Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет262/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265
Сүлеймен қарақшы

Алайда  олар  жүдә  кекшiл  ғой.  Тағы  топтанып  алса,  бас 

бермейтiн  бұзық.  Менен  жеңiлгеннен  кейiн  тыныш  жүрмей, 

сонау Қарағандыдан өздерi пiр тұтатын бiр дәуiн шақыртыпты.  

Соны  құлағым  шалғасын,  Тәшкенге  қайтпай,  әлгiнi  күттiм. 

Арада он бес күндей өткенде, бiреуi келiп: “Бiздiң Қарағандыдан 

келген дәуiмiз саған екi күннен соң Ленгiрдегi базарға келсiн” — 

деп айтты”, — дедi. «Батыр болса, қарусыз, пышақсыз болсын» 

дептi тағы. Бардым. Базар ортасында шешендер топырлап тұр. 

Ортасындағы бiреудiң тұлғасы бөлек. Құдды Сiбiрдегi қара Ибан 

сияқты.  Өздерiнiң  күткен  адамы  мен  екенiмдi  бiлгесiн,  қолын 

берiп  танысты.  Оның  да  аты  —  Сүлеймен  екен.  Бiрден  қалай 

төбелесетiнiмiздi  және  жасымды  сұрады.  Менен  екi  жас  үлкен 

екенiн бiлгесiн: “Бiр-бiрден ғана ұрысайық. Кiм орнынан тұрмай 

қалса, сол жеңiлген болады. Жеңiлген адам жеңгеннiң уәжiнде 

тұрсын”, — дедiм. “Жарайды, бiрiншi болып қайсымыз ұрамыз?”, 

— дедi ол. “Сенiң жасың үлкен екен, әрi қонақсың. Сондықтан да 

бiрiншi кезектi саған бердiм”, — дедiм. 

Екеумiз топтан бөлiнiп, базар ортасына шықтық. Ол оң қолын 

ары-берi айналдырып, бiраз дайындалып алды да, құлақшекемнен 

қойып қалды. Көптен берi мұндай дүлей соққыны көрген жоқ едiм. 

Көзiм  тұманданып,  талықсыған  күй  кештiм.  Бiр  жағыма  қарай 

үш-төрт қадам тәлтiректедiм-ау деймiн. Бiрақ құламадым. Аздан 

соң өз-өзiме келдiм. Қатты соққы тисе қатты көтерiлетiн ашуым 

басыма шықты. “Әй, нәлетi! Ендi сен тұр! Қазақ қаһармандары, 

әсiресе мына мен сияқты қаһарман ешкiмге әруағын таптаттырған 

емес!” — деп құлақ үстiнен аямай бiр ұрдым. Ол цементтелген 

жалпақ  базар  лавкасынан  ары  асып,  жерге  бүк  түстi.  Қайтып 

тұра алмады. Жанындағыларын да тағы қырып салар едiм. Бiрақ 

мен  өздерiне  бұрыла  бергенiмде,  олар  қаша  жөнелдi.  Қанша 

дегенмен елу беске келiп, шау тартып қалған шағым ғой, қуып 

жете алмайтынымды бiлгесiн, соңдарынан түспедiм. 

Кейiн  есiттiм,  жаңағы  Сүлеймен  сол  құлағанынан  адам 

қатарына  қайта  қосылмапты.  Сiрә,  миына  қан  құйылып  кетсе 

керек, бiр қолы мен бiр аяғы iстемей, тiлi де сөзге жөндi келмей, 

көп  жыл  төсек  тартып  жатыпты.




545

Сүлеймен қарақшы

Жалпы,  Сүлеймен  деген  атты  иеленгендер  мықты  бола  ма, 

қайдам, Қырғызстанда да бiр Сүлеймен деген дәумен алысуыма 

тура  келген.  Бұл  осыдан  жетi-сегiз  жыл  бұрын  болған-ды. 

Жас  та  болса,  “Қабылан  қарақшы”  атанып  жүрген  Көкiбелдегi 

бағыс Алпыс бiр күнi маған келiп: “Бүршiмуллада бiр қыпшақ 

ортағым бар едi, соны және iнiсiн Ош жақтан келген қырғыздың 

Сүлеймен  деген  шоңы  өлiмшi  етiп  ұрыпты  да,  он  жетi  жасар 

қарындасын тартып әкетiптi. Сүлейменге дау сала баруға жалғыз 

болып тұрмын. Бiрге барып, әлгiден құн алып қайтайық та”, — 

дедi. Алпысқа келсем де, бiреудiң бiреуге көрсеткен зорлығына 

шыдамайтын  әдетiм  әлi  қалған  емес-тi.  Оның  үстiне  Алпыс 

қарақшыны  туған  iнiмдей  көрiп,  қатты  сыйлайтынмын.  Ол  өзi 

алған бетiнен қайтпайтын нағыз жаужүрек нарқасқа-тын. Сөзiн 

жерге тастамай, атпен тау асып, Ошқа бардық. Iздеп жүрiп,  әлгi 

Сүлеймендi  таптық.  Анықтап  айтқанда,  бiр  көкпардың  үстiнде 

кездестiк.  Жасы  менен  он  жастай  кiшi  екен.  Неге  келгенiмiздi 

бiлген  соң,  бiрден  шаптығып  шыға  келдi.  Нойыстың  мiнезi 

жаман екен. “Сен екеуiң өлiктерiң қырғыз тастарының астында 

қалсын деп келдiңдер ме? Бүкiл елдi шулатып, әркiмнiң жоғын 

жоқтаушы атанған Сүлеймен дегенiң мынау ма? Алдымен осыны 

ат  тұяғына  таптаттырайын,  одан  соң  Алпыс,  сенiң  өлiгiңдi 

көмусiз  қалдырамын”  —  деп  Алпысқа  дiк-дiк  еттi.  Дiкiлдегенi 

аздай, маған тұра шауып, ат үстiнде бос отырған маған шапшаң 

қимылмен  шап  берiп,  әп-сәтте  оң  қолымды  тақымына  басып 

алмасы бар ма. Өзi сияқты дәу аты оның тақым қағысына үйренiп 

қалған  ба,  менiң  қолым  үзеңгi  астына  қалай  түстi,  солай  алға 

қарай  шаба  кеттi.  Мен  атыммен  бiрге  сүйретiлiп  кете  бардым. 

Сол қолыммен ананың бiр жерiнен ұстап алайын десем, найсап, 

қамшысымен бас-көз демей төбелеп, басымды көтертпедi. “Әй, 

еркек болсаң, бұлай қатындық iс қылма. Ашық күреске шық” деп 

айқайлап  келем.  Ол  тыңдар  емес.  Тақым  астындағы  оң  қолым 

зырқылдап, сынар халге жеткенде, бар даусыммен “жiбер” деп 

айқай  салдым.  Қатты  даусымнан  ол  селк  еттi  де,  тақымын  бiр 

сәт босаңсытып алды. Осыны пайдаланып, тақымынан қолымды 

суырып алдым да, тура желкесiне жабыстым. Сол күйi атынан 

аунатып түсiрдiм. Құдай салмасын, сонда екеумiз жарты сағаттай 



546



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет