Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет45/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

ӘОК 541.124 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ 
 
Утемуратова Гулимхан Дошановна 
«Орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ, Қапшағай қаласы, 
zzzvvgg@mail.ru
 
 
Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым 
танымал  оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы  оқыту  теориясына  негізделген  тәсіл  кең 
тараған. Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту 
жұмысын  ұйымдастыру  мен  жоспарлаудың  негізгі  қағидаттарын  қолдану  орынды  да 
нәтижелі  екендігін  дәлелдейтін  фактілер  бүгінгі  таңда  ғылыми-педагогикалық  әдебиетте 
жеткілікті  деңгейде  кездеседі.  Аталған  теория  оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың 
бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы  түрлі  дереккөздерінен,  мұғалімнен, 
оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға 
негізделеді.  Сындарлы  теорияның  тиімділігін  жақтаушылардың  басым  бөлігі  оны  дайын 
білімді  беруге  негізделген  оқыту  тәсілдерімен  салыстыра  қарап,  дайын  білім  беруге 
негізделген  оқыту  тәсілдерінің  білімді  меңгеру  былай  тұрсын,  олар  бойынша  терең  түсінік 
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра 
бермейтінін тілге тиек етеді. .[1,7-8бб.] 
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың 
жинақтаған  өзге  білімдерімен  тиімді  сіңісе  алмайды,  сондықтан  механикалық  есте 
сақтау,үстірт  білім  алу  жағдайлары  орын    алады.  Дәстүрлі  оқытудан  алынған  механикалық 
түрде  есте  сақталған  мәліметтерді  емтихан  кездерінде  ұтымды  пайдалануға  болады,  бірақ 
мән-мағынасы  терең  меңгерілмей,  жай  ғана  жатталғандықтан,  тақырыпты  оқыту  аяқталған 
соң  немесе  емтихан  біткен  соң  керексіз  болып  қалады  және  оқушы  оны  өмірде  тиімді 
пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін 
дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін 
қамтамасыз ету. 
Оқыту  туралы  сындарлы  түсінік  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан 
мұғалімнің  өз  сабақтарын  оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін 
міндеттерге  сай  ұйымдастыруын  талап  етеді.  Бұндай  міндеттер  оқушылардың  оқыған 

333 
 
тақырып  бойынша  білімдерін  өз  деңгейінде  көрсетіп,кейбір  болжамдар  бойынша  күмәнді 
ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістете 
алатындай  етіп  орайластырылып  құрылады.  Мұғалім  қызметіндегі  маңызды  дүние  – 
жекелеген  оқушылардың  тақырыпты  қабылдау  ерекшеліктерін,  оқушылардың  түсінігін 
жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы ,сондай-
ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете 
түсінуі. 
 Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы 
мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы 
шешімдерді білуін де көздейді.[1,10б.] 
Қалай дегенде де мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – 
мұғалім  болып қала беретіні рас. 
Мұғалім  оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  қарастырылатын  екі  көзқарас  бар. 
Біріншіден,  оқушының  жеке  тұлға  және  әлеуметтік  нысан  ретіндегі  келешегі,  екіншіден, 
оқытудың  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас  нәтижесі  ретінде 
қарастырылуы.Сындарлы  оқыту  теориясы  әлемдік  деңгейде  тәжірибеден  өтіп,білім  берудің 
ең  оңтайлы  ,тиімді  жолдарын  біріктіретін  әдіс-тәсілдер  жиынтығы  екені  дәлелденген.Бұл 
педогогикалық теория  оқытудың жеті  модулін қамтиды. Заманауи білім беру тәжірибесіде 
сыни  ойлау  жолдарын  үйрету  немесе  оған  бағыттау-тиімді,табысты  оқытудың  көзі  болып 
отыр. 
Сындарлы  оқытуға  негізделген  сабақтар  оқушыларға  өз  білімдері  мен  ұстанымдары 
жайында  ойланып,  сұрақтар  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу 
кезеңінде  өз  түсінігін  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  үдеріс  оқушының  өз  болжамдарына 
күмәнмен,сын  тұрғысынан  қарай  отырып,  сол  арқылы  әлем,  тіршілік,  жаратылыс  туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. 
Оқытудың  бұл  түрінде  оқушылар  өте  маңызды  рөл  атқарады:  олар  құрбы-
құрдастарымен  әлеуметтік  байланыс  жасау  арқылы  белсенді  түрде  білім  жинақтайды. 
Мұғалім  оқушылардың  оқуына  мүмкіндік  тудырып,  оқу  материалы  және  өзге  де  қажетті 
құралдармен  қамтамасыз  етеді,  ал  оқушылар  өз  кезегінде  пән  бойынша  өз  түсініктерін 
арттыру  іс-әрекеттеріне  ынталы  болғаны  абзал.  Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы 
мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып 
табылады. 
Мұндай  тәсіл  бұл  үдеріске  оқушының  өзінің  де  қатысуын  талап  етеді.  Осылайша, 
оқушы да өзінің оқуы  үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ 
беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып 
табылатын  қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік.  Бұл  модуль  оқушылардың  да, 
мұғалімдердің  де  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен  қабылдауын 
көздейді. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  «ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталған.  Ол  маңызды 
мәселелерді  талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Мұғалімдер 
педагогикалық  білімі  бар  және  қосымша  оқыту  мен  өз  біліктілігін  арттырушы  субъектілер 
болғандықтан,  оларда  бұл  дағдылар  дамыған  және  іс-тәжірибеде  қолданылады  деп 
болжанады  Сын  тұрғысынан  ойлау  ой  жүгірту,  тұжырым  жасау  немесе  проблеманы  шешу 
үдерісі жүрген 
барлық  жағдайларда,  яғни  неге  сенуге  болады,  не  істеу  керек  және  бұны 
ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған 
жағдайлардың барлығында орын алады. [1,17б.] 
Сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларының  негізгі  тізбесіне  қадағалау,  интерпретация, 
талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.(слайд-2) 
Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады: 
• проблемаларды анықтау және оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау; 

334 
 
• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің 
маңызын түсіну; 
• тиісті ақпаратты жинау; 
• мәнмәтіндік алғышарттар мен басымдықтарды белгілеу; 
• нақтылықты, анықтық пен объективтілікті сақтай отырып, сөзді түсіну және 
пайдалану; 
 • дәлелдер мен дәйектерді бағалау мақсатында деректерді интерпретациялау 
(түсініктеме беру); 
• сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын) 
белгілеу; 
• қорытындылар мен шолу жасау; 
• алынған қорытындылар мен шолуларды сараптау; 
• өз ұстанымдарының бастапқы моделін алынған тәжірибенің нәтижелері жүйесіне 
енгізу; 
• күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе  туралы барабар пікір 
қалыптастыру. 
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі(слайд-3) 
• тиісті ақпарат жинауды; 
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; 
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған  қорытындылар; 
• ауқымды  тәжірибе негізінде  болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. 
Мұғалім  оқушыға  қолдау  көрсететін  ересек  адам  ретінде  жұмыс  істей  отырып, 
оқушының  әрекетіне  жауап  береді  және  оның  оқуының  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Оқудың 
дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен 
бірге  түрткі  болу,  бағытталушылық,  дамудың  тұжырымдамалық  негіздерінің  тиімділігін 
қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. 
Бұл  үрдісті  Жером  Брунер  «көпіршелер  тұрғызу»  деп  тауып  айтқан.  «Көпіршелер 
тұрғызу» ұғымының  астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды 
аяқтауға  «итермелеуінде»  көрініс  беретін,  үнемі  ұлғайып  артып  отыратын  қолдауы  деген 
түсінік  жатыр.  Жетекшінің  оқушы  жетістігіне  деген  реакциясы  да  қолдау  ретінде 
қарастырылады.  Оқудың  дамуы  барысында  оқушыға  жол  көрсету  біртіндеп  азайтылуы 
қажет,  себебі  оқу  үдерісін  дамыту  арқылы  оның  мәні  де  айқындала  бастайды:  оқу  тәуелсіз 
сипат алып, өздігінен реттелетін болады.  [1,21б.] 
Әлемдік  тәжірибе  аса  маңызды  деп  табылатын  өздігінен  реттелетін  оқудың  үш 
элементін айқындап береді:  
• тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; 
• оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы, 
• проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы. 
[2,3б.] 
Таңдалып алынған тапсырмалар өзін өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға  ықпал етуі 
қажет.Өздігінен  реттелу  тапсырмаға  қызығушылықтың  неғұрлым  жоғары  деңгейіне  өтуге 
ықпал етеді. 
Балаларға  таңдау  жасауға  мұрсат  беріліп,  бұл  оларға  өз  таңдауларын  тапсырманың 
күрделілігімен, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын бағалау жолымен байланысты 
түсіндіруге  мүмкіндік берді.  Бақылау жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына 
қатысты  өткізіліп,  оқу  бағдарламасының  өн  бойында  қолдануға  болатын    және  метатану 
үдерісі  кезінде  сөйлеуді  дамытуға  үлес  қосатын  тәжірибелі  педагогтік  әдіс-тәсілдер  дәлелі 
болып табылады. 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  үдерісі  сабақ  барысында  бір  -  бірінің  пікірін 
тыңдауға,  сыйлауға  ынтымақты  қарым  -  қатынастың  орнауына  негіз  болады.  Мұғаліммен 
еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға және өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға,өз ойын ашық, еркін 

335 
 
айтуға,  пікір  алмасуға  бейімделеді.  Достарының  ойын  тыңдай  отырып,  проблеманы  шешу 
жолдарын іздейді, қиындықты шешуге, көмектесуге икемді болады. 
Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады,бір - біріне құрметпен 
қарауға,белсенді  ойлауға негіз қаланады. 
Мұғалім - сабақты ұйымдастырушы, бағыттаушы. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға 
мүмкіндік  беріп,  ,жауаптардың  дұрыс-бұрысын  саралауға,жол  сілтеуші  ғана.  Оқушының 
жеке басын,пікірін,еңбегін  құрметтей отырып білім беру  - қазіргі оқытудың негізгі  талабы. 
Өйткені  оқушылардың  бәрінің  ойлау  қабілеті  бірдей  емес.  Сондықтан  бұл  мәселеге 
психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек. 
Шәкірттердің  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  арналған  оқытудың  әдіс  – 
тәсілдері  білім  алушыларға  құбылыстардың  себептерін  толық  ұғынуға,  ережелер  мен 
заңдылықтардың  сырларын  терең  түсінуге,  олардың  ғылымдағы  орнын  аңғаруға  қолайлы 
жағдаяаттар  жасайды.  Мұндай  әдістер,  әсіресе,  табиғатынан  тұйық,  өз  ойын  тәптіштеп 
түсіндіруге  шалағай,  талданған  мәселелерден,  баяндалған  тақырып  мазмұнынан  тиімді 
байлам,  түйін  жасауда  жасқаншақтық  байқататын  оқушыларға  ортада  өзін  жақсы  сезінуге 
пайдасын тигізері сөзсіз. 
Сыни  ойлау  әдіс-тәсілдері  -  оқушыны  жаңа  өмірге  ,  өзгөзгермелі,қарқындап  дамып 
бара  заман  көшіне  ілесе  алатын  тиісті  білімді  өзі  керегіне  жарата  алатын  дағдыларды 
қалыптастыратын    оқытудың  бірегей  түрі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді айқындады: 
1. Әдістердің түрлілігі. 
2. Белсенді практикалық іс - әрекетте болу. 
3. Басқалармен қарым - қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу. 
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту. 
5. Топтық тұжырымға келе білу. 
6. Топ алдына шығып, өз ойын айта білу, қорғай білу. 
Осының бәрі де: 
- өздігінен білім ала білуін 
- сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, 
- кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.  [3,2б.] 
Жоғарыда  берілген  мәліметтерден  әріптесітеріміз  байқағандай,сабақ  барысында 
қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін шыңдап,оның 
жеке  бір  қырлары,қасиеттері  көрініс  беріп,тың  ойлар  айтуға  талпынып  жатқандары 
қуантады. 
Өз  іс-  тәжірибемде  қолданып  жүрген  оқушыны  сыни  ойлауға  жетелейтін,  ,топтық 
жұмыс  барысында  бірлескен  белсенді  әрекетке  жұмылдыратын  бірнеше  әдіс-тәсілдерді 
ұсынамын. (слайдтар)
  
«Балалар философиясы» 
Мұғалім  тақырыппен  таныстырып,  үдерісті  түсіндіреді.  Оқушыларға  дереккөздерді 
пайдалана  отырып  толығымен  талқылап,    сұрақтар  құрастырады.Ойды  дамытатын  жоғары 
деңгейлі  сұрақтар  құрауға  да  мүмкіндік  алады.  Бір-біріне  сұрақ    қою  арқылы  оқушы    ойы 
тереңдей түсіді.Оқушлар арасында бірлескен әрекет орнайды. 
«Тікелей радиоэфир» 
Оқушыларды белсенді тыңдау,көптеген талқылау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. 
«Айналмалы бекет» 
Оқушылар  өзгелердің  идеясына  сүйеніп,проблеманы  немесе  мәселені  толығымен 
қамтуын көздейді, сондай-ақ олар жылдам белсенді  болуға ұмтылады. 
«Жаялық» немесе «Пирамидалық талқылау» әдісі 
Флипчарт қағазының ортасына  кіші  төртбұрыш салып,қағаз бетіндегі бөліктерге әр 
оқушы  тақырыпқа  қатысты  сұрақ  жазып,оған  жанындағы  оқушының  жауап  беруі 
күтіледі.Негізгі  сұрақты  мұғалім  береді.Сұрақ  талқыланады.  Бұл  әдіс  оқушылардыңпікір 
айту, сөйлеу дағдысын қалыптастырады. 

336 
 
“CLIL” әдісі-пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі.Оқу материалы пәндік және тілдік 
мақсатқа жетуге бағытталады. 
Тапсырмалары тек тілдік дағдыны емес,танымдық дағдыларды да қалыптастырады. 
Тілдің коммуникативтік қызметін айқындауды көздейді. 
Берілген 
әдіс-тәсілдер 
белгілі 
бір 
мақсатқа 
бағытталғанмен, 
топта 
орындалып,оқушының жеке дара қабілеттерін де байқауға болады. 
Және  әр  түрлі  идеялар  мен  пікірлердің  тууына,оқушының  белсенділігін 
арттыруға,жолдастарының пікірін бағалауға,қарым-қатнас жасауға,тілдік бірліктерді қолдана 
отырып ой білдіруге мүмкіндік алады.Әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті екенін 
мұғалім жете түсінуі керек.
 
Қазіргі таңда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері оқушыны сыни ойлауға,өз ісіне,таңдалған 
мәліметке саралай көз тастап,тиімдісін таңдауға,өз көзқарасын дәлелдеуге бағыттайды. 
Сыни  ойлау  жолдары,оның  әдіс-тәсілдері  білім  алып  жатқан  әрбір  оқушының 
болашағына жол сілтейтін, қабілетін шыңдайтын бірден –бір тиімді оқыту тетігіне айналып 
отыр. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші(ілгері)деңгей 
2.  А.А.Турабаева.  Мектеп  мұғалімдерінің  инновациялық  біліктіліктерін  жетілдіру. 
bilimdiler.kz 
3.  М.Темиржанова.Сын  тұрғысынан  ойлауға  үйрету.PEDKZ  Қазақстан  ұстаздарының 
әлеуметтік парталы. 
 
 
УДК 004.519: 338.27 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Утесинова С.Ж. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, 
lyazka_1510@mail.ru 
 
Егеменді  еліміздің  ең  басты  мақсаты  өркениетті  елдер  қатарына  көтерілу  болса,  ал 
өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны еркеше. Қазіргі 
білім  берудің  басты  мақсаты  да  сол  жан-жақты  дамыған  басқа  тілдерді  еркін  меңгерген 
жастардың қолында. 
Бүгінгі  таңда  ағылшын  тілін  оқыту  үлкен  шығармашылық,  ізденіс  пен  біліктілікті 
талап  етеді.  Мұғалім  педагогикалық  заңдылықтарды  неғұрлым  жақсы  білсе,  оқу 
технологиясының  талаптары  соғұрлым  нақты  орындалады.  Елбасымыздың  жолдауында 
«Ұлттық  бәсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте  білім  деңгейімен  айқындалады»  -  деген 
байламы  жеке  адамның  құндылығын  арттыру,  оны  дайындайтын  ұстаз  жауапкершілігінің 
өсуі,  тынымсыз  еңбек,  сапалы  нәтиже  деген  ұғыммен  егіз.  Бұл  уақытта  білім  берудің  жаңа 
инновациялық  технологияларды  қолдану  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін 
игерген,  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет  кезінде  даңғыл  жол  салуға  икемді,  ойшыл  мұғалім 
болуын  қажет  етеді.  Мемлекеттік  білім  стандартында  көрсетілген  оқыту  үрдісі  оқушыға 
ыңғайлы,  әрі  түсінкті  жеткізу  үшін  мұғалім  өз  сабағында  түрлі  инновациялық 
технологияларды,  әдіс-тәсілдерді  қолдану  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын, 
талпынысын арттырып, өз бетінше ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. 
Білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың 
қолында  болса,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  -  бүгінгі  ұстаздың  қолында.  Заман  талабына  сай 
сабақтарда  жаңа  инновациялық  тахнологияларды  қолдану  –  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі 

337 
 
болып табылады. Қазіргі даму кезіндегі білім беру жүесінің алдында өсіп келе жатқан жеке 
дара тұлға: дарынды, дүниетанымдық қабілеті жоғары, өнерлі, ізденімпаз, тапқыр, талапты, 
өз алдына мақсат қоя білгіш оны орындай алатын, мақсатына жете білетін болуы керек.  
Оқытудың,  тәрбиелеудің  мазмұнын  қоғам  дамуының  қарышты  қадамына 
сәйкестендіріп,  оны  биіктерге  көтеруге  бағытталған  әдіс-тәсілдер  жасалуда.  Нәтижесінде 
тұтас  педагогикалық  әдістер  өзгертіліп,  білім  берудің  тиісті  жаңа  технологиялары  дүниеге 
келуде.  Білім  берудің  сатылары  өзгеруде.  Білім  берудегі  ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы 
келуде. Бұрынғы оқушы тек «тыңдаушы, орындаушы» болса, ал қазіргі оқушы  – «өздігінен 
білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мән  беруіміз  керек.  Оқыту  барысында  жаңа 
технологиялық әдістерді пайдалану оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Олардың білім 
сапасын  жақсартады,  ойлау  өрісін  кеңеейтеді,  есте  сақтау  қабілетін  дамытады.  Оқыту  мен 
дамыту  әдістерінің  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  үлкен  ықпал  ететіні  анық.  Қазіргі  оқушы 
бұл – дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат 
қоя  білуі  керек.Осыдан  келе  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  баланың  тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын тұрақтандыруға ұмтылуда. 
Бүгінгі күн – бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы. 
Ұстаз еңбегі – оқушы білімінің өлшемі. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, 
жеке оқушының ерекшеліктерін ескеру – мұғалімнің міндеті. 
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен 
жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  (оқушылардың  белсенділігі  жоғарылап, 
өздерінің  күштеріне  деген  сенімдері  арта  бастайды),  М.М.Жанпейісованың  «Модульдік 
оқыту  технологиясы»  (оқушылардың  интеллектуалды  және  шығармашылық  потенциалын 
дамытуға  бағытталған),  Ж.Қараев  пен  Ж.Кобдикованың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйесі» 
(деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады).   
Сонымен  қатар,  деңгейлеп  саралап  оқытуға  тоқталып  өтсем,  әдетте  сабақты  жақсы 
оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30-40% құрайды, олар 
тапсырманы  жүйе-жүйесімен  дәйекті  түрде  белгіленген  уақыт  ішінде  орындап  шығады,  ал 
үлгерімі  орташа  немесе  төмен  оқушылар  қосымша  тапсырмаларды  ысырып  қойып,  әуелі 
негізгі  элементтерді  орындайды  да,  оларды  әбден  меңгерген  соң  барып,  қосымша 
тапсырмаларға  қайта  айналып  соғады.  Оқушылар  тапсырманың  негізгі  бөлігін  белгіленген 
уақытта, яғни 15-17 минутта орындап шығуы үшін мен тапсырманың саны мен күрделілігін 
мұқият  іріктеп  аламын.  Сабақ  кезінде  интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеуді  дұрыс 
ұйымдастыру,  оқытудың  әр  деңгейлі  әдісін  қолдануға  жағдай  жасайды.  Бұл  әдіс 
тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды 
игеру  қарқынының  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оларға  әр  түрлі  көмек  көрсетуге  жол 
ашады.  
Инновациялық  технология  нәтижелері:  түрлі  әдістерді  пайдалану  сабақтың  нақты 
мәнін  терең  ашуға  көмектеседі;  оқушылардың  барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік 
туды;   олардың  әрқайсының  деңгейін  анықтай  аласың;  оқушылардың  көбін  бағалауға 
мүмкіндік  аласың;  оқушыларды  ізденіске  баулып,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  үйретеді; 
оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі 
артады, жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген  кәсіби 
сенімін қалыптастырады. 
Педагогикалық  үрдісте  жаңа  технологияларды  енгізіп,  интерактивті  оқытуды 
пайдалану  мұғалімдерді  шеберлік  жағынан  шыңдайтындығына  дау  тудырмайды.  Қазіргі 
білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты 
маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік 
адамгершілік,  рухани  азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына 
әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үлгісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі. 
Сабақта  қолданылатын  әдістер  көмегімен  жеке  тұлға  ретінде  жан-жақты  дамыған, 
шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. 
Инновациялық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек: 

338 
 
• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы; 
• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары. 
ХХІ  ғасырда  барлық  елдер  бірінші  орынға  білім  беру  сапасын  қояды.  Оның  өлшемі 
тек  сауаттылық  деңгейімен  (жазу,  оқу,  есептеу)  өлшенбейді,  оның  критерийі  - 
функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын 
орны бөлек.  Болашақта өркениетті  елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік 
білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты. 
Бұл  –  уақыттың  талабы.  Бүгінде  білім  берудің  ескі  мазмұнының  орнына  жаңасы 
келуде. Ол балаға – оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға 
оқушыны  дамыту  жолдары:  өзін-өзі  өзектендіру,  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  дамытушы  тұлға 
ретінде  қалыптастыруға  бағытталған.  Демек,  мектеп  оқушыларының  ғылым,  білімнің 
қоғамдық  қажетті  деңгейі  мен  қамтамсыз  ету,  оларды  Отандық,  ұлттық  және  әлемнің 
мәдениет арналарынан сусындату қажет.  
Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жолдауында  ХХІ  ғасырда  ақпараттық  қоғам 
қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласында  төмендегідей  міндеттерді  шешу 
керектігін  атап  көрсетті:  «Компьютерлік  техниканы,  интернет,  телекоммуникациялық  желі, 
электрондық  және  телекоммуникациялық  құралдарды,  мультимедиялық  электрондық 
оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар 
тәуелсіз  еліміздің  болашағы  -  жарқын,  білімді,  парасатты,  өз  ана  тілімен  бірге  шетел  тілі 
«ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш 
тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді».  
Инновациялық  тәсіл  оқу  процесіне  –  тіршілік  және  әрекететудің  даму  динамикасы 
ерекшелігіне,  дистанциялық  оқудың  өзгешелігіне  және  жеке  тұлғалардың,  қоғамның  және 
мемлекеттің  талаптары  мен  әлеуметтік  пайдалы  білім  алуына,  сеніміне,  мінез-құлықтың 
сапасы  мен  өзгешелігіне,  тәлім  тәжірибесі  мен  қатынасына  негізделген  жаңалық  енгізуге 
бағыттайды. 
Адамның  үнемі  ізденіске,  жаңалыққа  ұмтылуы  ол  физиологиялық  құбылыс,  ал 
заманауи  технологиялардың  қоғамымыздың  түрлі  салаларында  орын  алып,  дамуы  бүгінгі 
күннің  талабы.  Инновациялық  технологиялар  қалай  және  қайдан  пайда  болады?  Ол 
өркениетті  елдердің  бірін  бірі  тануы,  байланысы,  білім  саласы  бойынша  тәжірибе 
алмасуынан  болады.  Қазіргі  білім  беру  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарастар  пайда  болып, 
оқытудың технологиясы, яғни инновациялық оқыту технологиялары өмірге келді.  
«Инновация» термині ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы 
«жаңалықты  енгізу».  XIX  ғасырда  мәдениеттанушылардың  зерттеуінен  пайда  болған,  яғни 
бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді. 
Инновация  —  жаңалық,  жаңашылдық,  өзгеріс  деген  ұғымды  білдіреді.  Инновация 
құрал  және  процесс  ретінде  әлдебір  жаңалықты  ендіру  деген  сөз.  Педагогикалық  процесте 
инновация  оқыту  мен  тәрбиенің  тәсілдері,  түрлері  мақсаты  мен  мазмұнын,  мұғалім  мен 
оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. 
Білім  берудегі  инновациялық  процестердің  мәнін  педагогиканың  маңызды  екі 
проблемасы  құрайды.  Олар  —  озық  педагогикалық  тәжірбиені  зерттеу,  жинақтау  және 
тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға 
енгізу  проблемасы.  Соған  сәйкес  инноватика  пәні,  инновациялық  процесстердің  мазмұны 
мен  механизмі  осы  кезге  дейін  бір-бірінен  оқшау  қарастырылып  келген  өзара  тығыз 
байланысты  екі  процестің  тұтастығы  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс,  яғни  инновациялық 
процестердің  мазмұны  мен  механизмі  осы  кезге  дейін  бір-бірінен  оқшау  қарастырылып 
келген  өзара  тығыз  байланысты  екі  процестің  тұтастығы  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс, 
яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын 
теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. 
Оқушылармен  жұмыс  жасағанда  еркін  ойлауға  мүмкіндік  беру,  ақыл-ойын  дамыту, 
шығармашылық  белсенділігін  арттыру,  ұжымдық  іс-әрекетке  тәрбиелеу,  тіл  байлығын 

339 
 
жетілдіру,  жан-жақты  ізденушілікті  қажет  етеді.  Инновациялық  технологияны  жүзеге 
асырудағы ағылшын сабағындағы міндеттеріміз:  
-
 
Ағылшын тілі сабағында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану; 
-
 
Әр оқушының шет тілінде сөйлеу, грамматикалық ерекшеліктерін ескеру; 
-
 
Ағылшын  тілі  сабағында  деңгейлік  тапсырма  беріп,  оқушының  мүмкіндік 
деңгейлерін ашу. 
Осыған  орай  ұстаз  оқушыларыдың  тілін  дамытуда  өзіндік  жұмыс  жасауда,  туған  елі 
туралы  өз  ойларын  еркін  жеткізуге  баулуы  тиіс.  Осы  тұста  Давыдовтың  «дамыта  оқыту» 
технологиясын,  оқу  мен  жазуды  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясын  қолдана 
отырып,  оқушылармен  шығармашылық  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  туады.  Әрине,  баланың 
шығармашылық  қабілетін  қалыптастыру,  дамыту  бағытындағы  іс-әрекет  педагогқа  үздіксіз 
ізденісті  талап  ететіні  белгілі.  Оларды  тиімді  етіп  шет  тілі  сабағында  қолдану  мұғалім 
шеберлігіне  байланысты.  Қоғам  талабына  сай  шетел  тілдерін  оқытуда  қойылып  отырған 
ортақ  міндет  –  тілді  коммуникативтік  бағытта  оқыту.  Ондағы  мақсат  оқушылардың  өз 
ойларын  жеткізумен  шектеліп  қана  қоймай,  өзара  тіл  табысып,  пікір  алмасуға  үйрету,  өз 
жұмысына,  топтағы  немесе  жұптасқан  оқушының  жұмысына,  жауабына  сыни  тұрғыдан 
ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу. 
Жақсы  қабілеті  дами  білген  оқушы  ол  ағылшын  тілі  ма,  қазақ  тілі  ма,  математика, 
физика ма қарамай барлық сабақтарды жақсы игеріп, бірңлген тапсырманы уақытында, сәтті 
орындап  отырады.  Оқушының  жан-жақты  дамына  ағылшын  тілінің  алатын  орны  ерекше 
екенін қазіргі қоғам өзі көрсетіп отыр. Демек, ағылшын тілі – оқушының дұрыс ойлап, жан-
жақты дамуына, сөйлеу мәдинетін қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, білімнің шыңдай 
түсуіне және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Ағылшын 
тілі сабағында оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың 
шығармашылық  ізденістерін,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  белсенділіктерін  арттыру  барысында 
теориялық білімдерін кеңейтіп, еркін сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады. Ағылшын тілін 
жақсы  білетін,  терең  түсінетін,  күнделікті  сабақтағы  тақырыпты  толық  қамтитын,  оны 
оқушыға  жеткізе  алатын,  әр  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындай  білуі,  оқытудың 
дәстүрлі  және  ғылыми  жетілдірілген  әдіс-амалдарын,  құралдарын  еркін  меңгерген, 
оқушылардың  пәнге  қызығушылықтарын  арттыра  отырып,  дарындылығын  дамытудағы 
әздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну заман талабы.  
Жаңа технологияларды жеке пайдалану барысында, ұстаз әр оқушының нені білетінін, 
нені  меңгергенін,  нені  меңгермегенін  анықтай  біледі.  Оқушылар  білуге  деген  құлшыныс 
пайда  болып,  басқалардан  қалып  қалмауды  ойлап,  өз  мүмкіндіктеріне  қарай  тырысады. 
Мысалы,  ағылшынша  сурет  бойынша  мәтін  құрастырып,  мәтінде  неше  сөйлем  бар  екенін 
анықтап,  сөзді  буынға,  дыбысқа  талдау  барысында  оқушылар  өз  білімдерін  көрсете  алады. 
Оқушылар  тілін  дамыту  үшін  түрлі  өлеңдер,  тақпақтар  айтып,  бір-біріне  сөздіктер  қояды 
және оның шешімін өздері тауып, сабақты қорытындылауға оқушының өзі мүмкіндік алады. 
Оқушылар өз ой-пікірлерін айтып, қорытынды жасайды. Сөйтіп әр оқушы өз бетімен жұмыс 
жасауға дағдыланады. 
Қазіргі 
инновациялық 
технологиялардың 
жиі 
қолданылатыны 
–ақпараттық 
технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, 
сабақты  түрлендіріп,  студенттердің  пәнге  деген  қызығушылықтарын  дамытамыз.  Осындай 
сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және студенттердің ойын дербестігі мен 
белсенділігін арттырады. 
Компьютердің  әдістемелік  және  дидактикалық  мүмкіншіліктерін  пайдаланып, 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  оқушылардың  танымдық  және  өзіндік  белсенділігін 
арттыратын  ойын  элементтері  арқылы  үйрету  оқыту  процесін  тұрақтандыруға  мүмкіншілік 
береді.  
Инновациялық  технологияларға  бүгінгі  кезде  –  электрондық  оқулықтар  да  жиі 
қолданылуда.  Мұғалім  бағдарламаға  сай  өз  электрондық  оқулығын  дайындайды.  Білім 

340 
 
саласында  компьютер  оқушы  үшін  құрал,  ал  мұғалім  үшін  ол  күнделікті  қолданылатын 
жұмысшы болып табылады. 
Электрондық  оқулықтар  –  ғылыми  негізінде  дайындалған  педагогикалық-
ақпараттық  өнім. Электрондық  оқулық  арқылы оқушылар тапсырманы қызыға орындайды, 
кейде  қателерін  өздері  табады.  Электрондық  оқулықтар  –  ұстаздар  үшін  күннен  күнге 
дамытылып  отырған  ашық  түрдегі  әдістемелік  жүйе.  Мұны  пайдалану  барысында  мұғалім 
ғылыми-әдістемелік  электрондық  оқулықты  пайдаланғанда  сабақтың  ыңғайына  қарай 
қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу 
мен компьютер арасындағы  байланыс жасауда да оқушыларға көп көмек көрсетеді. 
Оқушылардың  ағылшын  тілін  дамыта  оқытудың  нәтижесінде  сөз  байлығын  толық 
игеру,  тілдің  фонетикалық  және  граматикалық  жүйесін  жақсы  меңгеру,  морфологиялық, 
синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында  дұрыс пайдалана 
білуі тиіс. Сонда ғана оқушы тілді өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің қатысымдағы 
стильдік,  эмоциялық,  көріктеу,  көркемдеу  қызметтеріне  де  түсініп  қолдана  алады. 
Сондықтан,  оқушылардың  тілін  дамыту  үшін,  ең  алдымен,  олардың  сөздік  қорын  байыту; 
әдеби  тілдің  нормасында  сөйлемдерді  дұрыс  құрауды  үйрету;  ойларын  жүйелі  ауызша, 
жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет. 
Қалыптасқан  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  ісінде  қазіргі  заманғы  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мәселе соңғы екі онжылдық бойына 
өзекті болып отыр. Әрбір педагог: мектеп мұғалімі немесе  жоғары оқу орнының оқытушысы 
болсын,  басты  мақсат  -  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету.  Ал  ол  үшін  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дәрежеде септігін тигізетіні сөзсіз. 
Жоғарыда  көрсетілген  инновациялық  технологиялардың  түрлері  қазіргі  жағдайда 
мектептегі  оқу үрдісінде қолдануға өте тиімді.  Білім берудің мемлекеттік стандарттарында 
анықталған  оқытудың  мазмұнына  ешбір  нұсқан  келтірмейді,  керісінше  оқу  пәндерінің 
бағдарламасында  көрсетілген  мақсатқа  оқытудың  бұрыннан  қалыптасқан  әдістерімен  өзара 
бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Бүгінгі  шәкірт  –  ертеңгі  маман.  Ендеше,  қоғам  талабына  сәйкес  мұғалімнің  негізгі 
мақсаты  –  оқушының  білім  сапасын  көтеру.  Ол  үшін  мұғалімнің  алдында  сабақ  сапасын 
көтеру  түрін  жетілдіру,  оқушының  сабаққа  деген  қызығушы-лығын   арттыру,  қабілетін 
дамыту  міндеттері  тұр.  Демек,  мұғалім  бір  ғана  әдіс-пен  шектелмей,  шығармашылығын 
шыңдап, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі шарт.
 
Оқушы  үшін  пәнге  қызығушылықты  оятатын,  ойластыратын  негіз  –  оқытушының 
интелектуалдық  ізденісінде.  Олай  дейтінім,  қазіргі  кезде  сабақты  ұйымдастырудың, 
оқытудың жаңа технологиясы дамып, оны қолдану тәжірибеге енген кезеңде одан алыс қалу 
кешірілмейтін жағдай.
 
Сабақ  ұйымдастырудың  түрлеріне  басты  назар  аудару  керек.  Мен  өз  сабақтарымда 
оқыту  мен  тәрбиелеудің  әр  түрлі  тиімді  формаларын  оқып  -  үйреніп,  қолданып  отыруға 
тырысамын.  Осы  орайда  сөзім  дәлелді  болу  үшін  жұмыс  барысымдағы  іс-тәжірибемнен 
баяндайын.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  бір-біріне  ұқсамайды,  тек  дұрыс 
пайдаланып,  шәкірт  жүрегіне  жол  таба  білу  қажет.  Кез  келген  технологиямен  жұмыс 
жүргізгенде  сол  технологияны  мұғалім  өзі  жақсы  меңгеруі  тиіс.  Технологиямен  жұмыс 
жүргізу  4  саты  арқылы  іске  асады.  Олар:  оқып  меңгеру;  тәжірибеде  қолдану;   шығарма 
шылық бағытта дамыту; нәтиже.  
 
Оқушыларға  ағылшын  тілін  үйретудегі  негізгі  мақсат  әр  түрлі  әдістерді  пайдалана 
отырып,  оқушылардың  тыңдап,  түсіну,  сөйлеу,  оқу,  жазу  іскерліктерін  арттыру.  Ағылшын 
тілін оқытудағы тіл дамытудың негізгі түрлерін мына сызба арқылы көрсетуге болады: 
 
 
 
 
 

341 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сызбада көріп тұрғандай оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдар әр түрлі. 
Соның ішінде сөйлеу іскерлігін дамытуда ойын түрлерін қолдану тиімді әдіс екенін байқауға 
болады. Оқушылар ойнау, рольге ену арқылы сөздік қорын көбейтіп, есте ұзақ сақтай алады.  
Егеменді  елімізді  дүниежүзі  елдерімен  терезесі  тең  болатын  дәрежеде  өркендететін, 
негізгі  тұтқасын  ұстайтын,  дүние  әлемін  шарлайтын  осы  біздің  көптілді  жақсы  меңгерген, 
сауатты,  қабілетті  ұландарымыз  екенін  ұмытпау  керек.  Олардың  бойындағы  дарынын, 
қабілетін  дамыту  –  ұстаз,  ата-ана  және  қоғам  қауымының  міндеті.  «Мектептің  тірегі  де, 
тілеуі де оқыта білетін мұғалім»  - деп А.Байтұрсынұлы айтқандай әрбір сабақта түрлі жаңа 
инновациялық  технологияларды  қолдана  білсек,  егеменді  еліміздің  білімді  жастарын 
оқытуда мол жетістікке жететініміз сөзсіз. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет