Тема: «Рукоделие. Виды декоративно-прикладного искусства»
Цели:
-ознакомление детей с видами декоративно- прикладного искусства и областью их
применения;
-обобщение, систематизация и творческое применение ЗУН на уроке, связь новых с ранее
полученными знаниями.
- развивать умение выделять главное из большого объема информациии переносить
имеющиеся знания и умения в новую ситуацию;
- развивать мыслительную деятельность, творческие способности уч-ся;
- воспитывать эстетический вкус;
- воспитывать умение укладываться в отведенное время;
Метод обучения: наглядно – демонстрационный
215
Оборудование, наглядности: музыкальное сопровождение, фотографии поделок уч-ся,
реквизит, ватман, маркеры, стикеры.
Ход урока:
1. Организационный этап.-1 мин.
Приветствие.
Проверка явки учащихся.
Проверка готовности учащихся к уроку.
2. Подготовка учащихся к активной деятельности на основном этапе урока.
Сегодня мы с вами поговорим о ДПИ, кике виды вы знаете, с какими познакомимся. Прежде
чем приступим к уроку мы с вами с вами поиграем.
Игра « »
Деление класса на группы. «Цветик-семицветик» - 3 мин.
У меня в вазе стоят цветики-семицветики, я предлагаю каждой из вас взять себе по лепестку.
Теперь у каждой из вас есть лепесток, и вам нужно сейчас сесть по группам по цвету.
Так как нас немного у нас получилось три группы.
1группа будет- «роза»
2 группа- «василек»
3 группа- «подсолнух».
3. Работа в группах. – 5 мин.
У вас на партах лежат постеры, маркеры. И вы должны на постерах написать все, что вы
знаете о ДПИ.
Защита постеров. – по 2мин.
Защита прошла превосходно.
4.Следующее задание. «Сортировка» – 5 мин.
Каждая группа должна изучить и определить какие виды ДПИ присутствуют на
фотографиях.
Аппликация. Панно. Роспись.
Защита работы – по 2 мин.
Определили правильно, но в каждой группе осталось по три фотографии с неизвестным для
вас изображением, или кто-нибудь знает, что это за техника.
Работы в технике – крокле, изонить и квилинг.
5. Практическая работа. 15мин.
Каждая группа должна выполнить коллективную работу по новой теме.
У вас на партах лежат брошюры с новыми видами ДПИ. Вы должны их самостоятельно
изучить и выполнить не сложную работу в этой технике.
1 группа – крокле.
2 группа – изонить.
3 группа – квиллинг.
Все с заданием справились хорошо.
6. Тур по галерее. – 2мин.
А теперь каждый из вас оставит свои комментарии по поводу выполненной работы каждой
группы.
7. Оценивание.
В каждой группе сесть свой оценщик, который сейчас выставит оценки каждому члену своей
группы.
8. Рефлексия.
Прошу каждого на стикерах ответить на два вопроса:
Могу…
Хочу научиться…
216
ӘОК 37.013.02
ЕСТУ ҚАБІЛЕТТЕРІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ
МЕКТЕПТЕРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Несіпжанова Гулбану Нұрақынқызы
Талдықорған қаласындағы облыстық нашар еститін және естімейтін балаларға арналған
арнаулы мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі,
Gulbanu1970@mail.ru
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп,
– Елбасы атап көрсеткендей, жобаның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының
артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ
сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа
деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске
түсіруге зор ықпал етеді. ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын
тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Ақпараттық технологияларды қолдану естімейтін және нашар еститін мектептерде
оқитын оқушыларға сапалы білім беруде, оларды өмірге бейімдеуге үлкен рөл атқарады.
Мақсаты:
Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде электрондық
оқулықтарды пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Міндеті:
•
Арнайы мектептерде электрондық оқулықты қолданудың тиімділігін көрсету;
•
Арнайы мектептерде электрондық оқулықтарды қолданудың ерекшелігін
қарастыру;
•
Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде
электрондық оқулықтарды пайдала отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын
қарастыру;
Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Электронды оқулық – бұл
дидактикалық әдiс - тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген
түбегейлi жүйе.
Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық
әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Электрондық оқулықты жасау мәселесімен С.Қожабаев, Қ.Мамаев, Р.Бекмолдаева,
және т.б. педагогтардың еңбектерi, ал информатика сабағында электрондық оқулықтарды
жасаумен Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, Б.Хантер, И.В.Роберттің ғылыми-әдістемелік
еңбектері арналған.
Ал О.Камардинов, О.Сейтқұлов зерттеулерiнде электрондық оқулықтарды
пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың
дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Информатика курсында
электрондық оқулықтарды пайдаланудың тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық
негiзi В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе,
оны тиімді пайдалану әдістемесi - Я.Ваграменский, С.Гримм және т.б. әдіскерлердің оқу-
әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде
келтiрiлген.
Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде информатика курсын оқытуда оқытуда дельфи
тілінде жасалған электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын
217
арттыруға және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатынын
байқауға болады.
Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта электрондық оқулықтарды тиімді
пайдалана білуі тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты
ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі электрондық
оқулықтарды пайдалану әдістеріне байланысты.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады.
Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі
күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Электронды оқулықтар оқушылардың
-
бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
-
ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
-
өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
-
ойларын дамытуға;
-
оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
-
тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
-
сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
-
өз iсiне талдау жасай алуға көптен - көп көмегiн тигiзедi.
Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде электронды
оқулықтардық пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның
сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында графикалық бейнелеу,
мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша
алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы
және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы
болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы
байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің
айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес.
Мен өз сабағымда электрондық оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы
көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер,
оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік,
оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр
тапсырманың өзіндік жұмыстары (есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда және
оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.
Электрондық оқулықпен жеке жұмыс жасауының арқасында сол тақырыпты бірнеше
қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті түсінбеген сөзді анықтама бөлімінен қарауына, сол сөздің
түсіндірмесін білуіне де болады. Бұл жағдай есту қабілеттері зақымдалған оқушылардың
есту қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуына мүмкіндік береді.
Мысалы, “Компьютер құрылғылары” тақырыбын өткенде тапсырмалар орындау
барысында оқушылар компьютер құрылғылар аттарын дұрыс жауап алғанша жазып, қатесіз
жазуға сөздік қорын молайтуға дағдыланады.
Ал, қазақ тілі сабағында электронды оқулықта берілген мәтіндік материалдар белгілі
бір қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдерді құрайды. Сұхбаттар көлемі жағынан
шағын және жеңіл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тілінде бір – біріне сұрақтар
қойып және жауап қайтара алуға үйретеді. Сонымен қатар берілген тақырып төңірегіндегі
сөйлемдер мен әңгімелерді микрофонның көмегімен компьютерге басып, өздері тыңдап, өзін
218
– өзі тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседі. Электронды оқулықтың бұл мүмкіндігін есту
кемістігі бар балаларға сөйлеу тілін дамытуға өте тиімді.
Химия, физика сабақтарында лабороториялық жұмыстарды дыбыс беру арқылы
бірнеше рет тыңдап, есту қабілетін дамыта отырып орындау мүмкіндігі бар.
Тиімді жақтары
-
Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
-
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті
алып, оқып үйренуіне болады.
-
Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер,
аудиохабарларды пайдаланады.
-
Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
-
Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
-
Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
-
Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
-
Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
-
Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
-
Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
-
Дыбыс қосу арқылы тыңдау оқушылардың есту қабілетін дамытуға мүмкіндік
береді.
Қорытынды:
Қорыта келгенде, электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Заман талабына сай жас ұрпаққа
сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа
технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық
материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз
бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша
қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып
көрсетуге, анықтама, сөздікпен жұмыс жасауға болады. Бұдан, әрине естімейтін және нашар
еститін оқушылардың есту қабілеті дамиды, сөздік қоры мөлшеріне қарай дамиды. Сөз
қоры баланың жалпы дамуына мүмкіндік береді, сөйлеу тілін белсендіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Электрондық оқулықтарды пайдалану әдістері мен мүмкіндіктері».«Қазақстан
қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік саяси инновациялық аспектілері» атты
республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция. Қызылорда 2011ж,
2. «Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде ақпараттық
технологияларды пайдалану».Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
ХАБАРШЫСЫ, “Арнайы педагогика сериясы.
4. 2012«Білім беру жүйесін ақпараттандыру-білім беру жүйесін ақпараттандырудың
негізі». «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік саяси инновациялық
аспектілері» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция. Қызылорда 2011ж,
5. Бидайбеков Е.Ы., Үсенов С.С., Қуаңбаева М.М., Есназарова А.А.,
6. Л.Ақзуллақызы, А.З.Бименова, «Информатиканы оқытуда электрондық
ресурстарды пайдалану» электронды оқу құралы, Қызылорда, 2012ж.
219
УДК 37.025.7
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Нурманова К.К.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, saken.dinka@mail.ru
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер – ертеңгі ел тұтқасы. Ал олар парасатты,
саналы адам болып өсіп жетілуі – әрбір ұстаздың борышы.
Қазіргі кезде мемлекеттіміздің болашағы өсіп келе жатқан жасөспірімнің қолында
екенін әрбір ұстаз қауымы естен шығармауы керек. Яғни, мемлекетімізді дамытудың
іргетасы, стратегиялық маңызды және басты бағыттарының бірі әлемдегі жаһандану және
дамып келе жатқан бәсекелестік жағдайында білім беру болып табылады. Бұл процесі білім
программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы
келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға
ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп қабырғасында оқушыларға бастауыш сыныптан бастап жаңа инновациялық
технологиялар арқылы білімді жеткізсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы арттып,
сабаққа деген ынтасы күшейеді. Білім берудің мынадай жаңа инновациялық технологиялар
қазіргі уақытта заман ағымына сай оқу үрдісінде жиі қолданылып жүр.
Шәкірт
білімділігі,
белсенділігі
мақсатты
бағытталған
педагогикалық
технологиялардың себебінен деп толық айтуға болар. Білім берудің негізгі мақсаттарын
жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігі мына себептерге
байланысты өте қажет – ақ: сапа менеджементі жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап
етуіне орай озық технологтяларды пайдалану; қазіргі заманғы педагогикалық қызметті
ұйымдастыру-инновациялық үрдістерге себеп болады және сапалы жаңа білімді
қалыптастыруға ықпал жасайды; инновациялық қызмет педогогтың кәсіби өсуін, тұрақты
өзін – өзі жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп игеруін қамтамасыз етіп, шығармашылық
жауапкершілік сезімін арттырады; инновациялық білім – педагогикалық әлемде жаңа
құндылықтарды қалыптастырып, қарым –қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игерді;
инновациялық үрдістер – педагогикалық сапалылық пен белсенділікті қалыптастырып,
кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге
жеткізеді.
Бүгінде Қазақстандағы білім беру саласы өркениетті әлемнен өзіне лайық орын алу
үшін адамзат тәжірбиесіндегі озық үлгі, тиімді үрдістерді пайдаланып, бағдарламаға енгізіп,
дамудың жаңа сатысына көтерілуде. Елбасымыз Н.Назарбаев "Ұлттық бәсекелестік білім-
ділік денгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” – деп, отандық
оқытушылардың алдына бағдарлы мақсат қойып, үлкен міндет жүктеді. Әрине, жаңа ғасыр –
дамыған жаңа инновациялар әлемі. Сол жаңа инновациялық технологияларды меңгерген
жан-жақты, бәсекеге қабілетті, талапты да талантты зерделі тұлғаны тәрбиелеп, бағыт-бағдар
беру қазіргі таңда мемлекетіміздің және білім саласындағы қызметкерлердің еншісінде.
Бүгін алдымызда Қазақстандық білім беру жүйесін ең жоғары халықаралық
талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Сондықтан, ұстаздардың кәсіби әлеуетін үздіксіз көтеріп
отыру – маңызды шаралардың бірі. Оқытушылардың тұлғалық дамуының негізгі көрсет-
кіштерінің бірі – жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталу, оның ішінде, зиялылық,
креативтілік, белсенділік, ой-пікірдегі тәуелсіздік. Олай болса, осы көрсеткіштерді білім беру
үрдісінде тәжірибемен ұштастыру, сабақ барысында кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шәкірт
бойына сіңіру мектеп ұстаздарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Жаңа технологияны меңгеру - мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық
және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып
220
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ал, өз іс-әрекетін тиімді
ұйымдастырып отырған қазіргі кездегі мұғалімнің міндеті жоғарыда айтылған
мүмкіншіліктерді пайдалана отырып әр оқушыға еңбек етуде. Жаңа ғасырға жаңа
бағдарламалар да енгізілуде. Жаңа бағдарламада ең алдымен, оқушының білім алуға деген
ынтасын, жауапкершілігін арттыру, берілетін оқу материалының күрделі болуы, баланың
білім алуы үшін қамтылған. Жаңа оқулықтағы тапсырмалар жаңа технологияға негізделіп
берілген. Қазір заман өзгерді.
Біз сөз қылып отырған технология ұғымына қысқаша анықтама бере кетуді жөн
көрдік. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін,
тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық
үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз
не? Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей
қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен
педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым
Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді:
«Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге
асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Қоғам педагогикалық шеберлік деңгейі жоғары, жаңашыл, инновациялық
көзқарастағы ұстаздарды қалыптастыруды талап етуде. «Инновация» (латынша inb-novus-
жанашылдық) көптеген ғалымдар мен педагогтердің пікірінше «жаналық еңгізу» болып
табылады. Ал жаңашылдық- бұл бұрыннан бар нәрсеге жақсартулар, өзгерістер еңгізу.
Инновациялық технологияларда жұмыс жасау – білім берудің ерекше түрі. Жаңа
педагогикалық технологиялардың ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін
жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағытты нақты қалыптастырудың жетекші құралы
болып табылады, өйткені ол оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті
шығармашыл, белсенді оқушыларды да тәрбиелеуге септігін тигізеді.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар
берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір
адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз », - дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші
жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің
түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады,
педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. "Масырова Р.Линчевская Т -"
Жаңару "дегенімізді былай деп түсіндіреді:" Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа
ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым
Немеребай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызметі" деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында,
әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін
бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі
(жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі -
оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік
әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне
ықпалын тигізуде. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел мен елді теңестіретін басты нәрсе -
221
білім» - десе, қазіргі уақытта өзге халықпен тереземіз тең, дамушы елдер қатарында болу
үшін де тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз білімділігімен, біліктілігімен ерекшеленуі тиіс.
Президентіміз Н.А.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы
білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы
орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген
баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі
мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап
өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны
меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану
арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық
технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі
даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екінішіден,
меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады,
төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны
«жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті
«жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану
емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы
мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-
педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық
көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп
оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара
алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның
негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу
үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке
технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.
Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:
1.
Модульдік оқыту технологиясы (Жанпейісова М.М.)
2.
Проблемалық оқыту технологиясы (Монохов М.)
3.
Тірек-сызбалар технологиясы (Шаталов, Лысенко)
4.
Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев Ж.А, Кобдикова Ж.У.)
5.
Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов В.В., Тұрғымбаев Т.)
6.
Сын тұрғысынан ойлау (Джинни, Стил Л., Крутис С.)
7.
Ақпараттық технология
8.
Жобалау әдістемесі (Дьюи Дж.)
9.
Интерактивті оқыту (Каменский Я.)
Соңғы уақытта жиі қолданылатын инновациялық технологиялар бірі – ақпараттық
технологиялар болып саналады. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе
компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын
дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және
студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады. Оқу барысында оқушылардың
ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік
сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп
практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту
222
педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары
Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру
мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ
үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені, оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын
енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты
себеп болды.
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын
талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу
материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім
алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен
қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де
нәтижелі болу үшін:
- Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану
қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;
- Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар
аударып, көңіл бөлу керек/.
Әр сыныпта оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі- балалардың даму
деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр.
Сол себептерден өзім сабақ үстінде деңгейлеп саралап оқытуды жиі пайдаланып отырамын.
Осының нәтижесінде әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны өзі
игеріп, талап, пікір таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.
Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал-
технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар
мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс.
Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың
мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде
орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа
баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін
нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық жұмысқа жетелейтін
деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде
жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы
сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білу тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі
бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі,
ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс
бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл
223
мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С Выгодский.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды
психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін
оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның
ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды
дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп
қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы
ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы
емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай
оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да жиі
қолданылуда. Ұстаз бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім
саласында компьютер оқушы үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын
жұмысшы болып табылады.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-
ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды,
кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар – оқытушылар үшін күннен күнге
дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы
ғылыми-әдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай
қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу
мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да оқушыларға көп көмек көрсетеді.
Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мәселе соңғы екі онжылдық бойына
өзекті болып отыр. Әрбір педагог: мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы
болсын, басты мақсат - білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дәрежеде септігін тигізетіні сөзсіз.
Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда
жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік
стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұсқан келтірмейді, керісінше оқу
пәндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан
әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-
тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-
қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі
маңызды мәселелердің бірі.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор
тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке
басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір
педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-
өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби
бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай
біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды
қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ
мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты
қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
224
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу
орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі
сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың
негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару
жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныпта жаңа инновациялық педагогикалық
технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: әрбір білім алушының білім алу, даму,
басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін
бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру, дамыту; аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |