Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет153/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   265
Сүлеймен қарақшы

IV

Жолай  Сүлеймен  жан-жағына  көз  тастады.  Айналаны  бiр-

бiрiне жанаса өскен биiк ағаштар қоршап тұр. Ағаштар ауылдағы 

сияқты емес. Аса жуан да емес. Бұтақтары басына шыққан, түп-

түзу қоңыр, ақ түстi ағаштар. Ал қар онша қалың емес сияқты 

көрiндi.  Шана  да,  жан-жақтағы  аттардың  тұяқтары  да,  оған 

батпай  келедi.

 “Итжеккен деген осы-ау” деп ойлады. Баяғыда ауылда бiр кiсiнi 

өлтiрiп қойып, итжеккенге барып келген бiр кiсi бар едi. Онда  

жастау  болатын.  Ол  кiсi  итжеккен  туралы  небiр  қорқынышты 

әңгiмелер айтатын. Сол әңгiме есiне түскен Сүлейменге мынау 

орман түк қорқынышты көрiнбедi. Қайта бұдан әр жырасы мен 

әр құзы қауiпке толы тау он есе қорқынышты.

  Солдаттар  орман  iшiндегi  ұзыннан-ұзақ  созылған  дәлiз 

секiлдi тар жолмен бiр сағаттай жүрдi. Бұрын мынадай қытымыр, 

сары аязды көрмеген қазақтардың беттерi мен құлақтары үсуге 

айналды. Егер шана үстiнде қозғалыссыз отырған оларды тағы 

бiр сағаттай айдағанда, Құдай бiледi, бәрi құлақтарынан айрылар 

едi. Бет-ауызды қарыған аязға шыдамай, тiстерi тiстерiне тимей 

қалтырай бастаған кездерiнде сырғып келе жатқан шаналар кiлт 

тоқтады. Бурыл атқа мiнген алдыдағы қылыш таққан бiр әскери 

арттағыларға бұйыра, қысқа ғана сөз айтты. 

— Не дедi анау? — деп Микайға қарады. Микай мана бұлармен 

бiр шанаға отырғызылған-ды.

— “Шанадан түсiңдер” деп жатыр.

— Айналада ештеңе жоқ қой. Әлгi айтқан ләгiрлерi қайда?

— Лагерьге әлi ұзақ. Ары қарай шана жүре алмайтындықтан, 

бiздi ендi жаяу айдайды.

Бұл  уақытта  алдыңғы  шанадағылар  жерге  түсе  бастаған. 

Оларға  қарап  отырған  Сүлеймендер  не  отыра  берерлерiн,  не 

жерге түсерлерiн бiлмедi. Тапжылмай отырған оларды көрген бiр 

солдат  атын  ойқастата  шауып  келдi:

—  А  ну,  слезьте  все  из  саньки!  —  деп  ұзын  қамшысымен 

отырғандарды  салып-салып  жiбердi. 

Қамшы тиген Микай мен үш-төрт қазақ аунап-аунап шанадан 

түстi.  Олардың  арттарынан  басқалар  да  асығыс-үсiгiс  түсе 




314

Сүлеймен қарақшы

бастады. Қабырғаларын әлi ауырсынатын Ажан да заматта жерге 

секiрiп  кеттi.  Ал  Сүлеймен  асыққан  жоқ.  Шана  артына  қарай 

құйрығымен жайлап жылжыды да шетiне iлiнiп, аяқтарын жерге 

салбырата түсе бергенде, жаңағы қамшы сiлтеген солдат мұның 

жайбарақаттығына жыны келiп кеттi ме:

— Почему ты так медленно шевелишься?! — деп қолындағы 

дойырмен Сүлейменнiң басына тартып-тартып қалды. 

Соққы  қалың  тымағынан  өтпегенiмен,  аяз  қарыған  бетiне 

ұшы  сарт  еттi.  Аяздың  әсерiнен  қамшы  ұшы  түгiлi  сәл  нәрсе 

тиiп кетсе үзiлердей боп жаураған беттiң етiне ол сарт еткенде, 

жаны шыға ақырып жiберiп, атты солдатқа ұмтылды. Ат тұяғын 

көтерiп  тұрған  қалың  қар  мұны  көтере  алмай,  екi  аяғы  оған 

тiзеден батты. Алайда  қардың қалыңдығын елемей, анаған қарай 

ентеледi. Өзiне орман қара аюындай атылған Сүлейменге солдат 

тағы  қамшысын  сiлтедi.  Бiрақ  онысы  мұны  тоқтата  алмады. 

Екi  қолы  бос  болса  ғой,  оны  аттан  жұлып,  бiрақ  мыжа  салуы 

кәдiк-тi. Бiрақ бойын ашу кернеген кезде қандай жағдай болса 

да, тоқтауды бiлмейтiн Сүлеймен емес пе? Атының ауыздығын 

тарта кейiн шегiнген солдаттан өш алмай қоймайтындай тағы да 

ақырып, алға ентеледi. Кейiн шегiншектеген солдаттың атының 

құйрығы  бiр  ағашқа  тiрелдi.  Солдат  сасқанынан  бiр  қолымен 

атының басын бұрып, бiр қолымен иығындағы мылтығын алуға 

әрекеттендi.  Ат  оңға  бұрыла  бергенде    басымен  аттың  бұғана 

тұсын  бiр  соқты.  Ат  жамбастай  құлады.  Атпен  бiрге  сiлейген 

солдатты тепкiлеп тастайын деген оймен құлаған атты айналып 

өткенде, екi атты шауып келдi. Не болғанын лезде түсiнген олар 

мылтықтарын  кезедi.

— Назад! Назад!

Екi солдаттың айтқанынан ес жиған бұл аттыларға бiр, құлаған 

атқа бiр қарады да кейiн бұрылды. Сол кезде алдағы бурыл ат 

мiнген кiсi де шауып жеттi. Ат астында қалып, қарға малтыққан 

анау солдат оған болған оқиғаны түсiндiре бастады. Бурыл атты 

бiр сөз айтып, қолын сiлтедi.

— Сүлеймен, бiздiң жанымызға кел, — дедi Микай. — Анау 

бастық: “Лагерге барған соң көрермiз мұны” дедi. Ендi ерегiспе. 

Әйтпесе сұраусыз атып тастай салады.



315



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет