жоқпын ба.
61
Сүлеймен қарақшы
VIII
Қараша айы жаңбырлы болып басталған-ды. Екi-үш күннен
берi аспан ашық. Қара күздiң жанға жайлы қоңырқай жылуы
бiрнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан әбден езiлiп,
батпағы шыққан жердi кебiрсiтiп қойды. Тағы да бiр-екi күн
өткенде дала төсi ат тұяғы таймайтындай болып, кеуiп те қалды.
Досалы би аулына кешеден берi келiп жатқан қонақтарда есеп
жоқ. Бәрiнiң үстiнде жаңа киiм. Жетектерiнде қос-қос ат. Кейбiр
жетекке артық-ауыс затары толған қоржындарын теңдеп қойған.
Ал кейбiрi ер-тоқымсыз жайдақ. Келiп жатқандардың iшiнде
табын-табын сиыр, қора-қора қой айдағандары да бар. Ондайлар
айдаудағы малдарын Сайрамсудың жоғарғы жағасына бiр күндей
жайлатты да, ертесiне ары қарай айдап кете барды.
Бұл жерге жиналып жатқандардың бәрi Керiмбай болыстың
тойына баратындар. Осы өлкедегi тойға шақырылған игi
жақсылардың барлығы алдымен осында жиналмақ болып
уағдаласқан. Кешеден берi солардың денi жиналып қалса да,
би үйiндегi ығай мен сығай әлi атқа қонған жоқ. Мынадай сән-
салтанатты қауыммен бiрге жолға шыққанша асығып, дегбiрi
қашқан Сүлеймен “Бұлар неге атқа қонбай отыр” деп iштей
күбiрлеп, үйден жүз шығып, жүз кiрдi. Әнеукүннен берi Досалы
мiнгiзген шауқар атты әбден суытып, алыс сапарға дайындап
та қойған. Өзi атты жүрiске дайындаса, Досалы мен Көбек
мұны күреске дайындаған. Мұнда жатқалы берi бiр ай iшiнде
Досалының ұйғарымы бойынша, күнде азанда ұйқыдан тұра сала,
Сайрамсудың мұздай суына бiр түсiп алып, мойнына әрқайсысы
төрт пұттан келетiн дәу тасты байлап, бес шақырымдай жер жүрiп
отырды. Қанша күштiмiн дегенiмен алғашында қатты қиналды.
Келе-келе әлгi тастарды бұйым құрлы көрмей, мойнына салып,
бес шақырымды бiр сағаттай уақытта жүрiп өтетiн болды.
Оншақты күннен кейiн Досалы бұған екiншi жаттығуды
бастатты. Ол жаттығудың түрi — өзi күнде азанда мойнымен
жаяу көтерiп жүрген тастарды серпiп көтеру болды. Оны көтерiп
болған соң өзен жағасымен тай шаптырым жердi еңбектеп
жүргiздi. Осылайша, Досалы оған жиырма күндей тыныштық
таптырмады. Соңғы күндерi би мұны асау өгiздермен алыстырды.
Иығымен дәу-дәу тай мен есектi көтерткiздi. Шалқалай жатқызып
қойып, кеудесi мен iшiн жас балаларға тепкiздi. Екi аяғы мен
екi қолына жiп байлатқызып, сол балаларға жан-жағына қарай