Дестинация брендингінің МƏселелерін анықтау


Жыл сайынғы жөндеу және түгендеу жұмыстарының жасалмауы



бет3/5
Дата03.06.2023
өлшемі33,67 Kb.
#98509
1   2   3   4   5
Байланысты:
брендинг сессия

3. Жыл сайынғы жөндеу және түгендеу жұмыстарының жасалмауы
Бұл мәселе туралы «Сан ғасырлық тарихы бар Қара­хан мен Айша бибі кесенелері Әулие­ата өңіріне ғана тиесілі емес, бар­ша қазақтың мәдени игілігі. Осынау тарихи жерге көрші облыстардан көптеген адамдардың келіп, зия­рат етіп жататыны бар. Алайда, бұл тарихи нысандардың соңғы кез­де туристердің келетін жеріне емес, тойшыл қауымның естелік су­ретке түсіп, тілек айтатын ғана ор­нына айналып бара жатқаны бел­гілі. Мәселен, көне шаһар орта­лығындағы Қарахан кесенесінің ал­дында ағып жатқан арықтың ылғи қо­қысқа толып жататынын да қала жұрт­шы­лығы жақсы біледі. Сол сияқ­ты, Айша бибі кесенесінің маңы да бүгінде тозған, кей жерлері бү­лінген.», - дейді «AQ JOL» газетінің бас редакторы Хамит Есаман.
«Облыс әкімінің тапсырмасына сәй­кес, Жамбыл облыстық туризм бас­қар­­­масының бастамасымен об­лыстағы не­гізгі туристік нысандарды дамыту бо­йынша жұмыс тобы құ­рылған болатын. Жұмыс тобы ны­сандарды аралап, кем-кетігін тү­гендеу жұмыстарын атқарды. Қа­зіргі уақытта Қарахан және Ай­ша бибі кесенелерін көркейту мен абат­тандыру мақсатында жаңа эс­киздік жоба мен сме­та әзірленіп, об­лыс әкімімен эскиздік жо­ба мен сме­таның бекітілуі күтілуде. Жаңа жоба эскиздеріне сәйкес кесенелер­де санитарлық талаптары сақталған құр­бандыққа шалынатын мал соятын орны, дәретханасы, тілек­ханасы болмақ. Сонымен қа­­тар аталған жобаларды жү­зеге асы­ру үшін инвесторларды тарту жұ­мыстары жүргізіледі»,- дейді Қар­лығаш Аралбекова.
Бұл мәселенің басты шешімі ретінде, жедел түрде жаңғырту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу қажет.
Артықшылықтары:

  1. Жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, туристік дестинацияларға қызығушылықтың артуы

  2. Сапалы қызметке апаратын бірден бір жол

  3. Таразға келушілер үшін көрнекі және тартымды жерлердің көбеюі

  4. Қаралып, жөнделуі қажет аймақтар барынша жөнделеді

Кемшіліктері:

  1. Жаңғырту немесе зерттеу барысында құнды, киелі дүниелерге зиян келтіру қаупі

  2. Жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт алуы мүмкін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет