Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет103/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   265
Сүлеймен қарақшы

алдына тоқтады. Арба соңында келген кiсi дарбазаны ұрып, белгi 

бердi.

— Пұсырманқұл, сенбiсiң-ей? — деген дауыс шықты iштен.



— Мен, мен.

 Ағаш дарбаза ашылып, ар жақтан орта бойлы келген кiсiнiң 

сұлбасы  көрiндi:

— Тезiрек кiрiңдер. Қоңсылар байқап қоймасын.

Үй  иесi  үшеуiн  бiр  түпкi  тамға  әкелiп  кiргiздi.  Шам  жанып 

тұрған аядай бөлменiң iшiнде Дилда жалғыз отыр екен. Бұларды 

көрiп орнынан ұшып тұрды да: “Аман-сау келдiңiздер ме?” — 

деп сәлем салды.

—  Мiне,  қазiрше  тұрағың  —  осы.  Мына  үй  иесiнiң  аты  — 

Бойтан.  Сен  осы  жерден  жазылып  шыққанша,  бұл  кiсiнiң  көзi 

— көр, құлағы — керең. Бiрақ өзара сырласа берулерiңе болады. 

Ал мынау өзiмiзбен бiрге жүрiп келген серiгiмiз — Ажан. Мен 

мұнда жиi келе алмаспын. Исламқұл мен мiлисаның адамдары 

менi  аңдуы  мүмкiн.  Бiр-бiрiмiздiң  хабарымызды  осы  Ажан 

арқылы  бiлiп  отырамыз.  Ас-ауқаттарыңды  да  Ажан  тасып 

тұрады. Қазiрше басқа әңгiме жоқ қой. Ажан үш күннен кейiн 

бiр  келiп  кетедi.

Арада бiр айдан аса уақыт өттi. Бiр күнi Ажан екеуi әңгiмелесiп 

отырғанда, сыртқы қақпаны бiреу тарсылдата ұрды. Аздан кейiн 

iшке Бойтан мен Пұсырманқұл, Аязбек пен Төрекелдi кiрдi. Бәрi 

Сүлейменмен құшақтасып көрiстi.

— Ойпырмай, жұрт түрмеде қалай шыдап жатар екен? Құдай 

салмасын, осы бiр айдың iшiнде мына тар үйшiк, қапас аулада 

iшiм жарылып кете жаздады.

— Сенiкi ештеңе емес. Қолың бұғаулы, аяғың тұсаулы емес. 

Қатының  —  жаныңда.  Iлкiде  көп  азамат  жылдап  зынданда  да 

жатқан  ғой,  —  дедi  Аязбек  қуақыланып.

— Ер жiгiтке бәрiн көрген жақсы, — деп қостап қойды оны 

Төрекелдi.

— Иә, өзiң қалай? Жаудың пышағы тиген жерiң жазылып, адам 

қатарына қосылайын дедiң бе? — дедi үшiншi болып сөйлеген 

Пұсырманқұл.




213

Сүлеймен қарақшы

— Иә, жара орны қарақотырланып, өткен жетiде-ақ төгiлген. 

“Күшiм орнында ма, орнында емес пе?” деп бiр ауыр зат көтерейiн 

десем, мына Бойтанның үйiнде көтеретiн түк жоқ. Түк таппаған 

соң қысқа жиып қойған екi-үш қап ұны мен төрт-бес қап бидайын 

көтерiп, ермек қылдым. Менi қоя берiңдершi. Келдiм ғой епке. 

Өздерiңде, анау сыртқы дүниеде не гәп бар?

— Гәп сол, мiлиса тыншыды. Сонда iстейтiн бiр танысымның 

айтуынша, олар сенi Қоқаннан қашып кеттi деп, күдерiн үзiптi. 

Өздерi  де  бiразға  дейiн  iздедi-ау.  Мiлисадан  бұрын  бiреулер 

бiрнеше  түн  бойы  менiң  үйiмдi  торуылдап  жүрдi.  Кейiн 

торуылдағандардың кiмдер екенiн бiлдiм. Шалпардың адамдары 

екен.  Айтпақшы,  анадағы  күресте  саған  пышақ  ұрған  адам 

соныкi, ал пәренжi жамылып атпен шауып келiп, қылыш сiлтеген 

сол  Шалпардың  өзi  екен.  Ендi  “мұның  бәрiн  қайдан  бiлдiң?” 

де.  Бiр  таныс  тәжiктер  арқылы  қашқарлықтарға  шығып  жүрiп, 

ақыры Исламқұл мен Шалпардың жандайшаптарымен танысып 

алдым. Сөйтiп осы уақыт iшiнде қарап жатпай, әлгi екеуiнiң қай 

жерде  тұратындығын  да  бiлдiм…

— Қай жерде екен? — деп сабырсызданған Сүлеймен оның 

сөзiн бөлiп жiбердi. — Тура осы түннен қалдырмай, екеуiнiң де 

басын  алайын. 

— Жә, аздап сабыр ет. Дәу адамға шошаңдаған жараспайды. 

Алдымен тыңдасайшы. Сiрә, олардың басын алу оңайға соқпас-

ау. Өйткенi күндiз ол жерге бара алмаймыз. Ал түнде олардың 

биiк  қорғандарынан  асып,  үйлерiне  кiру  де  оңай  емес.  Оның 

үстiне  қарауылдары,  адам  жейтiндей  иттерi  тағы  бар. 

— Ай, айтсаңшы, өздерi осы Қоқанның iшiнде ме, жоқ, шеткi 

қышлақтарда ма?

—  Қоқанда.  “Қоқанбазардың”  маңындағы  Алтынбесiк  ата 

сағанасын  бiлушi  едiң  ғой.  Базар  мен  сағана  ортасында  тәжiк 

қышлағы бар емес пе. Мiне, екеуi де сол жерде. Шалпар ауық-

ауық  көшеге  шығып  тұрады.  Ал  Исламқұл  сондағы  ұясында 

жатып-ақ,  барлық  зұлымдығын  жасап  отырады.

—  Үй-жайын,  қорған-порғанын,  қора-қопсысын  өзiң  көрдiң 

бе? Ешкiм кiре алмастай тас қамал ма екен?




214



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет