Дестинация брендингінің МƏселелерін анықтау


Ішкі туризм бойын­ша келу­шілер санының төмендеуі



бет2/5
Дата03.06.2023
өлшемі33,67 Kb.
#98509
1   2   3   4   5
Байланысты:
брендинг сессия

2. Ішкі туризм бойын­ша келу­шілер санының төмендеуі

Тарихи нысандарды, ескі замандардан бері келе жатқан мәдени ескерткіштерді толығымен тану әрі өзгелерге таныту бүгінгі мақсат. Әлемдік туризмнің даму тәжірибесі көрсеткендей, барлық мемлекеттер бірінші кезекте ішкі туризмді дамытуға мүдделі. Өйткені ішкі туризм мемлекет ішіндегі қаражатты жинақтайды және туризмнің инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Ал бұл мәселе – Тараз қаласының қаралу керек дейтін мәселелерінің бірі.


Осыған орай, Жамбыл облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекованың айтуын­ша, облыс әкімінің алдындағы есеп­­те 9 айдың қорытындысы бо­йын­ша көрсетілген нәтижелерге сәй­кес Тараз қаласы ішкі туризм бойын­ша қызмет көрсетілген келу­шілер санынан жоспарланған межеге жете ал­маған. Мәселен, Тараз қаласы бойынша резиденттер саны 45175 болу керек болса, іс жүзінде 42346 адам, Т.Рысқұлов ауда­­нына жоспарлы көрсеткіш бойынша 2680 адам келуі керек болса, нәтижесінде 1720 адам, ал Меркі ауда­нының көрсеткіші 5123 адам болуы керек болса, орындалуы 4959 адамды қам­тыған. Яғни, өңірге келушілердің саны күрт төмендеп отырғанын осыдан көруге болады. (Egemen Qazaqstan, 2019).
«Даму консалтинг» ЖШС-нің (Тараз қаласы) жүргізген зерттеуіне сәйкес, Жамбыл облысы Қазақстан облыстары арасында халықтың тығыз орналасқан облыстарының бірі болып табылады. Яғни, ішкі туризмді қамтамасыз ете алады. Осы салаға байланысты Жам­­­был облысының әкімі Асқар Мыр­захметов тиісті басшыларға ту­ризмді дамытуға байланысты нақты тапсырмалар беріп келеді.” (Zhambyl.kz, 2020).
Мұндай жағдайда қолдануға болатын шара - қол жетімді орналастыру құралдары, мейрамханалар, демалыс және ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ саяхатшылардың әртүрлі санаттары үшін спорттық іс-шаралар бар туристік кластерлерді дамыту қажет.
Кесте – 1. Ішкі туризм бойын­ша келу­шілер санының төмендеуі мәселесі ұсынысына критикалық талдау

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Туристік қызметттер артады

  • Жақсы инфрақұрылым

  • Келушілердің қанағаттануының артуы

  • Келушілер туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық. ғылыми түрлерін барынша танып біледі

  • Туристер саны көбейеді

  • Персонал, білікті мамандардың жетіспеуі

  • Бәсекелестердің көбеюі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет