Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет165/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   265
Сүлеймен қарақшы

көрiндi.  Алақандары  күректей.  Салалы  ұзын  саусақтарының 

әрқайсысы кiшкене баланың бiлегiндей. Оң жақ бетiнде кiшкене 

арықтай созылып түскен тыртық орны бар екен. Қалың сақалы 

сол тыртықты жаба алмай тұр. Қастары өсiп кеткен шаш секiлдi, 

екi  қабағын  жапқан.  Мұрны  бүркiт  тұмсығындай  доғал,  әрi 

ұзын. Ерiндерi есек ернiндей. Екi көзiнiң қарашығы жоқ секiлдi. 

Жанарының  iшi  тұздай  көкпеңбек.  Кез  келген  адам  онымен 

алыспақ түгiлi бетiне де қарауға қорқатындай. Қазандай басына 

iлiнген  құлақтары  кiшкентай-ақ.  Құдды  бiр  олар  бастың  екi 

жағына iлiнiп тұрған үлкен қал сияқты. Иегi мен басы тұтасып 

кеткендей,  мойны  көрiнбейдi.  Домаланған  зор  кеудесi  бидай 

толы үлкен қанардай дөп-дөңгелек. Қолдары тым ұзын, тiзесiне 

жетедi. Дене-тұрқы тым оғаш, белi мен мықынына ешбiр жiгiттiң 

құшағы  жетпестей  жуан  келген  ол,  аузынан  түкiрiгi  шашырап, 

ошақ  басына  жетiп  келдi.

— Выйди сюда! — дедi сосын Сүлейменге шеттi нұсқап, — я 

тебя сейчас отправлю на тот свет!

 Сүлеймен оның сөзiн түсiнбесе де, не айтып тұрғанын ұғып, 

сол меңзеген шетке шықты.

— Шапаныңды шеш, Сүлеймен, — дедi осы кезде артта тұрған 

Қаппар. — Алысуыңа жеңiл болады.

— Қонышында пышағы болуы мүмкiн, абайла, — дедi екiншi 

болып Бекмырза.

  Қазақтардың  бiр-бiрiне  кеңес  айтып  жатқанын  сездi  ме, 

Қара  Иван  жанындағыларға  айқайлап,  әлдене  айтты.  Артынша 

қасындағылар және екi шетте тұрғандар шулап, ысқырып, анаған 

дем  бере  жөнелдi.  Осы  айқайдан  делебесi  қозған  дәу  шапшаң 

қимылмен Сүлейменнiң жағасына жармасты. Бұл шапанын әлi 

шешiп үлгермеген едi. Жағасына жармаса кеткен оған тойтарыс 

бере алмай, кейiн шегiндi. Осыны пайдаланған ол, мұны итерiп 

құлатпақ  болды  ма,  күшене  алға  ұмтылды.  Бiрақ  Сүлеймен 

екi  қолымен  оның  шынтағына  жармасып,  алға  жүргiзбедi. 

Анау  айлалы  екен.  Осы  мезет  Сүлеймендi  шалып  жiберiп,  бiр 

қырына құлатты. Құлап түскен Сүлейменнiң үстiне қона кетiп, 

тамаққа  жармасты.  Бұл  дереу  оның  екi  бiлегiнен  ұстап,  оңға 

аунап кеттi. Онымен бiрге аунаған дәу де, лып етiп тұра келiп, 



338

Сүлеймен қарақшы

жатқан Сүлейменнiң тiзесiнен бiр тептi. Тепкi тиген тiзесi бiрден 

жансызданған  сияқты  болды.  Сонда  да,  шапшаң  күйде  берi 

қарай тағы бiр аунады. Анау тағы да тепкiледi. Сүлеймен ары-

берi  аунап,  денесiне  тепкi  дарытпауға  талпынды.  Алайда  ұзын 

аяқтың  тепкiлерiнен  құтылу  мүмкiн  болмады.  Бiрi  тимесе  де, 

бiрi тиiп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, өзiнiң оңбай қалатынын 

сезген  Сүлеймен  ананың  екi  аяғын  құшақтай  алды.  Тыпырлап 

қалған  анау  еңкейiп,  мұның  желкесiн  тоқпақтады.  Жандәрмен 

қимылдап,  орнынан  сәл  көтерiлдi  де,  құшағындағы  аяқтарды 

өзiне қатты тартты. Қарсылас шалқалай гүрс еттi. Атылып барып, 

оны басып қаламын дегенде, анау екi тiзесiн жиып тұрып, мұны 

кеудеден бiр тептi. Тепкiсi оңай болған жоқ. Сүлеймен бес-алты 

қадамдай  жерге  ұшып  түстi.

— Уа, Сүлеймен! Өзiңе жақындатпай, алыстан, алыстан соққы 

берсейшi! 

— Аяғына жармасып, жерге жық та, бас-көз демей тепкiле! — 

деп айқайлады осы кезде қазақтар.

  Қара  Иванның  адамдары  да  қарап  тұрмады.  Өз  серiктерiне 

дем  берiп,  айқайлап  жатыр.  Олардың  айқайынан  қазақтардың 

сөздерi  бiрте-бiрте  естiлмей  қалды.

  Соққыдан  ұшып  кеткен  Сүлеймен  бойын  тiктеп  алғанда, 

қарсыласы да орнынан тұрды. Ол екi қолын кеуде тұсына ұстай 

жақындап, құлаштай соқты. Сүлеймен басын тартып қалғанымен, 

соққы иек астына тидi. Пәленiң қолы шоқпардай екен, төрт-бес 

қадам  тәлтiректеп  барды.  Бiрақ  құламады.  Дәу  тағы  бiр  ұрсам 

құлатам  дедi  ме,  алшаңдай  басып  қолын  көтере  бергенде,  бұл 

мұрын тұстан тiке соқты. Қарсыласы мұндайды күтпесе керек, 

шалқалап барып құлауға шақ тұрды да, қолын сермеп жiбердi. 

Бұл  жолғы  соққысы  Сүлейменнiң  құлақ  шекесiнен  тидi.  Көзi 

қарауытып кетіп, сылқ түсуге әзер қалды.

Осы сәт қаны басына шапшыған бұл оған атылып барды да, 

алқымнан алды. Дәу қарсыластың түкке шамасы келмей тiзерлей 

бердi.  Сүлеймен  бас-көз  демей  тепкiлеп,  дәу  неменi  есiнен 

тандырып  тастады. 



339



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет