Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет247/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

iсiн  мойындаған  адамды  сыйлаушы  едiм.  Ал  сендер  сыйлауға 

да,  сөйлесуге  де  тұрмайсыңдар.  Шын  батыр  болсаң,  ақыры 

iздегендерiң  мен  ғой,  орныңнан  тұр  да  мына  қанжарды  алып, 

менi сойшы. Ә, көрдiң бе? Орныңнан тұруға да, пышақты қолыңа 

алуға да батылың жетпейдi. Парманқұл, қатыным мен баламды 

өлтiргенi үшiн мұны қалай азаптайын? Саусақтарын бiр-бiрлеп 

кесiп,  терiсiн  жайлап  тiлiп,  әбден  қинап,  мерт  етейiн  бе? 

—  Жанымда  қиыңызшы,  әкә,  жанымды  қиыңызшы.  Жаңа 

айттым ғой, “қатын, балаңызды өлтiрген — Жайран” деп. Осы 

жертөленiң ана бұрышында бiр келiдей таза алтын мен бiр қап 

ақша тығулы. Соларды айыбыма алып, менi тiрi қалдырыңызшы?

— Қатын мен баламды жазықсыз опат етiп, ал менi дүниеге 

жығып  алмақпысың?!  Мен  сен  секiлдi  дүниеқоңыз  емеспiн. 

Дүние үшiн жақын достары мен туған-туыстарын да аямайтын 

мұндағы  қарақшыларға  теңеп  тұрмысың  менi.  Өй,  сен  тағы 

бiрдеңе демекпiсiң. Алдымен тiлiңдi кесiп алайыншы. Содан соң 

жан  тәсiлiм  қылғаныңша,  текеше  бақылдап  жата  бер.

Сүлеймен  Жардақтың  екi  жағын  қысып,  қанжарын  аузына 

тақады.  Осы  кезде:

—  Сәл  сабыр  ет,  Сүлеймен.  Бұл  бәрiбiр  өледi.  Өлмей 

тұрғанда,  жаңағы  алтын  мен  пұлдарын  иеленiп  алайық  та,  — 

деп  сыбырлады  Пұсырманқұл.  Сосын  даусын  көтердi:  —  Ей, 

қашқарлық, алтының мен пұлдарыңның бары рас па? Рас болса, 

көрсет.  Сонда  өлмеуiң  мүмкiн.

—  Рас,  рас.  Мына  әкәмә  айтыңызшы.  Менi  босатсын.  Мен 

сiздерге  алтынды,  пұлды  көрсетемiн.

— Босатшы, Сүлеймен.

Сүлейменнен  босанған  Жардақ  жертөле  бұрышына  жүгiрiп 

барды.  Қолымен  топырақты  аршып-аршып  жiберiп,  үлкендеу 

тақтайды суырып, шетке қойды да еңкейiп қолын төмен созды.

— Мiне, әкәләр, мiне, алтын мен пұл, — деп бiр қапшық пен 

түйiншектi сыртқа шығарды.

Парманқұл ол шығарған заттарды шам түбiне сүйреп әкелдi. 

Қапшық iшi толған ақша. Ал түйiншектi жазып жiберiп едi, төрт-

бес тұяқ алтындар шам жарығына шағылысып, жалтылдап кеттi. 

Пұсырманқұл бiреуiн қолына алып, ары-берi төңкердi.

— Мына тұяқтар таза алтындар екен.




514

Сүлеймен қарақшы

— Әлбетте, әлбетте, таза алтындар, — деп шап еттi Жардақ. 

— Сiздердi алдап нем бар...

— Өшiр үнiңдi! Саған айтып тұрғаным жоқ. Бiрақ маған салса, 

осыны берген сенi өлтiргiм келмей тұр.

— Не айтып тұрсың, Пұсырманқұл? — дедi Сүлеймен. — Осы 

бiр боқ дүние үшiн мұны жазасыз қалдырамыз ба?

Жардақ Сүлейменнiң аяғына жығылды.

— Рақым етсейшi, әкә! Рақым етсейшi! Бар дүниемдi бердiм 

қой.


—  Адамның  өмiрiн  ешқандай  дүниемен  сатып  алуға 

болмайтынын сен, хайуан, бiлмейтiн бе едiң? — деп Сүлеймен 

Жардақты  бiр  қойды. 

Жардақ тоңқалаң асты.

— Ендi шын өлген шығар.

— Өлмейтiндей етiп ұрдым. Бiраздан кейiн есiн жияды. Мен 

бағана “Жақарды қазiрше тiрi қалдыра тұрайық” деп едiм ғой, 

Парманқұл. Оны мынадай оймен айтқам. Осында түн жарымына 

дейiн отыра тұрайық. Одан соң мына сүмелектi Жақардың үйiне 

ертiп барамыз да екеуiн жекпе-жекке шығарамыз. Төбелесiп бiр-

бiрiн өлтiрсiн.

Содан  түн  ауа,  Жардақты  ерткен  үшеуi  Жақардың  үйiне 

келдi. Жақардың төргi бөлмесi кең. Жардақты сонда отырғызып, 

Парманқұл  Жақарды  сүйретiп  әкелдi.  Екi  қашқарлық  бiрiн-

бiрi көргенде қатындарға ұқсап, шақылдасып, ұрсыса жөнелдi. 

Сүлеймендердiң алдында әрқайсысы өзiн ақтап алуға тырысып-

ақ  жатыр.

— Шуламаңдар! — дедi Пұсырманқұл. — Қайсыңның — ақ, 

қайсыңның — қара екендiктерiңдi қазiр көремiз. Жардақ сен де, 

Жақар сен де бiлесiңдер. Ақ адамның — iсi де ақ. Ал ақ адамды 

әркез Құдай да жақтайды. Қайсыңның ақ екенiңдi көрейiк. Екеуiң 

жекпе-жекке шығып төбелесiңдер. Өзiн ақпын деген адам, қара 

деп есептеген адамын өлтiрiп тастасын.

Парманқұл екеуiн де байлаудан босатты. Екi қашқарлық ортаға 

атып  шықты.  Тек  жеңсе  ғана  тiрi  қалатындықтарын  ойлаған 

екеуi  құтырған  қораздарша  бiр-бiрiне  атылды.  Неше  күннен 

берi  қамауда  байлаулы  жатқан  Жақардан  әл  кетiп  қалса  керек, 



515



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет