Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет39/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

шудан екiленіп, орыстың үстiнен баса қалып, мыти түстi. Анау 

оңайлықпен берiлер емес. Бұл кеудесiне отыра қалып бар күшпен 

қанша мыжғылап басса да бiраз уақыт берiлмей, екiншi иығын 

кiлемге тигiзтпедi. Аздан соң оны бұлай ала алмайтынын бiлдi де, 

қолдарын иықтарынан босатып, орыстың екi аяғының ортасына 

тiзерлеп  отыра  қалды.  Орыс  кеудесiн  көтерiп  тұра  бергенде, 

оның екi аяғының тiзе тұстарын бүйiрiне ала құшақтап, лып етiп 

орнынан  тұрды.  Содан  анау  бұлқынып  үлгергенше,  аяқтарын 

екi қолтығына қысып алып, оны арбаша сүйрей жөнелдi. Кiлем 

шетiне дейiн сүйреп барды да, айналдырып-айналдырып жiбердi. 

Орыс бар денесiн босаңсытып жата қалды. Бұған да керегi осы едi. 

Үстiне құлай кетiп екi иығын кiлемге жанши қойды. Қазы “күрес 

бiттi” дегендей қол көтердi. Айналадағы жұрттың қуанышында 

шек  жоқ.  Бiреулер  жүгiрiп  келiп,  Сүлейменнiң  үстiне  шапан 

жапты.  Терге  малшынып,  ырсылдап  әрең  демалған  Сүлеймен 

алғашқыда қасындағылардың кiмдер екенiн байқай да алмады. 

Маңдайын алақанымен сүртiп, алдына қараса, қарсысында ақ боз 

ат мiнген, қара сақалды қара киiмдi кiсi тұр. Ол бұған қарап, езу 

тартып күлгендей боп тұрды да, зым-зия ғайып болды. Өз-өзiне 

сенiңкiремей,  басын  бiр  шайқап  алып  тағы  қараса,  әлгi  кiсiнiң 

орнынан халықты көрдi. Жаңағы кiсiнi қай жерде көргенiн есiне 

түсiре алмады. Есiне түспедi. Есiне түсер ме едi, егер алқынып 

Көбектер  жетiп  келмегенде. 

— Өй, жарайсың, жиен! Бұл дәу орысты жер қаптыратыныңды 

әу баста-ақ бiлгем. Өй, айналайын, жүр ана жаққа. Бiраз демал, 

— деп ол мұны шетке сүйредi.

Сөйтiп  Көбек  бiр  қолтығынан,  Нұржан  мен  Құлажан  бiр 

қолтығынан  демеп  шетке  шыққанда  алдарынан  Ордабек  пен 

Досалы  шықты. 

— Уа, пәлi. Дию орысқа дес бере алмайды ғой деп, қауiптенiм 

едiм  алғашқыда.  Төле  бабаңның  әруағы  қолдады  сенi,  балам. 

Ендi ана бiреуiн жеңсең, бар атақ пен мансап сенiңкi, айналайын, 

— дедi Ордабек екпiндей сөйлеп. 

— Қазiрше бiр ғана балуанды жыққан жiгiттi тым асыра мақтау 

ертерек. Қауiптi сайыс әлi алда. Ендi мұны соған қамдайық, — 

дедi  Досалы  бар  кездегiдей  қатал  мiнезiн  көрсетiп.  —  Көбек, 



82

Сүлеймен қарақшы

Сүлеймендi  жақсылап  тынықтыр.  Қол-аяғын  уқала.  Қайта 

күреске түскенше көп тамақ берiп қойма. Әсiресе, қымыз, айран, 

сүт берушi болма. Олар буынды босатып, iшектердi осалдатады.

—  Керiмбай  сiздерге  айтты  ма?  Екiншi  күрес  қай  уақытта 

басталады  екен?

— Бие сауым мезгiлден соң. Бiз ұлықтар жаққа қайта барайық. 

Сендер кейiн келе бересiңдер. 

— Жүрiңдер, мына үйдiң iшiне кiрiп отырайық, — дедi 

Көбек. — Әйтпесе, ерiккен кiм көрiнген келiп, Сүлейменнiң 

мазасын  алар. 

Бәрi балуандарға арнап тiгiлген киiз үйге кiрдi.

— Әйтеуiр, бiр жерiң ауырып қалған жоқ па? — деп сұрады 

Құлажан.


— Қазiрше аман сияқтымын.

— Келесi күресетiн адамың мен бiлсем, жаңағыдан күштi емес 

сияқты. Қалай дегенмен де, оның айласы мол-ау деймiн. Бағана 

анау орыс сенi мойныңнан ұстап төмен тұқыртқанда, өзiңдi “әй, 

жеңiлдi-ау”  деп  ойлап  едiм.  Құлап  бара  жатып  аяғынан  шап 

бергенiң мұндай жақсы болар ма.

—  Оның  аяғынан  қалай  ұстай  алғанымды  өзiм  де  бiлмей 

қалдым. 


  Олар  өткен  күрес  жайында  сөйлесiп  бiраз  отырды.  Көбек 

пен  Құлажан  Сүлейменнiң  аяқтарын,  қолдарын  әбден  уқалап 

ширатты. Шалқалай жатқызып iшiн, етпеттей жатқызып мойны 

мен бiлегiн умаждады. Мұның бәрi балуан адамға өте қажеттi-ақ 

нәрселер.

Жарты  сағатқа  жуық  уақыт  өткенде  қазы  жақтан  “күрес 

алаңына жетсiн” деген хабар жеттi. Жiгiттер Сүлеймендi ортаға 

ала сыртқа шықты. Төбе маңындағы адамдарда есеп жоқ. Бәрi 

ентелей,  Сүлеймендi  бiр  көрiп  қалуға  құмартып,  бұларға  лап 

қойды.  Көбек  пен  Құлажан  оларды  өздерiне  жақындатпай  керi 

итере  жүрiп,  әзер  дегенде  төбе  жанына  жеттi. 

 Төбе үстiнде бағана қазақты жеңген орыс балуаны маңқиып 

тұр.  Жаңағы  досының  есесiн  тап  қазiр-ақ  қайтаратындай 

сыңаймен алдыға бiр шүйлiгiп қойды. Қазы “сабыр сақтай тұр” 

дегендей,  оның  көкiрегiнен  итерiп,  кiлем  шетiне  тұрғызды.



83



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет