Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет157/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Сөйттi де, жүн басқан саусақтарын алдындағы үстел үстiне 

жайып  салып,  күндегi  әдетiнше  шалқая  отырды.  Тура  орман 

аюына  ұқсас,  апайтөс,  төртпақ  денелi  бастықтың  бетiнде 

қанша  күлiмсiресе  де,  залымдықтың  табы  кетпейтiн.  Кеше  де 

солай болған. Микай екеуi алдына жайғасып болғанша, шалқая 

күлiмсiреген  ол,  лезде  қайта  тiктелiп  отырды.  Папирос  алып, 

тұтатты. “Осы пәле менен күнде не сұрай бермекшi екен? Онсыз 

да басымнан өткен оқиғалардың барлығын айтып бiттiм ғой. Бұл 

жақтың  орыстары  қазақтарға  қарағанда  тым  iрi  болады  екен. 

Бәрi бiздiң таудағы қабандар сияқты. Жүздерi де суық”. Түрме 

бастығы гүж еттi. Сүлейменнiң қазiргi тiлi — Микай. Бастық гүж 

еткенде,  Микай:  “Халдерiң  қалай?”  деп  жатыр,  —  дедi. 

 Бұл — күндегi алғашқы сұрақ. Бiрақ әңгiме ары қарай басқа 

арнаға ауысты.

— Сүлеймен, мен сенiң ел жағыңнан өзiң туралы көп дерек 

алдым.  Мықты  жiгiт  болғансың.  Әлi  де  мықтысың...—  деген 

бастық шылымын бұрқарата сорып отырып үнсiз қалды. Сосын 

қалың  ойға  шомғандай  кейiп  танытып,  тағы  бiраз  отырды.  — 

Саған мына Микай ана түрменiң iшiндегi бар хал-жағдайларды 

ендiгi  түсiндiрiп  те  қойған  болар-ә?  Иә,  иә,  түсiндiрсе,  ондағы 

өмiр қиын. Ай, қиын. Ондағы барлық тәртiптi бiз үнемi қадағалап 

отыра  алмаймыз.  Ерегiскен  тюремщиктер  бiр-бiрлерiн  өлтiрiп 

жатады.  Ал  кiмдi  кiм  өлтiрдi,  ол  жағын  бiзге  олар  айтпайды. 

Олардың өз заңдары бар. Сорлы еркектер көтек болып күн көредi. 

Бұл патша заманынан берi бар нәрсе. Онда жақсы өмiр сүру үшiн 

мықты атаман болуың керек...

 Осында, сен әлi табалдырығынан аттамаған ана шарбақтың 

iшiнде  үш  мыңдай  адам  отыр.  Сол  үш  мыңның  қожайыны  — 

үш алып адам. Бiрақ олар бiз үшiн алып та, қожайын да емес. 

Көздерiн бiр-бiр оқпен жайрата саламыз. Оларды өлтiргенiмiзбен, 

сондайлар тағы шыға бередi, шыға бередi. Өңкей баскесерлер мен 

қарақшылар отырған жерде қандай тәртiп болсын. Олар өздерiне-

өздерi тәртiп орнатады. Қысқасы, көп сөйлей бермей түсiндiрiп 

айтсам, былай: Сен мына жаңа келгендердiң iшiндегi ең дәуiсiң. 

Ал  жаңағы  iште  жатқан  қожайындар  бiрден  сенiң  сағыңды 

сындырып  тастауға  тырысады.  Бұның  себебiн  өзiң  түсiнесiң. 

Бәлкiм, олар сенiң жолдағы екi атаманды сiлейтiп салғаныңды 




322

Сүлеймен қарақшы

ендiгi  естiп  те  қойған  болар.  Мысалы,  мен  ол  оқиғаны  сен 

мұнда жетпей тұрып естiп отырдым емес пе? Ендеше маған да, 

оларға да бар нәрсенi жеткiзiп тұратын “құлақ” көп жол-жолда. 

Қожайындардың құлағына сенiң күштiлiгiң туралы жетiп қалса, 

олар өзiңдi мiндеттi түрде сұраққа алады. Егер оларға мықтылық 

көрсетем  деп  ойласаң,  онда  өлдiм  дей  бер.  Өлмей  қалсаң, 

үшеуiнiң  шұлғауын  жуып,  аяқтарын  сүртiп  жүресiң...  Жалпы, 

қалай ойлайсың? Оларға басымдық қыла аласың ба?

— Өзi тиiспесе, мен өзiмше ешкiмге тиiспейтiн жанмын.

—  Ох,  Сүлеймен!  Әлi  көп  нәрсенi  түсiнбейдi  екенсiң-ау. 

Жарайды,  ертең  iшке  кiрген  соң  түсiнерсiң.  Алайда  менiң  не 

айтпақ  болғанымды  ұғып  ал.  Егер  ол  үшеуiн  жеңе  алсаң,  сенi 

елiңе  қайтарамын.  Бұл  —  түрме  бастығының  сөзi.

  Сүлеймен  аңтарылып  қалды.  Түкке  түсiнбей,  Микайға  бiр, 

бастыққа  бiр  қарады.  Бастық  басқа  сөз  айтпай,  есiктiң  арғы 

жағында  тұрғандарға:  “Алып  кетiңдер  мыналарды!”  —  деп 

айқайлады.

  Өзi  үшiн  жаңағы  сөздiң  тосын  әрi  таңқаларлық  болып 

естiлгенi  сондай,  Сүлеймен  қамау  бөлмеге  жеткенше  асықты. 

Жоқ,  асықпады.  Ойының  әңкi-тәңкiсi  шығып,  басына  әртүрлi 

қиял  келiп,  коридор  бойымен  ентелей  жүрiп,  қамау  бөлмедегi 

кереуетiне  келiп,  бiр-ақ  құлады.

— Ох, ох, Сүлеймен, — деп Микай қолымен басын қыса қасына 

отыра  кеттi.  —  Түрме  бастығы  бекер  айтпайды.  Бiрақ…  бiрақ 

ол қиын жұмыс. Күллi Сiбiрдi шулатқан қара Иванды жеңу... О, 

боже мой, оны жеңбек түгiлi, адам бетiне қарай алмайтын айбат 

қой. Ойбай, сен онымен дос болуың керек едi.

  Әлгi  сөзден  еш  болмаса  ойша  нәтиже  шығаруға  мұршасы 

болмаған  Сүлеймен  оның  мына  зарына  күйiнiп  кеттi.

— Кетшi әрi-әй, зарламай! Османды да Құдай етiп көрсетiп 

едiң  ғой.  Одан  да  бастық  маған  ол  сөзiн  неге  айтты?  Соны 

түсiндiршi.

— Ей богу, не ойы барын бiлмедiм бастықтың. Тұра тұршы, 

жаман ақылыммен бiр нәрселердi шамалап көрейiн, — деп Микай 

қолдарын басынан жiбермеген күйi төмен қарап, ойланып қалды.




323



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет