Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата03.03.2017
өлшемі2,66 Mb.
#7320
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
212 
тұрмады. «Ел іші  алтын бесік» деген, Шонайдың қапаланып жатқанын біліп, 
көрші-қолаң,  жақын-жуықтың  аяғы  үзілмей,  біреуі  шайын  қайнатып,  біреуі 
пешін  жағып,  біреуі  үйін  сыпырып, қарасып  жатты. Бір үйде қазан  көтерілсе, 
қонаққа  алдымен  Шонай  шақырылды.  Бірақ  қанша  айтқанмен  өз  от  басының 
қаңғыр    күңгіріне  не  жетсін.  Шонай  кемпірін  (Рәуіш  алпыс  үш  жасында 
қайтқан  еді),  көзінің  қарашығындай  Едігені  ойлай-ойлай  іш  құстап,  күйі 
төмендеуге  айналды»  [2,  б.  2].  Байқағандай,  Шонай  қарт  үшін  немересі 
қымбат.  Сәби  кезінен  бәйбішесі  Рәуіш  екеуі  жиі  келетін  немересінің  асты-
үстіне түсіп, барлық назарларын сәбиге аударатын.  
Қанша  келгісі  келмесе  де,  сырқаты  меңдей  берген  Шонайды  ұлы 
Алматыға  көшіріп  әкеледі.  Ермегі  –  тек  Едіге.  Ертегі  айтып,  ертелі-кеш 
немересінің қасынан табылатын ата үшін күн артынан күндер өтіп жатты.  
«Әңгіме  –  қиын  жанр.  Алдымен,  көлемі  шағын.  Ол  жазушыдан 
барынша  жинақы  болуды  талап  етеді.  Содан  соң  оқырманды  бірден  үйіріп 
әкету  үшін,  сол  шағын  көлемдегі  өмір  эпизодының  өзі  соншалық  тартымды, 
сюжет  желісі  қызғылықты  болуға  тиіс.  Сюжетке  ене  бастаған  бетте-ақ 
оқырманның  көз  алдына  іші-сыртын,  мінез-құлқын, іс-әрекетін  аттаған  сайын 
аңғартып,  адам  келе  бастауы  керек.  Ол  адам  өзіне  тән  ең  бір  елеулі 
өзгешелігімен  шұғыл  даралана  беруге  тиіс.  Адам  тұл  көрінбейді;  оның  өзін 
қоршаған  айналасы  айқын  көзге  түсуі,  сол  арқылы  белгілі  бір  әлеуметтік топ, 
қоғамдық  орта  танылуы  шарт.  Әлгі  адам  –  соның  өкілі,  типтік  тұлға  болуы 
қажет»  [3,  б. 145].  Осы  пікір  С. Елубаевтың  әңгімесіне  қатысты  айтылғандай. 
Өзінің  ерекше  мәнезімен,  тұлғалық  қасиеттерімен  ерекшеленіп  тұрған 
кейіпкер – Шонай қарт. Шонай қарттың ендігі ермегі – бүкіл қаладан немересі 
Едігені  іздеу.  Бармаған  мектебі  жоқ,  іздеп  жүріп  немересінің  орыс  мектебіне 
ауыстырылғандығын  естіп,  тағы  да  налиды.  Іздеуін  тоқтатпай,  жинап-терген 
ақшасын  аямай  таксистерге  төлеумен  болады.  Көшеде  көрген  әр  баладан,  әр 
оқушыдан немересін сұрай жөнеледі. Мақсаты – немересін көру, оны қайтсе де 
табу. 
Әңгіме  соңы  Шонай  қартты  жамбасын  сындыруымен  аяқталады.  Бұл 
әңгіменің идеясы – қазақ аталарының өз ұрпағы үшін шынайы адалдығы, жан-
тәнін салып өз ұрпағы үшін күресуге дайын екендігін аңғартады. Әңгімені оқи 
отырып  кез  келген  оқырман  өзіне  тағылым,  тәрбие  ала  алады.  Ата,  әже 
тәрбиесі,  үлкенге  сыйлық,  отбасын  сақтау,  қарттарды  ардақтау  сияқты  өзекті 
мәселелерді көтерген С. Елубаевтың аталмыш әңгімесінің айтар ойы салмақты.  
Ғалым  Серікқали  Байменше  өзінің  «Зергердің  зертханасы»  атты 
еңбегінде: «Шығармашылық процесс – күрделі нәрсе әрі нақты айқындалмаған 
ойлау процесі. Ал шығармашылық процестің психологиясы – шығармашылық 
қызметті психологиялық тұрғыда зерттеудің саласы. Оның әдістемелік арқауы 
ретінде  тарихылық  принципі  алынғанымен,  ерекшелікті  проблематикасына 
негізінен  шығармашылық  процесінде  көрініс  беретін  елестетудің,  ойлаудың, 
түйсіктің,  шабыттың,  қабілеттің,  таланттың,  дарындылықтың  рөлін  зерттеу 
жатады»  [2,  б. 123]  –  деп  жазғанындай,  оның  шығармалары  көбінесе  дерекке 
негізделіп  жазылып,  сол  кездегі  адамдар  бейнесін  жан-жақты  көрсетуімен, 
белгілі 
бір 
заманның 
тынысын, 
тұрмыс-тіршілігін, 
әлеуметтік-саяси 
мәселелерін,  идеологиясын,  жалпы  ұлттық  болмысын  айқын  суреттеумен 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
213 
ерекшеленеді.  Осы  пікірге  сай,  С. Елубаевтың  әңгімелерінің  дені  замана 
тынысын,  қазақ  халқының  тұрыс-тіршілігіні,  әлеуметтік  жағдайларын  арқау 
етуімен бағалы.  
С.  Елубаевтың  тағы  да  бір  көлемді  әңгімесі  –  «Тарзан».  Түз 
тағыларының  тіршілігіне  арнаған  әңгімесінде  дала  хайуанаттарының  да 
тіршілік  үшін  қандай  айқастарға  баратындығын,  күнделікті  тамақ  үшін 
ештеңеден  тайынбайтын  нағыз  түз  тағылық  келбеттерін  ашқан.  Әңгімеде  бас 
кейіпкер  –  Шәкір.  Аң  аулағанды,  ит  асырағанды  ұнатады.  Бірнеше  иті  бар, 
соның ішінде Тарзанды қатты жақсы көреді. Өйткені Тарзан елгезек, болмысы 
да  өзге  иттерден  бөлек.  Аңға  да  Тарзанмен  шығып,  үнемі  олжалы  оралады. 
Тарзанның  мықтылығының  алғаш  дәлелденетін  тұсы  –  оның  Дәуқара 
қасқырмен  жакпе-жегі  болатын.  Осы  көріністі  автор  былайша  сипаттайды: 
«Тарзанның  қаншық  атаулыға  емексінуі  тұңғыш  болса  да,  құрғақ  төбелесті 
көруі жалғыз бұл емес еді. Тұра қалып майдан берді. Дәуқара мен Тарзанның 
ұстасуы  қатты.  Тарзанның  астына  түскен  Дәуқараның  тоны  жыртылып,  әр 
иттің  аузына  кетті  де,  шайқас  бітті»  [2,  б. 63].  Бұл  Тарзанның  Аққаншықты 
өзіне қарату жолындағы алғашқы жеңісі болатын. Иттер мен қасқырлардың да 
әр  түрлі  болатыны  белгілі.  Бұл  әңгімеде  де  Тарзанға  қарама-қарсы 
бейнеленуші  Бөрібасар  бар.  Әңгімеге  назар  аударайық:  «Бөрібасар  әлжуаздау 
салбөксе  ит  болатын.  Оның  үстіне  ұйқыбас  жалқау.  Оның  да  осындай  әсем 
«қалыңдықтан»  дәмесі  бар.  Бірақ  әлгіндей  жанқияр  күреске  жоқ.  Сондықтан 
талаған 
топтың 
бетін 
сырттай 
бағып, 
күрдер 
күтпегендей 
көп 
араласпайтын» [2, б. 64].  
З. Қабдолов:  «Тақырып  –  жазушы  суреттеп  отырған  өмір  құбылысы 
болса,  идея  –  жазушының  сол  өзі  суреттеп  отырған  өмір  құбылысы  туралы 
айтқысы  келген  ойы,  сол  құбылысына  берген  бағасы»  [4,  б. 156],    дейді. 
Жақсы  шығарманың  оқырманды  баурайтын  тартымдылығы  да  негізгі  идеяда 
жатады.  Идея  мен  тақырып  үндестігі  С. Елубаев  әңгімелерінен  айқын  көрініс 
табады.  Бір  шығармадағы  бірнеше  және  әр  алуан  жеке  тақырыптар  мен 
идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті 
мәселені  негізгі  идея  дейміз.  Бұл  әңгіменің  идеясы  –  түз  тағысын  қанша 
асырап бақсаң да, өзінің даласына қарай тарта береді. Бұл жерде М. Әуезовтің 
«Көксерек»  әңгімесімен  үндестік  бар.  Бала  жастан  өсіріп,  тәрбиелеген 
Құрмашқа  ақыры  Көксерек  жау  болып  шықса,  «Тарзан»  әңгімесіндегі  Тарзан 
да  иесі  Шәкірден  бойын  аулақ  тартып,  өзінің  негізіне,  қасқырларға  тарта 
береді. Сол сияқты Шәкір алғаш ауылына әкелген күннен бастап Тарзан өзінің 
басқа ауыл иттерінен бөлектігін байқатады. Әңгімеде бұл ерекшелік былайша 
суреттеледі: «Бір қызығы, Тарзан мінезімен де, түр-әлпетімен де ауыл иттеріне 
ұқсамай  шықты.  Тарзанның  тік  қайшы  құлағына,  бір  тұтамдай  құйрығына, 
көзінің  өткірлігіне,  шапшаң  дене  қимылына  қарап:  «Бұл  кәпірдің  негізі 
қасқырдан  болар»,    деп  долбар  айтса,  енді  біреулері  қазақы  төбеттеріне 
саятын. Ақыры, білгіштердің бәрі өзара ерегісе келіп: Осы бәтшағар қасқыр да 
емес,  ит  те  емес,  солардың  ортасынан  шыққан  будан  болмаса  неғылсын  – 
деген  бір  түйінге  келетін»  [2,  б.  70].  Жазушының  бүкіл  творчествалық  өн 
бойынан  идеялық  көркемдік  негіздің  сол  жазушыға  ғана  тән  ерекшеліктерін 
аңғарамыз.  Бұл  жазушының  өзіндік  ерекшелігі  болып  табылады.  Сонымен 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
214 
қатар  жзушы  шығармасында  халықтық  тіл,  сөйлеу  өнерінің  алуан  кестелері 
келісті көрініс тапқан.  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. 
Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ әңгімелері. – Алматы: Жазушы, 1988. –
 342 б. 
2. 
Елубай.С.  Ойсылқара:  Әңгімелер  мен  хикаяттар.  –  Алматы: 
«Раритет», 2004. – 240 б.  
3. 
Әзиев Ә. Қазақ повесі  Алматы: Мектеп, 2008.  224 б. 
4. 
Қабдолов З. Сөз өнері – Алматы: Санат, 2002.  360 б.  
 
 
УДК 316.77:808.54 
Сағындықұлы Бекен, Үкібасова Назерке 
(Павлодар, Қазақстан) 
 
БАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ АТАЛЫМЫ – МАТЕРИАЛ АЙНАСЫ 
 
Тіл мен баспасөз – егіз ұғым. Қоғамдық-саяси, мәдени өмірімізде болып 
жатқан  өзгерістер  тіл  арқылы  баспасөзеде  көрініп  жатса,  сол  өміріміздің, 
қоғамымыздың  даму  барысында  пайда  болған  жаңалықтар  баспасөз  арқылы 
тілімізге  еніп  жатады.  Белгілі  бір  кезеңдегі  тіл  дамуының  жай-күйін  білу 
үшін,  зерттеушілер  еңбегі  көрсетіп  отырғандай  сол  кезеңдегі  баспасөзге 
зерттеу жүргізген дұрыс. Қандай да бір кезеңдегі баспасөзді зерттегенде  ең 
алғаш  көзге  түсетіні  –  тілдің  фонетика,  морфология,  синтаксис 
ерекшеліктерінен гөрі оның лексикалық ерекшелігі. 
Негізгі  сөздер:  БАҚ,  баспасөз,  тақырып,  тіл,  газет,  радио,  қоғам, 
публицистика.  
 
Of speech and the press are inseparable concepts. Social, political, cultural 
and language are seen by the changes taking place in our lives, the lives, the news 
appeared in the course of the development of our society into the language through 
the  press.  To  find  out  the  status  of  a  certain  period  of  language  development,  the 
researchers carried out research work during the same period shows that the media 
is wrong. The first study period in any media will be more eye-language phonetics, 
morphology, syntax rather than the specifics of its lexical features. 
Key  words:  the  media,  the  press,  theme,  language,  newspapers,  radio, 
society and journalism. 
 
«Газет,  радио,  телевизия  материалдарының  атауларын  берудің 
стилистикалық  мәні  бар»,  −  дейді  ғалым  М.Серғалиев  [16,  б. 128].  Тақырып 
аталымы  үлкенді-кішілі  ақпараттардың  сырт-көрінісін  ғана  сұлуландырып 
қоймайды,  сонымен  бірге,  сол  мақаланың  не  корреспонденцияның 
мазмұнынан біршама хабар береді, қысқасы, не туралы сөз болғалы тұрғанын 
аңғару оншалықты қиындыққа соқпайды. Аталымдарды түрлендіру, тартымды 
ету  жолындағы  баспасөз  қызметкерлерінің  еңбегі  оқырмандар  мен 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
215 
тыңдармандарға  жақсы  таныс.  Бір  кездері  аталымдар  жеке  сөздермен,  сөз 
тіркестермен  ғана  беріліп  немесе  аяқталмаған  сөйлем  түрінде  келіп,  яғни 
таптауырындығымен 
көпшілікті 
соңғы 
ондаған 
жылдарда, 
әсіресе, 
қаламгерлердің шығармашылығына жалықтыратындай әсер қалдырса, бертінгі 
кезде,  аталымдардың  жаңа  түрлері,  сан  алуандығы  қызықтырмай  қоймайды 
[16, б. 129].  Бұл  жөнінде  «Қазақ  тілі  стилистикасының»  авторлары 
«Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай тақырыпқа жазылса да, 
логикалық  жағынан  дәлелді,  көңілге  қонымды  болуы  қажет.  Ол  –  тілдік 
құралдарды  қолдана  білуден  байқалады.  Публицистиканың  қоғам  өмірімен 
тығыз  байланыстылығы  оған  үгіт-насихаттық  сипат  береді.  Сондықтан 
публицистикалық  шығарманың  тақырыбына,  мазмұнына  сай  сөздер  мен  сөз 
тіркестерін  сұрыптап  қолдана  білудің  және  қажетті  синтаксистік  құрылысты 
пайдалана білудің үлкен мәні бар» − дейді [17, б. 38].  
Тақырып  аталымының  көрінісі  әр  түрлі  болып  келеді.  Біз  мақала 
тақырыптарының  аталымын  шартты  түрде  11  топта  жіктедік,  әрине  бұл  жиі 
кездескендері деп білеміз:  
1)  олардың  кейбіреуі  тәмәмдалған  шағын  жай  сөйлем  түрінде 
келеді:  «Өнеге  бас  қаладан  басталады»  («Егемен  Қазақстан»),  «Ауылдың 
жайын  ауылдағылардан  сұраған  жөн»  («»Егемен  Қазақстан»),  «Ұлттық 
кітапхана  ашылады»  («Астана  хабары»),  «Лицензия  алудың  тәртібі 
жеңілдеді»  («Астана  хабары»),  «Айтар  алғыс  шексіз»  («Астана  хабары»), 
«Штрих-кодты тапсыру жүріп жатыр» тағы сол сияқтылары; 
2)  анықтама  ыңғайында  келтіріледі:  «Қазақстанның  болашағы  – 
қазақ  тілінде»  («Егемен  Қазақстан»),  «Қала  тазалығы  –  жан  тазалығы» 
(«Астана  хабары»),  «Ізгілендіру  -  өмір  талабы»  («Астана  хабары»).  Бұл 
анықтамаларда  қоғам,  халық  алдындағы  міндеттерге  ерекше  мән  беру,  сол 
міндеттерді орындауға шақыру, үндеу ықпалы орынды сезіледі;  
3)  синекдохалық  мәні  бар  хабарлама  атаулары  да  кездеседі:  «Бах 
пен  Гете  тіліндегі  фестиваль»  («Астана  хабары»),  «Неміс  тіліндегі 
фестиваль» («Астана хабары»); 
4) күрделенген атаулар. Онда негізгі аталым бас әріппен беріледі де 
оған  түсінік  кіші  әріптермен  жалғасады:  «Халықтар  достығыннығайту 
үшін  бұл  орайда  «Отан»  саяси  партиясы  ауқымды  шаралар  белгілеген» 
(«Астана  хабары»),  «Қаламы  қолдан  түспеген  Мұстақым  Бөкеев  жайлы  бір 
үзік  сыр»  («Астана  хабары»),  «Ақтаңдақтар  ақиқаты  №26  нүктеде  бұғып 
жатыр»  («Астана  хабары»),  «Жүдеген  көңілге  медет  іздеп...  кезінде  «халық 
жауының баласы» атанып, қуғын-сүргінге ұшыраған Батырхан ақсақал бүгін 
де  әділет  іздеп  талай  мекеменің  табалдырығын  тоздыруда»  («Астана 
хабары») т.б.; 
5)  құрмалас  сөйлем  түріндегілері:  «Кел  демек  бар,  кет  демек  жоқ» 
(«Егемен  Қазақстан»),  «Сұраным  өскенімен,  қарқын  баяу»  («Егемен 
Қазақстан»),  «Ас  –  адамның  арқауы,  ал  бүгінгі  студенттер  қадай 
тамақтанып жүр» («Астана хабары») т.б.; 
6)  сұраулы,  хабарлы  сөйлем  түрлерімен  келген  аталымдар:  Алты 
жасар бала бірінші сыныпта оқи ала ма?» («Жас Алаш»), «Школьник мырзаға 
АЗС  не  үшін  керек?»  («Қазақ  әдебиеті»),  «Құлық  болса,  шешілмейтін  іс  бар 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
216 
ма?»  («Қазақ  әдебиеті»),  «Пахомов  кетті,  мәселе  шешілді  ме?»  («Жас 
Алаш»), «Әлем көз тіккен шаһарымыз туралы не ойлайсыз» («Нұр Астана»), 
«Министр тіл жағында, ал депутаттар ше?» («Егемен Қазақстан»), т.б.; 
7)  лепті,  бұйрықты  сөйлемдер  ретінде  келген  аталымдар:  «Біз 
қазапыз!» («Жас Алаш»), «Осы соғыс тарихы қайта жазылуы қажет» («Жас 
Алаш»), «Ұлттық спортты ұлықтай білейік» («Егемен Қазақстан»), т.б. 
8)  түсіндіру,  айқындау  мәніндегі  сөйлемдер  немесе  сөздер  тобы: 
«Бәрі  де  баспанадан  басталады  Елбасы  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
атап  көрсетіп,  Ұлттық  кеңесте  бекітілген  тұрғын  үй  құрылысының  жаңа 
саясаты елімізде үлкен серпіліс туғызды» («Егемен Қазақстан»), «Еңсесі биік 
ел  болу  үшін  азаматтық  асқақ  рух  керек!  «Руханият»  партиясының  саяси 
мәлімдемесі» («Егемен Қазақстан»); 
9)  элипсис  түріндегі  аталымдар:  «Еуразия  одағы:  күнгей  мен 
көлеңке»  («Астана  хабары»),  «Танысып  қойыңыз;  Канлнерка  –  аудан 
мақтанышы» («Егемен Қазақстан»); 
10) Перцелляция түріндегі аталымдар. Ол да сөздің түсіп қалуынан 
жасалады,  бірақ  қандай  сөздің  немесе  тіркестің  түсіп  қалғаны  біршама 
байқалып тұрады: «Шіркін, біздің жас кезімізде ...» («Жас Алаш»); 
11)  төл  сөз  бен  автор  сөзінің  құрылымынан  жасалған  аталымдар: 
«Бүгінгі ісімнен кейін адамдардың бетіне тіке қарай аламын ба?» − деген ой 
күрделі  шешімдер  қабылдарда  туындайды»  («Қазақ  әдебиеті»),  «Атам 
ашытықтан  өлген»,  −  дейді  үкілі  Ыбырайдың  немересі»  («Егемен 
Қазақстан»). 
Қоғамдық 
санаға 
ықпал 
ететін, 
халықты 
ортақ 
мақсатқа 
жұмылдыратын  негізгі  күш  –  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  басты 
жетістігі – баспасөз екені белгілі. Оның қоғамымыздағы алатын орны жайында 
Президентіміз Н. Назарбаев: «Қалыптасқан қоғамдық-экономикалық жағдайға, 
оқырманның  сипаты  мен  тілегіне  орай  баспасөз  қазір  ағартушылық, 
танымдық,  қазақстандық  патриотизмді  қалаптастыратын  сипатқа  ие  болып 
отыр. Себебі, біз жаңа мемлекет құру үстіндеміз. Демек, осындай сын кезеңде 
баспасөз  халықты  біріктіруші,  қоғамды  алға  жылжытатын  саяси  ойдың 
алдыңғы  қатарда  болуын  қамтамасыз  етуге  тиіс.  Сондықтан,  мемлекетті 
қалыптастырушы  күш  ретінде  танымдық,  терең  ойлы  баспасөзге  арқа 
сүйеместен  өз  саясатыңды  қалай  жүргізіп,  реформа  мәнін  қалай  ұғындыруға 
болатынын түсінбеймін» [3, б. 189] − деп атап көрсеткен.  
Тіл  мен  баспасөз  –  егіз  ұғым.  Қоғамдық-саяси,  мәдени  өмірімізде 
болып  жатқан  өзгерістер  тіл  арқылы  баспасөзеде  көрініп  жатса,  сол 
өміріміздің,  қоғамымыздың  даму  барысында  пайда  болған  жаңалықтар 
баспасөз  арқылы  тілімізге  еніп  жатады.  Белгілі  бір  кезеңдегі  тіл  дамуының 
жай-күйін  білу  үшін,  зерттеушілер  еңбегі  көрсетіп  отырғандай  сол  кезеңдегі 
баспасөзге  зерттеу  жүргізген  дұрыс.  Қандай  да  бір  кезеңдегі  баспасөзді 
зерттегенде ең алғаш көзге түсетіні – тілдің фонетика, морфология, синтаксис 
ерекшеліктерінен  гөрі  оның  лексикалық  ерекшелігі.  Бұл  заңды  да.  Себебі 
тілдің  лексикасы  қоғаммен  тығыз  байланысты  болғандықтан,  өзгеруге  бейңм 
тұрады.  Сондықтан  да,  ең  алдымен,  пайда  болған  сөздің,  сөз  қолданысының 
мағынасына, сонан кейін ғана оның жасалу жолына мән береміз. Мұнан басқа 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
217 
баспасөз  тілі  жайында  қазақ  әдеби  тілінің  даму  тарихы, қазақ  тіл  білімінің әр 
түрлі  салалары  (функционалдық  стиль,  терминология,  стилистика,  тіл 
мәдениеті)  туралы  жазған  зерттеуші  ғалым  І.  Кеңесбаев,  М.  Балақаев, 
Ы. Ысқақов,  Ә.  Қайдар,  Р.  Сыздықова,  Ш. Сарыбаев,  М.  Серғалиев, 
Ө. Айтбайұлы, Б. Қалиұлы, Ә. Болғанбайұлы, Г. Смағұлова, Ш. Құрманбайұлы 
еңбектерінде айтылады. Ал орыс тіл білімінде газет тілі, газет жанрлары, газет 
типтері,  газет  лексикасы  Г.Я.  Солганик,  Л.Б. Глебова,  И.П. Лысакова  сынды 
т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылған.  Баспасөз  материалдары 
негізінде  жазылған  еңбектерді  шартты  түрде  3  кезеңге  бөліп  қарастыруға 
болады  деп  ойлаймыз:  а)  Алғашқы  қазақ  газеттері  тілі  жөніндегі  зерттеулер 
(1860  −  1918);  ә)  Кеңес  дәуіріндегі  қазақ  баспасөзі  тілі  жөніндегі  зерттеулер 
(1920  −  1990);  б)  Тәуелсіз  Қазақстанның  қазақ  баспасөзі  тілі  жөніндегі 
зерттеулер (1990 жылдан бастап осы кезеңге дейінгі). 
Баспасөз  тілінің  зерттелуі  жөніндегі  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен 
танысу  барысында  зерттеу  жұмыстарының  басым  көпшілігі  алғашқы  қазақ 
газеттерінің  тілімен  байланысты  екенін  байқауға  болады.  Қазақ  баспасөзінің 
тарихы  ХІХ  ғасырдың  екінші  жарытысында  қазақ  тілінде  шығып  тұрған  екі 
газеттен  басталады.  Олар  ұлттық  баспасөзіміздің  алғашқы  қарлығаштары  – 
«Түркістан  уалаятының  газеті»  (1870  −  1883)  мен  «Дала  уалаятының  газеті» 
(1888  −  1902)  [18].  Өткен  ғасыр  соңында  еліміздің  тәуелсіздік,  тіліміздің 
мемлекеттік  тіл  мәртебесін  алуы  қазақ  тілінің  де,  қазақ  баспасөзінің  де 
қанатын  кеңірек  жаюына  мүмкіндік  береді.  Баспасөз  тілі  –  тіл  дамуының 
қайнар  көзі  болып  табылғандықтан,  қазақ  баспасөзінде  жаңа  ұғымдарды, 
қолданыстарды мүмкіндігінше қазақша беру тілімізді байыта түседі.  
Алғашқы  қазақ  газеттерінің  тілін  зерттеуші  ғалым  Б. Әбілқасымов: 
«Ұлт  тілінде  баспасөздің  шығуы  ең  алдымен  қазақтың  жазба  әдеби  тілінің 
дамуына  аса  зор  ықпал  жасады,  қазақ  тілінде  бұрын  болмаған  қоғамдық-
публицистикалық,  ғылыми-көпшілік  әдебиеттер  стильдерінің  негізі  қаланып, 
ресми  іс-қағаздары  стилі  одан  әрі  жетілді»,−  дейді  [18,  б. 93].  Алғашқы 
мерзімді  басылымдардың  бірі  –  «Қазақ»  газетіндегі  қоғамдық-саяси  лексика, 
оның  лексика-семантикалық  топтары  туралы  ғалым  Б. Момынованың 
еңбегінде  жан-жақты  зерттелсе,  ал  зерттеуші  С. Сапинаның  кандидаттық 
диссертациясында «Түркістан уалаятының газетінің» лексикасы сөз болады. 
Екінші  кезең туралы  айтар  болсақ,  кеңестік  дәуірдегі  қазақ  баспасөзін 
кезең-кезеңге  бөліп  қарастыруда  зерттеушілер  пікірлерінің  әр  алуан  екендігін 
байқауға  болады.  Ғалым  С.  Исаевтың  «Қазақ  әдеби  тілінің  совет  дәуіріндегі 
дамуы»  атты  еңбегінде  кеңес  дәуірінің  20-30  жылдарындағы  әдеби  тіліміздің 
лексикалық  құрамы,  грамматикалық  ерекшеліктер  баспасөз  материалдары 
негізінде  сөз  болады.  Ғалым  Ш.  Мәжітаеваның  «ХХ  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы қазақ әдеби тілі» атты докторлық диссертациясының зерттеуші 
өзі  қарастырып  отырған  кезеңдегі  әдеби  тілдің  қалыптасу,  даму  көркем 
әдебиет,  ресми  іс-қағаздар,  ғылыми  стил  және  баспасөз  тілі  тұрғысынан  жан-
жақты зерделенген еңбек екенін атап өткен дұрыс. Осы кезең баспасөзінің тілі 
туралы  жазылған  зерттеуші  Р.Барлыбаевтың  «Қазақ  тіліндегі  қоғамдық-саяси 
лексика» (1978), А. Алдашеваның 1970 − 1990 жылдар аралығындағы мерзімді 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет