Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет258/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   265
Сүлеймен қарақшы

     –Оттай бермеші-ей, әрдеңені! Тап қазір...

      Жайран  тағы  бірдеңе  деп  аузын  аша  бергенде  гурс  еткен 

мылтық даусы шықты. Сүлейменнің қасында жүрелеп отырған 

Жайран  жерге  жабыса  құлады.  Мылтық  екінші  рет  атылды. 

Бұ  жолы  Қосыл  жер  құшты.  Не  болғанын  түсінбеген  басқалар 

жан-жаққа алақтай бас бұрды. Сүлеймен де аң-таң боп, біресе 

құлағандарға, біресе дабырласып, шат-шәлекей болған жөйіттерге 

қарады. Сөйткенше болған жоқ, есіктен төрт-бес адам топырлай 

кірді. Топ алдында қолында мылтығы бар – Пархад, соңында – 

Парманқұл, Тағай және екі жігіт. Пархад кіре сала, мылтығының 

дүмімен  сасып  тұрған  жөйіттерді  пергілеп,  теңкитіп  тастады. 

Парманқұл  мен  Тағай  Сүлейменге  таяды:

     –Уа, батырым, әйтеуір ажалдан амансың ба?

          –Кешігіп  қаламыз  ба  деп  жанұшырдық  қой,  осы  жаққа 

қарай.  Қараймын,  таяқ  жегенің  болмаса,  оқ-шоқ  ала  қоймапты 

өзіңді,  – десті екеуі. 

     –Уай, сендер қайдан тап бола қалдыңдар?! – деді Сүлеймен 

таңданысын  жасыра  алмай.  –Уай,  Тағай,  саған  ылғи  айтушы 

едім  ғой,  мені  ажалдан  әркез  Құдайдың  өзі  қағады  деп.  Ой, 

айналайындар, қалай іздеп таптыңдар мені?! Сәл кешіккендеріңде 

менен  айырылып  қалар  едіңдер.  Уай,  мына  пәлекет  жөйіттер 

мені қайда әкелген? Бұл қай жер өзі?

      –Бестамдағы мола ғой, – деді Тағай. –Ал өзіңді қалай тапты 

дерің бар ма. Сенен адасып қалған күні кешке үйге Парманқұл 

мен Пархад келген. Өзің бір күн келмеген соң іздеуге шықтық. 

Көшеге шықсақ, бүкіл Тәшкен сені Бекабаны өлтіріп кеткеніңді 

жыр қып айтып жүр. Ал өзің ұшты-күйлі жоқсың. Бұдан қатты 

секемдендік  те,  іздеуге  кірістік.  Мына  Парманқұл  мен  Пархад 

шындаса,  таппайтын  жоғы  қала  ма.  Бір  таныс  жөйіттен  сені 

Жайранның  қолды  қылғанын  білдік.  Сол  арқылы  ғой,  екі  күн 

салпаңдап,  осында тап болғанымыз. Ай, құрысыншы бәрі. Ең 

тәуірі,  аман  екенсің.  Одан  да  тәуірі,  көксеп  жүрген  арманың  –

Бекабаны  жер  жастандырыпсың.  Енді  шаһарда  тыныштық 

орнайтын  болар. 



536

Сүлеймен қарақшы

       –Бекабамен қоса, анау жатқан Жайранға да зауал келді бүгін. 

Әй, Парманқұл, Пархад, енді бейбіт тұрмыс құрып, алаңсыз күн 

кешерміз бәлкім. 

    Қуанған Сүлеймен риза кейіппен жігіттерге қарады. Олар да 

күлісіп, мұны құшақтады. Бұл –бір-бірлеріне үнемі демеу болып 

жүретін қаһармен жігіттердің өзара ризашылығы еді...



537

Сүлеймен қарақшы

ЭПИЛОГ ОРНЫНА

Кезең-кезеңге бөлiнiп, сынаптай сырғып өтетiн адам ғұмыры 

бiр  орнында  тұрмақ  емес.  Жастық  қайрат  та,  жiгiттiк  бұла 

дәурен де жылдар өткен сайын кемiп, қарттыққа жеткенде семерi 

ақиқат. Дегенмен жастығыңда кiм болдың, не атқардың, жақсы 

болдың ба, жаман болдың ба, мейлi, кiм болсаң да сол кезеңде 

сыншы елдiң өзiңе берген атақ-бағасы қария жасқа жеткенiңде 

де қалмайды екен. Мiне, бойына бiткен тасқын күш пен арыстан 

жүректiң,  адуынды  мiнез  бен  бетi  қайтпайтын  қайсарлықтың, 

өзгеге  ұқсамайтын  дара  жаратылыстың  арқасында  жасында 

есiмiне «қарақшы» деген қоспа атауды iлiктiрiп алған Сүлеймендi 

жасы  жетпiске  таяса  да,  ел  әлi  күнге  солай  атайды.  Бiреулер 

ол  атауды  сүйiнiшпен  айтса,  бiреулер  күйiнiшпен  айтады. 

Сүйiнiшi  —  ел  кейде  өзi  жақсы  көрген  қаһарманды  қарақшы 

деп ныспылайтындығы. Өйткенi қазақ ұғымында қарақшы деген 

атау бiр жағынан ел қараушысы, елдiң бетке ұстар азаматы деген 

мағынаға да сайған. Осы тұрғыдан алғанда, Сүлеймен қарақшы — 

биiк рухты адам. Бұл оны дәрiптеу емес. Себебi Сүлеймен әр жер-

әр жерде кездесетiн, iс-әрекетi майда-шүйде ұрлық пен тасадан 

оқ ататын, опасыз тiрлiк жасайтын ұсақ ұры-қары мен қанiшердiң 

қатарына жатпаған. Ол ылғи өзi секiлдi мықтылармен алысқан. 

Ал  оның  заманында  ондай  мықтылар,  баскесерлер,  момынға 

күн бермейтiн залымдар, әлсiздi мұқатқанына мәз жауыздар көп 

болған.  Сүлеймен  соларды  тезге  салып,  орталарында  әдiлдiк 

орнатам деп, көп тәлкектi бастан кешкен адам. Ол ғұмыр бойы 

бiр-ақ  арманмен  өткен  —  жуас  жылап,  кедей  күңiренбесе, 

кембағал  кемсеңдеп,  жарлы  зарламаса  екен  деген.  Сондықтан 

да ол Тәшкен саудагерлерi мен байбатшаларынан түсiрген дүние 

мүлiктердiң  барлығын  кедей-жатақ  пен  кембағалдарға  таратып 

берiп отырған. Ал өзiне өле өлгенiнше жалғыз аттан басқа мал 

жинамаған. 

Өткен  ғасырдың  елуiншi  жылдарының  аяғына  таман  өзi 

туылған  ауылға  келiп  орныққанда  жақын  маңдағы  бiр  де 

бiр  ауылға  ұры  түспейтiн  болған.  Бұған  себеп  —  түн  кезгiш 

сұғанақ  қолды,  арам  пиғылды  ұры-қарылар  одан  үрейлерi  ұша 




538



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет