Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет102/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Жұрт “доқтыр” дейдi, “укол” дейдi. Ал мен мұның бәрiн 

бiрiншi  рет  көрiп  тұрмын.

 Доқтырлар сөз айтпаған күйлерi күлдi де қойды. Сосын укол 

салып, кесiлген етке жуан ине сұғып тiге бастады. Ауру жанына 

қанша батса да,  тiстенiп жата бердi.

— Шынымен-ақ батыр екенсiз. Кей кiсiлер мұндайда ақырып-

шақырып, тамды басына көтередi. Иә, бек шыдамды екенсiз, бек 

шыдамды. Ендi қозғалмай үш күн жатуыңызға тура келедi. Ал 

шыдай алмай тұрып кетсеңiз, жара жазылмай, өзiңiздi қинайды. 

Бұдан кейiн сiзден көп қан кетiп қалған. Ол үшiн күштi-күштi 

тамақ  iшiп,  кеткен  қанның  орнын  толтыруыңыз  керек,  —  дедi 

доқтыр iсiн бiтiргесiн.

— Әй, “үш күн қозғалмай жат” дейсiң маған. Дәретке қалай 

шығамын?

— Оның бiр жөнi болар.




210

Сүлеймен қарақшы

 Ол жерде бес-алты күн емес, он бiр күн жатты. Осы күндердiң 

iшiнде күнде мiлисаның бастығы келiп, анау таулықты не үшiн 

оңдырмай тастағаны жөнiнде сұрап, мазасын қашырды. “Пышақ 

ұрған  соң  ашумен  түк  бiлмей  қалыппын”  десе,  “Алдымен  сен 

оны  өлтiремiн”  деп  қорқытыпсың  ғой.  Осының  рас  па?”  дей 

ме,  әйтеуiр  қайдағы  бiр  сұрақтарды  берiп,  зықысын  шығарды. 

Кеше келгенiнде: “Екi-үш күннен соң сенi бұл жерден шығарып, 

қамауға  апарамыз.  Сәбет  өкiметiнiң  заңы  бойынша,  адамды 

майып қылған кiсi тиiстi жазасын алуы керек”, — деген. “Оны 

майып қылам деп ойлаған жоқпын. Бiрақ оны ұрмасам, ол менi 

өлтiретiн едi ғой”, — дедi бұл. “Мұның уәж емес. Бiздiң зәкүн 

бойынша,  ешкiм  өзiнше  бiреуден  кек  алуға  тиiстi  емес,  азамат 

қылмыскер Мәменов”, — деп шығып кеттi ол.

 “Ендi не iстесем екен? Мына мiлисалардың өзiме шабуылдаған 

таулықты кiнәламай, мен жазғырғаны несi?” деп ойлап жатқанда 

Пұсырманқұл  келдi.  Сүлеймен  оған  мiлиса  айтқан  әңгiменi 

айтты. Пұсырманқұл ойланып отырып, былай дедi:

—  Бұл  жердiң  мiлисаларының  бәрi  Исламқұл  құрбашыны 

тыңдайды. Мен бiлсем, бұл Исламқұлдың тiрлiгi. Қалайда, сенен 

Шалпардың кегiн қайтармақ. Мына жерден қамауға апарып бiр 

тықса, көзiңдi құрта салудан тайынбайды бұлар. Сол үшiн бүгiн 

түнде бұл жерден қашып шығуың керек.

— Қашуды жек көрсем де, бiреудiң өзiме еткен озбырлығын 

өзiне қайтару үшiн қашуыма тура келедi кейде. Бiрақ Исламқұл 

мен  Шалпардан  кек  қайтаруға  қазiрше  халiм  жоқ.  Әбден 

жазылғанша, қайда тығыла тұрамын? Сенiң үйiңе барып тұруға 

болмайды.  Мiлисалар  ертең-ақ  ол  жерге  жетiп  барады. 

— Ол жағын уайымдама. Мен қазiр шығып, сен Дилда екеуiң 

уақытша бас сауғалайтын үй табуға тырысайын. Сен тура түннiң 

жарымында қорған бұрышындағы қойманың жанына кел. Сенi 

сол жерде күтiп тұрамын.

— Иә, сөйт. Мынау мiлисаларға өштесiп не қылайын. Өкiметтiң 

қай итаршысына қапаланып, ашулана берейiн. Алайда Исламқұл 

мен Шалпардың басын алмай тынбан. Қарап жүрген маған тиiстi 

ме, ендi мен оларды текке қалдырмаймын.




211

Сүлеймен қарақшы

Түн жарымы болған кезде Сүлеймен “Я, Құдай, өзiң қолдай 

көр”,  —  деп  орнынан  тұрды.  Шынтақ  икемге  келгенiмен, 

тiлiнген  аяқ  әлi  онша  бастырмайды.  Ақсаңдай  басып,  лазарет 

iшiнен  шықты  да,  қоймаға  беттедi.  Айнала  көзге  түрткiсiз 

қараңғы. Шамалап келiп, қойма маңына жеттi. Көп тұрған жоқ, 

қорған сыртынан Пұсырманқұлдың: “Келдiң бе?” — деген даусы 

шықты. “Иә, келдiм”, — деп дыбыстады бұл. “Мә, мына арқан 

сатымен  амалдап,  берi  шық”,  —  деген  Пұсырманқұл  арқанды 

қорғаннан  асыра  лақтырып  жiбердi.  Сүлеймен  әзер  дегенде 

сатымен қорған басына шықты. Ар жағынан Пұсырманқұл мен 

бiр  кiсi  сүйемелдеп  түсiрiп  алды.

— Ендi қайда барамыз? Ынғайлы жатақ таптың ба?

— Таптым, Қалақишан мәхәлласында тұратын бiр сарттанған 

адайға жиырма сом пұл берiп, тамын жалға алдым. Ол сенiмдi кiсi. 

Қашан жазылып шыққаныңша, Дилда екеуiң сонда тұрасыңдар. 

Қазiр Дилда сенi сонда күтiп отыр. 

 Пұсырманқұл қос есек жегiлген жеңiл арба әкелiптi. Сүлеймендi 

соған  мiнгiзiп,  өзi  есектердi  жетекке  алды.  Оның  “Қалақишан 

мәхәлласы”  дегенi  Тәшкен  жолына  шығар  бағыттағы  ойпаңда 

орналасқан  адайлар  мекенi.  Сүлейменнiң  естуiнше,  қайбiр 

заманда кiшi жүз жерiндегi Ырғыз деген жақта Арғынғазы деген 

батыр шығып, орыстарға қарсы көтерiлiптi. Кейiн ол орыстардан 

жеңiлген соң оның жасағында болған бiр топ адайлар осы қалаға 

ауып келiп, орныққан екен. Мұнда келе сала өзбектерге елiктеп, 

қоқан шетiнен бiр-бiрiне жапсарлас там салып, түбегейлi отырып 

қалған. Кезiнде оларды Қалақ деген ишан басқарып келiптi. Содан 

олардың мәхәлласы “Қалақишан” деп аталады. Бұл күндерi сол 

адайлар үш жүз түтiнге жуық. Қазiр олардың түрлерi де, тiлдерi 

де  өзбектенген.  Iлуде  бiреулерi  болмаса,  қалғандары  қазақша 

сөйлемейдi.  Қалақишан  мәхәлласының  көшелерi  қысқа-қысқа, 

әрi қисық, тар. Оның үстiне тамдардың арасы бiр-бiрiне жақын 

салын-ғандары сондай, кiмнiң қай үйде тұратынын ажырату да 

қиын. Пұсырманқұл Сүлеймен үшiн сырт көзден жасырынатын 

жердi дұрыс-ақ тапқан екен.

 Пұсырманқұл жетектеген есектi арба дiттеген жерге келген 

соң  төрт-бес  көшенi  аралай  өтiп,  бiр  кiшкене  дарбазалы  үйдiң 



212



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет