Сүлеймен қарақшы
балуандық жағын бермей-ақ қойды. Көбек, сен мұны күреске
дайында. Жақында Билiкөлдегi Керiмбай болыс үш жүзге сауын
айтып, немересiне үлкен той бергелi жатыр. Мына жағы —
Сыр мен Шыршық, мына жағы — Арқа мен Жетiсуден ылғи
игi жақсылардың бәрi жиналады. Ояздың өзi де қатыспақ. Әр
елдiң бетке ұстар би-болыстары өздерiмен бiрге бәйге аттарын,
балуан-шабандоздарын, сал-серiлерiн алып келмекшi. Бәйге мен
көкпарға дайынбыз ғой. “Балуан жағы қалай болар екен, анау
Құлажан мен Нұржанға айтсам ба” деп ойлап жүр едiм. Олардың
күреске жүдә ебi жоқ бiрақ. Осы баланы күреске жақсылап
тәрбиелейiк те. Арамыздан бiр жақсы балуан шықсын. Мұныма
қалай қарайсыздар, би, болыс пен төре? Ойламаған жерден Көбек
алдымызға сау еткiзiп ертiп келген мынадан, қараңыздар, мықты
балуан шығайын деп тұрған жоқ па?
— Дене тұрқына қарасаң, дүлей күштiң иесi екенi көрiнiп тұр.
Күрес тәсiлiне бiраз үйрету керек, — дедi Елтай төре.
— Анау Арқа мен Жетiсу жақтан той жиынға келген кiсiлердiң
арасында балуандар да бiрге жүредi ылғи. Олар балуандарын
күреске жас кезiнен үйрететiн көрiнедi. Бiздiң елде осы жағы
түк қолға алынбаған. Өзiңiз айтқандай, балуанды жастайынан
тәрбиелегенiмiз абзал, — дедi Естемес би.
— Мәменнен қанша бала бар? — деп сұрады Досалы би ендi
Сүлейменге бұрылып.
— Үшеумiз. Ең үлкенi — мен.
— Ә, шаңырақ иесi өзiм десейшi. Жетi ата Жоланның
Жанабайынан өрбiген Досмұраттан туғандардың залымы мен
болсам, Қожамжар — Дауылбайдан елдегi алымы боп сен туған
екенсiң. Алымы дегенiм — күштiсi дегенiм ғой. Байқаймын, мына
отырған Естемес би де, Елтай төре де, Сүгiрәлi болыс та “сенен
балуан шығады” деп отыр. Көңiлдерi түспесе, бұлай сөйлемес-
тi. Ал, Көбек, маған айтатының болса, мына кiсiлер аттанып
кеткесiн айтарсың. Мына бала бүгiннен бастап осында қалсын.
Жатар орны, ас-ауқаты, бәрi өзiмнен. Тойға баратын уақытқа
дейiн ауылда жүрiп, тас көтерiп, асау үйретiп, дайындалсын. Әй,
кемпiр, сыртқа шығып, қызметшi жiгiттердiң бiрiн шақыр! Сен,
59
Сүлеймен қарақшы
Көбек, сырттағы жiгiттерiңдi ауылына қайтар? Өзiң бiр-екi күн
осында бол.
Қымыз құйып отырған әйел орнынан тұрып, сыртқа беттедi.
Оның соңынан Көбек iлестi. Сүлеймен де тұра берiп едi:
— Әй, әй, сен қайда? Отыра тұр қазiрше, — деп би оны қайта
отырғызды. Сосын анау екеуiне қарап, басқа әңгiмеге көштi.
Оның әңгiмесiнiң не жайында екенiн Сүлеймен ұға алмады. Би
әлдекiмдердi сырттай сыбап, тез-тез сөйлеп жатты. Аздан соң
арықтау келген жiгiт кiрдi:
— Шақырып па едiңiз, биеке?
— Жаңағы Көбек сыртта жүр ме? Мына бала екеуiн қонақжайға
апарып жайғастыр. Жатып, әбден демалсын. Көбекке айт,
ұйқыларын қандырып болған соң келсiн. Ал, Сүлеймен, барып
демала қой. Кейiн кең отырып әңгiмелесермiз.
Көбек пен Сүлеймен қызметшi жiгiтке iлесiп би үйiнiң
қарсысындағы қонақжайға келдi. Қонақжайдың iшi бiрнеше
бөлме екен. Қызметшi бұл екеуiн төргi бөлмеге жайғастырды.
— Осында демала берiңiздер. Ұйқыдан тұрғасын менi
шақырарсыздар.
— Ал, жиен, төрт-бес күннен берi тоқым төсенiп, ер
жастанып, далада ұйықтап жүр едiң. Ендi бидiң қонақжайының
көрпесiне оранып жататын болдың. Өзiң, жүдә, жолың болатын
бала екенсiң. Бiрден би көзiне түстiң. Досекеңнiң онша-мұнша
адамға көңiлi түсе бермейдi. Сенсең, мұнда қанша келiп жүрiп,
осы қонақжайға кiрiп көрген емеспiн. Сенiң арқаңда бидiң көңiлi
маған да түстi. Неғып тұрсың, мелшиiп? Сен ана жерге, мен мына
жерге жатайық.
Сүлеймен неше күннен берi далада ұйықтап, демалған
сықылды боп жүрген жоқ едi. Мамық көрпешеге жамбасы тигенде
сiресiп, құрысып қалған өн-бойы жазылып жүре бергендей рахат
күй кештi.
— Сен өзi бидiң айтқанына “мақұл” деймiсiң?
— Ол кiсi менiң жауабымды қажетсiнбедi де ғой. “Бiр тойда
болатын күреске дайындал” дедi. Ол қандай күрес, кiммен күрес,
ол жағын айтқан да жоқ. Өзiңiз айтыңызшы. Не дегенiм дұрыс?
|