Сүлеймен қарақшы
— Айдаболды бiр жақты етейiк алдымен. Қазiр екеумiз барып,
анау өлiктердi жертөлеге апара тұрайық. Содан соң Сүлеймендi
үйге кiргiзiп жатқызайық.
Қиналған Сүлейменге мына хабар оңай тимедi. Тән ауруына
жан ауруы қосылып, бей-жай күйге түстi. Парманқұлдар
айтқандарын iстеп, өзiн үйге жатқызғанда да үн шығармады.
Кешке дейiн жақ ашпады. Айдаболдың өлiмiне қатты қайғырып,
ойына қайдағы-жайдағы түсiп, аһ ұра күрсiндi. Тек кеш бата
Парманқұл шырақ жаққанда ғана сөйледi.
— Парманқұл, жалғызбысың? Пұсырманқұл қайда?
Қашғарлықтың бiрi тiрi деп едiңдер. Оны не iстедiңдер?
— Пұсырманқұл тәуiпке кеткен. Ал Жақарды қол-аяқтарымен
қоса, аузын да байлап, жертөлесiне қамап қойдық. Өлiктердi
күзетiп отыр.
— Айдаболды не iстейтiн болдыңдар?
— Пұсырманқұл келсiншi. Содан кейiн ақылдасармыз.
Көп ұзамай Пұсырманқұл келдi. Қасында кiшкене бойлы,
арық кiсi бар.
— Жамал тәуiп деген осы. Менiң бауырым. Руы — Қыпшақ.
Сенiмдi адам. Екеумiз бағаналы берi құры жүрмей, көрқау iздедiк.
Екеуiн таптық. Ақша берiп, шаһар шетiндегi молаға жұмсадық.
Қазiр олар Айдаболға арнап, мола қазып жатыр. Әзiр Жамал
Сүлеймендi қарап болсын, Парманқұл екеумiз Айдаболды жерлеп
келемiз. Күндiз жерлей алмаймыз. Бұл үйден қалай шығарамыз
оны. Дұрыс па, ойым, Сүлеймен?
— Өзiң “басқа амал жоқ” деп тұрсың ғой. Қайтемiз ендi.
Айдаболды жерлеуге мен де барайын.
— Саған әзiрше жүруге болмайтын шығар. Жамал, көршi
сырқатын, қатты уланған ба, өзi?
Жамал Сүлейменнiң тамырын ұстап, не күйде болғанын,
қалай құсқанын сұрады.
— Жүрегiңiз өте мықты екен. Денеңiз де шағындау болғанда
аман қалуыңыз неғайбыл едi. Пұсырманқұл, сұрадыңдар ма?
Қашғарлықтар бұларға қандай у берген екен?
— Сұрауға да мұршамыз болмады.
508
Сүлеймен қарақшы
— Мейлi, кейiн сұрарсыңдар. Ал бұл кiсi ендi тырп етпей үш
күн жатуы керек. Тек айран мен сүт, одан соң майлы сорпаны
берiңдер. Ет дегендi қазiр жемейтiн болсын. Биенiң саумал
сүтi болса, қатып кетер едi. Құса бергеннен тамағы iсiп қалған.
Майлы сорпа мен жылы сүт сол үшiн керек. Айранды, биенiң
сүтiн көбiрек iшсе, өтiн, бауырын, iшектерiн әбден тазалайды.
Оларды қанша сұраса да, бере берiңдер. Тағы айтамын, үш күн
тапжылмай жатсын.
Осылайша, Жамал тәуiп Сүлейменге үш күнге дейiн қозғалуға
тиым салды. Сөйтiп, Айдаболды жерлеуге бара алмады. Оны
қолдарынан келгенше рәсiмiн жасап, үшеуi жерлеп, таң атар кезде
келдi. Сол күнi түнде үйiнiң артынан Жақарға көр қаздырып,
Қорасанды көмдiрiп тастады.
Тек айран мен сүт, Парманқұл iстеп берген майлы сорпаны
үш күн бойы орнынан қозғалмай iшкен Сүлеймен, төртiншi күнi
аттай боп тұрды.
— Парманқұл, сендер жертөледегi қашғарлыққа нәр
сыздырмай, аштан қатырып қойған жоқсыңдар ма? Тiрi болса,
сүйреп әкелiңдершi. Жауап алайық.
— Е, үш күн бойы жуынды берiп, әйтеуiр өлтiрген жоқпыз.
“Алып кел” десең, қазiр алып келейiн.
Арада аз уақыт өткенде Жақарды желкелеп әкелдi. Жақар келе
сап, Сүлейменнiң аяғына жығылды.
— Еркек болсаң, өксiмей, мынаған жауап бер. Көп нәрсе
сұрамаймын. Уды неге тек Айдабол екеумiзге ғана бердiңдер?
— Уды етке сепкен — Қорасан. Оның неге тек екi табаққа ғана
у салғанын бiлмеймiн.
— Тағы бiр сұрақ. Жардақтың Құдиярсарайдағы дүкенде
iстейтiнi рас қой.
— Рас, рас. Оллаһи, рас. Бүгiн кешке оны сiздерге ұстап
беремiн.
— Ұстап бермей-ақ қой. Сен ендiгi сенiмнен шыққан адамсың.
Парманқұл, жертөлеге қайта апарып қама. Жата берсiн сол жерде.
Аяқтарын да байлап таста. Аузына мақта тығып қой. Жертөленiң
есiгiн сыртынан мықтап бекiт.
509
Достарыңызбен бөлісу: |