Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет42/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48

ӘОК 613.95  
 
ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Тулепова С.И., аға оқытушы, магистр, Мамекова А.Т., аға оқытушы, магистр 
Абуханова А.Б., аға оқытушы, магистр 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
tuliepova.saltanat@mail.ru 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халкына  Жолдауында:  «Ұлттық  бәсекелестікке 
қабілеттілік  бірінші  кезекте  оның  біліктілік  деңгейімен  айқындалады.  Әлемдік  білім 
кеңістігіне  толығымен  кіруге  білім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге  көтеруді  талап 
ететіні  сөзсіз»,  -  деп  көрсеткендей,  қазіргі  кезде  мұғалімдердің  біліктілігін  неғұрлым  сапалы 
деңгейге  көтеруде  білім  беру  жүйесінін  қызметкерлерін  кайта  даярлау  жөніндегі 
республикалық  және  аймақтық  институттарда  әлемдік  деңгейдегі  жаңа  технологияларды 
кеңінен қолдануды қажет етеді. Жаңа формация педагогін даярлауда жоғары педагогикалық 
оқу  орының  ескөрсек,  оқытудың  жаңа  технологияларын  педагогикалық  процеске  енгізудің 
әдістемелік нұсқауын даярлау - өмір талабы. 
Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  міндеттеріне  сай  өскелен  ұрпақты  өмірге 
бейімдеудің жаңа талаптары туындайды. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім 
беруде мұғалімдер тиімді оқытудың түрлерін меңгеруге тиісті. 
Қазіргі  кезеңдегі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңашыл  әдіс-тәсілдерін,  педагогикалық 
технологияларын игерген, өзіндік даңғыл жол салуды білетін, икемді, шығармашыл педагог-
зерттеуші мұғалімді мектеп қажететеді. 
Жаңа  технологияларды  қолданатың  мұғалімдер  үнемі  ізденісте  болады.  Ізденіс 
барысында мұғалім оқыту міндеттерін шешудің жолдарын айқындайды. 
Ол үшін мұғалім: 
-
 
оқушының  білімді  терең  меңгеруіне  ықпал  ететін  әдіс-тәсілдерді сараптайды; 
-
 
әр түрлі оқулықтарды талдайды; 
-
 
сабақтың тақырыбына қажетті оқу-әдістемелік құралдарды қарастырады
-
 
қосымша  әдебиеттерден  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратың  мәтіндерді 
іріктейді; 
-
 
іріктелініп  алынган  материалдың  мазмұның  сабақтың  мақсатына  сай  болуын 
қадағалайды; 
-
 
оқушылардың  жаңа  материалды  меңгеруіне  бағытталған  тапсырмалар  жүйесін 
қарастырады. 
Мектеп  мұғалімдері  оқушыларға  тиімді  білім  беруде  жаңаша  әдіс-тәсілдерді, 
сабақты  ұйымдастырудың  жаңа  түрлерін  ізденіп,  талпынуда.  Олай  болса,  бастауыш  сынып 
оқушыларына  сапалы  білім  беру  үшін  жаңа  оқыту  технологияларын  қолдану  қажеттілігі 
туындап отыр.  
Білім  алушының  (оқушы)  жеке  тұлғасының  жан-жақты  дамуы  үшін  қолайлы 
жағдайлар  жасау,  даралық  қасиетін,  шығармашылық  мүмкіндіктерін  ашу  —  бұл 
интерактивті оқытуға бағытталған педагогикалық процестің белгілері. Осыған орай, мектеп 
ғылыми негіздегі жаңа бағыттарды қажет етеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім жүйесінің басты міндеті - 
ұлттық  және  жалпы  адамдық  құндылықтар,  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері  негізінде 
тұлғаның  жан-жақты  қалыптасуы  мен  дамуына  бағытталған  білімді  алу  үшін  қолайлы 
жағдайлар жасау» - делінген. [1]. Қойылған міндетті шешудің жолдарын іздеу педагогикалық 
зерттеулердің әр түрлі бағыттарында жүріп жатыр. 
Бастауыш сынып оқушылары өмірде теориялық және практикалық маңыздылығы бар 
саналы білім алуға ұмтылады. Осыған орай, ата-аналар, педагогтар оларға тек осындай білім 

308 
 
алуларына көмектесуі тиіс. Бұл мәселеге байланысты мынадай сұрақ туындайды: оқушыларға 
лайықты білім алу үшін қалай көмектесуге болады?  
Қойылған  сұраққа  жауап  іздеу  дүниетану  сабағында  жаңа  технологияның 
пайдаланудың  қамтамасыз  етуді  кездөйтін  педагогикалық  процестің  ғылыми  негіздеріне 
байланысты. 
Педагогикалық  процесс  екі  жақты  екендігі  белгілі:  оқушы  әрекетінің  нәтижесі 
мұғалімнің  әрекетінің  нәтижелеріне  тәуелді  немесе  керісінше.  «Табыс»  (жетістік) 
түсіндірмелі сөздіктерде оң нәтиже ретінде анықталады. Мұғалімдер  мен  бастауыш  мектеп 
оқушылары  әрекеттеріндегі  оң  нәтижелерге  жету  мәселесін  зерттеу  көрсеткендей, 
педагогикалық  процесс  субьектісінін  табысты  әрекеті  шарттарының  бірі  болып  - 
интерактивті оқытуды қолдану табылады. 
Жаңа  педагогикалық  технологиялар  өріс  алуына  орай  оқыту  үрдісіне  «интерактивті 
оқыту», «интерактивті оқыту әдістері» ұғымдары жиі қолданылатың болды. Бұл ұғымдардың 
ортақ  түбірі  «интер»  ағылшын  тілінің  «бірлескен  әрекет»  деген  сөздерінен  енген.  
«Интерактивті  оқыту» өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған белсенді оқыту деп анықтауға 
болады, ал  «Интерактивті оқыту  әдістерінің»  ұғымының мәні  оқушылардың өзара белсенді 
байланыста болып, мұғалімдермен бірлесіп отырып жұмыс жасау, оқу-танымдық нәтижелерге 
жету. Интерактивті оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден артықшылығы, оқушыларды енжар 
тыңдаушы  емес,  белсенді,  өз  бетімен  білім  ізденуші,  табиғат,  қоғам  заңдарын  өздігімен 
ұғынуға мүмкіндік тудыруда. 
Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  Л.В.Занков  және  т.б.  ғалымдардың  зерттеулері 
оқытудағы  қарама-қайшылықтарды  тек  дамыта  оқытудың  көмегімен  ғана  жоюға 
болатының дәлелдеді [4,5]. 
Интерактивті  оқыту  осындай  дидактикалық  әрекеттің  бір  түрі  бола  отырып, 
педагогикалық  процестің  субьектері  ортасындағы  белсенді  өзара  әрекетін  болжайды. 
Педагогикалық  процесс  субъектілеріне  Оқушылардың  ортасы  келесі  әрекеттестік 
сипаттарымен ерекшеленді: 

 
топтың  және  индивидтің  табысына  ықпал  етуші  педагогикалық  процеске 
оқушылардың қолайлы қарым- қатынасы; 

 
оқу барысындағы психологиялық қолайлы жағдайлар

 
білімді  өздігімен  ізденуді,  мониторинг  пен  өзіндік  рефлексияны  қамтамасыз  ететін 
жағдайлар; 

 
оқушылардың белсенді өзара әрекет арқылы талданатын, тексерілетін, дәлелденетін, 
практиқада қолдануға дайындалатың жеткілікті деңгейдегі толық және дұрыс ақпаратты алуы. 
Қазіргі  таңда  мектеп  алдына  қойылатың  талаптар  оқушылардың  мектеп 
бағдарламасының мазмұның жан-жақты меңгерген, кұзіреттілік деңгейі жоғары, адамгершілігі 
мол  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  бағытталады.  Ендеше,  бастауыш  мектептегі 
педагогикалық  процесс  жаңа  оқыту  технологияларына  ие  болып,  мұғалімларды  сол 
технологиялардағы  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып  оқыту  қажет.  Ол  үшін  әр  түрлі 
оқыту  технологияларының  мәнін  ашып,  теориялық  және  практикалық  маңыздылығын 
анықтап,  қолданудың  шарттарын  айқындау  қажет.  Олай  болса,  интерактивті  әдістерді 
бастауыш  мектепте  қолданудың  мүмкіндіктерін  қарастырып,  олардың  тиімділігін  іс-
тәжірибемен ұштастыру керек. [2,3]. 
Жалпы  интерактивті  әдістерді  қолдану  сабақтарында  мұғалімнің  орындайтың 
қызметтерінің түрлері ерекше: 
-
 
ұйымдастырушы; 
-
 
бағыт беруші; 
-
 
зерттеуші; 
-
 
бақылаушы, бағыттаушы; 
-
 
дамытушы; 
-
 
жобалаушы; 
-
 
тәрбиеші; 

309 
 
-
 
бағалаушы. 
Мұғалімнің  бұл  функциялары  педагогикалық  процеске  оқушыларды  өздігімен  білім 
іздеуге,  сұрақ  қоюға,  талдауға,  пікірталасқа  қатысу  с.с.  т.б.  әрекеттерін  орындауға 
бағыттайды. 
Интерактивті оқытудың басты қағидалары: 

 
өзара оқыту, өзара әрекет, өзара көмек; 

 
оқушылар бір—бірімен тәжірибе алмасатың және білімімен бөлісетін психологиялық 
жағымды ахуал; 

 
өзара тексеру, өзара бағалау

 
терең ойлауды дамыту көмегімен білімді өздігімен іздену; 
•  өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау. 
Интерактивті  оқытудың  мұғалім  төмендегі  көрсетілген  ережелерді  естен  шығармауы 
тиіс: 
1.
 
Оқу әрекетіне оқушылардың түгел қатыстыру, танымға барлығын түгел жұмылдыру. 
2.
 
Оқушылар  өздерін  еркін  сезіну  үшін  қолайлы  психологиялық  ахуал  тудыру, 
сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін мадактап отыру. 
3.
 
Әрбір  оқушының  пікірін  мұқият  тыңдап,  көзқарасын  білдіруге,  дәлелдеп  жауап 
беруге мүмкіндік жасау. 
4.
 
Сыныпта  оқушыларға  топ  құруға,  орындарын  ауыстыруға,  «сергектік»  сәттерді 
өткізуге, ыңғайлы қозғалуға жағдай жасалыну керек. 
5.
 
Оқушылардың  топтарға  бөлініп  жұмыс  істеу  барысында,  мұғалім  әр  топтың 
қызметіне арнайы көңіл бөліп, жұмыс мазмұның есепке алуы тиіс. 
6.
 
Оқушылардың  жекеше,  жұптағы,  топтағы  жұмыстарына  әділетті,  объективті  түрде 
баға беру керек. 
7.
 
Оқушыларды дамытудың, жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды факторы 
олардың  білімі  мен  дағдыларының  дәрежесі  ғана  емес,  сонымен  бірге  олардың  бойындағы 
адамгершілік т.б. қасиеттерді тәрбиелеу. 
Аталған  қағидалар  мен  ережелер  әрекетке  жетекші  болып  табылады,  педагогикалық 
процесс субъектілерің оң нәтижелер алуға, яғни табысты әрекетке бағыттайды. 
Жаңа  оқыту  технологияларында  қарым-қатынас  мәдениеттілігі  мәселесі  маңызды 
орын  алуда.  Табысты  іс-әрекетке  жету  үшін  психологиялық  факторларды  есепке  алу  керек. 
Психолог  зерттеушілерінін  пікірінше,  іс-әрекет  табыстылығы  төмендегідей  көрсеткіштермен 
анықталады: 
-
 
денсаулығының мықты болуы; 
-
 
көтеріңкі көңіл - күйі; 
-
 
оқу материалдарын қабылдай білуі; 
-
 
есте сақтау қабілеті; 
-
 
жағымды көңіл күй әсері; 
-
 
елестету қабілеті; 
-
 
болжамдар жасай білуі; 
-
 
қарым - қатынас мәдениеттілігі. 
Ғалымдар  қандай  да  іс-әрекет  түрлерін  орындауда  оқушыларға  табыстылыққа 
ұмтылуды басшылыққа алу керектігін ұсынады. 
Оқушылардың  «Сұрақ  -  жауап»  әдісін  өздігімен  қолдану  үшін  оларға  сұрақ  қоюды 
арнайы  үйреткен  жөн.  Өзіндік  жұмыстарда  сұрақ  қою  әдісін  дұрыс  қолдану  табысты 
әрекетке жетелейді. 
Сұрақ қою талаптары: 
1)
 
сұрақ нақты, дәл қойылуы; 
2)
 
сұрақ сөйлемнің дұрыс құрылуы; 
3)
 
сұрақ сөйлемі анық, сөздері түсінікті болуы; 
4)
 
сұрақтардың бірізділікпен қойылуы; 
5)
 
сұрақта жауаптың болмауы. 

310 
 
Дұрыс  жауаптың  болуы  осы  талаптардың  орындалуына  байланысты.  Оқушының 
өзіндік  жұмыстарында  мұғаліммен  бірлескен  оқу  әрекетінде  сұрақ-жауап  әдісін  қолдану 
білімді меңгеру үшін маңызды роль атқарады. 
Мектепте  педагогикалық  үрдісте  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыруда  «Эссе» 
әдісінің  мәні  оқушыларды  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  бағыттайды.  «Эссе» 
әдісін  сабақ  соңында  өздігімен  орындайтың  тапсырма  ретінде  беру  үшін  мұғалім  оның 
тақырыбын дайындап айту керек. Мысалы, сабақ тақырыбы «Ауаның ластануы» бойынша 
оқушыларға  «Менің  ауаны таза сақтау мәселесі бойынша ой пікірім» деген тақырыпқа 
эссе  жазу  тапсырылады.  Оқушылар  эссе  жазу  барысында  жан-жақты  ізденеді,  түрлі 
теорияның  мағлұматтарымен  танысып  мәселені  талқылайды,  өз  ойын  жүйелеп,  шағын 
шығарма жазады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың шығармашылығын дамытуда 
Сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдері 
1 .Топтық жұмыс.  
2. «Ойға шабуыл» 
3.Мәтінді рольге бөліп оқу әдісі. 
3.
 
Бірлескен ізденіс. 
4.
 
Хабарлап оқыту әдісі. 
Бүгінгі  күні  мектепте  оқушыларды  оқытудың  жаңа  жолдары,  әдіс-тәсілдері 
айқындалуда.  Осы  орайда  мемлекеттік  «Білім»  бағдарламасында  атап  көрсетілген  «Сапалы 
білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін» кұру, «әлемдік 
білім  кеңістігіне  интеграциялау  үшін  жағдай  жасау»  -  бүгінгі  мектептің  алдында  тұрған 
міндет.  Белсенді  оқыту  әдістерін  қолдану  үшін  мұғалімнің  өздігімен  дайындалуы,  сол 
әдістерді тиімді пайдалану тетіктерін меңгеруі - үнемі білімді дамыту негізінде мүмкін. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстаи Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылга 
арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан - 2004. 
2. Рысбаева А.Қ., Киясова Б. Мектепнда оқытудың жаңа технологияларын қолдану 
мәселелері // Қаз.Мем.Қыз.ПИ. Хабаршы, 2007 №4, 85-88 б. 
3. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. - М, 1995 г. 
4.
 
Выготский Л.С. Психология. Т.З.М, 2000 
5.
 
Леонтьев А.Н.Деятельность, сознание, личность. М.2007 г. 
 
 
ЕОК373.1.02:39=(512.122) 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ГЕНЕЗИСІ 
 
Тундебаева Жансая Серікқажықызы, магистрант  
Ғылыми жетекшісі: Борибекова Ф.Б., ф.п.ғ.к доцент,  
Болысбаев Ж., №3 мектеп мұғалімі 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
tundebaevajansais@g.mail.com
 
 
Педагогикалық  жаңалық  –  жаңа  идеялар,  әдістер,  технологиялар  ғана  емес, 
педагогикалық  үрдіс  элементтерінің  бірлігінің  немесе  жеке  элементтерінің    білім  беру  мен 
тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады. 
Технологиялардың  пайда  болу  ең  алдымен  әртүрлі  теориялық  және  тәжірибелік  іс-
әрекетаймақтарына  техникалық  прогрестің  енуімен  байланысты  А.С.Макаренко  бүкіл 
әлемдік танымал «Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан 
технологиялық логика  құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. 
Тек  сол  себепті  ғана  бізде  педагогикалық  өндірістің  барлық  манызды  бөлімдері  жоқ: 

311 
 
технологиялық  үрдісс,  операциялар  есебі,  конструкторлық  жұмыстар,  құралдарды 
пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер,теріске шығару », - деген. 
Оқыту  үрдісін  технологияландыру  туралы  пікірі  осыдан  400  жыл  бұрын 
Я.А.Коменский  оның  пікірінше  оқыту  «технологиялық»  болу  қажет.  Оның  мағынасы  нені 
үйретсе де, нені оқытса да оқу үрдісі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою,осы 
мақсатқа  жетудің  құралдарын  іздестіру,бұл  құралдарды  қолданудың  ережелерін  табу 
маңызды болды. 
АҚШ-та  үстіміздегі  ғасырдың  30-шы  жылдарында  техникалық  құралдарды 
пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл көбіне 
оқу үрдісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды. 
60-шы  жылдарда  америкалық  және  батыс  Еуропалық  білім  берудегі  реформаларға 
байланысты  «оқу үрдісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады» мағынасын 
беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның 
мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды 
даму нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық 
технология  ақпаратты  өңдеу,  сақтау,  беру  әдістері  мен  құралдарының  табыстарына 
байланысты  дамудың  барлық  мүмкіндіктеріне  ие  бола  алатын  әлеуметтік    технологияның 
маңызды  компоненті  болып  табылады.  Педагогикалық  технология  ұғымының  қалыптасуы 
мен  дамуының  барысында  педагогикалық  технология  ұғымының  мәні  түрліше 
қарастырылады.  Педагогикалық  технология  мәселесіне  арналған  П.Я.Гальперин, 
В.В.Давыдов,  В.М.Кларин,  Ж.А.Қараев,  Т.Т.Галиев  т.б.  ғылымдардың  еңбектерінде  оқыту 
технологиясын  техникалық  құралдардың  көмегімен  оқыту  деген  ұғынудан  бастап 
педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған. 
М.П.Сибирская  бойынша  «әдістеме»  мен  «технологияның»  салыстырмалы 
сипаттамасын қарастырады. 
Міне,  осында  педагогикалық  технологияның  оқыту  әдістемесі  және  тәрбиелеу 
жұмысынан айырмашылығы байқалады.Егер «әдістеме»  ұғымы, оларды орындауға қатысты 
емес  оқытудың  әдістері  және  тәсілінің  жиынтығын  қолдану  көпкейіпкерлік  белгілерінде 
жинақтауын  анықтайды.  Осыдан  келіп,  яғни  кез-  келген  педагогикалық  тапсырма  тек  қана 
белгілі  жетілдірілген  педагог  маманның  іс-әрекеті  мен  негізгі  технологиялардың  көмегімен 
тиімді шешіледі. 
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа 
жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі  болып 
табылады.  Қажетті  мазмұнды,  тиімді  әдістер  мен  құралдарды  бағдарлама  мен  қойылған 
педагогикалық  міндетке  сәйкес    іріктей  білу  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігіне 
байланысты.Берілген  анықтамалардан  “технология”  techne  –  өнер,  шеберлік  және  logos- 
ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады. 
Педагогикалық  технологиялар  тарихын,  оның  пайда  болуын  және  манызды 
құрлымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. 
Ғалымдардың  тарихи-педагогикалық  зерттеулерін  талдау  педагогикалық  технологияның 
бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды. 
И.Г.Песталоцийдің педагогикалық маңызды мәселенің бірі «Әрбір арнайы даярланған 
мұғалім кез-келген оқушыны оқытып, тәрбиелей алатындай білім берудің  «тетігін» жасауы 
қажет  деуін  оқытуды  технологияландыру  деп  түсінген  жөн.  Сондай-ақ  жиырмасыншы 
ғасырдың  бірінші  жартысындағы  С.Т.Щацкийдің,  Н.И.Попованың,  В.Н.Сорокин-Росинский 
технологиялар  соны  құбылыстар  деуге  тұрарлық.  Әр  түрлі  тұжырымдамалық  негізге 
құрылған  мұндай  технологиялар  ортақ  жалпы  педагогикалық  ұстанымдарды  басшылыққа 
алды. Олар: әр бала өмірдін  және еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен 
дамыту, оны әлеуметтік мәнді әрекеттерге қатыстыру нәтижесінде әр жақты дамыған тұлға 
қалыптастыру ұстанымдары. 
Ю.Н.Кулюткин  кәсіпкер  ұстаздың  іс-әрекетіндегі  «мөлшерлік  шығармашылық 
белсенділікті»  ара  қатынасы  мазмұны  мен  мәнінен  бөлек,  абстрактылы  түрде 

312 
 
қарастырылмайды  дейді.  Егер  «іс-әрекеттің  немқұрайлы  іс-әрекеттік  құрлымымен  бірге 
ұстаздың  шығармашылық  белсенділігі  де  мөлшермен  берілсе,жаңа  педагогикалық  ойлар 
және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі»,-дейді. 
М.С.Левит:  «кәсіби  жұмыс  технологиясын  менгермеген  педагог,  оқытудың 
стратегиясы  мен  тактикасы  жайлы  білімді  қайдан  алу  керек  екенін  білмейді.  Тек  жоғары 
дәрежедегі шығармашылықпен ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды», - деген екен. 
В.П.Беспальконың  айтуынша,  әрбір  іс-әрекет  не  технология,  не  өнер  болуы  мүмкін. 
Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, 
технологиямен  аяқталады,  ал    педагогикалық  іскерлікке  онсыз  айналып  өтуге  болмайды. 
Экспромтқа қарама-қарсы,  интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық 
іс-әрекетке  көшу болып табылады. 
Оқыту  технологиясын  жаппай  ендіруді  зерттеушілер  60-шы  жылдардың  басына 
жатқызады  және  оны  алғашында  американдық,  ал  одан  соң  европалық  мектептің  қайта 
өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал 
зерттеушілер:  Дж.Кэролл,  Л.Н.Ланд,  Ю.К.Бабанский,  Л.М.Эрдниев,  Н.П.Раченко, 
Л.Я.Зорина,  В.П.Беспалько,  М.П.Хомерики  және  басқалардың  ғылыми  еңбектерінде 
көрсетілген. 
Бастапқыда  көрсетілген  педагогтер  оқыту  технологиясы,  оқу  технологиясы  және 
педагогикалық  технология  арасында  өзгешілік  қоймады.  «Педагогикалық  технология» 
термині  тек  қана  оқытуға  байланысты  қолданылады,  ал  оқу  технологиясы  өзі  техникалық 
құралмен  оқытуды  түсіндіріледі.  Бүгін  пеагогикалық  технологияны,  педагогикалық 
тапсырмаларды  шешумен  байланысты,  педагогтің  зерттеу  іс-әрекеті  ретінде  немесе  алдын-
ала жобаланған педагогикалық  үрдісін тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы 
ретінде  түсіндіріледі.  Педагогикалық  технология  туралы  бұндай  көріністер  былай 
анықталады: 
-
 
өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың 
әр түрлі тандаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері; 
-
 
мақсатқа  сай  педагогикалық  технологияларды  өзіндік  таңдау  мүмкіндіктері, 
мұғалім  және  оқушылар  іскерліктерінің  өзара  байланысты  мүмкіндіктерімен  және 
шарттарымен байланысты. 
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін 
ғылыми  жобалау  және  нақты  өндіру.  Сонымен  педагогикалық  үрдісс  белгілі  жүйе 
қағидаларында  құрылатын  болғандықтан,  педагогикалық  технология  сыртқы  және  ішкі 
болып  бөлінеді.Осы  қағидаларды  жалғастырмалы  орындау  олардың  обьективті  қарым-
қатынасында  және  педагогтің  тұлғасын  толық  көрсететін  жинағы  ретінде  қарастырылуы 
мүмкін. 
Қоршаған  ортамен  оның  қарым-қатынастарына  қатысты  балаға  ғылыми  негізделген 
әсер ету. Н.Е.Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа 
қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық 
технология  бұл  көзқарастан  –  бұл  табиғи  және  тепе-тең  педагогтің  іс-әрекеті,  жетіліп  келе 
жатқан  жағдайды  сипаттайды.  Психологиялық-педагогикалық  және  оның  жоғарғы 
руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланысты болады. 
Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары  (дидактикалық технологиялар) 
және  тәрбиелеу  технологиялары  ретінде  қарастырылуы  мүмкін.  В.В.Ликан  бұл 
технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді: 
-
 
технология  нақты  педагогикалық  ой  түрінде  өндіріледі,  оның  негізінде  автордың 
белгілі  әдіснамалық  философиялық  ұстанымы  жатады.Осылайша,  білім  беру  үрдісінің 
технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады; 
-
 
педагогикалық  іс-әрекеттердің  технологиялық  тізбегі  операциялары,  қарым-
қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес 
тізбектеледі; 

313 
 
-
 
диалогтық  қарым-қатынас  адами  және  технологиялық  мүмкіндіктерді  тиімді  іске 
асыру,  даралау  және  саралау  қағидаларын  негізге  ала  отырып  келісімді  түрлі  мұғалім  мен 
оқушылардың өзара қарым-қатынасы іс-әрекетін технология қарастырады; 
-
 
педагогикалық  технологияның  элементтері  бір  жағынан  кез-келген  мұғаліммен 
өндірілуі  қажет,  ал  екінші  жағынан  қарағанда  барлық  оқушылардың  жобаланған 
қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді
-
 
педагогикалық  технологиялардың  органикалық  бөлігі  болып  табылатындар  – 
диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және 
ережелер, белгілі ұстанымдар. 
Педагогикалық  технология  педагогикалық  шеберлікпен  өзара  қарым-қатынаста. 
Педагогикалық  технологияны  өте  жақсы  меңгеру  дегеніміздің  өзі  –  шеберлік.  Технология 
және  шеберлік  қатынастарына  қарағанда  меңгеруге  болатын  педагогикалық  технология 
басқалар  сияқты  тек  қана  орталықтанбайды.  Педагогтің  тұлғалық  ерекшеліктерімен 
анықталатыны  байқалады.  Бір  ғана  технология  әр  түрлі  мұғалімдермен  іске  асуы 
мүмкін,бірақ  оны іске  асыру  ерекшеліктерінде  олардың  осы  педагогикалық  шеберлігі  және 
кәсіби іскерлігі көрінеді. 
Сонымен,  оқыту  технологиясы  сабақ  беру  әдістемесімен  салыстырғанда, 
оқушылардың  өздерінің  іс-әрекетін  ұйымдастыру  тәсілдері  және  мазмұнын  өндіруді 
көрсетеді.  Олар  диагностикалық  білім  маңыздылығын  және  оқыту  үрдісінің  қасиеттерінің 
жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Ксензова  Г.Ю.  Перспективные  школьные  технологии.  –  М.:Педагогическое 
общество России,2000 
2.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации  /  Сост.А.П.Чернявская.-
Ярославль:изд-во ЯГПУ им К.Д.Ушинского, 2002 
3. Рысбаева А.Қ., Қоңырбаева С.С. және басқалар. Жоғары оқу орындарындағы білім 
мазмұны және оқыту технологиялары. /  Дәрістер жинағы /.- Алматы: «Полиграфия –Сервис 
К», 2010 
4.  Селевко  Г.К.  Авторские  программы,  педагогические  технологии,  инновационные 
школы.- Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997 
5.  Монахов  В.Проектирование  и  внедрение  новых  технологий  обучения.- 
М.:Педагогика, 1990  г 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет