Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет46/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

ӘОК 53 
 
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА IT ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 
 ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Хаймулданов Е.С. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
khaimuldanov_e@mail.ru 
 
Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесі  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияға 
негізделуін  және  компьютерлік  құралдарды  кеңінен  қолдануды  қажет  етеді.  Еліміздің 
болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесінен  көрінеді. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  басты  міндет  –  әлеуметтік  педагогикалық  ұйымдастыру 
тұрғысынан білім мазмұнына  жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды 
жүзеге асыру. Сондықтан әр оқушыдан инновациялық даярлығын өз бетімен арттырып, сабақ 
барысында жаңа әдіс тәсілдерді кеңінен пайдалану талап етіледі. 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы  [1]  мемлекеттік  бағдарламасында  мектептерде  компьютердің  санын 
жеткілікті  дәрежеге  дейін  көтеру  қажеттілігі  көрсетілген  болатын.  Осыған  орай  кез-келген 
пәннің  әрбір  сабағында  мүмкіндігінше  компьютерлік  технологияны  пайдаланудың 
қажеттілігі туындайды. 
Оқытуда  IT  технологияларды  пайдалана  білу  физика  пәні  мұғалімінің  негізгі  кәсіби 
ерекшелігі  болып  отыр,  егер  физиканы  оқытуда  ақпараттандыру  үрдісін  физика 
дидактикасының қазіргі үрдісі ретінде қарастыратын болсақ, онда дидактикалық ақпараттық 
құралдарды  қолдану  әдістемесін,  қағидасын,  әдіснамасын  меңгеру  физика  пәні  мұғалімі 
біліктілігінің сипатын көрсететін талаптардың бірі болып табылады.  
Ағылшын тілін оқытудағы тіл дамытудың негізгі түрлері 
Ауызша сөйлеу 
Тыңдау 
Жазбаша 
Сөйлеу 
Оқу 
Жазу 
Оқулықтағы 
тестер 
Ойындар 
Техникалық 
көрнекі құрал 
Сабақтан тыс 
оқу мәтіндері 

342 
 
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі  бағыттарының бірі,  IT технологияларды физика 
пәнін  оқытуда  қолданудың  әдістемесі  мен  құралдарын,  зертханалық  жұмыстарын  дамыта 
оқытудың  идеяларын  жүзеге  асыруға,  оның  сапасын  компьютерлерді  оқушылардың 
танымдық  іс-әрекетін  қолдануға  пайдалана  отырып,  білімді  ақпараттандыру.  IT 
технологиялар  әртүрлі  техникалық  құралдарды  пайдалануды  тұжырымдайды,  олардың 
ішінде  ең  бастысы  компьютер  болып  табылады.  Осылайша  оқу  үрдісінде  компьютерді,  IT 
технологияларды  пайдалану  заман  талабынан  туындаған  мәселе.  IT  технологиялар 
компьютермен жұмыс істеуге, оқу бағдарламасын қолдануға мүмкіндік береді.  
Әдістемелік  ғылым  үш  негізгі  сұраққа  жауап  береді:  «Не  үшін  оқыту?»,  «Нені 
оқыту?», «Қалай оқыту?». Жалпы білім беретін мектептерде физиканы оқыту үрдісіне жаңа 
IT технологияларды енгізуге байланысты бұл сұрақтардың жауабы түбегейлі түрде өзгерді.  
Физиканың  жалпы  білім  беру  курсы  физика  негіздерін  ғылым  ретінде  қарастырады. 
Оның  мазмұны  фактілерді,  ұғымдарды,  заңдылықтарды,  теорияларды,  моделдерді,  іргелі 
тәжірибелерді,  физиканың  әдістерін,  арнайы  ережелер  мен  ой  және  практикалық  қызмет 
тәсілдерін,  физиканы  практикада  қолдануды,  оның  негізгі  даму  сатысына,  атақты  физик-
ғалымдардың өмірі мен қызметіне қатысты тарихи мәліметтерді қамтиды.  
Оқытудың  қазіргі  IT  технологиясы  физика  курсының  мазмұнына  ғана  әсер  етіп 
қоймай,  оған  белгілі  бір  себептерге  байланысты  зерттеу  қиындық  тудырған  мәселелерді 
енгізу  арқылы,  оқыту  әдістері  мен  құралдарының  жүйесін,  белгілі  бір  пәнаралық 
байланыстың жүзеге асу мүмкіндігін    өзгертеді.  
Физиканы  оқытуда  жаңа  ақпараттық  құралдарды  енгізудің  отандық,  ресейлік  және 
шетелдік  тәжірибесі  оқу  ортасын  ескеру  қажеттігін  анықтап  отыр.  Бұл,  бір  жағынан  IT 
технологиялардың  негізінде  физиканы  оқыту  үрдісіне  қолдау  көрсетеді,  екінші  жағынан 
оқып-үйренушінің  жаңа  ақпараттық  құралдармен  қарым-қатынасының  жағымсыз 
нәтижелерін  амортизациялайды  және  орнын
 
толтырады.  Жалпы  білім  беретін  мектепте 
физиканы оқытуда оқу ортасы физика кабинетінде қалыптасады. Мектептегі физика кабинеті 
шартты түрде 3 қызметтік тәуелді аймаққа бөлінеді: мұғалімнің жұмыс аймағына, оқушының 
жұмыс  аймағына,  оқу  құралдарын  сақтау  және  профилактикалық  қызмет  көрсету  аймағы. 
Оқытудың  IT  технологиясын  қолдануды  құрылымдық  ұйымдастыру  осы  аймақтарды 
жоспарлауға  байланысты.  Тәжірибе  көрсеткендей  мектептегі  физика  кабинетінде 
компьютерлік  технологияның  ақпараттық  құралдары  келесідей  қойылуы  мүмкін: 
стационарлы  –  ақпараттық  технологияның  аппаратурасы  зертханалық  сыныптағы  тұрақты 
орынға  орнатылады  және  ол  біреу  ғана  болады;  жартылай  стационарлық  –  аппаратураның 
бір  бөлігі  сыныпта,  ал  басқа  бөлігі  қажетінше  зертханалық  сыныпқа  орнатылады.  Физика 
кабинетіне  оқытудың  аппараттық  технологиясының  аппараттық  құралдарын  стационарлы 
түрде  орналастыру  дидактикалық  ақпараттық  құралдарды  кешенді  түрде  қолдануға  ықпал 
етеді.  
Оқытудың  ақпараттық  технологиясын  енгізуге  физиканы  тұтас  оқытудың  қазіргі 
әдіснамасына  негізделе  отырып  анықталған  тұжырымдама  қосылады.  Бұл  әдіснаманың 
аясында  физиканы  ақпараттық  технологияны  пайдалана  отырып  оқыту,  біріншіден,  басқа 
әдістер  және  құралдармен  бірге;  екіншіден,  физиканың  басқа  пәндермен  пәнаралық 
байланыстар жүйесінде; үшіншіден, ақпараттық  технологиялық құралдардың  дидактикалық 
мүмкіндіктерін  және  олардың  психологиялық  –  педагогикалық  түрде  оқушыларға  әсерін 
ескеру негізінде қарастырылуы керек [2].  
Өзінің  күнделікті  жұмысында  оқытудың  ақпараттық  технологиялық  құралдарын 
пайдаланатын  физика  мұғалімінің  сабаққа  дайындығының  жалпы  әдістемесі  мыналарды 
қамтиды:  физика  пәні  бойынша  бағдарламада  анықталған  физиканы  оқытудың  жалпы 
мақсаттарын  сезіну;  берілген  сыныптың  даму  деңгейін  зерттеу;  физика  пәні  бойынша 
бағдарламада  көрсетілген  жалпы  мақсаты  берілген  сынып  оқушыларына  арнап  нақтылау; 
оқытудың  IT  технологияларының  сәйкес  әдістері  мен  құралдарын  таңдау;  бұл  құралдарды 
пайдаланып  оқу  іс-әрекетінің  ұйымдастырушылық  формасын  таңдап  алу.  Оқушылардың 
даму  деңгейінің  өзгеруі  сәйкесінше,  IT  технологияларды  қолдана  отырып  оқытудың 

343 
 
құралдары мен ұйымдастырушылық формасын таңдауды, сонымен қатар мақсатын нақтылау 
мен  өзгертуді  көздейді.  Мұндай  жүйенің  дамуы  физика  сабақтарының  әдістемесі 
диагностикасының компьютерлік әдістемесін қолданбалы етіп жасайды.  
Физика сабағын жоспарлағанда оқытудың IT технологиялық құралдары сабақтың бір 
бөлігін  ғана  қамтып,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қатынастың  «машинасыз»  тәсіліне, 
педагогқа  басымдық  берілуі  керек.  Дегенмен,  IT  технологиялық  құралдарды  пайдалануды 
негізге ала отырып, құрылған физика сабақтары да болуы мүмкін. Физика сабақтарында IT 
технологиялық  құралдарды  қолдануды  талдау  әдістемесін  пайдалану  мәселесі  де  маңызды 
болып  табылады.  IT  технологиялық  құралдарды  физиканы  оқыту  жүйесіне  енгізу  оған 
қайшы болмауы және де онымен дидактикалық сәйкессіздікке ұшырамауы керек.  
Физика  сабақтарында  пайдаланылатын  компьютерлік  дидактикалық  IT  құралдардың 
өзіндік ерекшеліктері деп бағдарламалық өнім құрылымында төмендегі моделдердің болуын 
атауға болады: 

 
физика бойынша білім; 

 
оқыту үрдісін басқару; 

 
оқып – үйренуші. 
Бұл  моделдер  дамудың  әр  түрлі  деңгейінде  болуы  мүмкін,  яғни  физика  мұғалімінің 
дидактикалық  компьютерлік  құралдармен  алғашқы  таныстығы  оған  дидактикалық 
ақпараттық  құралды  қолданып,  неге,  қалай  және  кімді  оқыту  керек  деген  іргелі  сұрақтарға 
жауап алуына мүмкіндік беруі керек.   
Физиканы оқытуда IT технологиялық құралдарды жасауда оқушының моделін есепке 
алу  үшін  ақпараттар  қорын  және  біліктер  тізімін  ескереді.  Өз  кезегінде  ақпараттық  қорды 
физика  курсының  құрылымы  және  білімдер  тізімі  құрайды.  Курстың  құрылымында  тек 
бөлімдердің  және  олардың  мазмұнының  анықтамасын  егжей-тегжейсіз  қарауға  жататын 
негізгі сұрақтардың тізімі беріледі. Қажетті детализация оқу үрдісі кезінде оқушы меңгеруі 
тиіс  білімдер  тізімі  ретінде  беріледі.  Білім  құрылымдық  жағынан  төмендегі  айдарлар 
бойынша  жіктеледі:  ұғымдарды  анықтау,  тұжырымдау  немесе  зерттеу,  қорытындылар, 
дәлелдер, теңдеулер, формулалар, қасиеттер.  
Соңғы уақытта білім туралы түсінік өте кең ауқымда дамыды, білімдер инженериясы 
пайда  болды  және  қарқынды  түрде  дамуда,  білікті  жинақтау  туралы  теориялық  жұмыстар 
бұл үрдістен артта қалуда және практикалық қызметте қатаң логикаға сүйенуге тура келеді. 
Сонымен бірге, білік оқытудың ең басты мақсаты болып табылады. Бұл жаңадан жасалатын 
дидактикалық ақпараттық оқу құралдарының әдістемелік сапасына едәуір ықпал етеді [3].  
Біліктілікті жалпы, нақты және эксперименттік деп үш класқа бөледі. Жалпыларға ең 
алдымен  әдістемелік  тұрғыдағы  біліктер,  мәселен,  құбылыстарды  талдай  білу,  физикалық 
модельдерді құру, табиғатта туындайтын теориялық қорытындылар мен үрдістер арасындағы 
қайшылықтарды  анықтау  және  т.б.  жатады.  Нақты  біліктердің  аясы  анағұлым  кең.  Оларға 
төмендегідей  сипаттағы  біліктер  жатады:  табу,  анықтау,  құру,  алу,  есептеу,  бағалау; 
ажырату, бөлу, таңдау, есепке алу, түсіну, өту, жіктеу, құрау, жалпылау, қолдану, пайдалану, 
тұжырымдау,  иллюстрациялау.  Эксперименттік  біліктер:  әртүрлі  шамаларды  өлшеу, 
құбылыстар мен үрдістерді өз бетінше талдау, өлшемнің дәлдігін анықтау және т.б. 
Сипатталған  идеологияны  ескере  отырып,  қазіргі  дидактикалық  ақпараттық 
құралдарды  құру  және  қолдану  оның  құрылымында  тек  физикалық  материалды  ғана  емес, 
оның моделі ретінде оқушыны да сипаттауға мүмкіндік береді. Жоғарыда сипатталған әдісті 
пайдалану  физика  курсының  әртүрлі  тақырыптары  мен  бөлімдері  бойынша  бағдарламалық 
дидактикалық  ақпараттық  құралдарды  жасауда  білімдер  қорын,  білікті  және  оқушының  әр 
типтегі  моделін  құруды  жеңілдетуге,  білімді  және  ең  бастысы  білікті  тексеру  және  тест 
құралдарын құруды реттеуді едәуір жеңілдетуге; білік пен оны анықтайтын білім арасында, 
сондай-ақ пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.  
Мұндай  дидактикалық  ақпараттық  құралдар,  негізінен,  нақты  әдіснамалық 
бағытталған  электронды  оқу  құралдары  болып  табылады  және  әсіресе  әдістемелік  көмек 
қажет жас физика пәнінің мұғалімдері үшін аса құнды.  

344 
 
Атақты  ресейлік  физик-әдіскер  Турышев  И.К.  табиғат  құбылыстарын  моделдейтін 
компьютерлік  дидактикалық  ақпараттық  құралдарды  жасаудың  әдістемелік  негізін  салған 
болатын. Ол жалпы білім беретін мектептерде іргелі физикалық эксперименттер және кейбір 
үрдістер олардың күрделілігіне және арнайы құралдарың жоқтығына байланысты көрсетіле 
алмайды  деп  жазған.  Сондықтан  мектепте  оларды  оқыту  үшін  әдетте,  суреттер,  схемалар, 
графиктер пайдаланылады, бірақ олар оның құндылығын төмендетеді. Оның пікірінше, бұл 
істе белгілі бір физикалық үрдіс немесе іргелі экспериментті зерттеу бойынша ғалымдардың 
алған  нәтижелерін  көрсететін  нақты  мәліметтерді  қамтитын  компьютерлік  модельдеу  аса 
тиімді.  
Турышев  И.К.    ұсынған  әдістемелік  қағида  бойынша  моделдеуші  компьютерлік 
дидактикалық құралдар: 

 
физика бойынша материалдың ғылымилығына сәйкес; 

 
нақты жас ерекшеліктегі оқушыға оның мазмұны түсінікті; 

 
әртүрлі болуы тиіс. 
Компьютерлік  моделдеу  физиканы  оқыту  үрдісінде  компьютерлік  технологияларды 
қолданудың  маңызды  элементі  болып  табылады.  Қазіргі  компьютерлік  технологияның 
физиканы  оқытудағы  маңызы  ең  алдымен  оның  дидактикалық  ақпараттық  құралдардың 
сапалы жаңа класы – білімді меңгертуге қызмет ететін қуатты құралдар - оқу компьютерлік 
моделдерді жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады.  
Физиканың  мектептегі  курсында  ғылымның  эксперименталды  сипатын  көрсету  әр 
түрлі  эксперименттер  жүйесі  арқылы  жүзеге  асырылады:  демонстарциялық  тәжірибелер, 
фронталды  лабораториялық  жұмыстар,  физикалық  практикум  жұмыстары,  эксперименттік 
есептер.  
Қазіргі  компьютер  эксперименттік  зерттеудің  қуатты  құралы  бола  отырып,  табиғи 
экспериментте  жабдықтарды басқару және ақпаратты өңдеу сатысында дәстүрлі әдістермен 
шешуде  қиындық  тудыратын  физикалық  есептерді  шығаруда  әмбебап  физикалық  құрал 
қызметін  атқара  алады.  Сонымен  қатар,  физика  кабинетінде  компьютердің  пайда  болуы 
физиканың  теориялық  және  эксперименттік  әдісімен  қатар,  негізі  компьютерлік  модель 
бойынша  есептеуіш  эксперимент  болатын  есептеуші  әдісін  де  анықтау  қажеттігін  көрсетіп 
берді [4]. 
Ақпараттың  графикалық  бейнесін  беретін  оқу  компьютерлік  моделдер  физикалық 
құбылыстар  мен  үрдістерді  көрсетуге,  зерттеуге,  талдауға  мүмкіндік  береді:  мысалы, 
гармониялық  тербелістердің  графикалық  қосындысы,  ауыспалы  электрлік  ток  желісіндегі 
кернеу мен ток арасындағы фазалық қатынас, электр және магнит өрісіндегі күш сызықтарын 
бөлу  және  т.б.  Әртүрлі  құралдар  мен  механизмдерді  басқару  саласындағы  қазіргі 
компьютерлік  құралдар  мүмкіндігін  жүзеге  асыру  оқытудың  жаңа  сапалы  компьютермен 
басқарылатын  сан  алуан  өндірістік  механизмдер  мен  құрылғыларға  ұқсас  құралдарын 
жасауға мүмкіндік берді.  
Мұндай  модельдерді  пайдаланудың  мақсаты  физиканы  оқытуда  политехникалық 
қағида бағытын күшейту мен кәсіби бағытты дамыту болып табылады.  
Физиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану үрдісі үнемі жетілдіріледі 
және  әрбір  нақты  жағдайда  мәселені  бұл  технологияның  негізгі  компоненттерін  жүзеге 
асыру тұрғысынан қарастыру керек: 

 
жалпы  білім  беретін  мектептің  физика  кабинетінде  пән  бойынша  дидактикалық 
ақпараттық құралдар кешенінің болуы

 
физика  кабинетінде  оқытуда  компьютерлік  технологиялар  аппараттық  кешенінің 
болуы; 

 
физика  пәні  мұғалімінің  сабақты  компьютерлік  технологияларын  пайдаланып 
өткізу технологиясы мен әдістемесін меңгеруге дайындығы; 

 
оқушылардың  физиканы  оқытуда  компьютерлік  технологияларды  пайдалана 
отырып меңгеруге дайындығының деңгейі. 

345 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту 
тұжырымдамасы. 
2.
 
Смирнов  А.В.  Методика  применения  информационных  технологий  в  обучении 
физики. – М.: Изд. центр «Академия», 2008 г. 
3.
 
Захарова  И.  Г.  Информационные  технологии  е  образовании:  Учеб.  пособие  для 
студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003 г. 
4.
 
 Захарова  И.  Г.  Информационные  технологии  в  образовании:  Учеб.  пособие  для 
студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003 г. 
 
 
УДК 378.016:02:004.4 (574) 
 
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІ МЕН БЕЙІМІНЕ 
ҚАРАЙ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 
 
Чалмаксимова Г. Ш. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, 
gulmirash@mail.ru 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2030» 
жолдауында:  «...Оқушыларды  қазақстандық  патриотизм  мен  шығармашылық  жағынан 
дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік 
талғампаздық,  тәкәппарлық,  тектілік,  білімділік,  ұлттық  намыс  қасиеттерін  сіңіріп 
қалыптастыру  керек»  -  деген  болатын.  Елбасымыздың  алға  қойған  зор  міндеттерін  іске 
асырушылар  –  жастар.  Олай  болса,  сол  жастарға  сапалы  біліммен  қатар,  салауатты  тәрбие 
беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің 
екінші сыңары – білім. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» 
-  деп  атап  көрсеткеніндей,  еліміздің  болашақта  ілгері  басуы  үшін  ең  алдымен  білім  қажет. 
Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен 
сусындаған  ұрпақ  қана  –  болашақты  гүлдендіріп,  тәуелсіз  елді  нығайтатын  болады.  
Ұстаз  алдындағы  басты  мақсат  –  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру,  тұлғаның  заман 
талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Ал осы мақсатқа 
жету үшін сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы 
бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай 
ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, 
жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? 
Мұғалім  еңбегі  –шығармашылық  еңбек.Ол  мұғалімнен  үздіксіз  ізденуді,  өз  білімін 
үнемі  жетілдіріп  отыруды  талап  етеді. Осы  сұрақтарды  шешудің  бір  жолы  –  оқытуда 
инновацияны  қолдану,  яғни  мұғалімнің  жаңа  қаруы  ретінде  инновациялық  әдіс–тәсілдерді 
кеңінен  пайдалану.  Инновация  дегеніміздің  өзі  жаңалықты  енгізу,  жаңалық  әкелу,  жаңа 
әдістеме  мен  жаңа  технология.  Қытай  даналығына  сүйенсек:  «Ауызша  айтылғанды 
ұмытамын.  Көрсетсең,  мүмкін  есімде  сақтармын.  Қатысушы  болсам,  мен  түсінемін» 
делінген.  Осы  сөздерден  инновациялық  оқытудың  мәні  өз  көрінісін  табады.  Жаңа 
инновациялық  әдістерді  пайдаланудың  ерекшеліктері  неде?  1)  қазіргі  уақыт  жаңалық  пен 
инновация  уақыты.  Күнделікті  өмірде  жаңа  білім  мен  жаңалықтармен  кездесеміз.  Бұған 
оқыту  үрдісі  де  сәйкес  болу  керек. 2)  жаңалықты  пайдалану  оқушының  ойлау  қабілетін 
жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына 
сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол 
тақырыпқа  байланысты  ояту,  ой  шақыру,  ойын  жеткізу  оны  дәлелдей  алу.  Сонымен  қатар, 

346 
 
қасындағы  оқушының  пікірін  тыңдау,  сол  пікірлерді  салыстыру.  Оқушы  бұрын  тыңдаушы 
болса,  енді  ізденуші,  ойлаушы,  өз  ойын  дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы, 
ұйымдастырушы. Бұл  технологияның  негізгі  ұстанымдары:  әлсін  –әлі  қайталау,  міндетті 
кезеңдік  бақылау,  тіректерді  пайдалану,  келіспеушіліктің  болмауы,  оқушының 
жетістіктерінің  жариялылығы,  қателерді  түзеуге  мүмкіншілік  жасау,  барлық  балалар 
дарынды,  табысқа  жетуге  жағдай  жасау,  оқыту  мен  тәрбиенің  бірлігі. Сын  тұрғысынан 
ойлауды  дамыту  күрделі  процесс  болып  келеді.  Сыни  ойлау  ақпарат  алудан  басталып, 
қаралатын  мәселеге  байланысты  шешім  қабылдаумен  аяқталады.  Сыни  ойлау  кез  –  келген 
жас  аралықтарына  тән.  Сыни  ойлау  күрделі  үрдіс  болғандықтан,  оқушыға  сыни  ойлау 
ортасын  жасау  қажет.  Мұнда  әр  оқушының  ойы  шыңдалып,  өз  даму  деңгейіне  сай 
жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:  
-Нақты мақсат қоюға дағдыланады  
-Өзіне деген сенімі артады  
-Оқу процесіне белсенді қатысады  
-Жолдастарының пікірін сыйлайды.  
-Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.  
-Сараптауға, бағалауға дағдыланады  
-Пәнге деген қызығушылығы артады.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы  мынадай  үш  құрылымнан  тұрады. Сын  тұрғысынан 
ойлау бағдарламасы 3 кезеннен тұрады: 
1.  Қызығушылығын  арттыру. Оқушыларды  «ой  қозғау»  арқылы  сол    тақырыпқа 
әкелу,  осы  тақырып  туралы  бұрынғы  білетіндерін  анықтау,  әрі  қарай  алынатын  білімге 
қызықтыру, белсенділігін ояту. 
2.  «Мағынаны  ажырату» жаңа  мазмұнды  ашу  жолы.  Оқушы  мәтінді  оқу  арқылы 
жаңа тақырыппен танысады, тақырып бойынша жұмыс  істейді, тапсырмалар орындайды. 
3. «Ой толғаныс» кезіндеоқушылардың сабақтан үйренгенін бекіту, жаңадан алынған 
ақпаратты  пайдалана  отырып,  білімдерін  жетілдіру  бағытында  жұмыстар  жүргізіледі. 
«Топтастыру»,  «Болжау»,  «Венн  диаграмма»  және  т.б.  стратегиялар  қолданылады.  СТО 
бағдарламасы  бойынша  сапалы  білім  берумен  қатар,  болашақ  жастарды  рухани 
адамгершілікке  тәрбиелей  отырып,  әр  оқушының  жүрегіне  жол  табуға,  ішкі  сезімін 
толғанысқа  түсіруге,  танымдық  өрісін  кеңейтуге  болады.  Бұл  технологияда  бұрынғы  білім 
мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін 
таныта  алады.  Мұнда  оқушыға  ойланып  толғануға  ,  ойын  айтуға  уақыт  берілуі 
керек.«Қызығушылығын  ояту»  кезеңінде  алдыңғы  өткен  тақырыпты  тексеру  мақсатында 
тест  жұмыстарын  өткізу  арқылы  оқушы  білім  деңгейін  қадағалап,  жаңа  сабақты  бастар 
алдында  «Топтастыру»  стратегиясы  арқылы  оқушылармен  бірлесе  жұмыс  жасауға  болады. 
Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда мұғалім «Мен 
не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны 
тану»  кезеңінде  оқушыларды  топқа  бөлу  арқылы  сұрақтар  дайындап  оны  «Куббизм» 
стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған 
сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі 
–  ой  толғаныс.  Мұнда  «Венн»  диаграммасын  қолдану  арқылы  тақырыптардың  ұқсастығы 
мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» 
жаздыруға болады. Мұндағы мақсат  -оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе 
жазғанда  сабаққа  қабілеті  төмен  деген  оқушылардың  5-6  сөйлемнен  тұратын  ойын  жазса, 
соның  өзі  оқушыны  сабаққа  тарта  білгеніміз.  Мұғалімнің  және  оқушының  шығармашылық 
жұмыстарының  ғылыми  деңгейін  қалыптастыруда,  жаңа  құндылықтар,  ізденістер  жасау. 
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді  өздігінен алуы және 
алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. 
Тақырыбы: Жазықтықтағы  тік  бұрышты  координаталар  жүйесі.  Координаталары 
бойынша нүкте салу. 
Сабақтың мақсаты: 

347 
 
1. Координаталық  жазықтық  осьтері,  орналасуы  туралы түсінік беру. Координаталық 
жазықтықта  координаталары  берілген  нүктелерді  сала  білуге,  берілген  нүктелердің 
координаталарын табуға үйрету. 
2. Логикалық  ой-өрісін,  жазу,  есте  сақтау,  сызбамен  жұмыс  істеу  қабілеттерін, 
дағдыларын дамыту. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет