Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет163/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Иә,  жұмсаған  адамының  мүлт  кеткенiн  естiсе,  иә,  ендiгi 

естiп те қойғаны ақиқат, Қара Ибан қарап жатпас. Бiр сойқанды 

бүгiн  бастайды  ол.

  Бәрi  орталық  барак  маңындағы  асханаға  келдi.  Алдыңғы 

лектегi топ асханаға жете бергенде кiдiрiп қалды. Ол кiдiрген соң 

арттағы  саптағылар  да  тоқтады.

— Солдаттар бiздi кезекпен кiргiзетiн болды ма, немене? — 

дедi Бекмырза. — Мұндайлары жоқ сияқты едi ғой.

 Осы кезде алдыңғы жақтан: “Ух, блин, Черный Иван сидит на 

кухне!” — деген сөз гуiлдеп кеттi.

— Не деп күбiрлесiп жатыр мыналар?

—  Қара  Ибан  асханада отыр  дейдi. Ойпырай,  ол  мұнда  тегi 

келмеушi  едi.  Түрмедегiлермен  бiрге  тамақ  iшудi  ұят  санайды 

дейтiн. Ананы қара, әшейiнде асхананы қоршап тұратын қарауыл 

солдаттардың  бiрi  де  жоқ.  Қара  Ибаннан  олар  да  қорқатын 

болғаны  ма?

— Не дейдi? Қара Ибан отыр дейдi ме? Мәссаған, мiне, бұл 

тосын жайт, — дедi Қаппар да асхана жаққа мойнын созып-созып 

қойып. — Иә, расында отыр-ей. Жанындағы екi дәуiмен қосыла 

отыр. Ал қарауыл солдаттардың бiрi көрiнбейдi. Мұнда бiр гәп 

бар. Бiздi айдап келген қарауылдар да кейiн қайтып жатыр.

—  Сүлеймен,  көрiп  тұрсың  ба?  Қара  Иван  асханада  отыр. 

Жан-жақта  қарауыл  солдаттар  жоқ.  Мұның  себебiн  түсiндiң 

бе? Бiреу әдейi осылай ұйымдастырып қойған. Қара Ибан күллi 

түрмедегiлердiң  көзiнше  сенiң  сазайыңды  бермекшi,  —  дедi 

артқы  топтағы  Микай  жүгiрiп  келiп.  —  Мен  кеттiм  артқа... 

Ал,  Сүлеймен,  это  твой  решающий  момент.  Чуть  қорықсаң  — 

бiттiң…  Ойбай,  ананың  көзiне  түскiм  келмейдi.

  Ол  қалай  жылдам  келсе,  солай  жылдам  кеттi.  Оның  сөзiн 

қазақтардың  ешқайсысы  ары  қарай  жалғап,  ештеңе  демедi. 

Бәрi үнсiз. Сүлеймен өкшесiн соза алға көз тастады. Төр жақта 

бiреулер  құжынап  жүр.  Қара  Ибан  көзiне  түспедi.

—  Қаппар,  сендер  оны  қай  жерден  көрдiңдер?  Төр  жақта 

кәдiмгi сотталушылар топырлап жүр. Отырған ешкiм жоқ сияқты.

—  Сол  тобыр  —  Қара  Ибанның  қызметшiлерi.  Солардың 

тасасынан  көрмей  тұрсың  да  оны.

Алдыңғы  лек  баяу  жылжып,  асханаға  кiре  бастады. 

Сүлеймендер  де  iлбiп  басып,  бос  табақтар  қойылған  үстелге 



334

Сүлеймен қарақшы

жеттi.  Әр  сотталушы  бiр-бiр  табақ  алып,  үлкен  темiр  ошаққа 

кезекпен  жылжып,  жақындай  түстi.  Темiр  ошақтағы  қазан 

басында  бүгiн  тамақты  бөтен  адам  құйып  тұр.  Сабы  ұзын 

ожауын  ары-берi  сiлкiлеп,  кезектегiлерге  айқайлап-айқайлап 

қояды. Сүлеймен ошаққа жақындағанда, төр жаққа көз тастады. 

Төрдегi  үстел  үстiнде  түрi  бөтен  үшеу  отыр.  Құдай  салмасын, 

пойыздағы Аркашаның дәулiгi мыналардың жанында түк емес. 

Үшеуi  де  қауға  сақалды.  Әрқайсысының  иықтарына  екi  кiсi 

мiнгендей.  Жандарында  тұрған  бiреулердiң  бойлары  отырған 

олармен  бiрдей-ау.  Сүлеймен  iрi  денелi  кiсiлердiң  қаншауын 

көргенiмен,  дәл  мыналардай  ерекше  жаратылысты  адамдарды 

көрген емес. Ойпырай, осындай да дәу адамдар болады екен-ау. 

Оған қоса түрлерiн айтсайшы. Адам емес, бет-аузын түк басқан 

қорқынышты  жын-шайтанға  көбiрек  ұқсайды.

Олар отырған үстел үстi күнде жалаңаш болатын. Бүгiн мата 

төсеп  қойыпты.  Әлгi  үшеу  алдарындағыны  қарпып  жеп  отыр. 

Үлкен-үлкен  сүйектердi  жұлмалап,  асап  жатыр.  Жанындағы 

бiреулер олардың сүйектерi мен шай-суларын ауыстырып, әлекке 

түсуде.


 Күнде бұл уақыттағы тамақ кезiнде асхана iшi айқай-шуға, 

дабырласа  сөйлескен  дауыстарға  толушы  едi.  Бүгiн  бәрi  тым-

тырыс.  Сораптап  iшiлген  сорпаның  дыбысынан  басқа  ештеңе 

естiлмейдi. Тамақ құюшы кiшкене бойлы адам ғана анда-санда 

шаңқ-шаңқ  етедi.  Қара  Ибанның  мысы  басып  тастағандай, 

қазақтардың  да  бiрде  бiрi  дыбыс  шығармайды.

  Қазақтар  тобының  алдындағы  Сүлеймен  екiншi  лектiң 

соңынан тамақ құюшыға жақындап келiп, бос табағын ұсынды. 

Тамақ  құюшы  сорпаның  тек  суын  ғана  құйды.

— Әй, қоюын қоса құй, — дедi Сүлеймен қазан түбiн нұсқап. 

—  Ей,  Микай,  Бекмырза,  қайда  кеттiңдер?  Түсiндiрсеңдершi 

мынаған.  Қоюын  құйсын.

 Ешкiм сөзiн аудармады. Сүлеймен ары-берi қарады да:

— Әй, нәлибай. Қоюын нәлибай, — дедi тағы тамақ құюшыға 

бұрылып.

 Анау Сүлейменнiң айтқанын осы жолы ұқты ма, бас бармағын 

екi саусағының арасына тығып, бұған қарата безеп-безеп қойды 



335



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет