Хороший контакт с ребенком – главное средство воспитание в любом возрасте.
ЛИТЕРАТУРА
1.
Афанасьева Т.М., Семья, 2-е изд., перераб. И доп. – М.: Просвещение, 1988. – 285 с.
2.
Буянов М.И., Ребенок из неблагополучной семьи: - М.: Просвещение, 1988. – 207 с.
3.
ЕвдокимоваС.Л., Цветкова Н.А., Семейное воспитание, книга 1, 2, Методическое
пособие для классных руководителей, школьных психологов и других школьных
специалистов. Астана, 2012. – 312 с.
4.
Ковалев С.В., Психология современной семьи:, М.: Просвещение, 1988. – 208 с.
5.
Лешли Д., Как работать с маленькими детьми, поощрять их развитие и решать
проблемы: Пер. с англ.: - М.: Просвещение, 1991. – 223 с.
6.
Хрипкова А.Г., Мир детства. ПОДРОСТОК, - м,: Педагогика, 1982. – 430 с.
282
УДК 574:37.015.3(045)
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУШЫ ДАЯРЛАУ ЖОЛДАРЫ
Тажиханова Жанат Орынбаевна
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы Шамалған бекеті
zhanat.t.o@mail.ru
Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба алатын
іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да мұғалімнің басты
міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына
жағдай жасау.
Ал әдебиет пәні мұғалімдерінің алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе
сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа
деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан
сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізгені
абзал. Әдебиет пәні – оқушының жан-жақты ойлануына, терең пікір алуына баулитын пән.
Бұл пәннің ерекшелігі өзіндік ойлау мен өзіндік пікірді айта білуде жатыр. Сезім,
эмоция,әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде
ерекше көрінеді. Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнін оқытуда электронды оқулықтың тиімділігі» деп аталады.
Қазіргі қоғамда болып жатқан күрделі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер,
ғылыми саладағы интеграциялық құбылыстар біз қарастырып отырған мәселеге негізгі
себепші болып отыр. Бұл құбылыстар білім беру үрдісіне оң әсерін тигізіп қана қоймай және
педагогикалық интеграцияның формалары, түрлері мен әр түрлі бағыттарында көрініс
табады. Сонымен қатар білім берудің барлық деңгейінде дерлік қолданылуы (бастауыш,
орта және жоғарғы сыныптар) орын алуда. Электронды оқулықтар – техникалық құралдар
(компьютер) арқылы көрсететін, көз алдына есту, көру арқылы өзіндік ой қорыта алудың бір
түрі. Абай атамыз айтқандай, көріп,сезініп, тұшыну арқылы бойға алған материалды
жинақтау.
Егер бастауыш сынып оқушылары үшін көрнекіліктер үлкен рөл атқарса, орта буын
үшін бейне көріністерден алған әсерлері арқылы білімге деген құштарлығы жан-жақты бола
бастайды. Ал, оқытудың техникалық құралдары еске сақтауды қалыптастыруда үлкен рөл
атқарады. Олар алынған білімнің жарқын, маңызды сәттерін ажырата отырып, ұғымның
бекітілуіне ықпал етеді. Оқытудың техникалық құралдары арқылы көрсетілетін ақпарат
сапасы жаңа, ерекше, динамикалы, бейнелі контрастілі болғандықтан, оқушы зейінін еріксіз
аударады. Компьютерлік бағдарламаны құру кезінде оны тек түсінікті ғана емес, сонымен
бірге эпизодтары қызықты, монтажға, кадр композициясына күтпеген жағдайларды
қиюластыру, ұлғайтып көрсететін нәрсенің аса әсерлі болуын, диктор дауысының, қатысушы
кейіпкер сөздерінің және музыканың бір мезгілде әсер етуіне назар аударады, әрі
материалдың еріксіз жадта сақталуына септігін тигізеді.
Қазақтың төл әдебиетін оқытуда компьютерді (ғаламтордан алған мәліметтері),
электронды оқулықтарды қолданудың тәсілдері де әр түрлі: барлық топпен де, жұппен де,
жеке оқушылармен де жұмыс істеу қиындық келтірмейді. Бұл мұғалімнің өз шеберлігіне
тікелей байланысты.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында
отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Балаларды
сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген нағыз
мұғалімнің алдында білім алған оқушының бейнесі мынадай болуы тиіс:
283
Неміс педагогы А.Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне
басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім
оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»-деген.
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін мен
өз тәжірибемде қолданып келемін. Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі сол
оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Әсіресе табиғатынан
тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.
«Интерактивті оқыту» терминдерінің ортақ түбірі интер ағылшын тілінің «inter» (между)
аралық «act» (действовать, действие) әрекет ету деген сөздерімен енген. Интерактивті әдістер
тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер деп түсінуге болады.
Сондықтан олар сабақта ынтымастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет
етуіне сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды.
Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен шығармауы абзал.
Бірінші ереже: Сынып оқушыларының барлығы сабаққа түгел қатыстырып, танымға
жұмылдыру.
Екінші ереже: Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Оқушыларды жиі
мақтап, қолпаштап отыру.
Үшінші ереже: Сынып талапқа сай болуы қажет.
Төртінші ереже: Әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге
мүмкіндік жасалу қажет.
Бесінші ереже: Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау.
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай
болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған білімдерін пайдаға
асырып, өзара әрекет ете алатын азаматтың ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға
тәрбиелеу. Сондай-ақ М.Жанпейісова ұсынған модульдік оқыту технологиясы. Бұл
технологияның мазмұны төмендегідей:
Интербелсенді оқушы бейнесі
Өз ойын еркін
айта алатын
Білімге деген
қажеттілікті ұғынған
Білім стандартына сай міндетті
мүмкіндігін деңгейдегі біліммен
қаруландыру
Өз бетінше
үйренуді
мақсат еткен
Танымдық күші
қалыптасқан
284
Мысалы бір блокты меңгертуде мұғалімнің жұмысы мынадай болады:
Модульді үш бөлімнен тұрады деп қарастыруға болады.
М.Жанпейісованың оқыту технологиясы жаңа талаптарға сәйкес келеді және СТО
технологиясының кейбір стратегияларын пайдалануда оқушыларды өзін-өзі жетілдіруге
бағыттайды.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» атты бағдарламасын
Шығыс Европа және Орталық Азия үшін ұсынып отыр. Бағдарламаның мақсаты – кез-келген
мазмұнға сыни тұрғыдан қарауды үйрету. Бұл технологияда сабақтар құрылымы негізінен
үш кезеңге бөлінеді деуге болады.
Жалпы оқу мақсатын
қою.
Оқушылардың білім
деңгейін алдын-ала
анықтау.
Нәтижені
бағалау.
Жедел кері әсер
негізінде оқыту
үрдісіне түзетулер
енгізу
Жалпы
тұжырымдалған
мақсатты анықтау.
Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.
Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша
құрылған блоктамен оқушыларды таныстыру.
Диалогтық қарым-қатынас
негізінде оқушылардың
танымдық іс әрекетін
ұйымдастыру. Оқушылардың
іс-әрекет нәтижесін бағалау
.
Оқу материалына бірнеше
рет орала отырып, тарауды
аяқтау. Өтілген тарау
бойынша тестілеу жүргізу.
Мұғалім сызба, кесте қолдана
отырып материалды қысқаша
баяндайды. Оқушыларды
зерттеуге, ізденуге жетелейді.
Үш деңгейлік жүйемен
дайындалған билеттер
бойынша сынақ, бақылау
жұмысы, сын жұмысын
өткізу.
Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену).
Диалог, сұхбат арқылы оқушылардың танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру бөлімі.
Қорытынды
бөлім (бақылау жұмыстары).
285
Бұл технологияның «Кубизм», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу
жүйесі», «Венн диаграммасы» т.б. көптеген стратегиялары бар. Осы технология бойынша
оқушылар:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен жұмыс жасағанда әсіресе, ұжымдық
жұмыс істеуде оқушылар сыйластығы артып, пікір айтуға, шығарманың идеясын табуға, өз
бетімен тұжырымдар жасауға үйренеді. Мен өзім қолданғанда оқушылардың логикалық
ойлау қабілетінің артқандығын, жылдам шешім қабылдай алғандығын байқадым. Соның
дәлелі ретінде мектепішілік 9 сыныпта «Ана тілінің тарихы» атты дебат сабағымды алып
отырмын. Және сабақ өту барысында «Дебат» әдісінің тиімділігі жайында да айта кеткен
жөн болар. Себебі, мұнда бір тақырыпқа екі көзқарас қалыптастыру, тиімділігі мен
зияндылығы жайлы өз пікірлерін нақты дәлелдерімен (аргумент) көрсетеді. Және
ізденімпаздыққа баулиды.
«Дебат»
Дебат сабағында оқушылар екі топқа бөлінеді. Оларда ортақ пікір болмайды.
Жақтаушы топ қазақтілінің қазіргі жағдайын жақтап көрсетсе, ал даттаушы топ оларға қарсы
пікір айтады. Екі топ та өз пікірлерін нақты дәлелдермен келтіреді. (бейне көріністер,
сауалнамалар)
Топтағы жұмыстың пайдасы
Оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар
ықыласымен кіріседі.
Белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді.
Оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды.
Бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті, әдептілік
қасиеттерін қалыптастырады.
Тақырыпқа қызығушы-
лықты ояту.
Мағынаны танып-
білу.
Тақырып туралы ой-
толғаныс.
Мақсат
қоюға
үйренеді.
Бұрынғы
білетіндерін
салыстырады.
Қорытынды
жасай
алады.
Бірігіп
жұмыс
жасайды,
бір-бірімен
тіл
табысуды
үйренеді.
Әр
нәрсеге
өз
көзқара-
сы
қалып-
тасады.
Жақтаушы
Даттаушы
286
Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт.
Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.
«Венн диаграммасы»:
Венн диаграммасын қолдануда оқушылар қазақ тілінің қазіргі кездегі қолдану
аясының айырмашылығын тауып, оның ортақ қасиеті қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қала
беретінін өздері топтаса, жұптаса отырып талдап талқылау барысында көрсете білді.
«Түртіп алу жүйесі»
Білемін
Сәйкес келмейді
Мен үшін жаңалық
Таңқалдым
Бұл әдісті пайдалану барысында оқушы өзіне қажетті бағанаға «+», немесе «-»
белгісін қояды. Мінекей, әрбір сабақта баланы қызықтырып, оған дұрыс бағыт бере білуде,
білім сапасын арттыруда, баланы ізденімпаз етуге жол сілтейтін бірден-бір әдіс – тәсілдер
осылар деп білемін. Мұғалім әр сабақта оқушылар арасында, бағалау кезінде, рейтингісін
шығарып отыру керек. Бала бұл сабақта мен неге кейін қалдым деп өз қателігін түзетуге
талпынады. Әрине бағыт-бағдар беруші өзіміз боламыз. Қазақ әдебиеті – ананың сүті мен
күннің нұрынан жаралған пән. Демек, ана сүті мен күн нұрынан жаралған пәнді сүйе білу,
төл әдебиетімізді құрметтеу жолында ерінбей етуіміз керек.
ӘОК 343.85
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Тастанбаев Б.Б., Мусекенова А.А.
І. Жансугіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
bekzat.tas@mail.ru
,
mussekenova_aizhan@bk.ru
Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің 8-тарауы «Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстарға» арналған.
Осы тарауға енген қылмыстардың топтық объектісі - экономикалық қызмет саласын
құқықтық жолмен реттейтің өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады.
Осы тарауға еңген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық қызметтің әр түрлі
саласында көрініс табады [1].
Қазақ тілінің өсіп-
өркендеуі, дамуы
отбасы, ошақ қасынана
басталады
Ортақ қасиеті
қазақ тілі мемлекеттік
тіл
Қазақ тілінің өсіп-
өркендеуі, дамуы
мектеп қабырғасынан
басталады
287
Қылмыстың тікелей объектісі - экономикалық қызмет саласын реттейтін нақты
қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша тікелей
объектіге қол сұғуы мүмкін.
Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі - оның заты
болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз; тауарлық белгі; осы топқа
жататың қылмыстардың объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады.
Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамының міндетті белгісі -
қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық
контрабандыны істеу тәсілдері; салық төлеуден жалтару; кеден төлемдері мен алымдарын
төлеуден жалтару тәсілдері.
Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі - қоғамға қауіпті зардаптың -
зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру - едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін,
бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілген.
Объективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы
кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-
бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ. Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің
екі нысанымен жасалады (іс-әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты
абайсыздықпен) [2, 12 б.].
Қылмыстың субъектісі - жалпы, сондай-ақ арнаулы субъекті болуы мүмкін. Осы
тараудағы барлық қылмыстар үшін субъектінің жауаптылығы 16-жастан басталады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері болып
қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ
коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің, кәсіпкерлердің заңды
мүдделері мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету ісінде экономика саласындағы
қылмысқа қарсы белсенді күрес жургізудің теориялық, және тәжірибелік маңызы зор.
Қaзipri кезде экономикалық, қызмет саласындағы қызметтік қылмыстылыққа қарсы
күрес жургізу мәселесіне ерекше назар аударылуда. Себебі, қылмыстылықтың дәл осы түрі
қоғамның өміpi мен қызметінің көптеген саласына бойлай еніп, қоғамның,
экономикалық
құқықтық және iзгілік негіздерін шайқалтып, мемлекеттік дұрыс қызмет етуіне кедергі
жасайды.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру түсінігі мен онын, сапалық сандық
сипаттамасын қарастырайық. Бұл үшін алдымен, экономикалық жєне коррупциялық
қылмыстылық түсінігі мен сипаттамасын қарастырғанымыз жөн. Заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі келтіру мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан жасалады, сөйтіп
жемқорлықтың етек жайына жағдай туады. Бұл сөзімізді ҚР бас прокуроры мен әділет
министрінің «Коррупциялық қылмыстар туралы» бірлескен бұйрығымен қуаттауға болады,
онда біз қарастырып отырған қылмыс коррупциялық қылмыстар қатарына жатқызылған.
Соңғы
он жылда экономикалық қылмыстылық криминалистердің ерекше назарын тартуда.
Ішкі істер органдары басқа да құқық қорғау құрылымдары өз қызметінде қылмыстың осы
түріне қарсы күреске ерекше орын бөлуде. Ал ғалымдар дәстүрлі криминология ғылымынан
арнайы бағыт немесе сала ретінде экономикалық криминологияны бөліп шығару туралы
пiкip ұстануда [3,32 б.].
Экономика саласындағы қылмыстылықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл жоғары
дәрежелі жасырындық, жылдамдылық, өсіңкілік, тез өзгеруге қабілеттілік және шаруашылық
етудің жаңа жағдайлары мен ережелеріне (экономикалық құқытың жаңалықтарға және т.б.)
бейімделе алушылық.
Қазіргі заманғы экономика саласындағы қылмыстылықты криминологиялық талдау
үшн қылмыстық статистика мәліметтері құқық қолдану тәжірибелік деректерін белгілі
мөлшерде пайдалануға болады.
Ресми статистика қылмыстылықтың ахуалы есебін мына көрсеткіштер бойынша
288
жүргізеді жәбірленушілердің, жасалған қылмыстар туралы берген арыздары мен
өтініштерінің саны; тіркелген қылмыстардың саны; қылмыс жасаған адамдардың
анықталғанының саны; күшіне енген үкімдер бойынша қылмыс үшін кінәлі
сотталушылардың саны.
Қылмыстылық сипаттамасы толық болу үшін оның сапалық және сандық өлшемдері
сияқты көрсеткіштерін пайдалануымыз қажет. Олардың негіздері ахуалы динамикасы
және құрылымы.
Қылмыс динамикасының статистикалық жағдайы қылмыстық құдалау
органдарының қылмыстарды уақтылы анықтау және тіркеу, оларды ашу және кінәлілерді
әшкерелеу, әдсі жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз ету бойынша қызметінің
пәрменділігіне де байланысты.
2013 жылы еліміз бойынша 14 741 экономикалық қылмыс анықталды. Соның ішінде
Қарағанды облысының көрсеткіштері ең жоғары - 1 596, Оңтүстік Қазақстан облысы – 1 334,
Шығыс Қазақстан облысы 1 165, Қостанай облысы - 946, Алматы облысы - 917, Павлодар
облысы - 907, Ақмола облысы - 833 және Алматы қаласы - 1 246 қылмыс.
2014 жылғы 9 айда қылмыстық құдалау органдарында республика бойынша
экономикалық қызмет саласында 4 699 қылмыс тіркелді, бұл тіркелген қылмыстардың
жалпы санының 4,62 пайызын құрайды. Бұл жерде қылмыс санының тұрақты есеп отыруы
байқалады. Салыстырар болсақ 2013 жылдың осындай мерзімде 4471 қылмыс тіркелген,
яғни көрсеткіш 228 қылмысқа артқан.
Қылмыстық құдалау органдарына таратып қарағанда қаржы полициясы органдары 3
386 қылмысты, ішкі істер органдары 981 қылмысты, кеден - 313 және ұлттық қауіпсіздік
органдары 19 қылмысты анықтаған [4].
Қылмыстылық құрамында маңызы шамалы және бір көріністік, күрделі зерттеуді
қажет етпейтін, анық сипаттағы және қоғам үшін аса қауіпті емес қылмыстар бұрынғыдай
басым болып келеді. Бұл қылмыстардың залалы елу жүз теңгеден сәл ғана асса да, олар эко-
номикалық қылмыстардың ашылу пайызын реттеудің жағдайды ескерген дұрыс болар.
Біріншіден қазіргі уақытқа дейін отандық және шетелдік криминология ғылымында
неғұрлым жалпы болып табылатын «экономикалық қылмыстылық» категориясының жалпы
мойындалған анықтамасы әлі қабылданған жоқ. Әрине бұл факт жоғарыда аталған
категорияға қарағанда жеке, жарыса бағынған сипатта болатын «экономика саласындағы
қылмыстылық» түсінігін баян ету үшін жалпы қабылданған көзқарасты табу жолын
қиындатады екіншіден, криминологиялық жіктеудің қылмыстық құқықтық жіктеумен толық
сәйкес келе беруі шарт емес, демек экономика саласындағы қылмыстылық деген құбылысты
криминологиялық талдау қолданыстары заңнамамен шектелмейді және көзқарастар мен
өлшемдер таңдап алу жағынан зерттеушілерге айтарлықтай еркіндік берешегін бұл
келешекте оңды әдістемелік шешім табуды оңайлатады.
Экономикалық қызмет жалпы алғанда адам қызметінің маңызды құрамдас бөлігі бола
отырып экономика, шаруашылык, жүргізу кәсіпкерлік салаларын қамтиды [5, 101 б.]
Экономикалық қызметті ккәсіпкерлік қызмет деп түсіну осы саладағы
қылмыстылықты криминологиялық талдау мақсаттары үшін қолайлы. ҚР ҚК-ң 8-тарауына
енген қылмыс құрамдарының басым көпшілігінің кәсіпкерлік саласына тікелей қатысты
болып отырғаны да осының пайдасына келеді. Басқаша айтсақ экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстылық кәсіпкерлік саласындағы кәсіпкерлік қызмет саласындағы
қылмыстылықты өзі деп шартты түрде айтуға болады. Бұл ретте осындай немесе ұқсас
интерпрентацияда түсіндіретін және криминология ғылымы
айналысқа енгізіп жатқан
«экономика саласындағы қылмыстылық» категориясы өзінің мінісі жағынан озық
индустриялық елдердің мамандары арасында тараған «экономикалық қылмыстылық»
анықтамасына жақын тұрғанын атап кеткеніміз дұрыс.
Расында да, шетелдік криминологтар әдетте экономикалық қылмыстарға жалған
банкроттық несие берушілерді алдау, жалған фирмалар ұйымдастырумен байланысты
алаяқтық сенімге кіріп қиянат ету, валюталық қылмыстар чектер мен вексельдерді ақша мен
289
құжаттарды қолдан жасау монополизмнің әр түрлі көріністері және арам ниетті бәсекелестік
пен кедендік қылмыстарды жатқызады.
Сонымен бүгіндері отандық ғылымға енгізіліп жатқан «экономика саласындағы
қылмыстылық» түсінігі мазмұны этимологиясы жағынан тұтас алғанда шетелдік
мамандардың қолданып жүрген «экономикалық қылмыстылық» түсінігіне бара-бар. Бұның
біздің криминологтардың басқа елдерден әріптестерімен өзара түсінісуін жақсарту
қылмыстық статистика деректерін дұрыс салыстыру превенция шаралары бойынша жалпы
ұсыныстарды айқындау және т.б. үшін жағымды болары анық.
Экономика саласындағы қылмыстылықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл - жоғары
дәрежелі жасырындық жылдамдылық, өсіңкілік, тез өзгеруге қабіеттілік және шаруашылық
етудің жаңа жағдайлары мен ережелеріне экономикалық-құқықтық жаңалықтарға және т.б.
бейімделе алушылық.
Қазіргі заманғы экономика саласындағы қылмыстылықты криминологиялық талдау
үшн қылмыстық статистика мәліметтер құқық қолдану тәжірибесінің деректерін белгілі
мөлшерде пайдалануға болады [5, 112 б.].
Ресми статистика қылмыстылықтың ахуалы есебін мына көрсеткіштер бойынша
жүргізеді жәбірленушілердің жасалған қылмыстар туралы берген арыздары мен
өтініштерінің саны тіркелген қылмыстардың саны; қылмыс жасаған адамдардың
анықталғанының саны; күшіне енген үкімдер бойынша қылмыс үшін кінәлі
сотталушылардың саны [4].
Қылмыстылық сипаттамасы толық болу үшін оның сапалық және сандық өлшемдері
сияқты көрсеткіштерін пайдалануымыз қажет. Олардың негізгілері ахуалы, динамикасы
және құрылымы.
Қылмыс динамикасының статистикалық жағдайы қылмыстық құдалау органдарыньң
қылмыстарды уақтылы анықтау және тіркеу оларды ашу және кінәлілерді әшкерелеу әдісі
жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз ету бойынша қызметінің пәрменділігіне де
байланысты [6].
Қылмыстылық құрамында маңызы шамалы және бір көріністік күрделі зерттеуді
қажет етпейтін анық сипаттағы және қоғам үшін аса қауіпті емес қылмыстар бұрынғыдай
басым болып келеді. Бұл қылмыстардың залалы екі жүз теңгеден сәл ғана асса да, олар эко-
номикалық қылмыстардың ашылу пайызын реттеуді құралы болып отыр. Олардың
қатарында мынадай қылмыстарды атауға болады тұтынушыны алдау - 1 179, заңсыз
кәсіпкерлік - 775, ақшаны қолдан жасау және өткізу - 509, акциз алымдары маркаларын
қолдан жасау және пайдалану – 421 [4].
Әдетте, осы қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілікке шағын
сауда
орындарының сатушылары және аз мөлшерде жалған ақша мен акциз маркаларын сатумен
айналысатын табысы аз азаматтар тартылады. Ал ақша мен акциз маркаларын қолдан
жасайтын адамдар анықталмайды да, тиісті жазасын алмайды.
Экономикадағы қомақты қылмыстар саналатын қылмыстар бойынша қозғалған
қылмыстық істердің саны болмашы ғана: жалған банкроттық - 2, банктік операциялар
жөнінде көрінеу жалған деректер табыстау - 6, заңсыз банктік қызмет - 1, көпшілік
сауда-саттық пен аукциондар өткізудің белгіленген тәртібін өрескел бұзу - 2. Ал
бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу, компьютерлік ақпаратқа заңсыз
қол жеткізу, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату,
көрінеу жалған жарнама сияқты маңызды қылмыстар бойынша бірде-бір қылмыс
анықталмаған. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыстар көбінесе жасырын
сипатта болады.
Қылмыстық құдалау органдарының өндірісінде экономика саласындағы
қылмыстар бойынша 5 971 қылмыстық іс болған олардың ішінде 2 999 іс бойынша
өндіріс аяқталған бұл өндірісте болған қылмыстық істерді жалпы санының 50
пайызын құрайды. Соның ішінде сотқа жіберілген - 2021 іс және ақталмайтындай
негіздер бойынша тоқтатылғаны - 987 қылмыстық іс [4].
290
Қазіргі уақытта экономикадағы қылмыстылықтың ең қауіпті бағыттарының
ішінде криминологтар мыналарды ерекше атайды:
-қаржы
несие
қатынастары
және
банк
қызметі
саласында
жасалатын қылмыстар;
- сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
- тұтынушылар нарығы саласындағы қылмыстар;
- бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар;
- салықтық қылмыстар.
Қорыта
келгенде
криминологиялық
алдын
алу
жағынан
қарағанда
экономикалық қылмыстың ұйымдасқан қылмыспен тығыз
байланысты екенін
айтқанымыз жөн. Осындай қылмыстарға пайдакүнемдік сарын рана, коммерциялық
құрылымдардын жеке азаматтардың немесе ұйымдардың заңсыз жолмен баюға деген
ұмтылысы тән.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. «Параграф» АЖ. 2015
2.С.М. Рахметов, Е. Алауханов, Т.Ә. Бапанов - Қылмыстык күкык. Оқулық.
Алматы – 2001 ж. 525 б.
3. Т.Ә. Бапанов. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Альбом-схема. Алматы –
2000 ж. 34 б.
4.
http://pravstat.prokuror.kz
.
5.А. Н.Ағыбаев. Қылмыстық Құқық. Ерекше бөлім. Оқу құралы. Алматы –
2000. 368 б.
6. Б. Әшірбеков. «Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары». // Ұлттық
қоғамдық-саяси журнал «Ақиқат» - 28.04.2012.
7. «Халықаралық құқық» Дәрістер курсы. –Алматы., ҚазГЗУ, 2003. 298 б.
Достарыңызбен бөлісу: |