Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет106/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Кiм керек?

—  Исламқұл  әка  оянды  ма?  Оянса  айт,  “Алайдағы  Рахман 

бектен  кiсiлер  келiп  тұр”  деп.  Екi  қазақ  кiсi  дегейсiң. 

Қылышты жiгiт екеуiне сүзiле қарады:

—  Құрбашы  жаңа  ғана  шайға  отырып  едi.  Рахман  бектен 

келсеңiздер,  жүрiңiздер.  Тiке  кiргiзiп  жiберейiн. 

Iшке  кiргенде  Сүлеймен  айналаға  көз  тастап  едi,  Құдай 

салмасын,  ауласы  құла-дүз.  Бастырмада  байлаулы  тұрған 

малдарда есеп жоқ. Үш-төрт еркек астауға жем-шөп салып жүр. 

Бiрақ ол жақты түгел көзiмен шалып үлгермедi. Бастаушы жiгiт 

түнiкiмен  жабылған  еңселi  тамның  алдына  келгенде:

—  Белдерiңде  наган,  қанжар  жоқ  па?  Кәне,  екеуiң  де 

шапандарыңның  белбеуiн  ағытыңдаршы,  —  дедi.

— Рахман бектiң адамдары құрбашыға жаулық ойлап келедi 

деймiсiң?

—  Кiм  бiледi,  Рахман  бектен  көптен  берi  хабар  болмай 

кеткен едi… Исламқұл әкадан басқасының бәрi бәлшебектердiң 

құлына  айналып  кеткен  қазiр.  Сол  үшiн  де  әманда  сақтық 

керек.  Қаруларыңыз  жоқ  болса,  аяқ  киiмдерiңiздi  осында 

қалдырыңыздар  да  соңымнан  ерiңiздер.

 Ол осыны айтты да, арғы есiкке бұрылды. Ажан етiгiн тез-тез 

шешiп, оған iлестi. Сүлеймен етiгiнiң табанын жаюлы текеметке 

сүртiп-сүртiп, оның соңынан ердi. Үшеуi төрт есiктен өткен соң 

бiр үлкен бөлмеге кiрдi. Төрде бетi жалпақ, қоңқақ мұрынды, қап-

қара бұйра сақалы белiне түскен, алпамсадай бiреу малдас құрып, 

шәй iшiп отыр. Жанында көзi ғана көрiнiп, бет-аузын, басын қара 

орамалмен ораған жап-жас келiншек шәй құйып отыр.

—  Құрбашы,  Рахман  бектен  кiсiлер  келiп  тұр,  —  дедi  жол 

бастаушы  жiгiт.

—  А,  —  дедi  анау  таңданған  кейiппен.  Денесi  қандай  зор 

болса, даусы да жуан екен. — Ойпырмай, ол әлi тiрi жүр ме екен? 

Неғып  тұрғызып  қойдың  оларды?  Берi  өткiзсейшi. 

 Сүлеймен осы сәт “қарауыл жiгiттi бiр ұрып, қатырып тастап, 

оған атылып барамын ғой” деп ойлаған-ды. Бiрақ ананың мына 

сөзiнен  кейiн  iштей  сабыр  сақтады  да,  жанына  жақындап, 

қолын  алды.  Ажан  болса  оның  жағдайын  сұрап,  iшi-бауырына 



219

Сүлеймен қарақшы

кiрiп,  өтiрiк  өлiп  барады.  “Иншалла,  шүкiр”  деген  Исламқұл 

Сүлейменнен  көзiн  алмай  отыр. 

—  Рахман  бектiң  құзырында  мынадай  бәйтеректей  ұзын, 

аюдай  тұрпатты  адам  бар  ма  едi? 

— Бiзде түрлi-түрлi адамдар бар, құрбашы.

—  Иә,  өздерiң  қай  қуыста  тығылып  жүрсiңдер?  Рахман  бек 

Ауған асып кеттi деп естiп едiм. Өлiмнен аман екен-ау. Қашан 

оралды?

— Құрбашы, жанымызда бөтен көздер отыр…

— Әй, шығыңдар екеуiң де! Керек болсаңдар шақырамын өзiм, 

— дедi Исламқұл қарауыл мен келiншекке кезек-кезек қарап.

 Олар сыбысын бiлдiрмей шығып кеттi.

—  Барлық  әңгiменi  мынау  дәу  айтады.  Бұл  сiзге  жақын 

отырсыншы.  Ал  мен  аржағыңызға  отырайын,  —  деп  Ажан 

орнынан  тұра  сап,  Исламқұлдың  сол  жағына  ауысты.

  Оның  ойын  түсiнген  Сүлеймен  берiрек  жылжып,  сөзге 

келместен  Исламқұлдың  бетiнен  құлаштап  бiр-ақ  соқты. 

Оның  шүйдесi  артқы  дуалға  оңбай  соғылып,  бiр  мезет  есiнен 

танды.  Сүлеймен  қонышындағы  екi  жүздi  қанжарын  суырып 

алып,  алқымына  тақады.  Бiрауықтан  соң  есiн  жиған  Исламқұл 

айқайламақ болып, әрекеттенiп едi, бұл оның сақалынан уыстай 

ұстап, иегiн жоғары көтердi. Басы дуалға сүйенiп, аузы жабылып, 

айқайлауға мұршасы келмеген Исламқұл қолдарын шапалақтай 

бергенде,  қанжарын екi алақанының ортасына қырынан ұстай 

қойды.  Екi  алақаны  қанжар  жүзiне  барып  қадалған  Исламқұл 

“Ө-ө-ө”  деп  өзгеше  дыбыс  шығарды. 

—  Ей,  хайуан!  Өлерiңнiң  алдында  тыңдап  ал.  Мен  —  сен 

қолға түсiре алмаған Сүлейменмiн. Өмiрiңде “алты аласың, бес 

бересiң”  жоқ  маған  өштесетiндей  қай  кегiң  қалып  едi?  Әлде, 

өзiңе  келер  зауал  жоқ  деп  ойладың  ба?.

—  Қарауыл,  қарауыл,  —  деп  шиқылдады  Исламқұл.  — 

Сүлеймен,  Сүлеймен…

—  Бiздi  өлтiрем  деп  ойлап  едiң.  Ал  қазiр  бiзден  бұрын  бар 

о дүниеге, — деп Ажан оның қарын тұсына қанжарын екi рет 

сұғып-сұғып  жiберiп,  ары  қарай  итере  салды.  Исламқұл  аузы 




220



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет