Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата27.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#10463
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

196 
табы ретінде танытатын басты өлшемдік белгі деп көрсетеді. 
3.
 
Сын  есімнің  үшінші  ерекшелігі  –  түркі  тілдерінде  оның  ішінде, 
қазақ тілінде де, күшейткіш буынды тұлғасының болуы. Бұл күшейтпелі тұлға 
тек сын  есімге тән. Сондықтан күшейтпелі  үстеме буын  сын  есімді басқа  сөз 
таптарынан  ажырататын  белгінің  бірі  болып  есептеледі.  Мысалы:  жап-жас 
бала  екен  (Мұқанов)  Аталған  күшейткіш  буынды  тұлға  түркі  тілдерінде  өте 
ерте кезден қолданылады. 
Сын  есім  әбден  абстракцияланып,  зат  есімнен  ажырап,  бұрынғы  затқа 
тәуелділігін жойып, жігін әбден ашқан логикалық категория болып табылады. 
Мысалы:  сары,  сарғыш,  сарғылт,  сап-сары,  сап-сарғылт  деп,  сын  есімнің 
логикалық  мәнін  нақтылау  үшін  заттық  құбылыспен  салыстырсақ,  нақты 
түсінуге болады. 
4.
 
Сын  есім  өзінің  мағынасы  арқылы  да  өзге  сөз  табынан 
ерекшеленеді.  Сын  есім  заттың  сынын  білдіре  отырып,  кейде  қимылдың 
сынын  көрсететін  үстеумен  астасып,  ұқсасып  келеді.  Бұл  жағдайда  сын  есім 
үстеу  қызметінде  жұмсала  отырып,  өз  мағынасын  жоймайды,  яғни  соның 
өзінде де сын есім болып тұрады. Мысалы: жақсы бала жақсы оқиды дегенде 
бірінші  жақсы  бала  деген  зат  есімнің  сапасын  анықтаса,  екінші  жақсы 
қимылдың  сапасын  білдіреді.  Осы  екі  жерде  де  жақсы  өзінің  негізгі 
мағынасын  сақтап,  сын  есім  болып  тұр.  Сондықтан  жалпы  түркі  тілдерінде, 
сондай-ақ  қазақ  тілінде  сын  есім  тек  зат  есімді  ғана  анықтап  қоймай,  кейде 
үстеу сияқты етістік баяндауышты анықтайды. Ауыл алыста қалды және Ауыл 
алыс  қалды  дегендегі  бірінші  сөйлемде  алыста  –  мезгілдік,  мекендік  ұғымды 
білдіретін сөздерге жалғанып, үстеу мағынасын жасайтын жатыс септіктің -та 
жалғауын қосып алған зат есім болса, екінші сөйлемде алыс етістікті анықтап, 
пысықтауыш  қызметін  атқарып  тұрғанмен,  өзінің  сапалық  сынын,  қасиетін 
сақтап отырғандықтан, сын есім болып есептеледі. 
Сонымен  бірге  сын  есім  басқа  сөз  табымен  тіркесуде  өзіне  лайық 
ерекшелік қызметі бар; бұл жағынан ол зат есімнен ерекшеленеді: 
1.
 
Сын  есім  «сияқты,  секілді,  сықылды,  тәрізді»  деген  септеулік 
шылаулармен  тікелей  байланысып,  оларды  өзіне  тіркестірсе  де,  басқа  шылау 
түрлерін, әсіресе, демеулік шылауларды тікелеә  тіркестірмейді, егер сын есім 
заттанса  ғана  басқа  шылау  түрлері  тіркесе  алады.  Ал  зат  есімге  демеуліктер 
мен септеуліктердің қай-қайсы болсын, тура тіркесе береді. 
2.
 
Күшейтпелі  мағынаны  білдіретін  өте,  тым,  аса,  тіпті,  орасан, 
ерекше, қас, керемет, ең деген үстеу сөздер сын есімнің алдынан тұрып еркін 
тіркеседі.  Өйткені  бұл  күшейткіш  үстеулердің  сын  есімдерге  тікелей  қатысы 
бар. Мысалы: өте жақсы, өте сұлу, тым тамаша, тым үлкен, аса көркем, аса 
биік, тіпті жас, керемет шешен, тіпті жүйрік, керемет өлеңші, қас жүйрік, 
орасан зор; ал зат есіммен тіркесе алмайды: өте шөп, тіпті адам, тым ағаш 
деп айтуға болмайды. 
Қазақ тіліндегі сын есім сөз табының жеке бір түрі болып қалыптасқан 
категория  болып  табылады.  Сын  есімнің  өзіне  тән  тұлғалары,  мағынасы, 
мағыналық  және  қолданылу  ерекшеліктері  оны  басқа  сөз  таптарынан 
ажыратып, граматикалық дербес категория екенін білдіреді. Сонымен сын есім 
жеке  сөз  табы  түріндегі  категория  болып  табылады,  оның  жеке  анықтамасы, 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
197 
белгілері бар; негізгі қызметі сол белгілерден көрінеді: 

 
Сын  есімнің  атқаратын  қызметі  –  кез  келген  заттың  түрліше 
қасиетін, белгісін ашып көрсету;  

 
Сын есімнің морфологиялық белгісі – шырай тұлғаларының болуы. 
Сын  есім  зат  есіммен  тіркесіп,  қабысу  байланыс  түрін,  анықтауыш 
қызметін, етістікпен байланысып пысықтауыштың қызметін атқарады 
Қазақ  тіліндегі  сын  есімдер  мағыналық  жағынан  зат  есімдермен 
ұштасса,  мәні  мен  қызметі  жағынан  есімшелердің,  кейде  үстеулердің  кейбір 
топтарымен  жалғасып  жатады  Сын  есімдердің  етістіктің  кейбір  түрлерімен 
(есімшелермен) немесе үстеулермен байланысы бірыңғай формалардың тілдің 
даму  барысында  әрі  есімше,  әрі  сын  есім,  кейде  үстеу  ретінде  қалыптасады: 
сын есім жұрнағы -қы арқылы шайқы – зат есім;

 қыш арқылы тұтқыш – зат 
есім, тапқыш дегенде сын есім қалыптасқан. 
Сын есімнің бір ерекшелігі  оларды басқа сөз таптардан ерекшелейтін, 
басы  ашық  тек  қана  «сын  есімдерге  тән»  деп  қарауға  болатындай 
морфологиялық тұлғалардың өте аздығы немесе тіпті жоқтығы. 
Сын  есімдердің  басқа  топтарынан  әсіресе,  зат  есімдерден 
семантикалық  және  грамматикалық  жағынан  жіктелуі,  өз  алдына  топ  ретінде 
оқшаулануы  қалыптасқан  құбылыс  болып  табылады.  Тілде  сын  есімдер  екі 
түрлі жолмен қалыптасқан: 
1.
 
Есімдердің (зат есімдер де, қимыл есімдері де) контексте қолданылу 
барысында сын есімге айналуы (трансформация);  
2.
 
Есімдердің  басқа  топтарынан  оқшаулана  морфологиялық  жүйенің 
қалыптасуы. 
Сын  есімдердің  қалыптасуы  есім  тұлғаларының  әуелі  анықтауыштық 
қызметке  ие  болып,  соның  нәтижесінде  сындық  мән  алып,  тұрақталуына 
негізделеді.  Трансформациямен  жасалған  сындарға  қазіргі  тіліміздегі  негізгі 
сын  есімдердің  көпшілігі  жатады,  қазіргі  түркі  тілдерінің  барлығында  кейбір 
фонетикалық  өзгерістермен  қолданылатын  көк,  қара,  қызыл,  жасыл,  сары, 
жас, кәрі т.б. сын есімдер осы жолмен қалыптасқан. Бұл сөздердің арғы негізі 
әр түрлі есім де, етістік те болуы мүмкін. 
 
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 
1.
 
Аманжолов  С.  Қазақ  тілінің  грамматикасы.  І.б.  –  Алматы:  қазақ 
мемлекеттік баспасы, 1938. 
2.
 
Шакенов  Ж.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сын  есім  категориясы.  Алматы: 
Ғылым, 1961. – 79 б. 
 
 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
198 
УДК 800:372.882:811.512.122. 
Шақаман Ырысгүл, Муздыбаева Оразбике 
(Астана, Казахстан) 
 
СЫН ЕСІМДІ ОҚЫТУ НЕГІЗІ 
 
Қазақ  тілінде  морфологияға  қатысты  тақырыптар,  ішкі  теориялық 
мәселелер  құрылымдық  бағытта  нақты  зерттеу  нысанына  алынып,  бір 
жүйеге 
түсіріліп, 
толыққанды 
қарастырылды. 
Морфологиялық 
категориялар,  оның  ішкі  бірліктері  де  жан-жақты  зерттеуге  түсті.  Бірақ 
белгілі  бір  грамматикалық  категориялардың  көрсеткіштері  оқытылуы 
жағынан  келгенде,  әдістемелік  талдау  жағынан  байланыстырылып 
қарастырылуы ашыла бермейді. 
Негізгі  сөздер:  сын  есім,  морфология,  мағыналық  топ,  шырайлық 
мәселесі, грамматикалық категория. 
 
Morphological  study  of  the  theoretical  topics  in  Kazakh  language  are 
related to the internal problems of structural concrete from the form of a system and 
fully considered. Morphological categories and it’s sub-units study comprehensive. 
However,  in  certain  grammatical  categories  in  terms  of  teaching,  methodical 
analysis can not be open to link. 
Key  words:  adjectives,  morphology,  meaning  a  group  of  friendly, 
grammatical category. 
 
Қазақ  тіл  білімінде  заттың  әр  түрлі  сынын,  сапасы  мен  белгілерін 
білідіріп,  олармен  тіркесіп,  есімді  сөз  тіркестерінің  арнаулы  бағыныңқы 
сыңарын  құрайтын  сын  есім  сөз  табы  арнайы  бірнеше  зерттеуден  өтті.  Осы 
уақытқа  дейін  қазақ  тілінде  сын  есімдердің  сөз  табы  ретінде  алатын  орны, 
сапалық сын есімнің шырай категориясы, сын есімдердің мағыналық топтары, 
заттануы,  аналитикалық-семантикалық  қызметі  мен  тіркесімділік  қасиеті  көп 
зерттеу  жұмысына  арқау  болды,  сөзжасамдық  тұрғыдан  да  қарастырылды. 
Негізінен,  қазақ  тіл  білімінде  Ж. Шәкенов,  Ғ. Мұсабаев,  Ә. Қайдар, 
А. Ысқақов, М. Томанов, Ә. Төлеуов, С. Исаев, Е. Жанпеиісов, Т. Сайрамбаев, 
Е. Ағманов, М. Жолшаева, Б. Омар, Г. Мамаева, Г. Сыздықова, Ұ. Серікбаева, 
С.О. Кенбаеваның  зерттеулері  сын  есімнің  толық  сипаты  мен  категориялық 
белгілерін ашып береді. 
Ғалымдардың  зерттеулері  оқулықтарда,  грамматикалық  еңбектерде, 
жекелеген зерттеулерде басты негізге алынып жүр, сол зерттеулер арқылы сын 
есімнің 
теориялық 
белгілері 
нақты 
айқындалғаны, 
оның 
шырай 
категориясының толық танылғаны түсінікті. Мектепте де оқытылуы жағынан 
жеткілікті  түсіндірілетіні  сөзсіз.  Бірақ  сын  есімнің  шырай  категориясының 
грамматикалық категория тұрғысындағы нақты қызметі мен сын есімге телулі 
белгісі, сын есімнің түрлену жүйесі  болып табылатыны туралы мәселе оқыту 
әдістемесі  теориясында  кей  сабақ  үлгілері  есебінде  болмаса,  нақты  қолға 
алынған емес. 
Осыған орай сын есімнің толық сипатын ашып көрсететін, тіл білімінің 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
199 
лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис саласымен байланыстырып, шырай 
категориясының  теориялық  белгілерін  ашып,  оқыту  негізін  көрсету  мақала 
деңгейінде болсын тұжырымдап беруге болады. 
Қазақ  тіл  білімінде  түр-түстердің  этимологиясы  жайлы  мәселені 
зерттеу  нысаны  етіп  қарастырып,  түр-түс  атауларының  сырын  ашып  жүрген 
бірнеше  ғалым  бар.  Олар  –  Ә. Қайдаров,  Б. Өмірбеков,  Қ. Қайырбаева, 
Қ. Ғабитхан,  Н. Аитова,  Б. Сағындықов,  т.  б.  Бұл  ғалымдар  өз  зерттеулерінде 
түр-түс  атауларының  жасалу  жолын  этимологиялық  жақтан  қарастырып,  сын 
есімді  саралау  арқылы  қазақ  халқының  мәдениетін  танытты  әрі  зерттеулері 
кейінгі еңбектерге негіз болды. 
Жалпы  сын  есім  категориясының  зерттелуі  ХІХ  ғасырдан  басталады. 
Түркі  тілдері  ішінде  түр-түс  атауларының  мағыналық  ерекшеліктеріне  алғаш 
рет көңіл бөліп зерттеген ғалым академик А.Н. Кононов болған екен. 
Сын  есім  мәселесі  М.А. Казембектің  «Түркі-татар  тілінің  жалпы 
грамматикасы»  еңбегінде  сөз  етіледі.  Н.К. Дмитриев  еңбегінде  сын  есімнің 
морфологиялық  жақтарын  сөз  етеді,  түркі  тілдеріндегі  сын  есімді  тұлға 
жағынан негізгі және туынды деп бөлген.  
М. Терентьев  сын  есімді  бөлек  сөз  табы  деп,  оның  салыстырмалы, 
таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолына тоқталған. [1, б. 91] 
Қазақ  тілін  зерттеуші  ғалымдар  А. Байтұрсынов  пен  Қ. Жұбановтан 
бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі  дерлік әр түрлі  дәрежеде 
сын  есімдердің  мағынасын,  басқа  сөз  табынан  жасалуы,  сапалық  және 
қатыстық сыны туралы сөз қозғаған. 
Қазақ  тілінде  сын  есімнің  теориялық  белгілерін  нақтылап,  сипатын 
ашып  қарастырған  ғалым  –  Ғ. Мұсабаев.  Ғалымның  «Қазақ  тіліндегі  сын 
есімнің шырайлары» атты еңбегі сын есімнің табиғи сипатын ашатын, негізгі 
қызметін  белгілеп  көрсететін  алғашқы  зерттеу  болып  табылады.  Еңбекте 
шырайлық  мәселесі  кеңінен  қарастырылып,  сын  есімнің  лексикалық-
грамматикалық мәселелері жан-жақты талданады. 
Зерттеулік еңбекте тарихи кезеңдерге байланысты сөздердің мағынасы 
қалай  өзгерсе,  жұрнақтардың  да  тіл  дамуымен  біртіндеп,  қалыптасып, 
грамматикалық құрылымға ыңғайланатыны, сын есім жасайтын жұрнақтардың 
қызметі сипатталып өтеді [1, б. 26]. 
Сын  есімнің  теориялық  сипатын  ашатын  тағы  бір  еңбек  жазған 
ғалымның  бірі  Ж. Шакеновтің  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сын  есім 
категориясы»  атты  зерттеуі.  Еңбекте  сын  есім  мәселесіне  байланысты 
пікірлер  негізге  алына  отырып,  қазақ  тіліндегі  сын  есім  категориясы  белгілі 
жүйеге түсіріліп қарастырылады. 
Зерттеуші түркі тіліндегі сын есім категориясының зерттелу тарихынан 
қысқаша  мәлімет  береді.  Түркі  тілінде  сын  есім  категориясының  ХІХ  
ғасырдан бастап зерттеліп келе жатқаны айтылады. М. Қазембек, Н. Гигамов, 
С.Б. Астремский, 
А.К. Боровков, 
И.А. Батманов, 
Н.П. Дыренкова, 
А.Н. Кононов,  Н.А. Баскаков,  Н.К. Дмитриев,  т.б.  ғалымдар  өз  еңбектерінде 
сын  есімнің  ерекшеліктеріне  тоқталып,  кей  негізделмеген  белгілері  туралы 
сын айтады [2, б. 28]. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
200 
Ғалымдардың жазып, дәлелдеп берген сын есімнің ғылыми теориялық 
белгілері  қазір  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында,  жеке  авторлық  еңбектерде 
нақты  ғылыми  негіздеме  болып,  қазақ  тілінен  теориялық  білім  беруде  нақты 
анықтама  ретінде  алынады.  Мектепте,  ЖОО-да  білім  беруде  ол  теориялық 
белгілер басты оқыту негізі ретінде алынуы тиіс. 
Жалпы  сын  есімге  қатысты  ғылыми  зерттеулік  еңбектерге  сүйене 
отырып,  сын  есімнің  негізін  беретін  ғылыми  теориялық  белгілерін  атап 
көрсетуге болады: 

 
сын есімнің тек зат есімді немесе заттанған сөздерді анықтайтыны; 

 
сын  есімнің  тек  зат  есімді  не  заттанған  сөздермен  тіркесіп,  қабысу 
байланыс түрін жасайтыны; 

 
сын  есімнің  құрамдық  жағынан  да,  мағыналық  жағынан  да  тек  екі 
түрі болатыны (құрамдық жағынан – негізі және туынды; мағыналық жағынан 
– сапалық және қатыстық); 

 
сын  есімнің  құрамдық  жағынан  екі  түрі  тіл  білімінің  сөзжасам 
саласында негізге алынып қаралатыны; 

 
сын  есімнің  мағыналық  жағынан  екі  түрі  тіл  білімінің  морфология 
саласында қарастырылып, талданатыны; 

 
сын  есімнің  зат  есім  сияқты  түрлену  жүйесі  болмайтыны,  бірақ  сөз 
табы  түріндегі  категориялық  сипаты  жағынан  өзіне  тән  жеке  түрлену  жүйесі 
бары;  оның  түрлену  жүйесі  –  шырай  категориясы  (шырай  жұрнақтарымен 
түрленетіні); 

 
шырай жұрнақтарының тек сын есімге (сапалық) ғана жалғанатыны; 
жаңа сөз табын жасамайтыны; 

 
сын  есімнің  шырай  категориясы  лексикалық-грамматикалық 
категория болып табылатыны

 
сын  есімнің  синтаксистік  жүйеде  анықтауыш  сөйлем  мүшесі 
қызметін атқаратыны. 
Сын  есімді  мектепте  оқытуда  оның  осы  грамматикалық  теориялық 
белгілері  мен  қыметі  басты  негіз  болып  алынуы  тиіс.  Мектеп  мұғалімі  сын 
есімнің осы теориялық сипатын (басқа сөз таптарының да) нақты біліп, толық 
игергенде  ғана  оның  оқытылуы  мен  әдісін  оңай  тауып,  еш  қиындықсыз 
түсіндіре алатын болады. Сонымен бірге сын есімнің қай белгісін қай уақытта 
түсіндіру  қажеттігін,  оқушының  басты  нені  білуі  тиіс  екендігін  шеберлікпен 
игертетін  болады.  Сын  есімді  оқыту  негізі  (жалпы  қай  сөз  табының  болсын) 
оның  грамматикалық  белгілерін  білуден  туындайды.  Сол  кезде  тақырыпты 
түсіндірудегі сабақ жүргізу әдісі мен қолданысы да (технологиясы), пәнаралық 
байланыс  та,  көрнекілік  әдіс  те,  дағдыландыру  жұмысы  да,  т.  б.  өзінен  өзі 
шешімін табады. Сын есімді оқыту негіздерін тек әдістемелік, технологиялық 
сипаттан  ғана  іздестіру  жеткіліксіз  әрі  дұрыс  шешім  болып  табылмайды.  Кез 
келген тақырыпқа қатысты теориялық мәселені білмей, әдістемеге бару мүмкін 
емес. Себебі әдіс қолдану және таба білу әр мұғалімінің білімі мен сол негізден 
туындайтын  шеберлігіне  байланысты.  Оқыту  әдісін  таба  білу  негізі  – 
теориялық білім. 
 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
201 
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 
1.
 
Мұсабаев  Ғ.  Қазақ  тіліндегі  сын  есім  шырайлары.  Алматы:  оқу-
педагогика баспасы, 1951. 
2.
 
Шакенов  Ж.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сын  есім  категориясы.  Алматы: 
Ғылым, 1961. – 79 б. 
 
 
ӘОЖ 82-1 (574)  
Сагнаева Гульзира, Төлегенова Жанбота 
(Павлодар, Қазақстан) 
 
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БАЛА, БОЛАШАҚ, 
ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ 
 
Мақалада  қазақ  ақыны  Жұмекен  Нәжімеденов  поэзиясының  бала, 
болашақ,  туған  жер  тақырыптары  қарастырылды.  Ақын  бұл  талданған 
шығармалармен оқушы назарын бала тәрбиесіне терең мән  беру керектігіне 
көңіл  аудартады.  Мұнан  ақынның  педагогтік  ой-пікірлері  мен  көзқарастары 
аңғарылатынын  көрсеттік.  Ақын  туған  жер  туралы  өлеңдерінен  ауыл 
адамдары  ақжарқын,  кеңпейіл,  қонақжай,  бейбіт,  шоқтығы  биік  болып 
бөлектеніп тұратындығы баяндалады. Ақын ауыл суретін табиғи карапайым 
қалпында жарқын жырлайды.  
Кілт сөздер: Бала, өлең, ақын, лирикалық кейіпкер, туған жер, 
поэтика. 
The article discusses the poetry of the Kazakh poet Zhumeken Nazhimedenov 
children, the future, the topics were addressed. The poet deeply analyzed the works 
of  the  students  focused  on  the  need  to  pay  special  attention  to  the  education  of 
children,  it attracts  attention.  In pedagogical  thought  of  the  poet-Ali  showed  views 
and  opinions.  People  of  poems  about  his  native  land,  the  people  of  the  village 
akzharkyn, people, hospitable, peaceful, living in the musical «Chicago» is blacktop 
outlines.  The  poet  celebrates  bright picture  of  the natural  situation of  rural  anger, 
hatred. 
Key words: child, poems. poet, lyrical image, birthplace, poetics. 
 
Бала − болашақ. Бала − болашақ өмір жалғасы. Бала ата-ана қуанышы, 
үміті.  Ең  нәрлі  жыр  шумағын  ақын  өз  перзентіне  арнайды.  Ол  баласына 
арнаған  өлеңдері  арқылы  барлық  әкелердің  жүрегіндегі  сөзді  дөп  басып 
айтқан.  Шығармалары  −  қысқа  да  шағын.  Олар  жаңа  дүниеге  келіп,  аяғын 
апыл-тапыл баса бастаған бала өміріне арналған әке толғаныстары. Өлеңдерді 
бір-біріне жүйелеп тіркесе, перзентке арнаған шағын поэма болып шығар еді. 
Ақынның  бұл  өлеңдері  негізінен  «Ұлым,  саған  айтам»  жинағына  енген. 
Белгілі  ақын  Сырбай  Мәуленов  осы  жинақ  туралы  мынадай  лебіз  білдіреді: 
«Жұмекен  Нәжімеденов  «Ұлым,  саған  айтам»  атты  жинағымен  бұрынғы 
ақындық  стилін  жетілдіргенін,  идеялық,  көркемдік  жағынан  көп  өскенін 
танытты. Сабырлы ой, парасат сатысына көтерілген ақын баласымен сырласа 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
202 
отырып,  оған  адамгершіліктің  құнарлы  да  нәрлі  қасиеттерін  дамытуға  күш 
салады» [1]. 
Лирикалык  кейіпкердің  перзентінің  дүниеге  келуі  оған  ұшан-теңіз 
қуаныш әкеледі, әке бойына күш-қуат пайда болады. Ол мақтаныш кернесе де, 
кейіпкер қорқынышы мен каупі де алыс емес. Ол «тәтті ойдан төсектен атып 
тұрып»,  «сәл нәрседен сескене береді»,  «өйткені бақыттырақ»  болып барады. 
Ата-аналық  сезім  билегенде  адамда  мұндай  психологиялық  күй  болатынын 
ақын  дәл  байқаған.  Әркім  де  өз  баласынан  үлкен  үміт  күтеді.  Ондай  үміт 
ұшқыны  ат  қоюдан  басталады.  Ат  қою  мәселесін  қозғай  келе,  ақын  мұны 
перзенттің Отан алдындағы борышымен де байланыстырады.  
Ердің есімін бердік, байқа, бала, 
Елдің ұлы болсын деп соған ұқсап, −  
деуі  баласының  туған  елдің  үмітін  ақтайтын,  соған  қызмет  ететін 
азамат болуын тілегендіктен айтылған. Құлқынын көздеген адам елдің қамын 
ойлаудан  аулақ  болатынын  лирикалық  кейіпкер  баласының  құлағына  оған  ат 
қойған  кезден  сіңіре  түседі,  құлқынның  құлы  −  елінің  жауы  деген  ұғымды 
ұстайды да, ата-ананың тағы бір тілектен туған әрекетін келтіреді: 
Өзіңді көтерді тек төбесіне 
Қарыннан жоғарырақ боп өссін, − деп. 
Адам  баласы  қазіргі  кезде  болашағымызды  қорғау  үшін  күресуде, 
майдан салуда. Табиғатпен қатар адам үміті − перзентті де аялау − ер саналы 
азаматтың  борышы.  Лирикалық  кейіпкердің  ойы:  болашақты  сақтау  үшін 
тыныштық − өмір тірегі керек дегенді айтады.  
Шыбын қонбаған бетіңе 
Оқ қадалса қайтемін... 
Мен қорғаған ұйқыңды 
Бомба бұзса қайтемін, −  
қауіптенеді,  мазасы  кетеді.  Лирикалық  кейіпкер  тарихқа  да  кезек 
үңіліп,  өзі  көрген  ауыртпалықтарын  баласы  көрмесе  екен  деп  тілейді. 
«Шаппаса  екен  тістене  шапқан  жау  саған»  деген  тілек,  «Мен  деген  асылды 
алсаң екен сен тауып» деген арман бір − біріне жалғасып жатады. 
Азаматтықтың  басы  −  бала  кезден  тілазарлықтан  аулақ  болу,  ата-
ананың айтқанын ұға білу. Сонда ғана әке-шешенді, еліңді ұятқа қалдырмауға 
мүмкіндігің болады деп ақыл айтады ақын. Бала мінезінің жағымсыздығы мен 
осалдығы кімдерді абыройдан айыратынын поэтикалық жолдармен санамалап 
келіп, мынадай пікір түйеді:  
Жақсы болсаң, еліңді 
Мақтайды жұрт, ұқтың ба? 
Бұл тұжырымда елге ілтипат, ел абыройын сақтау мәселесі  жатыр. Ел 
мен азаматтың абыройының бірлікте екендігіне назар аудартады. 
Ақын  Мұхтар  Шаханов:  «Әрбір  адамның  өзінің  туған  әке-шешесінен 
басқа  міндетті  түрде  төрт  анасы  болуы  керек.  Біріншісі  −  туған  жері, 
екінші  −  туған  тілі,  үшіншісі  −  мәдениеті  мен  дәстүрі,  төртінші  −  туған 
тарихы. Міне, осы анаға тамыр жіберу арқылы ғана әр адам өзге ұлттардың 
тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен карай алады?» [2, б. 236] − дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет