Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет162/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Бiраздан  кейiн  ұйықтап  қалуымыз  кәдiк.  Бiрақ  мынау 

Аязбек  құс  ұйқылы.  Ұйықтап  жатып  тышқанның  жорғалағаны 

мен шыбынның ызыңынан да оянып кететiн әдетi бар. Ал Аязбек, 

қорып жат бәрiмiздi, — дедi Төрекелдi.

  Алайда  Аязбекке  сенiп  бәрi  бiрден  ұйықтай  қоймады. 

Күбiрлесiп, ұзақ уақыт ояу жатты. Ал Қара Иван келмедi. Күте-

күте  жалыққан  Сүлеймен  бiр  кезде  қор  еттi. 

Түн тыныш өттi. Өз адамдары алдына таяқ жеп барса да, не 

ойлағанын кiм бiлсiн, Қара Иван түнде  қарсы шара қолданбады. 

Таңертеңгiлiк  астарын  iшiп,  жұмысқа  кетiп  бара  жатқанда 

Бекмырза  айтты:

— Түнде Қара Ибанның тым-тырыс қалғаны тегiн емес. Бiр 

нәрсе ойластырған болуы керек. Не болса да қауiптi бүгiн күтейiк. 

Бәлкiм ол iнiнен шығып, артымыздан жұмыс орнымызға келер.

—  Келсе  келсiн,  тар  барак  iшiнде  төбелескенше,  кең  орман 

iшiнде  алысқан  жақсы.

— Ойпырмай, Сүлеймен, еш қорықпайды екенсiң-ау.

—  Әр  нәрседен  бiр  қорқатын  болсам,  жүрер  едiм  ғой,  өз 

ауылымда  тып-тыныш.

— Түрме iшi қауiп-қатерге толы. Сонда да сақ болғайсың.

Бiраздан соң сотталушылар өзен жағасына жеттi. Осы жерде 

олар  күнде  ағаш  қырқады.  Қырыққан  ағаштарын  өлшеп-кесiп, 

буып,  өзенге  ағызып  жiбередi.  Сүлейменнiң  естуiнше,  топ-топ 

буылып,  ағызылған  ағаштарды  өзеннiң  аяқ  жағында  бiреулер 

тоқтатып,  жағаға  тартып  алады  екен.  Әрi  қарай  ол  ағаштарды 

неге  жарататынын  өкiметтiң  өзi  бiледi...

  Жұмыс  басына  келген  соң  бәрi  бiрден  жұмысқа  кiрiстi. 

Қарақұрым  адам  тұтаса  өскен  ағаштардың  түбiне  екеу-екеуден 

тұра қалып, аралай бастады. Сүлеймен Ажан екеуi бiр ағашты 

құлатып,  екiншiсiн  аралап  жатқан.  Ара  ағаш  дiңiнiң  ортасына 

жеткен  кезде  Ажан:

—  Ойбай,  Сүлеймен,  абайла,  арт  жақта...  —  деп  бақырып 

жiбердi  де,  өзi  бiр  шетке  қарай  ыршыды.

Бiр  қауiптiң  келгенiн  заматта  сезiніп,  Ажан  секiрген  жаққа 

аунады. Осы сәт бiр дәу шоқпар бұлар қырқып жатқан ағаштың 

түбiне  келiп  сарт  еттi.    Тағы  бiр  аунап,  ағаш  жаққа  қараса, 

құлақшынын  баса  киген  дәу  бiреу  шоқпарын  тастай  салып, 

қашып  барады  екен.

— Кiм-ей бұл? Кiм бұл?! — дедi аузына басқа сөз түспей.




332

Сүлеймен қарақшы

—  Екеумiздi  Құдай  сақтады.  Қара  Ибанның  адамдары  ғой 

бұлар. Қапыда бiр ұрып, сiлейтiп тастап кетпекшi де. Ойпырмай, 

мына шоқпар басыңа тигенде, әй, аман қалуың екiталай едi.

— Қайда қашты сүмелек? Қап, қолыма түссе ғой!

 Жан-жақта күдiктi бiр жан жоқ сияқты. Жұрттың бәрi жұмыс 

iстеп  жатыр.  Ағаш-ағаштың  арасынан  тасалап,  қашып  бара 

жатқан ешкiм көрiнбейдi. Оның кiм екенiн танымаған соң бiреудi 

тап  басып  ұстау  да  қиын.  Оның  үстiне  сотталушылардың  бәрi 

бiрдей  киiнген.  Қашқынның  да  бұлардан  айырмашылығы  жоқ.

—  Тфу,  иттiң  кiм  екенiн,  қайда  кеткенiн  де  бiлмей  қалдық-

ау, — деп Сүлеймен жерге бiр түкiрдi. — Тфу, қара Ибан нағыз 

ез екен. Менi алдына алып келуге жандайшаптарын жұмсайды. 

Одан қалса, тасадан қару кезенетiн сатқындарын тағы жiбередi. 

Еркек болса, өзi келмей ме айқасуға.

— Е-е-е, бұл түрмеде бiз әлi түсiнбейтiн көп нәрсе бар-ау.

—  Ерегiскенде  бүгiн  кешке  өзiм  барсам  ба  екен  алдына? 

Қапелiмде  шоқпар  сiлтейтiн  содырыңды  жұмсағанша,  өзiң 

жекпе-жекке  неге  шықпайсың  деп  бассалайын  ба?

—  Бiздi  бiреудiң  ұрғанын  қалай  дәлелдейсiң?  Әрi  мұны 

ешкiм  көрген  де  жоқ.  Бiрлi-жарымы  көргенiмен  Қара  Ибаннан 

қорыққанынан  куәлiкке  жүре  қоймас.  Қой,  алды-артымызды 

абайлап,  әзiрше  жұмыс  iстей  берейiк.  Кейiн  не  iстейтiнiмiздi 

басқа  жiгiттермен  ақылдасып  көрермiз.

  Сүлеймен  үнсiз  араға  жармасты.  Шынында,  Қара  Ибанға 

өз  аяғымен  барса,  оған  мойынсұнғаны  немесе  кiшiрейгенi-нiң 

белгiсi  емес  пе?  Оның  үстiне  Ажан  айтпақшы,  Қара  Ибанның 

“қапияда өлтiрiп кел” деп адам жұмсағанын қалай дәлелдемек?

Екеуi  жұмысқа  қайта  кiрiстi.  Бiрақ  түс  кезiнде  карауыл 

солдаттар  дауылпаздарын  соғып,  ысқырып,  тамаққа  барар 

уақыттың болғанын бiлдiргенше, бағанағы қаскөй қайта келмедi. 

Сотталушылардың  бәрi  бiр  сапқа  тiзiлiп,  алдында  асхана 

орналасқан  орталық  баракқа  бет  алды.  Әдеттегiдей  барлық 

қазақтар бiр топқа жиналып келе жатты. Ажан бағанағы оқиғаны 

айтқан  кезде  Бекмырза: 

—  Иә,  осындай  бiр  қастандықтың  боларын  iшiм  сезгендей 

едi. Аман қалғандарыңа шүкiр. Ұрған адам өз маңдарыңда iстеп 

жүрген бiреу болуы керек, — дедi.

—  Әп-сәтте  қайда  тығылып  үлгергенiн  бiлмеймiн.  Жан-

жақтағылардың бәрi алаңсыз ағаш кесiп жатқан адамдар сияқты 

болды.



333



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет