Дәрумендер, жіктелуі Суда еритін негізгі дәрумендердің қысқаша сипаты: Майда еритін дәрумендердің қысқаша сипаты



бет7/12
Дата31.12.2021
өлшемі33,74 Kb.
#23423
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
дәрумендер

В6 дәрумені (дерматитке қарсы). В6 дәрумені дегеніміз дәрумендік қабілет көрсететін 3-оксипиридиннің үш туындысы: пиродоксин (пиродоксол), пиридоксаль және пиридоксамин.

В6 дәруменнің үш түрі де қышқылдар мен сілтілердің әсеріне тұрақты. Әсіресе бейтарап және сілтілік ортада ультракүлгін сәулесінің әсерінен тез бұзылады.

Табиғатта таралуы. В6 дәруменін жасыл өсімдіктермен көптеген микроорганизмдер синтездеп шығарады. Жануарлар ұлпасында және азық-түлікте бұл дәрумен негізінде придоксал, пиридоксамин түрінде және олардың фосфорлы эфирлері түрінде кездеседі.

В6 дәрумені жұмыртқаның сары уызында, жануарлар бауырында, сәбізде, бидайда, қара бидайда, ашытқыда көп.

В6 дәруменін ересек адамдар тәулігіне 1,5-2мг , балаларға 0,4 мг-нан қабылдап тұру қажет.

Емге қолдану. Пиродоксинді әртүрлі ауруда қолданады. В6 авитаминозда, екіқабат әйелдер токсикозында, анемияда, радикулитте, невритте, невралгияда, сусамыр ауруында, атеросклерозда, қатты және созылмалы гепатитте, нейродермитте, псориазда және басқа ауруларда пайдаланылады.

Авитаминоз кезінде тері қабынып, дерматит ауруына ұшырайды, тері қызарады. Қан құрамындағы эритроциттердің саны азаяды, олардың түйіршіктер көлемі кішірейеді. Бірақ зат алмасу процесіне фосфорланған түрлері қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет