Дестинация брендингінің МƏселелерін анықтау


Жол жұмыстарының нашарлығы



бет5/5
Дата03.06.2023
өлшемі33,67 Kb.
#98509
1   2   3   4   5
Байланысты:
брендинг сессия

6. Жол жұмыстарының нашарлығы
Туризмнің дамуы көліктік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты. Бұның басты факторы - тасымалдау көлемінің ұлғаюы. Ал Тараз қаласында атаулы мәселе өзекті болып отыр.
Облысымыздағы туризм саласын дамыту бойынша шешілуін қажет ететн біраз мәселелер тұр. Мысалы, облыс аумағында туристік орындарда жол жағдайы нашар, кей жерлерде мүлдем жолдың жоқтығы алаңдатады. Туристік орталь «Берікқара» және «Көксай» шатқалы, Жуалы ауданында «Мақпал», «Шал су» шатқалдары, Т. Рысқұлов ауданында А. Марғұлан атындағы археологиялық институт, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Байзақ ауданында «Ақыртас» ежелгі қалашығының орнында қазба жұмыстарын жүргізбекші. 2019 жылы ашық аспан астында ашық музей құру жоспары бар. Осыған байланысты аталған орынға асфальт жол салу қажет. (Freepapers.ru, 2019).
Мақаласының бірінде «Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен құрылған жұмысшы топ жоғарыда аталған нысандардың барлығын көзбен көріп, турист ретінде жүріп өтті. Барлығы 695 шақырым жолды артқа тастаған жұмысшы топ мүшелері атқарылуы тиіс жұмыстардың тізбесін жасады. Туристік тур нәтижесінде белгілі болғанындай туристер баруы тиіс делінген нысандардың 90 пайызына апаратын жолдың сапасы сын көтермейді. Тіпті, орта ғасырлық Баласағұн қаласына барар жолда жұмысшы топ мүшелері мінген көлік батпаққа батып жүре алмағандықтан, алты шақырым жерді жаяу жүруге тура келді. Сонымен қатар, туристік нысандарға барар жолдарға ақпараттық стендттер ілу мәселесі де назардан тыс қалған.» -, деп жазады «AQ JOL» газетінің бас редакторы Хамит Есаман.
Мұндай жағдайда қолдануға болатын шара - жол жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу. Сонымен қатар осы елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін жіктеу және жөндеу жұмыстары барысында қолданылатын нормативтік-техникалық ережелерін бақылау.
Кесте – 3. Жол жұмыстарының нашарлығы мәселесі ұсынысына критикалық талдау


Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт алуы мүмкін





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет