4. Қала бойынша транзиттік туристердің басым болуы (облыс бойынша орналастыру орындарының статистикалық мәліметтерінің аздығы ) Қазіргі таңда облыс көлеміндегі орналастыру орындарының шынайы статистикалық мәліметтерді тапсырмауы өткір мәселе болып табылады. Тараз қаласы туризм басқармасы Тараз қаласы статистика департаментімен бірігіп, облыс бойынша орналастыру орындарының көрсеткіштері айқын болуы үшін, қонақүйлердегі статистикалық мәліметтердің уақтылы және нақты сандық мәліметтердің тапсырылуына ықпал ету бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Яғни, қонақүйлерге арнайы топ шығып, мекеме басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. (Egemen Qazaqstan, 2019).
Тараз шаһары көрші жатқан Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қалаларына баратын туристер үшін транзиттік қала болып есептеледі. Сондықтан келушілер көп жағдайда туристік нысандарды тамашалаған соң қонақүйге де тоқтамастан басқа қалаларға аттанып кетіп жатады. Мәселен, өткен жылы туристердің облысқа келу саны 250 мыңнан астам адамды құраған екен. Ендігі жерде басқарма туристер санын бұдан да арттыру үшін осындай жұмыстарды ұйымдастыруда. (Abay.kz, 2019).
Бұл мəселенің шешімі ретінде, осы жоба жұмысының басты тақырыптарының бірі – «Modernfest» іс-шарасы.
5. Мамандар тапшылығы Тараз қаласы үшін келесі өзекті мәселелердің бірі — мамандардың тапшылығы және орыс-қазақ тілдерінде еркін сөйлейтін гидтердің жоқтығы. Ал шет елден келген туристерді қабылдайтын болсақ, онда ағылшын тілін меңгерген гидтер ауадай қажет.
Соңғы жылдары туристік бизнеспен айналысуға бел байлаған азаматтар саны облысымызда көбеюде. Мысалы 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 11 туристік фирмада ғана турагенттік және туротраторлық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия болатын болса, 2007 жылдың 1 мамырында олардың саны 19-ға жетті. Бұл туристік фирмалардың 18-і Тараз қаласында. (Freepapers.ru, 2019).
Cол себепті, осы тұста аталған мəселеге ұсынылатын ұсыныс – оқу курстарын ашу, гид-жүргізу, туристік жол бағыттарының гиді мамандарын дайындау жұмысын жүргізу, тұрғылықты халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Мысалы, «Кексай» шатқалында «Көксай-Төңкеріс» экологиялық туризм жобасының іске асырылуы аймақтағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге және ол жерді туристік мақсатта қолдануға мүмкіндік берер еді.