Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет149/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   265
Сүлеймен қарақшы

бiр  де  бiрi  бұған  қарсылық  көрсете  алмады.  Шетiнен  ұрып 

құлатты.  Аналардың  бiрi  бақырып,  бiрi  қой-қойлап,  Аязбектер 

жаққа  қашты.  Сонда  да    қарсыластарын  қуалай  жүрiп  сабады. 

Басын көтере бергендердi теуiп, қайта сiлейттi. Осы бойда бәрiн 

о  дүниелiк  қылып  тастар  ма  едi,  егер  Төрекелдi  мен  Аязбек 

қолына  жармасып,  әзер  баспағанда.  Екеуiнiң  сөзінен  кейін 

зорға  дегенде  өз-өзiне  келіп,  жан-жағына  көз  тастаса,  Құдай 

салмасын,  вагонның  бiр  жағында  отырған  Османның  серiктерi 

мен орыстар түгел қирап жатыр. Микай сорлы әлгiндегi орнынан 

әлi  қимылдамапты.  Османда  тыныс  та,  дыбыс  та  жоқ.  Аркаша 

бiреудiң  артына  басын  тығып  алыпты.  Бағанағы  жағымпаз 

қазақтың бет-аузы қан-жоса. Етектерiмен беттерiн сүртiп, тағы 

бiр топ отыр анадай жерде.

 — Сүлеймен, отыр ендi. Осы қиратқаның да жетер, — дедi 

Аязбек.  —  Таяқ  жеп  қалған  Ажанның  есесiн  қайтардың.

Ажанға қараса, әзер демалып жатыр.

— Сүйектерiң аман ба, әйтеуiр? — дедi оған үңiлiп.

— Осман пәленiң қолдары болаттай екен. Үш-төрт қабырғамды 

сындырып жiбердi-ау деймiн. Ал басқа сүйектерiм аман сияқты.

—  Қабырға  болса,  ештеңе  емес.  Сүлеймен  болмағанда, 

мыналар  бiздi  тiрiдей  түтiп  жiберер  едi.

Ашуы әлi тарқамай, сызданған Сүлеймен оған әлдене айтайын 

деп  басын  бұрып  едi,  көзi  құйрығынан  айырылған  жаралы 

жылан сияқты төрге қарай ирелеңдей еңбектеген Микайға түстi. 

Қанша қан майдан мен алыс-жұлысты көрiп жүрсе де, оқыстан 

әлдекiмнiң таяғын жемеген бұл Микайдың әлгi қылығына тағы 

жыны  шығып,  өзi  тұруға  шамасы  келмей  жатқан  сорлының 

жанына  жетiп  барып,  желкесiнен  бүре  тiк  көтердi.

—  Ойбай,  Сүлеймен,  өлдiм.  Өлдiм  деймiн,  Ойбай,  белiм! 

Жiбершi  менi.  Рахым  ете  көр.  Ай-ай-ай,  жаным!

—  Кеше  сен  “түрмеде  атаманға  опасыздық  жасаған  адам 

кешiрiлмейдi”  деп  едiң  ғой.  Осы  тұрысыңда  сүйектерiңдi 

бөлшектеп, еттерiңдi үзiп тастайын ба? Ай, сен әлi ешкiм менiң 

бетiме  жұдырығын  тигiзбегенiн  бiлесiң  бе?  Кеше  ғана  маған 

бағынғандығың қайда? Сатқын сүмелек, мә, саған, — деп ақыра 

оны  Аркашаның  үстiне  қаңбақша  лақтырды.  Сосын  орыстарға 

бұрылды:  —  Микай  ғана  емес,  сендер  де  сатқын  екенсiңдер. 

Анау  Османға  ұқсатып  тастайын  ба  бәрiңдi?



306

Сүлеймен қарақшы

 Айып өздерiнде болғасын орыстар сөз айта алмай, денелерiнiң 

жарақат жерлерiн сипалап, көздерiн төмен тұқыртты. Бiр нәрсенi 

ойласа, дегенiне жетпей қоймайтын Сүлеймен:

— Тiлдерiң байланып қалды ма? Неге үндемейсiңдер?! — деп 

одан бетер шүйлiктi.

  Бастарын  төмен  салбыратқан  аналарда  әлi  үн  жоқ.  Олар 

үндемеген  сайын  бойын  ашу  бұрынғыдан  да  керней  түскен 

Сүлеймен шетте отырғанның бiрiн нұқып қалды. Анау “ой” деп 

иығын  ауырсына  бiр  қырына  жантайды.

— Екi-үш күннен берi бiр тыныштық бермедiңдер ғой бiзге. 

Ендi мен сендерге маза бермеймiн.

Осыны айтты да, басы бiреудiң артында, ал денесi серiктерiнiң 

ортасында қалып, талыстай боп жатқан Аркашаға таяп барды.

— Әй, Аркаша, тұр! — дедi. 

Аркаша  тұрмады.  Сүлеймен  Османның  жанында  ыңқылдап 

жатқан  Микайға  қарады.

—  Микай,  айт  мынауыңа!  Тұрсын!  Әйтпесе  мұның  да  аяқ-

қолдарын  сындырып  тастаймын.

Микай  қиналып  жатса  да,  Аркашаға  Сүлейменнiң  сөзiн 

аударып  бердi.  Аркаша  сонда  да  тұрмады.  Есесiне  оның  бетiн 

арқасымен жауып отырған серiгi берi жылжыды. Бас-көзiнен түк 

жоқ Аркаша қинала әзер демалып жатыр. Қинала, тiлi күрмеле 

бiрдеңелердi  зорға  айтты.

—  Оның  қимылдауға  шамасы  жоқ.  “Кешiр,  ендi 

тынышталсайшы. Бiз толық жеңiлдiк” деп жатыр саған, — дедi 

Османмен  бiрге  келген  қазақ.

— Ә, әкеңнiң... Мен мыналармен әуре боп, сендер жайында 

ұмытып кетiппiн ғой. Бағана осыларға болысып, неге бiзге қарсы 

шығасыңдар?  Өздерiңдi  де  бiр  тәубеге  келтiрiп  қояйын.  Бұдан 

былай қайдағы бiреулерге жақтаспайтын боласыңдар, — деп әлгi 

қазақты бiр қолымен, жанында отырған бiреудi тағы бiр қолымен 

ұстап тұрғызды да екеуiн бiр-бiрiне соғып, сiлейте салды. Одан 

соң қан-жосаға бөккен жағымпаз, ұзын қазақтың жағасынан ала 

тiк көтердi: — Османның аяғын жалап, сен хайуанға не көрiндi? 

Сендей  намыссыз  жер  басып  жүргенше,  қара  жердiң  астында 

жатқаны абзал. Буындырып өлтiре салайын ба, осы?! 



307



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет