Дестинация брендингінің МƏселелерін анықтау


Қала бойынша транзиттік туристердің басым болуы (облыс бойынша орналастыру орындарының статистикалық мәліметтерінің аздығы )



бет4/5
Дата03.06.2023
өлшемі33,67 Kb.
#98509
1   2   3   4   5
Байланысты:
брендинг сессия

4. Қала бойынша транзиттік туристердің басым болуы (облыс бойынша орналастыру орындарының статистикалық мәліметтерінің аздығы )
Қазіргі таңда облыс көлеміндегі орналастыру орындарының шынайы статистикалық мәліметтерді тапсырмауы өткір мәселе болып табылады. Тараз қаласы туризм басқармасы Тараз қаласы статистика департаментімен бірі­гіп,­ облыс бойынша орналастыру­ орындарының көрсеткіштері ай­қын болуы үшін, қонақүйлердегі статис­ти­калық мәліметтердің уақтылы және нақты сандық мәліметтердің тапсырылуы­на ықпал ету бойын­ша бірқатар жұмыс атқарды. Яғни, қона­қүйлерге арнайы топ шығып, мекеме басшыларына түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізді. (Egemen Qazaqstan, 2019).
Тараз шаһары көрші жатқан Алматы, Түркістан облыстары мен Шым­кент қала­ларына баратын туристер үшін тран­зиттік қала болып есептеледі. Сондықтан келушілер көп жағдайда туристік нысандарды тамашалаған соң қонақүйге де тоқтамастан басқа қалаларға ат­танып кетіп жатады. Мәселен, өт­кен жылы туристердің облысқа ке­лу саны 250 мың­нан астам адамды құраған екен. Ендігі жерде бас­қарма туристер санын бұдан да арт­тыру үшін осындай жұмыстарды ұйым­дастыруда. (Abay.kz, 2019).
Бұл мəселенің шешімі ретінде, осы жоба жұмысының басты тақырыптарының бірі – «Modernfest» іс-шарасы.


5. Мамандар тапшылығы
Тараз қаласы үшін келесі өзекті мәселелердің бірі — мамандардың тапшылығы және орыс-қазақ тілдерінде еркін сөйлейтін гидтердің жоқтығы. Ал шет елден келген туристерді қабылдайтын болсақ, онда ағылшын тілін меңгерген гидтер ауадай қажет.
Соңғы жылдары туристік бизнеспен айналысуға бел байлаған азаматтар саны облысымызда көбеюде. Мысалы 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 11 туристік фирмада ғана турагенттік және туротраторлық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия болатын болса, 2007 жылдың 1 мамырында олардың саны 19-ға жетті. Бұл туристік фирмалардың 18-і Тараз қаласында. (Freepapers.ru, 2019).
Cол себепті, осы тұста аталған мəселеге ұсынылатын ұсыныс – оқу курстарын ашу, гид-жүргізу, туристік жол бағыттарының гиді мамандарын дайындау жұмысын жүргізу, тұрғылықты халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Мысалы, «Кексай» шатқалында «Көксай-Төңкеріс» экологиялық туризм жобасының іске асырылуы аймақтағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге және ол жерді туристік мақсатта қолдануға мүмкіндік берер еді.

Кесте -2. Мамандар тапшылығы мәселесіне SWOT- талдау





Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Процесстің ұзақ болу мүмкіндігі. Өйткені ағылшын тілі барлығында жоғары деңгейде емес

  • Мамандар арасында бәсекелестік болып турдың бағасы қымбаттап кетуі мүмкін.

Қауіп қатері

Мүмкіндіктері

  • Келушілерге қажетті деңгейде қызмет сапасы болмай, олардың қайта келу мүмкіндігінің төмендеуі

  • Мамандар тапшылығы мәселесі жоғалады

  • Жұмыссыздық деңгейі төмендеуі мүмкін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет