көптеген адамдарда туыстарымен, ата-аналарымен, жұмысымен және т.б. байланысты аяқталмаған көптеген мәселелері болады. Көбіне ол айтылмаған арыздар, претензиялар.
Келушіге бос орындық тәсілін қолданып елестеткен сұхбаттасушыға немесе аяқталмаған іске қатысы бар терапевтік топ мүшесіне ойында жүрген, айтылмай қалған сезімдерін сыртқа шығару ұсынылады. Гештальтерапевттер көбіне жиі кездесетін және толық көрсетілмеген сезім – ол реніш екенін айтады. Ойынды осы сезіммен жұмыс жасау арқылы «Мен саған ... ренжулімін» деген сөзбен бастайды. Ол сезімдә дәл қазір бастан өткерңп отырғандай, барынша эмоционалды, емін-еркін жеткізу керек.

  1. Проективті ойын.

Келуші басқа адамның бойында белгілі бір сезім немесе мінез сипаты бар деп жарияласа, оның өз проекциясы емес екенін дәлелдеу үшін оны тексеруді өтінеді. Яғни сол сезімді немесе мінезді өзіне өлшеп көру ұсынылады. «Мен сені аяймын» деген келушінің әрбір қатысушының жанына барып, басқалардың аяушылығын тудырушы адамның рөлін ойнау ұсынылады. Рөлге біртіндеп еніп, адам өзін ашады, осы уақытқа дейін шеттетіліп келген тұлғасының бөліктерінің өзара кірігуі жүзеге асуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет