Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет150/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Қорыққанынан  қалшылдап  кеткен  анау  сорлы  Сүлейменнiң 

аяғына  жабысты:

—  Көкежан,  құлың  болайын.  Тек  өлтiре  көрме.  Осман  менi 

жанындағы баскесерлерiмен қосылып, әбден қорқытып қойған. 

Бiр рет ұрлыққа бiрге қатысып, ұрланған жылқылардың үшеуiн 

жоғалтып  алып  едiм,  мойныма  соларды  өмiр  бойы  қарыз  етiп 

iлiп  қойды.  Қатынымды  да  тартып  алды.  Жо-жоқ,  тартып 

алмады. Көзiмше зорлады. Қит етсем, “өлтiрем” дедi. “Ұрланған 

малдарды саған артып соттатып жiберемiн” дедi. “Бала-шағаңды 

қырам” дедi. Жаңа көрдiңiз ғой, өзiнiң қандай қабылан екенiн. 

Сiзден де қорықпай, төбелеске шықты. Ал бiздердi ол оп-оңай 

жайғай  салады.

—  Ой,  жетесiз.  Осынша  қорлыққа  шыдағанша,  оған  пышақ 

салып  өлтiре  салмайсың  ба?  Османға  қосылып,  саған  әңгi 

есектей ақырып жүрген мыналардың қайсысы? Тап қазiр кегiңдi 

алып  берейiн.

—  Олардың  көбiсi  мұнда  жоқ.  Екеуi  бар.  Бiрақ  ол  екеуiнiң 

жаңа ғана дап-даласын шығарып тастадыңыз. Ендi жiберiңiзшi 

жағамды,  көкежан.  Бүгiннен  бастап  сiзге  қызмет  етейiн.

— “Сiзге қызмет етейiн” деп өз намысыңды өзiң аяққа таптама. 

Кiммен болса да, кеудеңдi тең ұста. Берi кел, Осман мен жаңағы 

екеуiн аяғыңа жығып, кешiрiм сұратайын.

Сүлеймен  оның  жағасынан  сүйреп,  бiр-бiрiне  соғысып, 

есеңгiреп  отырған  екi  қазақтың  жанына  алып  келдi.

— Сен екеуiң мынаның... әй, атың кiм едi? Жаманбай дейсiң 

бе? Осы Жаманбайдың аяғына жығылып, рақымшылық сұраңдар! 

Бол деймiн сендерге! Маған қарап неге бажыраясыңдар? Ақыры 

әлсiзге  әлiмжеттiк  көп  жасайды  екенсiңдер.  Ендi  мен  сендерге 

күштiлiк  көрсетейiн.  Әй,  жығылыңдар  аяғына!  —  деп  екеуiн 

қойып-қойып  жiбердi.

 Зiл батпандай қол бастарына тигенде, екеуi соққыны ауырсына 

көздерiн жұмып, Жаманбайдың аяғына құлады.

— Қатем болса кешiр! — дедi бiрi.

—  Сенiң  мұндай  қамқоршыңның  барын  бiлмеппiз.  Өткен 

зорлық-зомбылығыма рахым еткейсiң, — деп мiңгiрледi екiншiсi.

  Екеуiн  Жаманбайдың  аяғына  жығып  берген  соң  Османға 

келдi.  Ол  әлi  ес-түссiз  жатыр.

— Қозғап көршi. Тiрi ме өзi? — дедi Сүлеймен.



308

Сүлеймен қарақшы

Жаманбай  Османды  ары-берi  қозғады.  Осман  ыңырси  көзiн 

ашты  да,  қайта  жұмды.  Сосын  ыңқылдай,  басы  мен  денесiн 

сипап,  “уһ”  деп  бiр  күрсiндi.

— Тiрi екен, — дедi Жаманбай.

— Онда көзiн ашқыз да, бетiне бiр түкiр. Сөйт те, табаныңмен 

бетiн басып, кегiңдi ал.

— Көкежан-ау, бұл Осман ғой...

—  Қайтем,  Осман  болса!  Мұны  айтып  тұрған  менiң  кiм 

болғаным  сонда?!

— Ә, көкежан, дұрыс, дұрыс. Ендiгi мықтымыз — сiз екенсiз-

ау, — деп Жаманбай сұқ саусағымен Османның көзiн ашты. Ашып 

тұрып:  “Тiфә,  қарабет  жүзiңе”,  —  деп  бетiне  былш  еткiзiп  бiр 

түкiрдi. Түкiрiп болған соң етiгiнiң табанымен бетiн мыжғылап-

мыжғылап алды.

— Ендi Аркашаның адамдарын аяғыңа жығылтам. Жүр!

— Ойбай, көкежан, олар маған ештеңе iстеген жоқ қой.

— Бұлар сенiң жауың — Османның достары. Ал жауыңның 

досы  —  сенiң  де  жауың.  Жаңа  айтқанымды  iстеймiн  деп  едiң, 

ә?  Олай  болса,  iсте  айтқанымды.  Әйтпесе  сенi  де  осылардың 

қатарына  жатқызып  тастаймын.  Алдымен  мынау  алдымыздағы 

Микайдан  бастайық...

Жаманбай вагон дуалына сүйенiп отырған Микайдың кеудесiне 

бiр тептi. Микай сорлы үн шығармаған күйi бiр жамбасына сылқ 

түстi. Жаманбай оны қоя сап, жанындағысының басынан қойып 

қалды. Осы кезде вагон есiгi ашылды да, арғы жағынан бiр топ 

солдат көрiндi. 

—  Өй,  мыналар  неге  қирап  жатыр?  —  дедi  олардың 

алдарындағы  қазақ  офицер. 

— Ей, бiр-бiрiңдi өлтiрiп тастағаннан саусыңдар ма? Ойбай, 

мынау жатқан Аркаша ма? Осман бұзық та сiлейiп қалыпты ғой. 

Бұларды кiм жайратты?

 Қазақ офицер осыны айтып, вагон iшiне кiрдi. Аркаша мен 

Османды  түртiп-түртiп  көрдi  де  сырттағы  солдаттарға:

— Бастыққа хабар берiңдер. Мұнда сұмдық төбелес болыпты. 

Содан соң зембiл әкелiңдер. Мына екеуiн түсiрiп 

алмасақ болмас, — деп айқайлады. 

Солдаттар  зембiл  әкелдi.  Бiрнешеуi  жабылып,  Аркаша  мен 

Османды  оған  салып,  сыртқа  әкеттi. 



309



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет