Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет259/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   265
Сүлеймен қарақшы

қорыққан.  Әрi  пiр  тұтқан.  Осыған  байланысты  олар  харам 

ниеттерiмен  Сүлеймен  маңайына  жолай  алмаған.  Осы  үшiн  де 

және  мәрттiгi  мен  азаматтығын  бағалап,  жұрт  оны  “қарақшы” 

деп  сүйiспеншiлiкпен  атаған.  Ал  күйiнiшпен  атайтындар...

Әмбе  ел  бiр  адам  туралы  бiр  пiкiрде  ешуақытта  болмаған. 

Әсiресе “жақсының артынан сөз ередi” дегендей, атағы шыққан 

адам  төңiрегiнде  қаңқу  сөздер  көп  болады.  Адамның  шын 

болмыс-бiтiмiне көздерiн жеткiзуге өрелерi жетпейтiн надандар 

бiреудiң бойынан кемшiлiк iздеуге құмар болатыны бар емес пе. 

Сүлейменнiң даңқты iстерiнен гөрi пендешiлiгiн теруге құмбыл 

сондай жетесiздер ғой, тап өздерi одан зардап шеккендей, оны 

бiр  құбыжыққа  теңеп  “күйiнетiндерi”.  Бiрақ  осы  еңбекте  баян 

етiлген  Сүлейменнiң  қам-қарекеттерi  ондайлардың  аузына  құм 

құюға  жетерлiк  болар  деп  есептеймiз. 

...Сонымен,  бiз  осы  кiтабымызда  Сүлеймен  атты 

қаһарманымыздың  қырық  жасына  дейiнгi  шым-шытырық 

оқиғалар  мен  сергелдең  жүрiске  толы  өмiрiн  паш  еттiк.  Ендi 

оның қалған өмiрi қалай өттi деңiз. Менiң көп жылдар басшылық 

қызметте  болған  Үмбетәлiұлы  Дүйсенбек  деген  жақын  туыс 

ағам  болатын.  Сүлеймен  қайтыс  болар  алдында  сол  кiсiнiң 

үйiнде  болыпты.  Дүйсекең  сонда  Сүлейменмен  не  жайында 

әңгiмелескенiн маған ауызба-ауыз айтқан едi. Осы әңгiменi толық 

жазып,  хикаямызға  нүкте  қойсақ  па  деймiн.  Қайран,  ешқашан 

қамығуды бiлмейтiн құрыш жүректi ер Сүлеймен, сонда қатты 

жасыпты...

—  1967  жылдың  қазан  айының  басы  болатын.  Мен  Ленин 

ауданындағы  “Қызылтаң”  колхозында  бастық  едiм.  Бiр  күнi 

жұмыстан  кештетiп  үйге  келсем  жеңгең:

—  Сенi  бағаналы  берi  үйде  бiр  дәу  кiсi  күтiп  отыр.  Түрi 

де  сұмдық  қорқынышты.  Ойпырмай,  мұндай  дәу,  әрi  сұсты 

кiсiнi ешқашан көрген емеспiн. Өзiң танымасаң, ол маған тiптi 

бейтаныс,  —  дедi. 

Үйге  кiрсем,  төрде  теңкиiп  Сүкең  жамбастап  жатыр.  Менi 

көрген  соң  қорбаңдап,  екi  қолымен  жер  тiрей  орнынан  тұрды. 

Оны  көрмегенiме  бiраз  болып  едi.  Қартайып  қалыпты.  Бiрақ 

баяғы  нән  денесi  со  күйi.  Мен  сәлемiмдi  аяқтап  үлгергенше:



539

Сүлеймен қарақшы

— Амансың ба, бауырым? — деп құшақтай алды. Алпамсадай 

денесiмен  құшағына  алып,  жауырынымнан  қапсыра  құшақтап 

қысып  жiбергенде,  Құдай  салмасын,  сүйектерiм  қытыр-қытыр 

ете  қалды-ау.  Маған  мейiрiмi  түсiп,  жай  ықыласпен  құшағына 

қысқанына жаным шыға жаздаған мен, сол сәт “бұл кiсiден әлi 

қайрат қайтпаған екен-ау” деп ойладым.

Отырдық,  Сүкең  малдас  құра,  оң  жағыма  жайғасты.  Ол 

кiсiнiң отырысының өзi ерен едi-ау. Сипаттап жеткiзе алмаймын. 

Күректей  алақандары  мен  жас  баланың  бiлегiндей  жуан,  әрi 

ұзын  саусақты  қолдарын  екi  тiзесiне  қойып  бiраз  уақыт  хал-

жағдай  сұрасты.  Мен  де  қалыспай  одан  жай-күй  сұрастырып 

жатырмын.  Сүкең  әдеттегiдей  асықпай  сөйлейтiн  мақамымен 

жауап  қайтарып  отырды. 

Жеңгең  дастарханды  қайта  жасады.  Шай  демдедi.  Оны  құя 

бергенде  жеңгеңе:

— Қазанға тамақ салып па едiң? — дедiм. 

Ол жауап бергенше, Сүкең сөзге араласты:

— Қарағым, Дүйсенбек. “Жаман үйдi қонағы билейдi” деген 

болмасын. Оның үстiне “мейман ерте келмей ме, болмаса ертең 

келмей  ме”  деген  сөз  бар.  Менiң  кештетiп  келгенiм  былай 

тұрсын, сен өзiң де жұмыстан кеш оралдың. Сол үшiн де келiндi 

әуре етiп, ет-петке әрекеттендiрмей-ақ қой. Бағана келе сала, бұл 

жайында келiннiң өзiне де ескерткем. Шынымды айтсам, баяғыда 

бiр қойдың етiн бiр өзiм жейтiн маған осы күнi жатар алдында 

жеген ет батпай жүр. Түнiмен жүрегiмдi қыжылдатып, мазамды 

алады. Кәрiлiк таяйын деген шығар. Одан да келiн жеңiл-желпi 

тамақ  iстей  салсын.  —  Сүкең  осыны  айтып,  сәл  күлiмсiредi: 

—  Дастарханыңа  араласты  деп  айып  етпе,  iнiм.  Өмiр  бойы  өз 

дегенiммен жүрген адаммын ғой. Соған сайып, кей-кейде ибалық 

дегендi де ұмытып кетем. 

Мен оған әзiлмен жауаптадым:

—  Ойыңызды  тура  айтпасаңыз,  дегенiңiздi  iстетпесеңiз,  сiз 

онда  Сүлеймен  қарақшы  боласыз  ба. 

Оған күле қарап едiм, ол кiсi тiптi еңкiлдей күлдi. 

— Ой, Дүйсенбек-ай, Сүлейменнiң қарақшы деген ныспысы 

көрге кiргенiнде де қалмайтын шығар. Әй, осы, мен әлi ешкiмнен 



540



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет