Дәрумендер, жіктелуі Суда еритін негізгі дәрумендердің қысқаша сипаты: Майда еритін дәрумендердің қысқаша сипаты


Химиялық құрылымы және қасиеттері



бет4/12
Дата31.12.2021
өлшемі33,74 Kb.
#23423
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
дәрумендер

Химиялық құрылымы және қасиеттері. Пиримидин және тиазол сақинасы В1 дәрумені молекуласының негізін құрайды. Ол екі сақина – метилен тобы (-СН2) арқылы байланысады. В1 витамині молекуласында күкірттің және амин тобының болуы – оны тиамин деп атауға негіз болды.

Тиамин – ақ түсті қатты зат, суда және этил спиртінде оңай ериді. Хлороформда, бензолда, ацетонда ерімейді. Тиамин қышқыл ортада тұрақты, оның судағы ерітіндісінің қышқылдық реакциясы бар.

Биологиялық қызметі. Тиамин кофермент тиаминпирофосфаттың (ТПФ) құрамына кіреді, тиаминпирофосфат дегеніміз – үш ферменттің, яғни пируватдегидрогеназаның, α-кетоглутаратдегидрогеназаның және транскетолазаның простетикалық тобы. Бұл ферменттер кетоқышқылдардың декарбоксильденуіне қатысады. Мысалы, пируватдегидрогеназа жануарлар ұлпасындағы пирожүзім қышқылын ацетил - А-коферментке дейін тотықтырып, карбоксилсіздеуді (сутексіздеу және карбоксилсіздеу жолымен) және СО2 бөліп шығаруды катализдейтін мультиферменттік жүйеге қатысады.

В1 дәрумені жетіспегенде немесе болмаса, онда бери-бери ауруы дамиды. Бұл дәруменнің азаю кезінде теріс азоттық тепе-теңдік дамып, несептен креатин және амин қышқылдарының көп мөлшері кетіп, қандағы α-кетоқышқылдарының концентрациясы өседі, ал ол ағзаның улануына әкеледі.

В1 дәрумені азайған кезде пируват концентрациясы көтеріліп, декарбоксилдену процесіне бөгет жасайды. Пируваттың декарбоксилдену реакциясы көптеген ұлпалар үшін негізгі энергия көзі болып табылатын көмірсулардың тотығуын қамтамасыз етеді. Сондықтан осы ұлпалардағы энергияның төмендеуі жүйке импульстерінің бұзылып, психикалық ауытқуларға әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет