Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет156/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— О, аналарға команда берiлдi. Қазiр бiздi солардың алдына 

тiзiп қояды да қолдарымызды босатып, iшке кiргiзедi. Туһ, тезiрек 

кiрсек екен баракқа. Бел жазып, беймарал жатар едiк. 

  Микайдың  айтқаны  дұрыс  шықты.  Әскерилер 

сотталушылардың  аттарын  атап  тексерiп  алды  да,  қолдарын 

шешiп,  iшке  кiргiздi.  Барак  iшi  қуыс-қуыс  бөлме  екен.  Әр 

бөлменiң есiгi торлы темiр. Сүлеймен, Микай, Төрекелдi үшеуi 

сегiз  адаммен  бiр  камераға  қамалды.  Аязбек  пен  Ажан  бөлек 

кеттi. Камерада оннан аса ағаш кереуеттер қойылыпты. Көрпе-

жастығы  да  бар.  Бiрақ  ескi.  Жыртылып,  мақталары  шығып 

кеткен.


—  Ал,  Сүлеймен,  сен  атамансың.  Көрпе-жастығы  бүтiндеу 

кереуеттi  өзiң  таңда.  Бұл  жерде  ендiгi  қожайын  өзiңсiң.

—  Мен  анау  шеттегi  кереуетке  жайғасайын.  Бергi  жаныма 

Төрекелдi  жатсын.  Ал,  қалғандарың  қалаған  жерлерiңе  жата 

берiңдер.

— Жарайды, атаман. Бiрақ ол кереуеттiң көрпесiн тексерейiк 

те.  Атаманның  жыртық  матрацқа  жатқаны  ұят.  Ұят  емес-ау, 

бүтiн  матрацқа  жатып,  қалыңдау  көрпе  жамылу  положено,  — 

деп Микай төрдегi кереуеттiң көрпе-жастығын тексере бастады. 

Сөйттi де тағы да сөйлеп жүрiп, оның матрацын басқа кереуеттiң 

матрацына  ауыстырды.  Жастықты  да  алмастырды.  Тура  бiр 

Сүлейменнiң  қатынындай  қызмет  етiп  жүр.

— Әй, болды. Несiне бәрiн ауыстырып жатырсың? Кiм қандай 

төсекке тап болады, оны талқысынан көредi де. Маған салсаң, қу 

ағашқа да жата беремiн.

— Болмайды, Сүке, болмайды. Атаманға жайлы жағдай жасауға 

осы тұрған бәрiмiз мiндеттiмiз. Кейiн лагерьдiң iшiне кiргенде 

көресiң,  қара  Иванға  тюремщиктер  қалай  жағымпазданып 

жүретiнiн.

 Неше күннен берi бел жазып жатпаған Сүлеймен, аяқ-қолдарын 

көсiлте бiр жатуға асықты. Сыртқы қабы сау болғанымен iшiндегi 

мақтасының ұйпа-тұйпасы шығып, бiр-ақ уыс болған жастықтың 

үстiне шекпенiн орап қойды да, жата кеттi.

  Жатқанымен  ұйқысы  келмедi.  Басқалар  қорылға  басқанда 

бұл  ары  аунап,  берi  аунап,  көз  iлiндiре  алмады.  Жаңа  осында 

кiргенде ұзақ жол жүрiп, денесi қызып келген соң байқамапты, 

камера iшi суық екен. Жаурай бастады. Жамылғы көрпенiң түк 

жылуы жоқ, жұқа. Басындағы шекпенiн алып, үстiне жамылды. 

Содан  денесi  бiраз  жылынды.  Бәрiбiр  ұйқы  келмедi.  Сөйлесер 



320

Сүлеймен қарақшы

адам болмаған кезде кiсi ойына нелер келiп, кетпейдi десейшi. 

Есiне  сонау  Қоқанда  қалған  Дилда  түстi.  Қамалғалы  берi  ол 

жайында көп ойланған. Бiрақ дәл бүгiнгiдей қатты ойлаған жоқ-

ты.  “Байғұс-ай,  қалай  күн  көрiп  жүр  екен?  Бәрiнен  бұрын  не 

туды екен? Маған кектенгендер бiр зияндық iстеп жүрмесе игi 

едi оған. Пұсырманқұл бас-көз боп жүрсе жарар едi. Ауылдағы 

Балдықызымның,  Құлажанның  жағдайы  нешiк?  Елге  келгенде 

Тәңкi  мен  Құлтаннан,  жұртты  аштыққа  ұшыратқан  өкiметпен 

алысам деп жүрiп, қолға түсiп, олар-ға жолыға да алмай қалдым. 

Әттең-ай, азаттықтың бағасы биiк екен-ау. Ендi жатысым мынау, 

бiрi — ер, бiрi — кер, бiрi — төр, бiрi — көр сотталушылардың 

арасында.  Ендi  елiмдi,  балаларымды  қашан  көрермiн?!”

  Әсiлi,  Сүлеймен  өз  тағдыры  жайында  көп  ойламайтын. 

Оның  қатал  мiнезi  пендешiлiк  ойларға  аса  сирек  жол  беретiн. 

Езiле  сағынуды,  елжiрей  аңсауды  ол  жек  көретiн.  Бүгiн  де  елi 

мен Балдықызды, Дилданы бiраз ойлап жатты да, оларды лезде 

жадынан  шығарды.

 Осы баракта бұлар жиырма күндей жатты. Әжетханасы да, 

жуынатын жерi де iшiнде. Жуынатын жерi дегенде, кең бөлмелi 

монша емес. Бұрышта — күндiз-түнi бiр тоқтамай ағып тұратын 

кiшкене құбырлы су. Үнемi кең дала төсi мен тау-қыраттардың 

етегiнде  бұрқырап  ағатын  өзен-суларға  жуынып,  адам  көзiнен 

сәл қашықтау тұсқа дәрет сындырып үйренген қазақтарға мына 

тар  қапас  қамаудан  бұрын  —  осы  екi  нәрсе  жүдә  қиын  соқты. 

Дегенмен  “адамға  үш  күннен  соң,  көр  де  жат  емес”.  Бұған  да 

бойлары  үйрендi.

  Алғашқы  күннiң  ертесiне  қамалушылардың  барлығын 

бiр-бiрлеп  түрме  бастығы  шақыртқан.  Орысша  бiлмейтiн 

қазақтарға  Микай  перәуәдшiк.  Алғашында:  “Сендердi  түрме 

бастығы  шақырып,  сөйлесетiн  болса,  мен  переводчик  болам”, 

— деген Микайдың сөзiнен кейiн, әрi қазақтар орыстармен сол 

арқылы сөйлескен күннен соң бәрi оны “перәуәдшiк” деп атай 

бастаған. Сүлеймен түрме бастығының алдында Микаймен бiрге 

бiрнеше мәрте болған-ды. Алдында өздерiн күнiге неге шақырта 

беретiндiгiн  ұқпаған  бұлар  кейiнгi  күндерi  оның  көңiлiнде  бiр 

пиғылдың  жасырынып  тұрғанын  сезе  бастаған.  Ол  сонысын 

кеше  анық  бiлдiрдi.

— Так, Маменов, садись, — дедi бастық бұл кiргенде түсiн 

жылытып.



321



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет