Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет26/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48

УДК
 
800-899 
 
БІЛІМ
 
БЕРУДІҢ
 
ЖАҢА
 
САПАСЫНДАҒЫ
 
ИННОВАЦИЯ
 
ҰҒЫМЫ 
 
Молдабаева Әйгерім Болатбекқызы, Тлегенова Гүлнұр Алмухамбетқызы 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Қазіргі кезеңде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы 
бастамалар  мен  түрлендірулер  жаңашылдыққа  кеңінен  жол  ашуда.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
ұрпақ  тәрбиесімен  айналысатын  әлеуметтік-педагогикалық  қызметтің  тиімділігін  арттыру, 
оны  жаңа  сапада  ұйымдастыру  қажеттілігі  туындайды.  Бұл  үшін  оқытушыларға 
инновациялық  іс-әрекеттің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  мақсат  етіледі.  Ал, 
жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік 
деңгейіне  жеткізеді.  Сондықтан,  оқытушының  біліктілігін  көтеру  мен  шығармашылық, 

199 
 
педагогикалық 
әрекетін 
ұйымдастыруда 
қазіргі 
инновациялық 
педагогикалық 
технологияларды меңгерудің маңызы зор.  
 
«Инновация  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әр  түрлі  анықтамалар 
берген. Мысалы,  Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді:  «Инновация  – нақтылы бір 
адамға  жаңа  болып  табылатын  идея».  Майлс:  «Инновация  –  арнайы  жаңа  өзгеріс.  Біз  одан 
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді [1].  
 
Ендеше  «инновация»  ұғымы  –  педагогикалық  сөздік  қорына  ежелден  енген  термин. 
Кейбір ғалымдардың еңбектерінде оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.  
 
Инновация  термині  қазірде  білім  берудің  теориясы  мен  тәжірибесінде  кеңінен 
қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория 
ретінде  берілмеген.  Берілетін  анықтамалардың  көпшілігі  бұл  ұғымды  кеңінен  терең  таныта 
алмайды.  Инновацияны  «білім  беру  жүйесіндегі  жаңалық  енгізу»  деп  айтсақ,  оның 
мағынасын тарылтқан болар едік.  
 
«Инновация»  ұғымы  ең  бірінші  ХІХ  ғасырда  мәдениеттанушылардың  зерттеуінен 
пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және 
бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.  
 
«Инновация»  латыншадан  аударғанда  «жаңа»,  «жаңалық»,  «жаңарту»  дегенді 
білдіреді  екен.  Яғни,  С.Ожегов  сөздігіне  сүйенсек,  инновация  -  бірінші  рет  шыққан, 
жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан 
таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.  
 
«Инновация»  ұғымын  әр  елде  әр  түрлі  түсінген,  кейбір  мемлекеттерде  (АҚШ, 
Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру 
мүмкін  емес.  Сондықтан,  әр  елде  бұл  құбылысқа  қандай  көзқарас  қалыптасқанын  анықтау 
мақсатымен  ғылыми-педагогикалық,  техникалық,  саяси  әдебиеттер  мен  баспа  беттерін 
қарастыра  келе,  Ресейде,  Еуропа,  ТМД  елдерінде,  Қазақстанда  «инновация»  ұғымына 
көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.  
 
Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, ХІХ-ХХ ғасыр 
басындағы  бірде-бір  білім  реформаларында  бұл  термин  кездеспейді.  Негізінде  реформа 
жүзеге  асқан,  яғни  инновациялық  үрдіс  өткен,  бірақ  «инновация»  термині  еш  жерде 
аталмайды.  
 
Ал,  Америка  ғалымдары  Биль  және  Болен  педагогикалық  инновацияны  «құрамына 
материалдық  ғана  емес,  сол  материалды  қолданудағы  көзқарастардың  кешенді  өзгеруін 
білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді [1].  
 
Нейхоз  инновацияны  үрдіс  деп  есептейді  де,  «инновация  қандай  да  бір  идеялардан 
басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын 
үрдіс» дейді.  
 
Қазақстан  мемлекетінде  «инновация»  ұғымын  пайдалану  соңғы  бес  жылдың 
еншісінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай 
Нұрахметов.  Ол  «Инновация,  инновациялық  үрдіс  деп  отырғанымыз  –  білім  беру 
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек 
қызметі»  деп  жазған.  Ал,  инновация  негізін  құраушы  ұғымдардың:  «инновация», 
«нововедение»,  «новшество»,  «новое»  т.б.  қазақша  аудармаларын  жасаған  Ы.Алтынсарин 
атындағы  білім  мәселелерін  ғылыми-зерттеу  институтының  әдіскері  Қ.Құдайбергенова 
болып табылады. Ол өз еңбектерінде  «инновация»-жаңарту,  «нововедение»-енген жаңалық, 
«новое»-жаңа, «новшество»-жаңалық, «инновациялық процесс»-жаңарту үрдісі деп таратады 
[1]. 
 
«Инновация» сөзі-қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте 
жиі  қолданылып  жүрген  термин.  Қазір  бұл  сөз  «жаңа,  өзгеру,  жаңаша»  деген  мағынаны 
білдіреді,  яғни  дәл  қазіргі  жаңа  заманға  да  «жаңа,  жаңаша  өзгерудің»  қажеттілігі  туындап 
отыр.  Бұл  әдістеменің  негізінде  үйренушінің  дербес  қабілеті,  белсенділігін  қалыптастыру, 
оқыту  материалдарын  өзінше  пайдалану  арқылы  танымдық  белсенділігін  арттыру  алға 
шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:  

200 
 
-
 
үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;  
-
 
оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;  
-
 
мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;  
-
 
үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;  
-
 
көрнекілік құралдарын  көбірек пайдалану  арқылы  сезіміне,  қабылдау  эмоциясына 
әсер ету [2, 11б.].  
Енді оқырманға таныс және беймәлім білім беру жүйесіндегі инновациялық 
ұғымдарға және олардың беретін мағынасы мен мәніне тоқталайық. 
Инновация  (жаңашылдық)  –  жаңа  немесе  жетілген  өнім  (технология,  қызмет,  тауар) 
негізінде алынған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. 
Инновациялық  қызмет  –  ғылыми-техникалық,  ғылыми-технологиялық  жетістіктерді 
енгізуге  бағытталған  және  инновацияны  құрып,  меңгеру  мақсатындағы  зияткерлік  қызмет 
нәтижелері. 
Инновациялық  орталық  –  ғылыми-зерттеу  қызметі  мен  білім  беру  үрдісіне 
инновациялық оқу бағдарламаларын енгізуде және құруда ғылыми және практикалық қолдау 
көрсететін құрылымдық бөлімшелердің бірлестігі. 
Инновациялық педагогика (педагогикалық  инноватика) - мемлекеттік инновациялық 
саясатты жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық қызметті жаңарту үрдісін, қағидаларын, 
әдіс-тәсілдерін анықтайтын педагогикалық ғылымдар саласы. 
Құрылымы: 
Педагогикалық  аксиология  –  педагогикалық  жаңалықтар  мен  инновацияны 
педагогикалық ұйымның меңгеруі, бағалауы, қабылдауы туралы ғылыми тұжырым. 
Педагогикалық неология – жаңа педагогикалық теория мен практика туралы ғылыми 
тұжырым. 
Педагогикалық  праксиология  –  педагогикалық  жаңалықты  енгізу  және  қолдану 
қызметі туралы ғылыми тұжырым. 
Инновациялық педагогикалық қызмет – қалыпты қызметтің шығармашылық қызметін 
бейнелейтін әлеуметтік-педагогикалық феномен.  
Педагогтің инновациялық қызметінің деңгейлері: 
1.
 
Бейімделу  деңгейі  –  педагогикалық  жағдаяттарға  қажетті  дайындықтың 
жеткіліксіздігі. 
2.
 
Репродуктивті деңгей – педагогикалық жаңашылдыққа деген алғашқы баспалдақ. 
3.
 
Эвристикалық деңгей – жаңащылдықты енгізудегі бекемділік, мақсаттылық. 
4.
 
Креативті  деңгей  –  педагогтың  шығармашылық  белсенділігі,  инновациялық 
қызметтің жоғары сатылы нәтижелілігі.  
Білім  беру  жүйесіндегі  жаңашылдық  –  білім  беру  жүйесіндегі  мақсатты  шынайы 
өзгеріс.  
Оқу-тәрбие  үрдісінде  көрініс  табатын  жаңашылдық  түрлерін  былай  топтастыруға 
болады: 
-
 
білім беру мазмұнында; 
-
 
педагогикалық үрдістегі әдістеме, технология, түр, әдіс-тәсілдерде; 
-
 
білім беру үрдісін ұйымдастыруда; 
-
 
білім беру мекемелерін басқару жүйесінде; 
Өзгеріс  көлеміне  байланысты:  жекелей  (бір-бірімен  байланыспаған),  модульдік  (бір-
бірімен байланысқан кешен), жүйелілік (барлық білім беру мекемесін қамтыған) 
Инновациялық потенциалына байланысты: модификациялық инновация  – біліктілікті 
арттыру, 
түрді 
өзгерту, 
бағдарлама, 
әдістеме, 
құрылымдарды 
сәйкестігінше 
модернизациялау. 
Комбинаторлық  инновация  –  ерте  кезден  белгілі,  қазір  қолданыста  болмаған  белгілі 
әдістің элементтерін жаңамен байланыстыру. 
Радикалды инновация – білім беру мекемелерінің даму деңгейін түбегейлі өзгерту.  
Қоршаған орта аспектісі:  

201 
 
Инновациялық ахуал – отандық және әлемдік білім беру тәжірибесінде инновациялық 
үрдістің  оны  басқарудағы  оң  және  теріс  әсері  және  білім  беруді  ұйымдастырудағы 
жаңашылдықтардың бірлігі. 
Инновациялық  алаң  –  инновациялық  үрдіс  жүзеге  асып  жатқан  білім  беру  кеңістігі 
(мектепке дейінгі мекеме, мектеп, кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО және т.б.) 
Инновациялық  орта  –  педагогикалық  жаңашылдықты  тудырып,  оның  жүзеге  асуын 
жеделдететін, жалпы инновациялық үрдісті қоршаған орта. 
Инновациялық  жағдаят  –  педагогикалық  жаңашылдықты  тудырып,  жүзеге  асыру, 
қолдануға негіз болатын жағдай, талап, талғамдар.  
Инновациялы-білім  беру  консорциумы  –  келісім  шарт  негізінде  ерікті  түрде,  тең 
құқылы ЖОО, ғылыми ұйымдар мен өзге де заңды тұлғалардың бірігуі. Өндіріс аймағында 
инновациялық  технологиялар,  фундаменталды,  қолданбалы  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 
базасында жоғары білікті  мамандарды дайындау үшін зияткерлік, қаржылық  және басқа да 
ресурстарды біріктіреді.  
Инновациялық педагогикалық ұйымдастыру – шынайы технологиялық аспект. 
Инновациялық үрдіс субъектісі – білім беру мекемесін жаңарту процесіне тартылған 
ұйымдар, тұлғалар мен мекемелер. 
Тұлғалы-қызметтік аспект: 
Педагог-инноватор  –  педагог  (педагогикалық  ұжым,  ұжымдық  инноватор), 
инновациялық үрдісті жүзеге асырушы, яғни жаңаны құру, оны жүзеге асыру және қолдану, 
педагог-ойлаушы, педагог-зерттеуші. 
Инновациялық  жанұя  –  инновациялық  тәртіп  қызметіндегі  қоғамдық  білім  беру, 
ұжым. 
Инновациялық  мәдениет  –  тек  педагогика  саласында  ғана  емес,  өмірдің  өзінде  де 
жаңашылдықтың  шынайылығына  деген  қолдау  мен  қабілет,  дайындық,  жаңа  идеяларды 
жақын  қабылдап,  білім,  білік,  дағдыны  шыңдау.  Инновациялық  құндылықтардың  адамның 
рухани өмірінде көрініс беруі. 
Инновациялық  аспектегі  ақпараттық  мәдениет  –  жаңаны  меңгерудегі  ақпараттық 
ортамен байланысты адамның кәсіби маңызды құндылықтары, тиімді, рационалды, этикалық 
тағылымдары. 
Инновациялық ойлау – танымның ең жоғарғы сатысы. 
Инновациялы-моделділік  қызмет  –  педагогикалық  мамандықтарды  оқытуда  жалпы 
білім беретін, мәдени және әлеуметтік негізге бағытталған жаңа педагогикалық ойлау. 
Инновациялық  потенциал  –  педагогикалық  жаңашылдықты  қабылдаудағы  рухани 
мәдениет. 
Ұйымдастырушылық-тенологиялық аспект: 
Инновациялық ниет – мүмкін болған тұтынушылардың сұранысына талдау, ғылыми-
техникалық  үрдісті  болжау,  отандық  және  шетелдік  ғылыми-зерттеу  базалары,  өзге  де 
өндірушілердің тұжырымдары, лицензияларынан туындаған жүйелі анықтама. 
Инновациялық жоба – қабылданған инновациялық ниет. 
Инновациялық 
қадам 
– 
дәстүрлі 
тапсырмаларды 
шешуге 
бағытталған, 
шығармашылықпен қайта қалыптасқан жағдай. 
Инновациялық жоспар – бекітілген инновациялық жоба. 
Инновациялық оқыту – білімді басқарудың ерекше типі. Дәстрүлі оқытуға қарағанда 
оқытушы мен оқушы қызметін ұйымдастырудағы демократиялық бастама. 
Білім берудің инновациялық технологиялары: 
Инновациялық  оқыту  технологиялары  –  тұлғалық-бағдарлық,  интеграциялық, 
ұжымдық  қабілет,  қпараттық,  қашықтан  оқыту,  дамытушылық  және  т.б.  технологиялар 
негізінде оқушының оқу үрдісіне деген қабілетін жақсарту. 
Инновациялық  тәрбие технологиялары  –  тәрбиеленушінің  жалпы  адамзаттық  түсінік 
негізінде тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру. 

202 
 
Инновациялық  басқару  технологиялары  –  жетекшіге  басқаруда  шешім  қабылдауға 
жағдай  жасайтын  жаңа  экономикалық,  психологиялық,  диагностикалық,  ақпараттық 
технологиялар.  Инновациялық  басқару  технологияларының  жетекшісі  басқару  қабілеті 
жоғары, білім беру менеджменті, инновациялық педагогика теориясынан кәсіби қаруланған 
шығармашылық тұлға болу керек. 
Инновациялық үрдістің құрылымы: 
Қызметтік құрылым – мотив, мақсат,міндет, мазмұн, түр,  әдіс, нәтижелер бірлігі.  
Субьективті құрылым – инновациялық үрдіс кезеңдеріндегі барлық қатысушылардың 
қызметі. 
Деңгейлік  құрылым  –  халықаралық,  республикалық,  облыстық,  қалалық  деңгейдегі 
инновациялық қызмет субъектілерінің өзара байланысы. 
Мазмұндық  құрылым  –  оқу  орнын  басқарудағы  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда 
жаңашылдықты қабылдап, жүзеге асыру. 
Басқарушылық  құрылым  -  өзара  бірліктегі  басқару  қызметінің  төрт  түрін  ұсынады: 
жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, бақылау.  
Басқару аспектісі: 
Инновациялық менеджмент – педагогикалық инновацияны енгізу жағдайындағы білім 
беруді ұйымдастырудағы жетекшілік және басқару. 
Инновациялық барьер – инновацияны жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар [2,111-
114 бб.]. 
Білім  беру  жүйесіндегі  инновация  мәселесі  ХХІ  ғасырда  бір  мақала  емес,  бірнеше 
жылдарға  азық  болатын  заманауи  түсінік.  Сол  себепті,  келтірілген  дәлелдерге  айғақ  болу 
үшін  екінші  тілді  меңгертуде  инновациялық  технологияның  бір  элементі  интербелсенді 
әдістер тиімділігіне тоқталсақ. Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновация шеңберінде оқыту – 
оқу,  үйрету  –  үйрену  сөздерімен  алмастырылып  отырғаны  баршамызға  белгілі.  Бүгінгі 
күннің  басты  ерекшеліктерінің  бірі  «Қазақстан  Республикасының  ақпараттық  кеңістіктің 
бәсекеге  қабілеттігін  2006-2009  жылдарда  дамыту  тұжырымдамасында»  келтірілгендей, 
«ақпараттың  ақылға  сыймайтын  шамадан  тыс,  оны  игеруде  адамның  биологиялық 
мүмкіншіліктерінен  артық»  мөлшерде  дамуы.  Сол  себепті  де,  оқу/оқыту  қысқа  мерзімде 
ақпараттың  көлемді  бөлігін  тиімді  түрде  ұсынатын,  сол  ақпаратты  жоғарғы  деңгейде 
игеретін және пратикада бетке алатын әдістерді қолдануды алға тартады.  
Бұл  талап  білім  саласында  инновациялық  өзгерістерге  әкеліп,  оқудың  негізі  ретінде 
тұлғалық  дамуды  қарастырады,  өйткені  динамика  мен  өзгерістерге  толы  ақпараттық  дәуір 
экономикасы  адамның  білімді  әрі  білікті  тұлғасына  тәуелді.  Өйткені,  ол  дәуірдің 
биологиялық,  әлеуметтік  саяси  сұраныстары.  Адамнан  төмендегідей  құзырлылықтарды 
талап етеді: 
-
 
ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану; 
-
 
проблемаларды шешу және шешім қабылдау; 
-
 
өзіндік  пікір,  идеялар,  тұжырым,  түсінік  келтіру,  оларды  дәлелдей  және  қорғай 
білу; 
-
 
социализмді ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс 
жасай білу, жанжалдарды болдырмау; 
-
 
өмірге  деген  көзқарасын,  ұстанатын  сенімдерін,  қажеттіліктерін,  құндылықтарын 
жалпы адами құндылықтармен байланыстыра білу; 
-
 
өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан дамытып отыру [3, 61-62бб.]. 
Яғни, инновациялық технология, интербелсенді әдістердің негізгі мақсаты 
біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Интернет жүйесі. www.mail.ru, 
wwwgoogle.ru
, www.doklad.ru сайттары  
2.  Мынбаева  А.К.,  Садвакасова  З.М.  Инновационные  методы  обучения,  или  как 
интересно преподавать. А.: 2009 

203 
 
3. Образование и наука // Энциклопедический словарь. А.: 2008 
4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. А.: 2009 
 
 
ӘОК 542.127 
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ 
(Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының 
«Стратегиялық серіктестік-мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
шарты» тақырыбы бойынша  Ескелді ауданы Жалғызағаш орта мектебінде өткізіп жатқан 
ғылыми-эксперимент жұмысы  туралы) 
 
Мұқажанова Н.Қ. 
Алматы облысы, Ескелді ауданы, білім бөлімінің аға әдіскері 
Занигинова Д.К. 
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жалғызағаш орта мектебінің әдіскері 
 
 
Қазақстан  Республикасындағы  қоғамдық  өзгерістердің  ауқымдылығы,  күрделілігі 
білім  беру  саласына,  оның  ішінде,  мектептерде  білім  беру  стратегияларына  өзгерістер 
енгізуді  талап  етеді.Бүгінгі  күні  білім  беру  үрдісінде  әлемдік  деңгейге  жету,  көнерген 
стандарттан  жаңа  үлгідегі  жетілдірілген  оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдаланып, 
тиянақты  білім  көрсеткішіне  жету  мақсаты  тұр.  Бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  мақсатында  
Ескелді  ауданының  білім  бөлімінің    бастамасымен  және    Алматы  облыстық  мұғалімдер 
кәсібін  дамыту  институтының  қолдауымен  Ш.Уәлиханов  атындағы  орта  мектеп 
гимназиясында,  Жалғызағаш  орта  мектебінде,  Ш.Уәлиханов  атындағы  орта  мектебінде 
«Нәтижеге  бағытталған  білім  беруде  тұлғалар  қызметін  ұйымдастыру»  тақырыбында  2007-
2010  оқу  жылдары  аралығында  эксперименттік  жұмыс  жүргізіп,  жаңа  технология  әдісі 
кеңінен  насихатталса,  2010-2013  оқу  жылдарында  «Мұғалімдер  мен  оқушылардың 
шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыру  –  нәтижеге  бағдарланған  білім  беру  шарты» 
тақырыбында  эксперимент  жүргізілді.  Ондағы  басты  мақсат  -  жеке  тұлғаны,  яғни 
оқушыларды, құзыреттілік құндылықтарына баули отырып, білім сапасын арттыру. 
2013-2014 оқу жылынан эксперимент жобасы жаңа тақырыпта жалғасуда.  
2013  жылдан  бастап  «Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 
дамытудың  2012-2016  жылдарға  арналған  мемлекеттік  ұлттық  іс-қимыл  жоспарын»  жүзеге 
асыру  бағытында  педагогтердің  шығармашылық  іс-әрекетін  ұйымдастыру,  стратегиялық 
серіктестікті  жүзеге  асыру  бағытында  тәжірибе  алмасу,  ой-бөлісу  мақсатында  Алматы  
облыстық педагогтердің біліктілігін арттыру  институтының   ұйымдастыруымен  Жалғызағаш 
орта  мектебінде    «Стратегиялық  серіктестік  –  мектеп  оқушыларының  функционалдық 
сауаттылығын дамыту шарты» атты ғылыми эксперимент жұмысы жүргізілуде. Эксперимент 
жұмысының  ғылыми  жетекшісі,институт    директоры,х.ғ.к.,  профессор  Х.  Дюсебаев, 
экспериментке  жауапты  –  үйлестіруші  «Басқару  және  білім  сапасы»  кафедрасының  аға 
оқытушысы, п.ғ.к.М.Валиева    
Эксперименттің  мақсаты:  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 
дамытуда  білім  беру  ұйымдары  арасында  стратегиялық  серіктестік  іс-әрекеттерді 
қалыптастыра  отырып,  тұлғаның  сұранысын  қанағаттандыруға  бағытталған  білім  беру 
кеңістігін ұйымдастыру. 
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі зерттеу әдістері таңдалып алынды:  

 
эмперизмдік  әдістер  (әдебиеттермен  танысу,  педагогикалық  бақылау,  сұрақ-
жауап, сауалнама, тест, рейтинг, мониторинг); 

 
теориялық әдістер (талдау, жинақтау, саралау, салыстыру) 

204 
 

 
интерактивті  әдістер  (іскерлік-шығармашылық  қызмет,  іскерлік  ойын,  үлгілеу 
интеллектуалдық марафон),т.б.  
Эксперимент жұмысы 3 жылға жоспарланған. 
Мектептегі  эксперименттік жұмысты жүргізу мерзімі мен кезеңдері

 
Даярлық (теориялық) кезеңі     2013-2014 оқу жылы 

 
Практикалық (байқау) кезеңі   2014-2015,2015-2016 оқу жылы І  жарты жылдық 

 
Қорытынды кезең                     2015-2016 оқу жылының ІІ  жарты жылдығы 
 Эксперименттің міндеттері: 
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың   мектепаралық 
серіктестік практикасын зерделеу. 
2.  Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  бойынша  шаралар 
жүйесін іске асыру  тетіктерін анықтау. 
3.  Білім  мазмұнын  жаңғыртуды  қамтамасыз  ету:  стандарттар,  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламалар жасауға ықпал ету. 
4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу. 
5.  Мектеп  оқушыларының  білім  сапасын  бағалау  және  мониторинг  жүргізу  жүйесін 
дамыту. 
6.  Мектептің  және  қосымша  білім  беру  жүйесі  ұйымдарының  материалдық-
техникалық базасын нығайту. 
«Стратегиялық  серіктестік  –  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту  шарты»  тақырыбындағы    экспериментті  ұйымдастырудың  негізі  -  бұл  мұғалім  мен 
оқушының  шығармашылық  шеберлігін  шыңдау  арқылы  функционалдық  сауатты  тұлға 
қалыптастыру  және  сапалы  да  саналы,білікті  білімге  бағыттау,  коммуникативті  қарым-
қатынасты  жүзеге  асыру  болып  табылады.Білім  берудің  жаңа  құндылықтарын 
демократияландыру,  ізгілендіру,  вариативті  оқыту  мен  тәрбиелеуге  тұлғалық  бағытталған 
көзқарас және іс-әрекетке шығармашылықпен қарау ұстанымдарына негізделеді. 
Мектеп  әкімшілігі  мен  педагогикалық  ұжымның  негізін  қалаушы  жүйе,  құраушы 
принципі  -  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  бірқатар  нақты  талаптар  қойылып,  оны 
орындау барысында мынандай мәселелер басты назарға алынды:  
-
 
адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен  мүмкіндіктерін 
мойындау; 
-
 
өзара құрмет негізінде сенім атмосферасын қалыптастыру; 
-
 
адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау; 
-
 
шығармашыл  бейімділікті,  қоршаған  ортада  өз  орнын  таба  білуді  барынша 
дамыту. 
Осы  бағытта  Жалғызағаш    орта  мектебі  эксперименттік-тәжірибе  алаңы  ретінде 
белгіленіп, тиісті шығармашылық іс-әрекеттерге бағытталды. Эксперименттік сыныптардың 
білім  сапасы  мұғалімдер  қызметінің  сапасына  тікелей  байланысты.  Даярлық  кезеңінде 
«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың рөлі не?» тақырыбында  
үш  эксперименттік  сынып  пен  үш  бақылау  сыныбы  анықталды.Бұл  сыныптарда    12  ұстаз 
сабақ береді.Олардың  5-і жоғары санатты, 7-і бірінші санатты,          ал 5 ұстаз үш айлық 
деңгейлік курсынан өтіп,білімдерін жетілдірген. 
Осы  кезеңде  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың 
маңыздылығының теориялық негіздерін анықтау мақсатында: 

 
мектеп  ұстаздары  теориялық  және  әдістемелік  әдебиеттермен  танысып,олардың 
мазмұнына талдау жасады; 

 
дамыған  елдердің  осы  тақырыптағы  ғылыми  тұжырымдарымен,соның  негізінде 
жасалған үлгілермен танысты; 

 
оқушылар  арасында    функционалдық  сауаттылықтың  ролі  жайлы  сауалнамалар 
жүргізіліп,талдау жасалды; 

205 
 

 
эксперименттік  және  бақылау  объектілері  белгіленіп,  шығармашылық  топ 
құрылды; 

 
эксперимент жұмысының стратегиялық жоспары дайындалды. 
Жұмыс жүйесінің алғашқы кезеңінде сынып оқушыларынан психологиялық зерттеуге 
арналған  тестер  алынып,    әр  оқушының  дарындылық  қабілетін  байқауға  бағытталған 
мониторинг  жасалды.  Даярлық  кезеңінде  эксперименттік  мектептерге  арналған  Талғар 
ауданындағы  №  28-мектепте,Талдықорған  қаласындағы  №2-мектепте,  Ақсу  ауданы,  Абай 
атындағы  орта  мектепте    семинар-практикумдар  өтіп,  оған    экспериментке  қатысатын  
мұғалімдер тәжірибе алмасу мақсатында қатысып отырды. 
Эксперимент  алаңындағы  сыныптарда  сабақ  беретін  мұғалімдер  оқытудың 
ақпараттық  технологиясын  жүзеге  асыру  мақсатында  он  -  лайн  жүйесіндегі  сабақтарға 
оқушыларды  тікелей  қатыстырып,  қашықтықтан  оқыту  технологиясына  баулу  арқылы 
оқушылардың  қызығушылығын арттырды және интербелсенді тақталарды үнемі пайдалана 
отырып, электрондық оқулықтармен жүйелі жұмыс жасады. 
2014-2015  оқу  жылында  практикалық  байқау  кезеңі    «Мектеп  оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамыту 
жұмыстарын 
оқу-тәрбие 
үдерісіне 
енгізу»тақырыбында жалғасуда. 
Бұл кезеңде: 

 
эксперимент жобасы оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді; 

 
мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығының  қалыптасуына 
педагогикалық-психологиялық жағдай туғызылды; 

 
мұғалімдердің  шеберлігін  шыңдау,шығармашылық  еңбегін  қалыптастыруда 
кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағытында түрлі әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылды; 

 
мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында  шығармашылық  орта-серіктестік  орта 
қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізілуде; 

 
ата-аналардың  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  ролін  нығайту  барысында  олармен  тығыз 
қарым-қатынас жасалуда; 

 
оқу жылының соңында білім беру ұйымын басқарудың үлгісі дайындалады
Мектептегі  эксперимент  барысында  әрбір  жеке  тұлға  теңдессіз,  ерекше 
қайталанбайтын болғандықтан, экспериментке қатысушы негізгі және бақылау обьектісіндегі 
параллель  сыныптар  алынып,  экспериментке  дейінгі  және  өту  кезеңіндегі  білім  сапалары 
сараланып  отырды.Төмендегі  кестеден  екі  сынып  арасындағы  айырмашылықты  бақылай 
аламыз: 
 
 
 
 
 
 
 
Эксперимент 
сыныптар 
Жылы 
Білім 
сапасы 
Бақылау 
сыныптар 
Жылы 
Білім 
сапасы 
6
ә 
2013-2014 
69% 
6
а 
2013-2014 
48% 
2014-2015 
74% 
2014-2015 
52% 
8
а 
2013-2014 
71% 
8
ә 
2013-2014 
47,4% 
2014-2015 
75% 
2014-2015 
49% 
7
а 
2013-2014 
68% 

 
2013-2014 
43% 
2014-2015 
69% 
2014-2015 
51% 
10
а 
2013-2014 
70% 
10ә
 
2013-2014 
53% 
2014-2015 
72% 
2014-2015 
59% 
 
Мектептегі эксперимент алаңы 
Эксперименттік сыныптар 
Бақылау сыныптар 
Салыстырмалы сыныптардағы білім сапасы 

206 
 
Кестеден  байқағандай,  эксперимент  сыныптармен  жан-жақты  жұмыстар  жүргізіп, 
бейімділігіне  қарай  ғылыми  негізге  баулу  арқылы  болашағын  қамтамасыз  етуге  ықпал 
жасалып  отырады.  Оқушылардың  шығармашылығын  дамытуда  түрлі  деңгейлердегі 
байқаулар, 
пәндік 
олимпиадалар, 
жарыстар, 
пікір 
сайыстар, 
конференциялар, 
интеллектуалдық ойындар, тренингтер, сауалнамалар өткізілді. 
Эксперименттің    тәжірибелік  жұмысының  нәтижесінде  білім  сапасының 
жоғарылауымен  қатар  жеке  пәндерге  ынтасы  артқан,  өнер,  спорт  салаларында  да  түрлі 
деңгейлерден биіктен көрініп жүрген, шеберлігі шыңдалған тұлғалар даярланды. 
Эксперимент  сыныбының  оқушылары  Г.Қайрат,  Ш.Тоқтасын,  Е.Құспан  аудан 
көлемінде  өткізіліп  жатқан  Абай,  Мұқағали,  Ілияс  оқуларында    жүлдегерлер  қатарынан 
көрінді.  
2013  жылы  8-сынып  оқушысы  Э.Амуртаев    Атырау  қаласында  өткен  республикалық 
Махамбет оқуларында 3-орын иегері атанды. 
2014  жылы  Т.Шаттық  облыстық  «Зерде»  ғылыми  жобасына  қатысып,  ІІІ  орынды 
иеленді.  
Құқық  пәнінен 10-сынып оқушысы  А.Мухамедчинова облыстық  пән олимпиадасына 
қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды. 
Эксперимент сыныптардағы марафон көрсеткіші 
Жылы 
Кенгуру-
математика 
Золотое 
руно 
Ақбота 
Русский 
медвеженок 
Бридж Бульдок 
І 
ІІ 
ІІІ 
І 
ІІ  ІІІ  І  ІІ  ІІІ  І 
ІІ  ІІІ 
І 
ІІ 
ІІІ 
2013-2014 


 






 





2014-2015 
 
 

 
 

 


 
 

 
 

 
Білім  сапасын  көтерудің  негізгі  тетігі  –  ұстаз,  оның  теориялық  білімі,  кәсіби 
шеберлігі,  шығармашылық  қызметі.  Сондықтан    ұстаздардың  кәсіби  шеберлігін  дамыту 
мақсатында  аудандық  білім  бөлімінің  әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен 
экспериментке  байланысты  мектепішілік  семинар,  конференция,    байқаулар,  коучингтер, 
дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылды. Сонымен қатар экспериментке жауапты – үйлестіруші  
Алматы    облыстық  педагогтердің  біліктілігін  арттыру    институтының    «Басқару  және  білім 
сапасы»  кафедрасының  аға  оқытушысы,  п.ғ.к.  М.Валиева  мектеп  ұстаздарымен  кездесу 
өткізіп,  эксперимент  барысындағы    туындаған  сұрақтарға  нақты  тәжірибелік  көмек  көрсетті. 
Шығармашылық  топтың  есебі  тыңдалып,  диагностика  мен  мониторингтің  әдістемелік 
талаптары түсіндірілді. 
Эксперимент сыныптарындағы оқу-әдістемелік материалдар жинақталып, аудан және 
облыс көлемінде озық-тәжірибелі жинақтарға енгізіліп отыр. 2013 жылы қаңтарда  дәстүрлі 
аймақтық  ғылыми-әдістемелік  конференцияға,  қазан  айында  «Білім-ғылым-қоғам:  Өзара 
ықпалдастық  мәселелері  мен  перспективалары»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 
конференцияларға экспериментке қатысып жүрген 6 мұғалімнің материалдары шықты. 
Эксперименттік  және  бақылау  обьектісіндегі  сыныптарға  сабақ  беретін  мұғалімдер 
арасында шығармашылық, іскерлік, бәсекелестік, сонымен қатар жақсы ахуал орнады.Соның 
нәтижесінде  қолданбалы  курстың  авторлық  бағдарламалары  іс-тәжірибеде  өз    жемісін 
беруде: қазақ тілі пән мұғалімі М.Орынтайдың «Оралхан Бөкей – Қара сөзбен жырлаймын» 
атты курсына қатысқан  оқушылары облыстық, республикалық оқулардан жүлделі оралуда. 
2015 оқу жылы Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 
өткен  республикалық  оқу-әдістемелік  семинарға  биология  пән  мұғалімі  Р.Шаяхметова, 
математика  пән  мұғалімдері  А.Ахмет,  А.Умирбекова  қатысып,  өз  іс-тәжірибелерін 
республика көлемінде таратты. 
2014  жылы  қараша  айында    Жалғызағаш  орта  мектебіндегі  15  жасар                          
оқушылар  РІSА халықаралық байқауына қатысты.  

207 
 
 
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын 
адами  іс-әрекеттердің  әр  түрлі  салаларында,  сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен 
әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін  пайдалана  алу  қабілеттерін 
бағалайды.  РІSА  шеңберіндегі  тестілеу  барысында  функционалдық  сауаттылықтың  үш 
саласы  бағаланады:  оқудағы  сауаттылық,  математикалық  және  жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылық.  Зерттеу  айналым  бойынша  (үш  жылда  бір  рет)  жүргізіледі.  Әрбір  айналымда 
функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. 
Бұл  ретте  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нәтижесі  білім  алушылардың 
жастарға  алған  білімдерін  практикалық  жағдайларда  тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу 
процесінде  сәтті  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  негізгі  құзыреттіліктер  жүйесін  меңгеруі 
болып  табылады.  Негізгі  құзыреттілік  -  бұл  мемлекеттің  орта  мектепті  бітіруші  тұлғаның 
сапасына  мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартында    және  оқу  бағдарламаларында 
көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары. Эксперименттік алаңдағы   8-9 
сынып  оқушылары  РІSА  халықаралық  байқауына  қатысып,  жаңашыл,  рухани-
адамгершілікті,  білімді  де  білікті,  ой-өрісі  кең,  еркін  дамыған,  өзіндік  «мені»  бар  тұлға 
екендерін айқындады. 
Қорыта  келгенде,  эксперименттің  ұстаздар  үшін  де,  оқушылар  үшін  де  маңызы  өте 
жоғары  болмақ.Эксперимент  нәтижесінде  ұстаздар  басқа  эксперименттік  мектеп 
ұстаздарымен  білімдерін  алмастыра  отырып,  семинарлар,  конференциялар,  байқаулар 
арқылы  кәсіби  шеберліктерін  шыңдай  түсті.Оқушылардың  да  білім  сапасы  көтеріліп, 
ізденімпаздық  қабілеттері  жоғарылап,  өзіне  деген  сенімдерінің  қалыптасқанын  анық 
байқауға болады. 
Эксперименттің  қорытынды  кезеңі  2015-2016  оқу  жылының  2-жарты  жылдығына 
жоспарланған.Бұл кезеңде  эксперимент жұмысының нәтижелері сарапталып, қорытындысы 
шығарылады.Зерттеу    нәтижелері  бойынша  әдістемелік  семинарлар,  ғылыми-практикалық, 
ғылыми-әдістемелік 
шаралар 
ұйымдастырылады. 
Қорытынды 
есеп 
даярланып, 
«қазақстандық  функционалдық  сауатты  оқушы»үлгісі  ұсынылады.  Эксперименттің  зерттеу  
барысында алынған ғылыми нәтижелер өңделіп, олар педагогикалық және бұқаралық баспа 
беттерінде жарияланады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- 
Астана, 2010. 
2.
 
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» 
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы 
3.
 
Білім беру ұйымында мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін 
басқару: тәжірибе, игі істер, ізденістер.  
Валиева М. - Алматы: ОПҚБАИ, 2013жыл. 
 
 
ӘОК37.013.2 
 
САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ - ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ 
 
Мықтыбекова Айгүл Айтмұратқызы 
Жетісу орта мектебінің педагог – психологы, Алматы облысы, Ескелді ауданы, 
jetisu-jetisu@mail.ru
 
 
Ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отыратын  дәстүрлер  мен  ізгі  мұраттар  тек  отбасында  ғана 
дамып,  байытыла  түседі.  Адамды  өзара  түсіністікке  алып  келетін  шынайы  да  тұрақты 
сүйіспеншіліктің  дәстүрлері  де  тек  салауатты  отбасында  қалыптасады.  Тәрбиенің  бастапқы 

208 
 
әліппесін  бала  отбасында  алып,  онда  ізгіліктің,  адамгершілік  тәрбиесінің  негізі  қаланады. 
Жеке  тұлғаның  өсіп  жетілуіне  ықпалы  ерекше  болғандықтан,  отбасы  тәрбиесіне 
әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, 
«отбасы» ұғымына мынадай анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы 
жарық  көрген  философиялық  сөздігінде:  «Отбасы-әлеуметтік  қауымдастықтың  түрі,  ерлі-
зайыпты  одаққа  және  туыстық  байланыстарға,  яғни  ері  мен  әйелінің,  ата-аналар  мен 
балалардьң,  аға  інілер  мен  апа-қарындастардың  және  бірге  туып,  ортақ  шаруашылық 
жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы» десе, 
Ж.  Қоянбаевтың  педагогикалық  еңбегінде:  «Отбасы  -  ол  бірге  тұратын  некеге  негізделген 
немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген. Ғалым-педагог өзінің 
зерттеуінде отбасы баланың  «Өмір  жолын бастайтын және қоршаған шындық,  орта туралы 
тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық 
пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді.  
Сонымен  жоғарыда  айтылған  анықтамаларға  сүйене  отырып,  отбасыньң  мынадай 
белгілерін айқындап көрсетуге болады:  
1)  Отбасы  өзара  туысқандық  қатысы  бар,  әртүрлі  жастағы  және  әртүрлі  құқылы 
адамдардан біріккен ұжым;  
2)  Оларды  ерлі-зайыптылық,  ата-аналық,  балалардың  ата-аналарына,  ересектердің 
кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады;  
3)  Ата-аналар  мен  балалар  бір-бірінен  бірі  отбасын  басқарумен,  екіншілері  сол 
отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;  
4)  Отбасы  өмірі  әртүрлі  материалдық  (биологиялық,  шаруашылық)  және  рухани 
(адамгершілік,  құқықтық,  психологиялық,  эстетикалық)  үрдістермен  сипатталады.  Ал 
отбасының  әлеуметтік  рөлі  адамның  өзін  өсіруге,  адам  тегін  ұзартуға  тікелей  қатысымен 
анықталады.  
Ұлы ғұлама әл-Фараби мемлекеттi басқару үшiн ең алдымен кiшi мемлекет болып табылатын 
отбасын  басқару  шеберлiгiн  меңгеру  маңызды  деп  ой  түйiндейдi.  Отбасын  басқару  және 
ондағы  адамдардың  міндеттері  туралы  ғұлама  ғалым  үйдің  белгілі  бір  бөлшектерден 
құралатынын,  оларды  ері  мен  әйелі;  қожайыны  мен  қызметшісі;  әке-шешесі  мен  баласы; 
мүлкі мен мүлік иесі деп көрсетіп, отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп 
көрсетеді.  Бірақ  ұлы  ғұлама  сол  отбасының  немесе  үйдің  әкімі  ер  азамат  па  немесе  әйел 
баласы  болады  ма,  оны  атап  көрсетпейді.  Себебі  оны  басқару  кімде-кім  сол  төрт  бөлікті 
біріктіріп,  ынтымағын  жарастырып  отырса,  сол  әкім  болады  дегенді  меңзейді.  Осы 
пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы 
мен мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай Отбасы - тарихи категория. 
Оның  типтері,  формалары  және  қызметтері  өмір  сүріп  отырған  өндірістік  қатынастардың, 
жалпы  қоғамдық  қатынастардың  сипатына,  сондай-ақ  қоғамның  мәдени  даму  деңгейіне 
байланысты.  Өз  кезегінде  отбасы  да  қоғам  өміріне  ықпал  жасайды.  Ол  баланың  туылуы, 
балалар  мен  жасөспірімдердің  әлеуметтік  орнын  табуы,  үй  шаруашылығындағы  еңбегі,  өз 
мүшелерінің  күші,  рухани  және  адамгершіліктік-эстетикалық  жағынан  дамуына  әсерін 
тигізу.  
Біздін  қоғам  үшін  әр  кезеңде,  әр  отбасында  өсіп  келе  жатқан  өрімдей  ұл-қыздардың 
дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен 
Отанына  адал,  өнегелі  азамат  болып  өсуі  -  ең  жоғары  тілек,  ең  биік  мақсат  болып  келген. 
Оның  қуат  алатын  қайнар  бастауы  -  отбасы.  Сондықтан  адамзат  ұрпағына  отбасының  аса 
құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол секілді 
балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.  
«Отбасы  тәрбиесі»  ұғымының  өзі  «отбасы»  мен  «тәрбие»  категорияларының 
жиынтығы  ғана  емес,  олардың  синтезі  де  болып  табылады.  Оның  қызметі  мен  рөлі, 
отбасындағы  тәрбие  толығымен  қоғамдық  өмір  заңдылықтарына  байланысты  дамиды. 
Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер етеді:  

209 
 
Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір  сүру дәстүрі 
арқылы,  яғни  отбасы  мүшелерінің  материалдық  жэне  рухани  қажетсінуі  мен  әлеуметтік 
құндылықтары арқылы.  
Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе 
отбасындағы  негізгі  көзқарас  пен  тәрбие  үрдісі  қоғамның  тәрбиелік  мақсатына,  идеялық, 
адамгершіліктік  және  эстетикалық  талаптарына  қаншалықты  сәйкес  келуіне  байланысты 
жүзеге асырылады.  
Қазақ  педагогикалық  энциклопедия  сөздігінде  отбасы  тәрбиесі  ұғымы  былайша 
түсіндіріледі:  «Отбасы  тәрбиесі  -  туысқандық  қарым-қатынастар  мен  тұрмыс  жайттары 
балаға  үздіксіз  ықпал  етуші  тәрбиелік  күш».  Отбасы  тәрбиесінің  мәнін  ашу  үшін 
«тәрбиелеу»  және  «әлеуметтендіру»  ұғымдарын  байланыстырып  қарастыру  қажет.  Бүгінге 
дейін  педагогикалық  әдебиеттер  мен  мемлекет  тарапынан  жарық  көрген  құжат-
тұжырымдамаларда  «тәрбие»  ұғымына  әртүрлі  анықтамалар  беріліп  келді.  1993  жылы 
қабылданған  тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында:  «Тәрбие  -  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтап,  іріктеп  алған  озық  тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру, 
баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынасын,  дүниетанымын,  өмірге  деген  көзқарасын 
және соған сай мінез-құлқын қалынтастыру» - деп анықтама берілсе, ал қазақ педагогикалық 
энциклопедия  сөздігінде:  «Тәрбие  -  қоғамдық,  өндірістік  және  мәдени  өмірдің  белсенді 
қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» 
делінген.  Ұлы  ғұлама  Әл-Фараби:  «Бақытқа  жету  жолында»  деген  еңбегінде:  «Тәрбие  - 
халықтардың  бойына  білімге  негізделген  этикалық  ізгіліктер  мен  өнерлерді  дарыту  деген 
сөз» деп анықтама береді.  
Әлеуметтендіру  тәрбие  жүйесінде  жеке  тұлғаны  белгілі  бір  мақсатта  әрекетке  түсіру 
кезінде  жүзеге  асырылады.  Оған  бірнеше  факторлар  ықпал  етеді.  Олар  отбасы,  отбасынан 
тыс  тәрбиелік  мекемелер  және  оқу  орындары,  еңбек  ұжымдары,  қоғамдық  ұйымдар, 
жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі 
нарықтық  қатынас  отбасына  және  ондағы  тәрбие  үрдісіне  үлкен  әсерін  тигізіп  отыр.  Өмір 
тәжірибелері  мен  ғалымдар  зерттеулері  (А.  А.  Вербицкий,  Э.  Д.  Днепров  т.б.)  отбасы 
тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.  
1-тенденция.  Отбасы  тәрбиесінің  әлеуметтік  тенденциясы  нарықтық  қатынас 
жағдайында  жеке  тұлғаның  қалыптасуында  отбасының  жаңа  тұрғыдағы  рөлі  айқындалып 
келеді. Ол - отбасының әлеуметтік рөлі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам 
ағынымен  өмір  сүруге  бейімделе  бастады.  Нарықтық  қатынас  кезеңінде  отбасына  қатысты 
жана экономикалық ұғымдар пайда болып қолданылуда.  
Бүгінгі әрбір отбасының материалдық, экономикалық жағдайы ең алдымен табыс табу 
мәселесінің  шешілуімен  байланысты  болып  отыр.  Әлеуметтік  жағдайы  жақсы 
отбасыларындағы балалар жоғары сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және 
басқа  тәрбие  институттарында  тәрбие  алуға  мүмкіндік  алды.  Отбасы  тәрбиесі  мен  балалар 
болашағын  жоспарлау,  ең  алдымен  әрбір  отбасының  әлеуметтік  жағдайына  қарай  жүзеге 
асады.  
2-тенденция.  Тәрбиенің  индустриялылығы  тенденциясы,  яғни  бүгінгі  қоғам  өміріндегі 
өндірістік  қатынастардың  жан-жақты  дамып,  отбасы  өміріне  ықпал  жасауы  Қоғамның 
мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз 
ғұмыр  кешіп  отырған  қоғамның  балаларына  қарасақ  тіптен  өзгеше,  оларды  тәрбиелеу 
күрделі.  Өйткені  қазіргі  компьютерлендіру  заманында  олардың  алатын  ақпарат  көлемі 
бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі 
барған сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, әрбір отбасы қоғамда пайда 
болған  өндіріс  құралдарын  пайдалануға  мүмкіндік  алды.  Оған  әрбір  отбасында 
компьютердің  пайда  болуы,  жоғары  сапалы  фотоаппараттар  мен  бейнекамералар,  интернет 
желісін  пайдалану  және  т.б.  құралдардың  күнделікті  тұрмыста  қолданылуы  дәлел  бола 
алады. Бұл үрдіс «қоғам- мектеп-отбасы» бағытымен жүзеге асуда.  

210 
 
Бүгінгі  күнгі  отбасында  тәрбиеленіп  жатқан  балалар  өзгешелігі  –  олар  дарынды  да 
алғыр.  Тіпті  жаңа  туған  балалардың  өзінен  ерекшелік  байқауға  болады.  Бұрын  балаларда 
туыла  сала  көз  тоқтату  ерекшелігі  байқалмайтын.  Қазіргі  балалардың  көпшілігі,  туыла 
салысымен  көз  тоқтатып  қарайды,  тіпті  дыбысты  естиді.  Бұрын  балалар  үш  айлығында 
күлетін  болса,  қазір  екі  айлығында  күледі.  Осындай  құбылыстарды  байқасақ  та  байыпты, 
сабақтасты мән бере бермейміз.  
Бүгінгі  күні  ғалымдарды  қызықтырып  жүрген  мәселе  «Индиго  балалар»  ұғымының 
мәні. Бұл туралы ғалымдар: Индиго балалар - жаңа заманның символы іспеттес. «Индиго» - 
қанық көк түс деген ұғымды береді. Жаңа санадағы осы балалардың денесінен бөлінген күш 
пен  шашылған  сәуле  (аура)  осындай  көк  түсті.  Сондықтан  «индиго  балалар»  деп  аталады. 
Бұл балалар көпшілігі ақыл-ой, дарын мен талант иелері. Көптеген зерттеушілердің пікіріне 
сүйенсек,  қазір  12-14  жасқа  дейінгі  балалардың  90%-ы  Индиго  тобына  жататын  балалар. 
Қазіргі  психология  үшін  әдеттен  тыс  құбылыс  саналып  келген  бұл  балалар  бір  атаумен 
аталғанымен, іс-әрекеттері мен мінез-құлқының сипаттамалары алуан түрлі. Олар мынадай:  
- өзінің басқалардан ерекше екендігіне күмәнданбайды;  
- таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекетін түсіндіріп жатпайды;  
-  әдеттегі  көпке  ортақ  талаптарды  орындағысы  келмейді,  шыдамы  жетпейді  (кезекте 
тұру т.б.);  
-  оның  шығармашылығына  қатты  қысым  жасай  бастасаңыз  әрекетінен  жаңылыса 
бастайды;  
- өзінің басқаша мүмкіндігінің бар екендігін біледі және соған сенеді;  
- 3-4 жастағы балаға компьютермен жұмыс істеу сәті түссе, оны меңгеріп кетеді;  
- үлкендер тарапынан жиі көңіл бөлінбесе тұйықталып қалады;  
- тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар мен ескертпелерге көңіл аудармайды.  
Индиго  балалардың  -  гуманистер,  концептуалистер,  суретшілер,  барлық  жағынан 
ерекше  өмір  сүрушілер  деп  аталатын  төрт  түрі  белгілі.  Міне,  осындай  балалармен 
жүргізілетін  жұмыстар  да,  әдіс-тәсілдер  де  бүгінде  ерекше,  әрі  жаңаша  болуға  тиіс.  Олай 
болса, мұғалімдер осындай балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге қаншалықты дайын? Ата-
аналар туралы тіпті айтудың қажеті жоқ.  
Енді осындай ерекше балалармен жұмыс істеу мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, 
ата-аналарға қандай да бір кеңес беру оңай емес.  
3-тенденция.  Отбасы  тәрбиесіндегі  баланың  субъектілік  рөлі.  Бүгінде  қазақ 
балаларының  психологиясы  мен  мінез-құлқында,  жүріс-тұрысында  өзгерістер  пайда  бола 
бастады. Ұлттық болмысымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспеу, тіл алғыштық және т.б. 
қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажетті 
көпшілдік,  белсенділік,  өз  пікірі  мен  көзқарасын  дәлелдеуге  талпынушылық,  алға 
ұмтылушылық  және  т.б.  ұнамды  қасиеттерді  балалар  бойында  қалыптастыру  қоғам 
талаптарына  айналып  отыр.  Әрбір  отбасы  баланың  жан-жақты  дамып  жетілуі  үшін  тәрбие 
институттарының бар мүмкіндіктерін қолдануда.  
4-тенденция.  Мектеп  пен  отбасының  ынтымақтастығы  тенденциясы  Бүгінде  отбасы 
мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары 
сапалы  білім  алып,  жан-жақты  дамуы  үшін  ең  таңдаулы  мектептерге,  тіпті  жоғары  ақылы 
мектептерге  оқытуға  беруде.  Оқушылардың  ұлттық  тәрбие  алуымен  қоса  әлемдік  тәрбие 
жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Отбасының даму тенденциялары 
бүгінгі  нарықтық  қатынас  ықпалынан  туындап  отырғандығы  белгілі.  Осы  тенденциялар 
оқушыларды қоғам талаптарына сай қалыптастыру мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуде 
басшылыққа  алатын  бірнеше  қағидаларды  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Я.А.  Коменский 
отбасын  тәрбиенің  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  және  ұйымдастырылған  сатысы  деп 
санады.  Мұндағы  жұмыстың  мазмұны  ананың  белгілі  бір  деңгейдегі  білімділігін  талап 
етумен  қатар  тәрбиелеу  мен  оқытудың  қарапайым  әдіс-тәсілдерінен  хабардар  болуына 
байланысты.  Сондықтан  отбасы  тәрбиесі  «Ана  мектебі»  жүйесіне  енді.  Осыған  сәйкес 

211 
 
отбасында  баланы  тәрбиелеуді  педагогикалық  жағынан  қамтамасыз  ету  жолдары 
қарастырылды.  
Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А.С. Макаренко, А.В.Сухомлинский, 
Н.К.  Крупская  және  т.б.  педагогтар  еңбектерінде  кеңінен  орын  алған.  А.С.  Макаренко 
отбасындағы  тәрбиенің  негізі  еңбекте  екенін  айта  келіп,  балаларды  отбасы  өміріне 
қатыстыру  ерте  кезден  ойын  әрекетінде,  соңынан  еңбекке  ұласу  арқылы  басталуы  керек 
дейді.  
Оның «Ата-аналар кітабы», «Тәрбиенің жаңа жолдары», «Балаларды тәрбиелеу туралы 
лекциялар» және т.б. еңбектері ата-аналарға отбасы тәрбиесінде кеңес беруге арналған. Ата-
аналардың  бүгінгі  міндеттері  бала  тәрбиесі  екенін  кеңес  педагогтарының  бірі  -  В.  А. 
Сухомлинский  былай  түсіндіреді:  «Егер  сіз  жер  бетінде  өзіңізден  кейін  із  қалдыруды 
армандасаныз-көрнекті  жазушы  немесе  ғалым  т.с.с.  болу  міндетті  емес.  Жақсы  бала 
тәрбиелеп-ақ, өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз», - деп ата-ананың қоғамдағы ең 
бірінші  міндеті  бала  тәрбиелеу  екенін  ескертеді.  Олай  болуын  қоғамның  өзі  талап  етіп 
отырғанын айта келіп: «Адам  - дүниедегі барлық бағалының ішіндегі ең жоғары бағалысы. 
Біздің әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана, мынаны түсінуіміз керек: тәрбие көрмеген шала 
сауатты, надан адам бүлінген двигательдермен аспанға көтерілген самолетпен бірдей - өзі де 
күйрейді, жұртқа да өлім әкеледі", - деді.  
В.А.  Сухомлинский:  «Рухани  қозғау  дегеніміз  бұл  -  «мәпелеу»,  өйткені  балғын 
шағында мәпелеу көрмеген бала жеткіншек кезі мен жаңа есейе бастаған уақытында дөрекі, 
тас  бауыр  болып  кетеді,  мұндай  жағдайлардың  бой  көрсету  себебі  ата-аналардың  билікті 
дұрыс  қолдана  білмеуінен»,  -  деп  түсіндіреді.  Ол  ата-аналарға:  «Баланың  жақсы  болғысы 
келетін  тілегін  қастерлеңіз,  ол  қылығын  адам  жанының  аса  бір  нәзік  рухани  қозғалысы 
ретінде аялаңыз, билігіңізді шектен тыс қолдана көрмеңіз, ата-ана билігінің парасаттылығын 
рахымсыз,  есерсоқтыққа  ауыстырып  алмаңыз»,  -  деп  кеңес  береді.  Қазақ  ағартушылары  да 
отбасы  тәрбиесін  назардан  тыс  қалдырған  емес.  Оның  ішінде  Абай  Құнанбаевтың 
поэтикалық шығармалары педагогикалық көзқарасымен бөліп алғысыз байланыста. 
Абай өмірдің мәні дүниеде, байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім 
мен ғылымда екенін түсіндіре келіп: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, 
мінез  деген  нәрселермен  озады.  Одан  басқа  нәрселермен  оздым  ғой  демектің  бәрі  де  – 
ақымақтық»,  -  деп  адамның  ең  негізгі  артықшылығы  тәрбиесінде  екенін  айтады  (18-сөзі). 
Абай  сол  тәрбиені  беруші,  баланың  өсіп  жетілуінің  бәрі  отбасына,  өскен  ортасына, 
көргендері  мен  байқағандарының  салдары  екенін,  сондықтан  бала  жақсы  тәрбие  алу  үшін 
оның  ортасын,  оған  әсер  етуші  ықпалдардың  жағымды  болуын  19-сөзінде  дәріптейді. 
Қазақтың аты әлемге әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, зерттеуші М. О. Әуезов те отбасы 
тәрбиесі  мәселелерін кеңінен қарасгырған. Оның шығармаларында көптеген педагогикалық 
проблемалар  кеңінен  орын  алған.  Қазіргі  халық  педагогикасын  орынды  қолдану  мәселесін 
шешуде ұлы жазушының шығармалары таусылмас қайнар бұлақ болып табылады. Көптеген 
шығармаларында  отбасы  тәрбиесінің  сан  алуан  ерекшеліктері  әдеби  көрсетілгенімен,  мәні 
ғылыми түрде талданған. Соның ішінде отбасылық өмір салтын көрсетіп, ондағы ер кісі мен 
әйел, ата-ана мен балалары арасындағы қарым-қатынасты, ер кісі мен әйелдің үйдегі орнын, 
рөлін, тұрмыс салтының ерекшелігін суреттеп бейнелеген. М.Әуезов «Адамдық негізі - әйел» 
деп  аталатын  мақаласында  адам  баласының  даму  тарихына  көз  тастай  отырып,  о  бастан 
тіршілік  көзі  де,  ұрпақ  жалғасы  да  әйелден  басталатынын  айтады.  Ер  жағы  қара  басынан 
басқаға қарамай жүргенде, балаларын  баулып, асырап, үйлік ұжымның басын құраған әйел 
екенін,  алғашқы  қауымнан  бүгінге  дейінгі  әйел  бейнесін  суреттейді.  М.  Әуезов  баланың 
дамып, болашақта өз қоғамының талаптарына лайықты жақсы азамат болып жетілуінде оның 
өскен  ортасы  мен  отбасы  ахуалының  ықпалы  ерекше  екенін  айтады.  «Біздің  ой  буынымыз 
қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісіміз, ол біздің анамыз», - деп әкеміз 
қандай ғалым болсын, адамшылығына ірге болатын құлықты бәрібір анадан алатынымызды 
айтады.  Отбасы  тәрбиесінде  ананың  орнының  ерекше  маңыздылығын  түсіндіре  келіп,  М. 
Әуезов тәрбие түзелу үшін, ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының 

212 
 
дұрыс  болуын,  аналардың  өздерінің  сол  тәрбиеге  лайықты  болуын  талап  етеді.  Оны  «... 
адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген - әйел. Сол себепті әйелдің басындағы тұман 
айықпай  халыққа  адамшылықтың  бақытты  күні  күліп  қарамайды.  Ал  қазақ,  мешел  болып 
қалам демесең, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе», - деп әйелдерге бала 
тәрбиелеуде  ерекше  қамқорлықтың  қажет  екенін  айтады.  Отбасы  тәрбиесін  жақсарту 
мәселелерін  қарастырған  казақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  Спандияр  Көбеевтің 
жазушылық  және  педагогикалық  қызметі  тығыз  байланыста  дамыды.  Оның  өлеңдері  мен 
әңгімелері жастарға тәрбие берерлік мазмұнға бай. Әсіресе, С. Көбеев отбасы тәрбиесіндегі 
ізгілікке көп көңіл бөлген. Оның «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген кітабы осының айғағы. 
Онда ата-аналарға баланы жастайынан отбасында тәрбиелеудің нақтылы жолдарын көрсетіп 
береді.  
Ол  ата-анасы  баласын  әдепті  де  өнегелі  етіп  тәрбиелеуі  үшін  оның  әрбір  әрекетінің 
дұрыс  болуын  қадағалап,  бақылап  отыруы  керектігін  ұсынады.  Сонымен  қатар,  мектеппен 
байланысты  күшейту  және  отбасы  тәрбиесінде  қажет  болатын  педагогикалық  білімдермен 
қарулануда  тиісті  әдебиеттерді  жүйелі  оқып  отыруды  кеңес  береді.  Отбасында  балаларды 
тәрбиелеу мәселелері мен оның педагогикалық жолдарын көрсетуде осы ғасырдың басында 
өмір  сүрген  қазақ  ағартушылары  да  өз  ойлары  мен  еңбек  үлестерін  қосты.  Осы  тұста  М. 
Жұмабаевтың  «Педагогика»  деп  аталатын  еңбегін  айта  аламыз.  Онда  баланы  тәрбиелеудің 
жолдары айқын жазылған. Ол: «мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, 
келешек өз заманына лайық кылып шығару»,- дейді. М.Жұмабаев бұл еңбекте баланың жан-
жақты  жетілуінің  психологиялық  мәселелеріне  кеңінен  тоқтала  отырып,  ата-аналар  мен 
тәрбиешілерге  балалардың  ересектерден  ерекшелігін  біліп,  ескере  отырып  тәрбиелеуді 
ұсынады.  
Бала  тәрбиесі  -  отбасының  жүйелі  түрде  жүргізген  жұмысының  нәтижесі.  Өйткені 
баланың  уақытын  дұрыс  ұйымдастыра  білу,  оның  мектепте  алған  тәлім-тәрбиесінің 
қалыптасып,  отбасында  жалғасын  табуы  бәрі  де  ата-ананың  басшылығы  арқылы  жүзеге 
асырылады.  
Ата-ананың  бала  тәрбиесіне  ықпал  ете  білу  шартының  бірі  -  олардың  баламен  әділ 
сөйлесіп,  ашық  пікірлес  болуы.  Осылай  өзара  қарым-қатынас  баланы  еріксіз  ата-анаға 
жақындатып,  олардың  айтқандарын  шын  ықыласпен  қабылдауға  мәжбүр  етеді.  Балаларды 
ізеттілікке,  адамгершілікке,  еңбекқорлыққа  және  т.б.  қасиеттерге  тәрбиелеуде  отбасының 
мүмкіндіктері ерекше. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  07 
желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.  
2.
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. 20 қаңтар. 2004. - 3- 4 б. 
3.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2004. 
4.
 
12  жылдық  білім  беруге  өтудің  эксперименттік  жұмыстарын  ұйымдастыру  туралы: 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  327  бұйрығы.  Астана,  2001  жылдың  10  мамыры  // 
Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

213 
 
УДК 541.124 
 
НОВЫЕ ПОДХОДЫ В ПРЕПОДАВАНИИ И ОБУЧЕНИИ 
 
Нагина Т.А. 
Средняя школа №8 им. Н.Островского г. Талдыкорган, 
stv.tanya@bk.ru
 
 
Найти  свою  дорогу,  узнать  свое  место  в  жизни  —  в  этом  все  для  человека.  В  настоящее 
время традиционное обучение претерпевает большие изменения, так как Казахстанское образование 
входит  в  новый  этап.  Это  проявляется  на  Кембриджских  курсах,  которые  проходят  на  данный 
момент в институте повышения квалификации педагогов. В последнее время все больше и больше  
педагогов  –  практиков  понимают,  что  использование  информационных  технологий  в  учебном 
процессе  значительно повышает эффективность усвоение материала учащимися. 
В  Государственной программе  развития  образования на  2011–2020  годы ключевой  акцент 
сделан  на  повышение  статуса  педагога.  В  Послании  народу  Казахстана  Президент  Нурсултан 
Назарбаев обратил особое внимание на повышение качества педагогического состава. Отметил, что 
необходимо  «усилить»  стандарты  базового  педагогического  образования,  требования  к 
квалификации  преподавателей  школ и  вузов.  Одно из  наиболее  принципиальных продвижений  в 
вопросе  статуса  педагога  связано  с  начатым  в  республике  коренным  преобразованием  системы 
повышения квалификации учителей. 
Учитель  призван  совершать  чудеса.  Их  ждут  от  него  ученики.  И  это  происходит,  если 
смоделированы  такие  условия,  при  которых  личность  ребёнка  получает  наибольшее  развитие. 
Традиционная система обучения основана на передаче готовых знаний, что не всегда способствует 
успешному их усвоению, развитию глубокого  понимания, взаимодействию с уже имеющимися. 
Задачи,  стоящие  перед  учительством  сегодня,  предполагают    развитие  способностей 
человека,  стремление  его  к  самообразованию,  установление  связей  сотрудничества  учителя  и 
ученика  с  целью  создания  благоприятного  эмоционального  фона  для  решения  воспитательных, 
образовательных  задач.  Народная  мудрость  гласит:  «Если  тебе  дали  одну  рыбку,  ты  будешь  сыт 
один день, если две, то два дня, а если тебя научат ловить рыбку, ты будешь сыт всю жизнь». 
Программа  преподавания  по  семи  модулям  основана  на  принципе  гуманизации 
образовательного  процесса,  содержит  творческую  направленность.  Основой  обучения  является 
когнитивное развитие (англ.)  всех видов  мыслительных процессов, таких как восприятие, память,   
формирование понятий, решение задач, воображение и логика. 
Модуль  «Новые  подходы  в  преподавании  и  обучении»   содержит  конструктивистские 
подходы, основанные на идеях когнитивной психологии, то есть знания для себя ученик добывает и 
конструирует сам. Это возможно при создании демократической атмосферы в классе, когда ученики 
проявляют инициативу в обучении, когда у них есть возможность в учебной деятельности общаться 
друг с другом, принимать решения, смело высказывать их. 
Модули программы: 
1.
 
Новые подходы в преподавании и обучении 
2.
 
Обучение критическому мышлению 
3.
 
Оценивание для обучения и оценивание обучения 
4.
 
Использование ИКТ в преподавании и обучении 
5.
 
Обучение талантливых и одаренных учеников 
6.
 
Преподавание и обучение в соответствии с возрастными особенностями учеников 
7.
 
Управление и лидерство в обучении 
Программа 7 модулей основана на ключевой идее -  обучение через диалог.  
Диалог  даёт  возможность  говорить  конструктивно,  вызывает  интерес  к  исследованиям, 
развивает любознательность, помогает формировать знания,  поддерживает  креативное мышление, 
углубляет  мышление  посредством  разговора  и  размышлений,  даёт  возможность  учиться  друг  у 
друга, уважать и ценить мнение других. 

214 
 
Критическое  мышление  -  умение  рассуждать,  анализировать,  делать  выводы,  сравнивать, 
обобщать, оценивать и объяснять. Используя различные методы( Мозговой штурм, кластер, 6-w, тур 
по галерее, ромашка Блума, кубик, черный конверт и т.д ), используя различные приемы на уроке 
можно  добиться следующих результатов: 
*Поддержание интереса к учебной деятельности и интеллектуальной       активности. 
*Передача знаний, умений и навыков.     
 *Организация  учебной  деятельности,    позволяющая  каждому  учащемуся  раскрыть  свои 
способности.  
Обучение  критическому  мышлению  осуществляется  в  диалоговой  части  уроков,  когда 
ученики  по-своему  осмысливают  эпизоды  прочитанного,  обмениваются   мнениями,  в 
рефлективной,  когда  защищают  маршрутные  карты,  выполняют  творческие  задания.  На  уровне 
мышления реализуются процессы анализа и синтеза информации, её воспроизведение в различных 
формах.   Стратегии  критического  мышления  обеспечивают  быструю  включаемость  в  работу, 
повышение интереса к обучению, развитие творческих способностей.  Небольшой объём заданий, 
четкое  их  объяснение  позволяют  решать дидактические задачи  в короткий  период  времени и не 
перегружать  учащихся,  вызывая  интерес.  Очень   важен  аспект  рефлексии,  креативности   в 
педагогической практике. 
На  уроках,  когда  идет  обсуждение  в  группах  между  учениками,  они   учатся  друг  у  друга 
добывать и использовать полученные знания для реализации их в своей умственной деятельности. 
Социальное взаимодействие в ходе занятий играет важную роль в обучении. Общение в ситуациях 
«учитель-ученик»,  «ученик-ученик»   и  «ученик-класс»,  составляет  значимую  часть  построения 
значения и развития понимания. 
Наблюдая этот процесс работы в классе, с помощью диалога ученики становятся ближе друг 
к  другу,  стараются  выслушивать  мнение других участников  группы, пытаются грамотно донести 
свои мысли, понимают, что функция каждого ученика очень важна. Порой не раз говорила ребятам 
одно высказывание: «Сколько людей, столько мнений». И мне кажется, что с этой постановкой цели 
в  работе,  они  могут  научиться  многому,  а  именно:  терпению  и  нахождению  задач  проблемных 
ситуаций,  поставленными  перед ними учителем. 
Учащиеся  выражают   свою точку зрения .  
*Свободно общаются  как  со   сверстниками, так и с    учителем.  
*Ученики обмениваются     идеями и мнениями. 
*Обсуждают и оценивают    идеи друг друга.    
*Размышляют вслух, рассуждают  и выдвигают гипотезы. 
*Ученики стали самостоятельными, научились работать в группе 
Чтобы  достичь  ещё  больше  успехов  в  обучении,  я  не  должна  останавливаться  на 
достигнутом. Нам  нужно углубить свои знания и дальше продолжить изучение и внедрение этого 
проекта.  
В  качестве  примера  использования  новых  технологий  в  школе,  хочу  предложить  вашему 
вниманию разработку одного из уроков технологии. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет