Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет41/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48

Жинақтау.  
«Әңгімелесетін 
әріптестер» 
1.Жаңадан оқыған 3 
факті. 
2.Сіздерге жеңіл болып 
көрінгендер. 
3.Сіздерге қиын  болып 
көрінгендер. 
4.Алдағы уақытта білгісі 
келген нәрселер туралы 
ақпарат алмасу 
Дәптермен 
жұмыс жасауды 
ұсынады. 
Қадағалайды. 
Жеке, жұппен, 
топпен. 
ОүБ 
құр.  
«Серпіл
ген 
сауал» 
 
д  Бағалау. 
 
Шәкәрім 
шығармашылығын 
бағалау.  
 
 «Осы жұрт 
Шәкәрімді біле 
ме екен?» 
Шәкәрім 
шығармашылығ
ына баға беру. 
Шәкәрім кім? 
Класстер жасау 
 
ОүБ 
құралда
ры. 
«Серпіл
ген 
сауал» 
е  Дарынды 
оқушымен 
жұмыс 
 
Шығармашы 
лық жұмыс 
 
 
 
Оқушыларды 
бағалау. 
Кәмпиттер арқылы 
бағалау. 
 
 
 
ж  Рефлексия 
Кері байланыс 
Жабыстыр 
ғыш қағаздарды 
береді 
Сабақтан алған 
әсерлері мен 
ұсыныстарын 
айтып 
реф.жазып 
іледі 
«Екі 
жұлдыз, 
бір 
тілек» 
з 
Үйге 
тапсырма 
беру 
Шәкәрімнің «Қалқаман – 
Мамыр» поэмасын оқып 
келу. 
 
Түртіп алу. 
 

298 
 
Л.Зориха оқу үрдісін іске асырудың қажетті негізгі үш шартын көрсетеді. 
1.Оқытудың қажетті құралдарының болуы. 
2. Оқу – таным мәселелерін толық шешуге жеткілікті уақыттың болуы. 
3. Оқушы және оқытушы жұмыс істеуіне қажетті моральдік-психолоиялық жағдайдың 
болуы. 
Бұл  үш  жағдайдың    біріншісі  мен  үшіншісі  туралы  айтылған  пікірлер  өте  көп.  Ал 
«уақыт факторы» туралы зерттеулер жоқтың қасы.  
Уақыт  факторын  жаңа  материалды  оқып  үйрену  кезінде,  бекіту,  сұрау  кезінде 
ескермеске  болмайды.  Өз  бетінше  жұмыс  ,  оқытудың  түрлі  формаларын,  әсіресе  ұжымдық 
формасын  қолдану  мүмкіндігі  ойлануды  қажет  етеді.  Уақыт  ішіндегі  өтілетін  оқу 
материалының көлемі мен оны осы уақыт арасында игеруге қойылатын талаптар арасындағы 
сәйкессіздік  уақыт  жетіспеуінен  туады.  Уақыттың  тапшылығынан  асығыстық,  именушілік 
орын  алған  мұғалім  мен  оқушы  арасында  да  түсініспеушіліктер  пайда  болады.  Ал 
оқушылардың  кейбіреуі  күнде  жаңа  материалды  меңгере  алмастан  үйге  қайтады,  бұдан 
оқудың сапасы төмендейді, оқуға қызығу кемиді. Бұл жағдайлар дәстүрлі оқыту кезіндегіден 
әлдеқайда реттеліп қалған сияқты. Бәрібір «уақыт факторын» ескермеске болмайды. 
Дегенмен, жаңа формация мұғалімдерінің бастамасы – жастарға  
ХХІ  ғасырда  табысқа  жету  үшін  қажетті  білім  мен  дағдыларды  оқыту  мен  оқуда 
орнықты өзгерістердің орын алуына ықпал ететіндігіне сеніміміз мол. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық  
2.
 
Google.kz Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары 
3.
 
Қ.Әбдіғалиев. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. «Қазақстан мектебі» 1998ж. 
 
 
574:37.015.3(045) 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ 
 
Топашева Т.Н. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» кмм Қарасай ауданы Шамалған бекеті 
t.n.turan@mail.ru 
 
Қазақстан  күннен  -  күнге  серпінді  дамып,  білім    саласында  өзіндік  бағыт  бағдарын 
айқындап,  әлемдік  білім  кеңістігіне  шығуда.  Болашаққа  үміт  артқан  мемлекет  ең  алдымен 
білім  сапасын  ірге  тасын  қалайды.Ұлы  философ  Конфуций:  «Оқымай  ойлану  бос 
әрекет»деген,яғни білім ғана биікке жеткізеді. Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов өз заманында «Елді 
түзетуді  бала  оқыту  ісін  түзетуден  бастау  керек»  -    деген  тұжырымы  күні  бүгінге  дейін 
маңызын  жойған  жоқ.  21  ғасырда  заманауи  мұғалім  мен  оқушыға  қойылатын  талап  зор. 
Жаңа  ғасыр  маманы  жеке  көзқарасы  бар,  соны  қорғай  білетін  жігерлі  тұлға,  зерттеушілік 
ойшылдық  қасиеті  бар  білімін  күнделікті  ісіне  шебер  қолдана  білетін,  өзінің  оқушысын  өз 
бетінше  білім  алуға  сыни  тұрғыдан  үйрете  алатын  болу  керек.  Бұл-заман  талабы.  Бүгінгі 
мұғалім  –  бала  бағбаны,  оқытушы,  оқулық  авторы,  жаңалықты  дәріптеуші,  таратушы. 
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім 
беруге  қойылатын  талаптарды  түбегейлі  өзгертіп,  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін 
білім беру саласында төмендегідей талап қойып отыр: 
-білім сапасын арттыру; 
-әлемдік білім беру кеңістігіне ену; 
-білім беру жүйесін ақпараттандыру; 

299 
 
-интернет желісін пайдалану; 
-электрондық оқулықтар.ақпараттық технологияларды пайдалану; 
-қашықтықтан басқару; 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану  төмендегідей  кезеңдер  арқылы  іске 
асырылады: 
I кезең –оқып үйрену кезеңі 
II кезең –меңгеру кезеңі 
III кезең –өмірін ендіру кезеңі 
IY кезең-дамыту кезеңі 
Қазіргі  заман  талабы  әр  оқушының  сабақ  кезенінде  жаңа  білім  қосып  қана  қоймай, 
соны  өзі  игеріп,  ізденіп,  талап,  пікірталастандыру  деңгейіне  жету.  Осы  мақсатта  жобалау 
технологиясын  пайдаланудың  тиімділігі  зор.  Бұл  әдіс-тәсілде  балаға  білім  дайын  күйінде 
берілмейді, оқушы іздену, бақылау, ой елегінен өткізу жолымен алуға бағытталады,ал жалпы 
оқушылардың  біліктіліктерін  қамтамасыз  ету  жоба  қорғау  болып  табылады.  Себебі,  әр 
оқушы  қарапайым  нәрседен  ой  тұтатып,  қиял  әлеміне  шолып,  өз  ойын  еркін  айта  алады. 
Осыған  орай,  олардың  дербестігі,  ең  алдымен  белсенділікке  байланысты,  ол  белсенділік 
дербестікті  қажет  етеді.  Оқушылардың  өздігінен  істейтін  әрекеті  оның  белсенділігін 
арттырады.  Оқушының  дербес,  екеулеп,  топта,  оқу  жұмысына  бағыттылған  жобалау  әдісі 
баланың  ғылымының  әр  түрлі  саласынан  алған  білімдерін  интеграциялауға  мүмкіндік 
берумен  қатар  оқытудың  түрлі  әдісі,  түрлері  мен  құралдарын  пайдалануды  қарастырады. 
Жас  ұрпақтың  жаңаша  ойлауына,олардың  біртұтас  дүниетанымының  қалыптасуына  әсер 
етеді.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  бойынша  жобалау  әдістері  технологиясы,  оқушылардың 
шығармашылық белсенділігін дамыту, қызығушылық. қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір 
кепілі  болып  табылады.  Себебі,  бұл  қазіргі  білім  беру  жүйесін  ізгілендіру,  яғни  білімді 
гуманистік принциптегі бағытта даму идеясымен ұштасып жатыр. 
Шығармашылық  ізденістер,  тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын 
арттыру; 
-
 
Оқушылардың  алған  білімдерін,  дағдыларын  келешектегі  өмірлерінде  қолдана 
алуларына көздерін жеткізу
-
 
Оқушылардан  істейтін  жұмысының  мақсатын  айқын  түсінуі,  жұмысты  өз  еркімен, 
қалауымен орындауы; 
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқталудың уақтын 
белгілеуі.  Жобалау  әдісінің  шығармашылық  негізінде  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру,  өздігінен  дамуға  жағдай  жасау,  сондықтан  оның  өзіндік  танымдық, 
шығармашылық  іс-әрекетін  белсендіруде  жатыр.  Жобалау  әдісі  бойынша  шығармашылық 
жұмыста  құбылысты  өз  бетінше  талдай  келіп  шағын  ғылыми  шығармашылық  тұрғыдан 
зерттеу жұмысын жүргізу яғни ол оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. Бұл әдіс 
шығармашылыққа  негізделген  жазба  жұмыстарын  жүргізуде  өте  тиімді,  әр  оқушының 
ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар дамытады. Бұған дәлел ретінде Абай Құнанбаевтың 
7-сыныптағы  әдебиет  сабағындағы  «Қан  сонарда  бүркітші  шығады  аңға»  өлеңі  бойынша 
шығармашылыққа баулитын жобалау әдісін пайдаландым. Оқушылар берілген тақырыптың 
мазмұны  мен  мақсатын  анықтайды  (топта).  Ал  мұғалімнің  басты  мақсаты  осы  кезеңде 
оқушылардың қызығушылығын ояту, ынталандыру. Шығарма мен жұмыс істеу жолын, қай 
жерінен  нені,  қалай  іздеуді  үйретеді.  Шығарма  мен  танысу,  талдау  әр  кейіпкерге  өз 
көзқарасын  айту.  Өлең  мәтінін  пайдаланып  эпизодқа  бөледі,  мәтінге  жақын  мазмұндайды, 
сұрақтарға  жауап  береді.  Шығарма  неге  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»  Аңшыға  не 
керек? Түлкіні неге тау-тастан іздейді? Жақсы ат, жақсы жолдас неге керек? Ол кезде аңды 
бас пайдасы үшін аулаған ба, жаппай қыра берген бе? Осы өлеңде қазаққа тән қандай ұлттық 
мінез бар? Іздену, ойлану жұмысына жетелеу. Іздену жұмыстарына жетелеуді мұғалім мәтін 
бойынша  әрбір  топқа  тапсырма  береді.  Өлеңдегі  жеке  жолдарға  тоқтала  талдау  арқылы 
топтарға  тапсырмалар  таратылады.  Шығармада  кәсіп,  өнер,  әдіс,  тәсіл,  бірлесіп  өмір  сүру, 
өмір мен өлім айқасы, ұлттық мінез, ұлттық ерекшелік, ұлттық болмыс, табиғат адамға, адам 

300 
 
табиғатқа қызмет ету деген ұғым, қай өлең жолдарында бар? Пайда болған сұрақтарды топта 
талқылап,  өзара  түсінікті  оймен  пікірлеседі,  нәтижесінде  сөздік  қоры  молаяды.  Топтар 
арасында  алуан  түрлі  пікірлер  пайда  болады.  Оқушылар  сын  тұрғысынан  қарап  сөйлеуге 
икемделеді. Өз пікірін сараптап, ойларын ашық айтып, көзқарастары бір жерден шыққан соң 
мынандай қорытындыға келеді. 
1.
 
Ақын  идеясы-аңшылық  өнер  деп  түсінуге  үйрету,  қазақтың  аң  аулау  мәдениетін 
дәріптеу. 
2.
 
Оқушылар  қазақтың  аңшылық  өнері  туралы  кеңірек  білуді,  қазіргі  кездегі 
аңшылық проблемасы туралы шығармашылық ізденіс жасаулары тиіс. 
3.
 
Осы  өлеңді  талдау  бойынша  жобаның  сызба  нұсқасын  оқушылар  мен  бірлесе 
жасау, немесе мұғалімнің көмегімен жасалады, өздеріне шығармашылық ізденуге 
жұмыстар беріледі. 
Үйден ізденеді: бұл кезеңде шығармашылық іздену зерттеу жұмысын істейді. 
1.
 
Аңшылықтың халық кәсібі болғанын дәлелде. 
2.
 
Табиғат адамға, адам табиғатқа қызмет етуге тиіс. 
3.
 
Өлеңдегі  ұлттық  мінез,  ұлттық  ерекшелік,  болмыс,  бітім,  туралы  (шағын  әңгіме 
жазу). 
4.
 
Осы өлең бойынша сурет сал (суретің мәтінге жақын болсын). 
5.
 
«Аңшылықта менің байқағаным» немесе табиғат көрінісі туралы эссе жазу. 
Жобаны  ұжым  болып  талдап  қорғайды,  нәтижесінде  жақсы,  нашар  жақтарына  баға 
береді.  Өз  сабақтарымда  байқағаным  шығармашылық  жұмыс  жасау  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруда  зор  рөл  атқарады,  себебі  оқушы  қарапайым  нәрседен  ой  тұтады,  қиял 
әлеміне  шомылып  кез-  келген  нәрсеге  өз  ұсынысын,  ойын  еркін  айта  және  жаза  біледі. 
Стратегиялық  жүйені  қолданып,  үнемі  орынды  пайдалана  білсе,  оқушылар  өз  ойын  еркін 
айтып,  қорытынды  жасай  алады,  шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  дағдыланады. 
Оқушылармен  мұғалімдер  арасындағы  тығыз  саналы  қарым-қатынас  болса,  мұның 
нәтижесінде  мұғалім  сабақтың  мән-мазмұнын  терең  түсініп  баяндай  білсе,  оқушылар 
сабақты  тиімді  меңгерсе  –  сабақ  нәтижелі  болмақ.  Одан  кейін  оқушылар  өз  беттерінше 
талдау жүргізеді, оқушылардың шығармашылық таным қабілеті артады.Осы тұрғыда әдебиет 
пәнінен О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін айта кеткім келеді. Мәтінді талдауда 
оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа төмендегідей тапсырма беріледі: 
I топқа: Ұлы Отан  сғысы жылдарындағы қазақ ауылының жай-күйі қалай суреттелген. 
Тапсырма:   1.Ауыл өмірі. 
                  2.Тортай және оның достары. 
                  3.Үңгірдегі Тортай өмірі. 
                  4.Тортай ертегісі. 
                   «Алтайдың сұлу табиғаты» сурет салу 
II  топқа  Қолына  түскен  кітапты  талғамсыз  оқи  берген  Тортай  жалғыздығын,  жетімдігін 
ұмытып, бойын жазушы болсам деген арман билейді. 
Тапсырма:    1.Әкем де, шешем де- сен. 
                      2.Жайлауда. 
                      3.Тортайдың асқақ арманы. 
                      4. «Ақ боз атымды саған сыйлаймын». 
Сурет салу «Кең дала тұлпары». 
III топқа :     Тортай армандаған ақ боз атты Ораш мініп кетті. 
                      Тортай –малды ауылдан шыққан қарапайы адам. 
Тортайдың Орашқа деген жүректі тебірентер ой түйінін жеткізеді. 
Тапсырма :    1. Үйді, малды болған Тортай  
                        2.  Тортай  мен  Ораш  неге  тіл  табыса  алмады?  Жеке  тұлғаны  кім  деп  деп 
ойлайсың?  Осы  тапсырмалардыорыдай  отырып,оқушылар  Тортай  мен  Орашқа  хат  жазады. 
Арман: Тортай  сен өз өмірің үшін күресе алмадың?  Өзіңді  өзің жек көресің неге? Аяулым: 
Тортай  сенің  арманың  зор.  Сенің  арманыңдағы  атты  Ораш  иеленіп  кетті.  Сен  өзіңе-өзің 

301 
 
сенбейтін  адамсың,сондықтан  ақ  боз  атыңды  Ораш  мініп  кетті.  Кітап  оқығанда  да  сенің 
сенімсіздігің байқалды, себебі сен кітапты таңдамай оқи бердің? Тек қиял жетегінде жүрдің, 
сенің басты қателігің осы. Олжас: Ораш сен досыңды неге ауылда тастап кеттің? Екеуің бірге 
жүрсеңдер  Тортайдың  «жазушы  болсам»деген  арманы  орындалар  маеді?  Жандос:  Тортай 
мен  сені  аяп  кеттім,  бұған  сен  кінәлі  емессің.  Бұған  Ұлы  Отан  соғысының  аласапырыны 
кінәлі.  Сұм  соғыс  кімді  арманына  жеткізді  дерсің?  Өзіңе-өзің  сеніп,  өзіңді  алып  шыға 
алмадың?  Ауылдағы  бір  үйдің  тірегі  әке  болғаныңа  қуанамын.  Постер  бойыншаоқушылар 
суреттерін 
салып 
қорғап 
шықты. 
Көркем 
әдеби 
сырлы 
сөздермен 
Алтай 
сұлулығын,жайлау,ақ  боз  ат  шабысы  салынған  суреттерді  әңгімелеп  айтып  шықты. 
Оқушылар  шығармашылық  көңіл  күймен  сабақты  аяқтады.  Жобалап  оқыту-
мақсаты,міндеті,әдіс-тәсілдері  баланың  даму  заңдылықтарына  сәйкес  берілген  оқыту 
жоғарыда айтып өткендей, бұл әдіс «еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі, ал адамның 
дамуының  өзі-оның  еркіндікке  деген  қозғалысы,  ой  еркіндігі»  екендігі  айқын.  Өзімнің  іс-
тәжірибем  көрсеткендей,  мұғалім-оқулық-жеке  тұлға  арасындағым  әрекеттестіктің  маңызы 
зор екендігі анықталды. Осы әдісті тиімді пайдалану негізінде төмендегідей нәтижелерге қол 
жеткізуге болады: 
1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. 
2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. 
3.Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың. 
4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың. 
5.Оқушыларды ізденіске баулып,өз бетімен жұмыс істеугеүйретеді. 
6.Оқушылардың  қабілеттері,сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы,  шығармашылық 
белсенділігі артады. 
7.Жеке тұлғаның сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби 
сенімін қалыптастырады. 
Ұлы  ағартушы  Ы.Алтынсариннің  «Егер  балалар  бірдеңені  түсінбейтін  болса,онда 
оқытушы  оларды кіналауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» деген 
қанатты  сөзі  еріксіз  ойға  оралады.  Жобалау  әдісі-мақсаты,міндеті  баланың  даму 
заңдылықтарына  сәйкес  берілген  оқыту  деп  жоғарыда  айтып  өткендей,  бұл  әдіс  «еркін 
шығармашылық  әрекеттің  субьектісі,  ал  адамның  дамуының  өзі–оның    еркіндікке  деген 
қозғалысы,  ой  еркіндігі»екендігі  айқын.  Өзімнің  іс-тәжірибем  көрсеткендей,  мұғалім-
оқулық-жеке тұлға арасындағы әрекеттестіктің маңызы зор екендігі анықталды. Осы аталып 
өткен  технологияларды    жүйелі,  тиімді  пайдалану  негізінде  төмендегідей  нәтижелерге  қол 
жеткізуге болады. 
1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. 
2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. 
3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың. 
4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың. 
5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. 
6.Оқушылардың    қабілеттері,  сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы,  шығармашылық 
белсенділігі артады. 
7.Жеке тұлғаның сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби 
сенімін  қалыптастырады.  Осы  тұрғыда  7-сыныпта  әдебиет  пәнінен  қазақтың  жазушысы 
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат»әңгімесінің идеясын ашуда оқушылар өз ойларын 
ортаға  салды.  Алтайдың  «Кербұғысы»  атанған  О.Бөкейдің  шығармашылығының 
әрқайсысында ұлттық болмыстың ар тазалығын, жан сұлулығын, сезімнің мөлдірлігін танып 
білуде осы сабақтың маңызы ерекше болды. Мәтінді талдауда оқушыларды үш топқа бөліп, 
әр топқа төмендегідей тапсырма берілді. 
I топқа: Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегіқазақ ауылының жай-күйі суреттеледі.  
Тапсырма:1.Біздің ауылдың өмірі. 
                  2.Тортай менің достарым 
                  3.Тортайдың үңгірдегі өмірі 

302 
 
                  4.Тортайдың ертегісі    
(Осы  топта  бір  бала  Алтайдың  сұлу  табиғатын  әңгіме  желісі  бойынша  сурет  салып 
жатады.)  
II  топқа:  Қолына  түскен  кітапты  талғамсыз  оқи  берген  Тортай  жалғыздығын, 
жетімдігін ұмытып, бойын жазушы болсам деген арман билейді. 
Тапсырма:  1.Әкемде, шешем де-сен. 
                    2.Жайлауда. 
                    3.Тортайдың арманы. 
                    4. «Ақ боз атымды саған сыйлаймын»   
(Кең далада шауып бара жатқан ақ боз аттың суретін салады.)   
III топқа: Тортай армадаған ақ боз атты Ораш мініп кетті. 
                 Тортай-малды,жанды ауылдағы қарапайым адам.  
Тортайдың Орашқа деген жүректі тебірентер ой түйін жеткізеді. 
Тапсырма:   1.Үйді,малды болған Тортай 
                     2.Тортай неге Орашпен тілдеспеді? Жеке тұлғадағы кім? 
                     3.« Баяғыда бір жетім бала болыпты....» 
                     4.Автор-Ораштың ой түйіні. 
   (Ақ боз атты қайтаруға неге кеш болды?)   
Міне,  осы  тапсырмаларды  орындай  келе,  оқушылар  Тортай  мен  Орашқа  хат  жазды:     
Раушан:  Тортай  сен  арманыңа  жету  үшін  күресе  алмадың.  Сен  қорқақсың,  -дейді.  Әсем: 
Тортай сен армандаған ақ боз атқа Ораш мініп кетті. Сен өзіңе сенімсіз болғандықтан ақ боз 
аттан айрылдың. Сенің өзіңе сенбегенің, кітап оқығанда да таңдамай оқи бердің. Тек қиялға 
берілдің. Сенің қатең осы, енді бәрі кеш, -дейді. Әсет: Ораш сен досыңды неге ауылда тастап 
кеттің?  Екеуің  бірге  кеткенде  Тортайдың  «жазушы  болсам»,  деген  арманы  орындалар  ма 
еді?,  -  дейді.  Азамат:  Тортай  сенің  арманыңның  орындалмауына  Ұлы  Отан  соғысы  кінәлі. 
Соғыс  болмаса,  сен  де  арманыңа  жетер  едің.  Бір  қуанарым,  ауылдағы  бір  үйдің  әкесі, 
отбасының тірегі болғаныңа қуанамын, - дейді. Берілген тапсырмаларды шығармашылықпен 
орындауға,  топ  намысын  қорғауға,  дәлелдермен  сөйлеуге  үйрету  баланың  ықыласын, 
қызығушылығын арттырады. Сабақ мазмұнына сәйкес бірде «жазушылар», бірде «ақындар», 
бірде «суретшілер», бірде «тапқырлар» бірде «ойшылдар» болып шығуына ықпал еткен ұстаз 
еңбегі  маңызды  еңбек.  «Дүниеге  теңіз  терең  емес,  адамның  жаны  терең»  деп  М.Жұмабаев 
айтқандай  бала  жанын  түсіну,  анықтау  үшін  тұңғиық  тереңге  бойлау  қиын  да  күрделі  іс. 
Сондықтан мұғалімге білім мен тәрбие беру ісінде жаңа заман технологиясын жетік меңгеру, 
заман талабын жан тәнімен сезіне білу, бала жанының құпиясын ашуда мың құбылып, мың 
түрлене білу шеберлігін меңгерумен қарулану өте қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім»  туралы  заңы.  2007  жылғы  шілденің  27-сі. 
//ҚР-сы Парламент жаршысы.-2007.-№ 20.-3-68 б.  
2.
 
Әбдірахманова  Ә.  Ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  //  Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті орыс мектебінде.-2014.-№ 1.-15-19 б.  
3.
 
Дәулетиярқызы  А.  Оқытудың  әлемдік  деңгейдегі  инновациялық  әдіс-тәсілдері  // 
Қазақ тілі мен әдебиеті.-2013.-№ 12.-18-25 б.  
4.
 
Керейбаева  Қ.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  тиімділігі  //  Қазақ  тілі 
мен әдебиеті орыс мектебінде. -2014. -№ 1. -26-34 б.  
5.
 
Төлеуова А. Жаңа технологиялар негізінде оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. -2013, 
-№ 8. -15-17 б.  
 
 
 
 
 

303 
 
ӘОК37.013.02 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ ДІНИ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ, ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ 
РАДИКАЛИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Тортаева Ү.Б. 
«Ескелді ауданы әкімдігінің Сейфуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын 
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Seifullin@list.ru
 
 
Мен сөзімді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 
2050»  стратегиясы:  Бейбітшілік,  Руханият  және  Келісім  мәдениеті»  атты  тақырыпта 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XXI  сессиясында  сөйлеген  сөзімен  бастамақпын. 
Елбасымыз  өз  сөзінде  «Ислам  діні  әу  баста  Жаратушыдан  біздің  ата-бабаларымызға  қалай 
түссе,  бүгінгі  Қазақстанға  дәл  солай  жетуін  тарихтың  өзі  камтамасыз  етті.  Қасиетті  қазақ 
жерінде  әсіредіншілдер  ешқашан  болмаған.  Қазақ  халқының  рухани  болмысы  әрдайым 
гуманизммен  және  ішкі  тұтастығымен  ерекшеленеді.  Ата-бабалардан  мирас  болған  осынау 
ұлы  қасиеттен  айырылуға  бүгінгі  буынның  ешбір  хақы  жоқ.  Сондықтан,  мен  қазақ 
зиялыларын,  рухани  жетекшілерін,  барлық  және  әрбір  қазақты 
 
ұстаздардың  ұлағатын 
ұмытпауға  шақырамын.  Біз  ұрпағымызды  жат  ықпалдардан  қорғауға,  адасқандарды  ақылға 
шақырып,  оларды  оқыс  қадамдардан  сақтандыруға  тиіспіз.»  дейді.  Әкстремизм  деген  не? 
Радикализм  деген  не?  Грек  жұрнағымен  аяқталатын  «әкстремизм»  деген  латын  сөзі  - 
«шеттеу», яғни, орталықтан ауытқу, жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-
әрекет жасаушы дегенді білдіреді. « Әкстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм» 
сөзі.  Бұл  сөз  де  жанама  түрде  мейлі  дінде,  мінез-құлықта,  пікірде  болсын,  қалыпты,  дұрыс 
деп  қабылданған  деңгейден  ауытқу.  Әкстремизм  жалпы  түрде  ешбір  мөлшерді,  тәртіпті 
мойындамайтын,  өзінің  шектен  шыққан  пікірі  мен  іс-әрекеттері  арқылы  ерекшеленген 
адамдарды білдіреді. Әкстремизмнің негізгі белгілері: 
1.  Мемлекетте  диктатура  орнатуды  ашық  жариялайды,  яғни,  бұл  дегеніміз  -  елдегі 
азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту. 
2.  Елдегі  конституциялық  құрылымды  үзілді-кесілді  мойындамайды,  оны  зорлық-
зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды. 
3. Заңсыз қарулы жасақтар құрады. 
4. Елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады. Сонымен 
қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді. 
5. Елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға 
ұмтылады.  Жалпы  әкстремизмнің  қай  түрі  болса  да  тұтас  әлемге,  мемлекеттің  ұлттық 
қауіпсіздігіне,  елдің  тұтастығына,  азаматтардың  құкығына  және  бостандығына  үлкен  қауіп 
төндіреді. Әкстремизмнің шығу себептері: 
1.  Адамның  надандыққа,  көрсоқырлыққа  негізделген  өз  көзқарасы,  пікірінің 
орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен 
ақиқат  жағдайын  түсінбейді  немесе  түсінгісі  келмейді.  Олардың  түсінігінде  тек  олар  ғана 
тура,  басқаның  барлығы  да  адасушылар.  Сондықтан  да  олар  басқаларды  әділетсіз,  әрі 
қатыгез деп айыптауды өзіне міндет санайды. 
2. Олардың ешбір  кажеті  болмаса  да, әр  істе шектен тыс  шығып кетуге бейім тұруы. 
Басқаларды  да  осыған  итермелейді.  Нәтижесінде,  адамдар  арасындағы  қалыпты  қарым-
қатынас  бұзылып,  қоғамдағы  үйлесімді  тіршілік  арнасынан  ауытқып,  әлеуметтік 
толқулардың тууына себеп болады. 3. Сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен 
сенімсіздіктен туады. «Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның 
санасы басқаларды өзіне жау көрді»,-дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам екінші 
адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нәрсе айтқан 

304 
 
болып  шығады.  Жалпылама  алынған  «Кінәсі  дәлелденбеген  -кінәсіз»  деген  қағидаға  қарсы 
келіп, әкстремистер басқаны жылдам кінәлай отырып, тез үкім шығарады. 
Әкстремистерден  қандай  зиян  келеді?  Олар  ислам  құндылықтарын  насихаттауды 
бетперде  қылып  алып,  әкстремистік  идеяларды  насихаттайды,  «исламдық  тәртіп»  үшін 
күреске шақыратын топтар құрады, халық мүддесі үшін күресетіндер ретінде өздеріне имидж 
қалыптастырады,  басқа  экстремистік  ұйымдармен  тығыз  байланыс  жасайды  және  бірігеді. 
Түрғындардың  діни  сенімдерін  саудаға  сала  жүріп,  мемлекеттік  институттар  мен  діни 
ұйымдар  арасындағы  қарым-қатынастағы  аздаған  тәжірибелерін  пайдалана  отырып,  бұл 
радикалды  топтар  өздерінің  белгілі  бір  міндеттерін  шешуге  тырысады.  Әкстремизге  қарсы 
күрес  саласында  мемлекет  тарапынан  істелініп  жатқан  іс-шаралар  өте  ауқымды  және  жан-
жақты жүргізілуде. 
• 2012 ж. 1900-ден астам сайтқа талдау жасалып, оның 45-і сот шешімімен жабылды 
•  2014  ж.  1-тоқсанында  500-ге  жуық  сайтқа  талдау  жасалып,  оның  20-сына  қатысты 
ақпарат прокуратураға жолданды 
•  Әлеуметтік  желілерде  және  видеохостингтерде  агенттіктің  арнайы  аккаунттары 
ашылған 
• Е-islam» ағартушылық ғаламтор ресурсын іске қосу жоспарлануда 
•  Арнайы  стационарлық  орындардың  орналасу  тәртібі  жергілікті  мемлекеттік 
органдар тарапынан заңды түрде бекітілген. 
Республика бойынша 212 кітап дүкені ресми түрде қызмет атқаруда. 
•  Рұқсат  етілмеген  жерлерде  діни  әдебиеттерді  таратқан  түлғаларға  әкімшілік  шара 
қолданылады 
    Діни әкстремизм мен радикализмнің алдын алу жұмыстары 
• Аумақтарда ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу; 
•  Діни  әкстремизм  мен  радикализмге  қарсы  әрекет  жөніндегі  мемлекеттік 
бағдарламаны дайындауға белсене атсалысу; 
•  Теріс  пиғылды  діни  ағымдардан  зардап  шеккендерге  көмек  көрсету  орталықтарын 
мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдауды қамтамасыз ету; 
•  Пенитенциарлық  жүйедегі  мекемелерде  теріс  пиғылды  діни  ағымдардың  әрекетіне 
қарсы  тұру  және  олардың  алдын  алу  бойынша  ІІМ  КАЖК-мен  бірге  арнайы  жұмыстарды 
атқару; • Күштік органдар қызметкерлерінің дін мәселелері жөніндегі біліктілігін арттыру 
• Аумақтарда ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу; 
•  Діни  экстремизм  мен  радикализмге  қарсы  әрекет  жөніндегі  мемлекеттік 
бағдарламаны дайындауға белсене атсалысу; 
•  Теріс  пиғылды  діни  ағымдардан  зардап  шеккендерге  көмек  көрсету  орталықтарын 
мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдауды қамтамасыз ету; 
•  Пенитенциарлық  жүйедегі  мекемелерде  теріс  пиғылды  діни  ағымдардың  әрекетіне 
қарсы  тұру  жэне  олардың  алдын  алу  бойынша  ІІМ  ҚАЖК-мен  бірге  арнайы  жұмыстарды 
атқару; 
• Күштік органдар қызметкерлерінің дін мәселелері жөніндегі біліктілігін арттыру 
• - «Дін жэне әйел»; 
• - «Таблиғи жамағат - теріс пиғылды діни ағым»; 
• - «Жастар және дін»; 
• - «Жастар экстремизмге қарсы»; 
• - «Ислам терроризмге қарсы»; 
• - «Тәкфіршілік - діни экстремизмнің ең қауіпті түрлерінің бірі»; 
• - «ҚР-дағы діни сенім бостандыгы»; 
• - «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз»; 
Қазақстан  Республикасының  Президентінің  Жарлығымен  Қазақстандағы  діни 
экстремизм  мен    терроризмге  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  2013-2017  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарлама  бекітілді.  Бағдарламаның  негізгі  мақсаты  діни  экстремизм 
көріністерінің  алдын  алу  және  терроризм  қатерлеріне  жол  бермеу  арқылы  адамның 

305 
 
қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.Бұл мақсатқа қол 
жеткізу  үшін  діни  экстремизм  және  терроризм  алдын-алу  барысында  іс-шара  жоспары 
құрылып,  жоспар  бойынша  іс-шаралар  өтті.  9-10  сыныптар  арасында  «Деструктивті  діни 
ұйымдардың  шырмауынан  абай  болуыңыз»  атты  тқырыпта    9ә  сынып  жетекшісі 
С.Ғ.Саурамбекова 8-11 сыныптар арасында баяндама оқыды.  
 
Деструктивті діни ұйымдарда болудың  
төмендегі зардаптары  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер  сіз  оқушының  немесе  туысқандарыңыздың    мінез-құлқында  өзгерістерді 
байқасаныз: 

 
Мәліметтер жинақтап, күнделік қалыптастырыңыз: 

Оқушының  байланыстағы  адамдарының  аты-жөнін,  телефон  және  мекен-жайын 
жазып алыңыз; 

Топқа қатысы бар барлық мәліметтерді сақтаңыз; 

Оқушы мен топтың қарым қатынасына байланысты оқиғалары күнделік арнап жазып 
отырыңыз; 

Жақын  туыстарыңызға  тікелей  немесе  жанама  өтіп  жатқан  ақша  мөлшерін  есепке 
алып жазып отырыңыз. 

 
Егер  іріткі  ұйым  түрі  Сіз  үшін  белгілі  болса,  жаңа  орта  аттарын,  лақап  аттарын, 
сөздерін,  кестесінің  ерекшеліктерін  жазып  белгілеп  отырыңыз.  Осы  мәліметтер 
бойынша мамандар сіздің ізденісіңізді белгілеп береді. 

 
Мүмкін құқық қорғау немесе медицина тарапынан іс-әрекеттер жасауға тура келеді. 

 
Егер  ата-аналардың  біреуі  өзінің  кәмелет  жасқа  толмаған  баласын  іріткі  ұйымға 
тартып  жатқаны  туралы  сізге  белгілі  болса,  шұғыл  түрде  орталық  мамандарға 
хабарласыңыз. 
12  қыркүйек  күні  «Дін  саласындағы  мәселелерді  зерттеу  орталығы»  КММ-нің 
мемлекеттік  орган.  Қоғадық  ұйым  және  діни  бірлестіктермен  өзара  іс-әрекет  ету  бөлімінің 
нұсқаушысы  Нүсіпханов  Тимур  Нүсіпханұлы,  Алматы  облысы  «Жас  сарбаз»  әскери 
патриоттық  тәрбие  беру  орталығы  төрағасы  Боранбаев  Дамир  Қалыбекұлы,  аудандық  ішкі 
саясат    бөлім  қызметкерлері  дін  пәнінің  мұғалімдері,  мектеп  оқушылары,  ауданның  бас 
имамы, БАҚ өкілдерінің қатысуымен , «Дін және жастар тәрбиесі» атты тақырыпта семинар 
өтті.  Бұл  іс-шараның  негізгі  мақсаты  Жасөспірімдер  арасында  діни  сауатын  дамыту  және 
діни  экстремизм  мен  терроризмнің  ХХІ  ғасырдағы  қаупі  жайлы  ескерту.  Кіріспе  сөзді 
Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Бектуров Мұрат Мұхтарұлы ауданда дін 
Жеке 
ерекшелік-
тердің 
бұзылуы. 
 
Торығу. 
 
Өз өмірін 
бақылаудан 
және еркінен 
айырлу. 
 
Жан жарақатынан 
кейінгі күйзеліске  
байланысты
 
жабырқаушылық 
Табиғи 
еріктілігінен 
айырылуын, әзіл 
түсінуден қалу. 
 
Психологиялық 
жағдайдың 
нашарлауы, үрей 
мен 
мазасыздықтың 
ұстамалары, 
бағытынан адасу. 
 
Ұйқының 
бұзылып, 
қорқынышты 
түстер көру. 
 
Шешім 
қабылдауда 
тәуелділіктің 
болуы. 

306 
 
ақуал жайлы және діни экстремизмді алдын алу жұмыстары жайлы ақпарат берді.  Алматы 
облысының дін істер басқармасынан келген Т.Н.Нүсіпханов сөз алып Экстремизмнің шығу 
себептері, негізгі белгілері,  жастарымызды экстремизмнен сақтап қалу жайлы айтып кетті. 
Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарына дұрыс жауап алды.  
    Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саясм  бағыты»  атты  Жолдауында  елдің  дәстүрлері  мен  мәдени 
нормаларына  сәйкес  келетін  діни  сана  қалыптастыруымыз  керек  деп  атай  отырып,  ХХІ 
ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.  
Шындығында,  дін  зайырлы  қоғамымыздың  ажырамас  бөлігі  болып  табылады, 
сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға 
әрқашанда мүдделік танытады. 
Негізгі  жалпы  көріністе,  экстремизм  қоғамдағы  өмір  сүріп  түрған  ережелер  мен 
нормаларды радикалды түрде теріске шығаратын өрескел әрекеттер мен көзқарастар жолын 
ұстаушылар  болып  сипатталады.  Қоғамның  саяси  саласында  көрініс  табатын  экстремизм, 
саяси  экстремизм  деп  аталады,  діни  салада  орын  алған  экстремизм  діни  экстремизм  деген 
атауға ие болған. 
Біз  діни  экстремизмнің  алдын  алу  бағыттарының  бірі  ретінде  Қазақстан  қоғамында 
діни  сауаттылықты  арттыруға  ерекше  мән  береміз.  Қазақстандықтар  діни  көзқарасының 
әркелкілігіне  қарамастан,  зайырлы  елімізде  имансыздық,  діни  ой-пікірлердің  радикалдануы 
секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол бермеу жолында бірігуі керек. 
Діни  экстремизм  өзінің  мәні  жағынан,  қазіргі  дәуірге  тән  діни  мен  зайырлылықтың 
бөлінуіне  радикалды  өштіктен  басқа  түк  те  емес.  Бұқаралық  деңгейде  дінді  тек  рухани, 
сондай-ақ  саяси  қатынастарда  да,  адамнан  үстем  терминдермен  түсіндіруге  ұмтылу  туралы 
әңгімелер  жүргізілуде.  Абсолютті  бірегей  деп,  саяси  экстремизмнің  түрлері  болып 
табылатын, этникалық халықтық экстремизмді, діни-саяси экстремизмді айтуға болады. 
Қорыта  келгенде  халқымыз  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге 
болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтпаған.  Сондықтан  да 
баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік 
сияқты құнды қасиеттерді сіңіртуде, тәрбиелеуде отбасы үлкен рөл атқарады. 
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.  «Үлкенді сыйла», 
«Сәлем  бер,  жолын  кесіп  өтпе»  деген  секілді  ұлағатты  сөздердің  мәні  өте  зор. 
Адамгершілікті,  ар-_ұяты  бар  адамның  бет-бейнесі  иманжүзді,  жарқын,  биязы,  парасатты 
болады.  Ондай  адамды  халық  «Иман  жүзді  кісі»  деп  қүрметтеп  сыйлаған.  Балаларымызды 
имандылықка  тәрбиелеу  үшін  олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік, 
қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық,  ізеттілік  сияқты  қасиеттерді 
бойына  сіңірту  керек.  Баланы  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет  көрсетуге,  иманды  болуға, 
адамгершілікке баулуға үйрету қажет. 
Діни  сайттардың  жұмысын  қадағалауды  күшейтумен  қатар  балабақшаларда  тұлға 
ретінде қалыптастыру,  мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы 
оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды тереңдете игеру жолдарын қарастыру керек. 
Тек  осы  қағидаларды  бойымызға  сіңірген  жағдайда  ғана  осындай  теріс  пиғылды  діни 
ағымдарға жэне діни экстремизмге тосқауыл қоя аламыз. Халқымыздың мақсаты - ынтымақ 
пен бірлік және бейбіт өмір кешу. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 Діни экстремизм мен террозизмге жол жоқ! 3-4 бет.   Талдықорған, 2014жыл. 
2.
 
Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 20 сұрақ-жауап «Дін және қоғам». 
5 бет. Талдықорған, 2014жыл. 
3.
 
Қоғамның заманаи даму жағдайының өзекті мәселелері. Талдықорған, 2014жыл. 
4.
 
Діни экстремиз ғасыр індеті. Мақала 2014жыл. 
5.
 
Қазақстан жастарының діндік мәдениеті. Жетісу газеті 2014жыл. 
 

307 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет